Тарих теориясы. Тарих, хроника және жалған тарихтар

Әдетте осы заманғы тарих деп жақын арада өткен уақыттың яки, соңғы елу, он немесе бір жылдың, бір айдың, бір күннің, мүмкін, тіпті өтіп кеткен бір сағаттың немесе бір минуттың қалдырған ізін айтады. Алайда, дәлірек айтсақ, осы заманғыға дәл қазіргі сәтте аяқталған оқиғаны және оның осы іс­әрекетті жете ұғыну мен шектесуін жатқызуға болады. Мәселен, осы беттерді жазып отырған менің тарихым ­ іс туралы ойдың жазылған дүниелермен біріктірілуі. Бұл жағдайда оның осы заманғы болатын себебі ­ тарих кез­келген рухани акт секілді уақыттан тыс, бірақ солай бола тұрса да тарих уақытпен байланысты іс­әрекетті қалыптастырады және олардың арасындағы байланыс хронологиялық емес, идеалды. Осы заманғыға жатпайтын тарих, өткен тарих қалыптасып болған, тарихтың өзіне сын ретінде туындайтын нәрсе жайында айтатын болса керек, оның қай кезеңде ­ ертеде немесе бір сағат бұрын болғаны маңызды емес. Солай дегенмен де қалыптасып болған тарихтың өзі егер оған тым алыстан көз жібермесе және онда бос кеңістіктегі ауаның толқыны ғана емес, мағына болса, осы заманғы болып табылады. Тарихтың осы заманғы болуының шарты ­ оның тарихшы жадында жаңғыруы, егер кәсіптік техниканы пайдалансақ, тарихи құжаттардың түсінікті болғаны қажет. Дерек әңгімелер түрінде кездессе, бұл деректің барынша бай әрі ұтымды екенін көрсетеді. Әңгімелер ­ құжаттардың негізі, оларды жаңаша түсіндіруге және кесіп­пішіп, талдауға болады. Тарихты әңгімелерден құрастырмайды, құжаттардың негізінде жазады (соңғыларын қарабайырландырылған әңгімелер десе де болады). Осы заманғы тарих тікелей өмірден туындайды, сондай­ақ осы заманғы емес, яғни өткен тарих туралы да осылай айтуға болады. Өйткені, тек бүгінгі күнгі қызығушылықтың өткен заманғы деректерді іздестірудің қозғаушы күші екені анық. Бұрынғыға жататын деректің табылуы және оның бүгінгі күнгі қызығушылықпен біріктірілуі өткеннің емес бүгінгінің иғындығына айналады. Тарих ­ бұл magistra vitae, яғни өмірдің тәрбиешісі деген эмпирикалық және жаттанды болған бір формуланы әр тарихшының өз қалауына қарай бұрмалап қайталауы тегін емес. Мен «кез­келген шынайы тарих әрқашан жаңа» де¬ген ұғымның керағар қырын бөліп қарастыру үшін тарихи техниканың формулаларын есіме түсірдім. Оның әділетті екеніне кезге көрінер жетістіктерге бай тарихнамалық шындық куә, тек ол үшін барлық тарихи кітаптарды бір жерге үйіп және осы тарихтарды жазушы және оқушының дерексіз тұлғасына сілтеме жасап қателікке ұрынбасақ болғаны. Пелопоннес соғысы, мексикандық өнер немесе араб философиясы туралы әңгімелеу неге керек? Дәл қазіргі сәтте мен үшін бұлар тарих емес, жәй ғана кітаптардың атауы. Олар өздерін рухани қажеттіліктеріне сай ойластыруды қолға алған адамдар үшін ғана тарихқа айналады. Шынайы ойластырылған тарихқа назар аудара отырып, оның ұқсастығын оңай түсінеміз. Менің тарихи сәтімнің мәдени кезеңі (мені индивид ретінде деп айту дәл емес) грек өркениетінің, Платон философиясының, антикалық әдет­ғұрыптардың мәселелерін белгілі дәрежеде ашуға көмектеседі. Мен қолға алған істің, мен аялаған махаббаттың, маған төнген қауіптің тарихы бәрі бірдей мені мазалайды, осы мәселелерді шешкенімше сорлы санам мені азаптай түседі. Эллиндер мені қас дұшпанымдай, сүйікті әйелдей, аяулы ұлдай еліктіреді және азаптайды. Жаңашылдық ­ тарихтың белгілі бір сыныбының сипаттамасы емес (эмпирикалық жіктеудегі секілді), тарихтың ішкі құрамдас бөлігі. Тарихтың өмірмен байланысын бірліктер қарым­қатынасы ретінде түсіну қажет, яғни дерексіз тепе­тендік ретінде емес, терминдері әртүрлі, тұтаспаған және бірыңғай жинақталған бірлік деп ұғынған жөн. Нақты құжаттары жоқ тарих туралы айту тіршілікте болмаған әлдебір зат туралы айтқанмен бірдей. Құжаттармен байланысы жоқ тарих ­ сенімсіз, тарих шындығы сенімге бағытталатындықтан тарихи әңгіменің құжаттың сыни түсінігі ретінде ғана мәні бар (ішкі сезім және рефлексия, сана және өзіндік сана т.е.с). Ешкім 227­23 көрмеген, ешкім ләззат алмаған кескіндеме өнері жайлы қалай айтуға болады? Әдеби­көркем тәжірибесі жоқ әңгімешінің түсінігі қандай болуы мүмкін? Философиялық шығармаларсыз, тым құрыса олардың үзінділерінсіз философия тарихының болуы мүмкін бе? Христиандық көнбістік пен рыцарьлық ар­намыс жайлы жанның мұндай күйлерінен бейхабар, жаны ашу сезімінен мақұрым адамға қалай айтуға болады? Басқа қырынан алғанда, өмір мен тарихи ойлаудың ажырамайтынын түсінген сәтте тарихтың анықтығы, кесімділігі мен пайдасы төңірегіндегі күдіктер бірден сейіледі.

Біздің рухымыз өмір сүріп отырған бүгінгі күннің белгісіз болуы мүмкін бе? Ең өткір өмірлік мәселелерді шешуші сананың пайдасыз болуы мүмкін бе? 2 Құжат пен әңгіменің, өмір мен тарихтың арасындағы байланыс үзілетін жағдай кездесе ме? Мұны мақұлдайтын жауап құжаттары жоғалған немесе тіпті құжаттары рухта өмір сүрмейтін тарихтарға қатысты айтыла ма? Ежелгі грек кескіндеме өнерінің тарихы негізінен құжатсыз тарих, ол туралы біз өмірі беймәлімдеу адамдардан білеміз. Әдеби және философиялық мәтіндер не белгісіз, не ондайлар кездескеннің өзінде олардың ішкі жан­ дүниесі туралы түсінік бермейді, өйткені қосымша мәліметтер жоқ, біздің темпераментіміз бен ұмытшақтығымызға сай емес. Егер осы байланыстырып тұрған жіп үзілсе, қалған дүние тарих болудан қалады (өйткені тарихтың өзі осы байланыс емес пе), бірақ кейде мәйітті адам деп атайтынымыз сияқты (адамның мәйіті ешкім немесе ешнәрсе емес), біз оны әлі де тарих деп атауды жалғастыра береміз. Біз байланыстың мызғымастығы туралы айтамыз, өйткені ол жоқ кезде де әлдене сезіледі, ал құжатсыз тарих дегеніміз не? Осы заманғы білімдар­тарихшылар жеткізген немесе қайта қалпына келтірген әңгімелердегі ежелгі сурет өнерінің тарихы Аполлодор, Полигнот, Зеуси, Аппелес есімдерімен байланысты және олардың өмірбаяндары туралы күлдіргі әңгімелерге толы топтама ретінде жинақталған. Құрамында біршама детальдар, есімдер, күлдіргі әңгімелері бар сюжеттердің бір тобы (Троядағы өрт, Марафон маңындағы шайқас, Ахиллес туралы әңгіме т.е.с) хронологиялық жағынан реттеліп, жүйеленген. Алайда, туындыларын көз көрмегендіктен суретшілердің есімі оларды суреттеу мен хронология секілді бос әңгіме болмақ. Егер шынайы өсудің көрінісі болмаса, онда ойды айқындайтын бөлшектерінің де болмағаны. Ауызша тұжырымдар айғақтайтын аз дүние үшін біз антиктік кескіндеме өнерінің үзінділеріне, олардың көшірмелеріне немесе айталық, олардың поэтикалық ұқсастарына міндеттіміз. Қалғанының бәрі бос сөз. Егер қажет болса, белгілі мазмұнның вакуумы туралы айтуға болады. Афиналық суретшінің есімін, қандайда бір шайқастың атауын, әйелдің атын айта отырып, біз айталық, антиктік атауларға толы коп деректер туралы ойлай аламыз, бірақ мазмұнының айқындалмауы олардың маңызсыздығын көрсетеді. Жанды құжаттары жоқ тарихтың бәрі де осындай күйде. Олар ақиқаттан ажыраған, сондықтан мағынасыз, бос. Суретші Полигноттың өмір сүргені, оның Песилдегі Мильциаданың суретін салғаны шын ба? Оның туындыларын көрген және білетін әлдекім оның өмір сүргенін растайды. Алайда, анығына келсек, бұл куәгерлер үшін ғана шындық болып табылады. Біз үшін бұл ақиқат та емес, жалған да емес, ал ақиқат болған күннің өзінде, тек сыртқы ерекшелігінің себептері негізінде ғана расталады, ал шындықты анықтау үшін ішкі себептер де қажет. Сондай­ақ бұл жағдай ақиқат емес, әрі пайдасыз, өйткені еш нәрсе жоқ жерде патша өз құқықтарынан айрылады; мәселенің элементтері жоқ жерде мүмкіндікпен қатар қозғалыстағы ерік пен мәселені шешу қажеттілігі жоғалады. Мағынасыз салыстырулармен айналысу біздің өмірлік өзекті мәселелеріміздің аясында аса пайдасыз нәрсе. Өмір әрқашанда ­ бүгінгі күн, ал жай тарихи әңгіме — келмеске кеткен, дәл осы сәттің айқындылығын жоғалтқан өткен күн. Бос сөздер, дыбыстар, графикалық белгілер қалады және олар ойлау әрекеті үшін емес ерік іс әрекеті үшін қолдауға ие болып отыр, дәл осы ерік бос және жартылай бос сөздерді өз мақсаттары үшін ғана сақтауда. Таза баяндаушы әрекет ерік күші тудырған сөздер мен тұжырымдамалардың жиынтығы болып табылады. Бұл анықтама тарих пен хроника арасындағы біз іздеп отырған шынайы айырмашылықты белгілеуге әкелді. Біз оны бекер іздеп отырғамыз жоқ, әдетте ол әркім өзінше түсінетін деректер арасындағы айырмашылыққа қатысты ғана көрінетін. Жеке және дербес деректер хрониканың еншісіне бөлініп, тарихқа халықтық және көпке ортақ деректер қалдырылатын, ортақ деректердің жеке, ал қоғамдық деректердің дербес болуы мүмкін еместей көрінді. Тарихқа аса маңызды оқиғалар туралы есте қалған деректер, ал хроникаға болмашы мәліметтер тіркелді. Олардың маңыздылығы біздің қазіргі жағдайымызға байланысты емес пе? Маса талаған адам үшін Серстің энциклопедиясынан төрі, осы шіркейдің дамуы туралы мәліметтер маңыздырақ емес пе? Әрине, қате межелеулердің де мәні бар, өйткені жалпыға ортақ және ұлы нәрселердің қызықтыруы заңды, ал ұсақ және жеке мәселелер онша қызықтырмайды. Сондай­ақ әділет сезімі тарихи оқиғалардың өмірдей логикалық байланысы мен хрониканың көзге ұратын жүйесіздігін көрсетеді. Тарих оқиғалардың тереңіне бойлап, ал хроника оның үстіңгі қабатында қалып қоятындай болып та көрінеді. Алайда, бұл жердегі ерекшеліктің әртүрлілігі ойластырылғаннан төрі бейнелі болып келеді десек болар. Хроника мен тарих ­ тарихтың ажырамас екі формасы (түрі) дегеніміз шындыққа жанасады. Әрине, олар түрлі рухани форма ретінде бір­біріне бағыныңқы. Тарих ­ жанды тарих, хроника ­ өлі тарих. Осы заманғы тарих бар, өткен тарих ретіндегі хроника бар, ойлау әрекеті мен ерік әрекеті бар. Кез­келген тарихты ойластыруды доғарса немесе дерексіз талқылауларда еске алса, ол хроникаға айналады. Ойланбай жазылған немесе әншейін ғана оқылған философия тарихы да хроникаға айналады. Алайда Монтекассиодағы монахтың қолынан шыққан хроника түріндегі жазбалар тарих болып қалады. «1001. Beatus Dominicus migravit ad Christum. 1002. Hoc anno venerunt Saraceni super Capuam. 1004. Terremotus ingens hunc montem exagitavit» т.б. Осы деректерді жәй санамалап шыққанның өзінде бауыры Домениктің өліміне қайғырған монахтың жан күйзелісі сезіледі, сарациндер шапқыншылығы, бақытсыздықтар, адами қайғы­ қасіреттер, Құдай ашуының белгісіндей көрінген жер сілкінісі туралы мәліметтер кездеседі. Бәлкім, бұл кассиндік монах үшін тарих дегеніміз мазмұны, тайыз, суық деректер тізімі,яғни, хроника болған шығар. Бәлкім оны Монтекассиодан өзінің көзі тайғанда осы жазбалардың жоғалып кетпеуі ғана мазалаған болар.

Читайте также:  Жазба құжаттар мен ауызша дәстүрлер

Хроника мен тарих арасындағы нағыз айырмашылық ойлап табылған жалған айырмашылықтардың пайдасыз шоғырымен ғана емес, сонымен қатар хроника қашанда бірінші деген теріс түсініктен, яғни Марио Витторино айтқандай: «Әуелі ­ Хроника, сосың ­ Тарих» («Primo Annales fuere, post Historial factaesant») деген пікірден де ресми түрде (яғни түпкілікті шынайы) құтқарады. Операцияның даму жолын, ерекшелігін зерттеу керісінше ретті көрсетеді: әуелі ­ Тарих, содан соң ғана ­ Хроника. Әуел.і ­ тірі тән, сосын мәйіт. Хроникадан тарих жасау дегеніміз мәйіт қалдықтарынан тірі жанды жасаумен бірдей. Сол секілді Хроника да ­ тарихтың қаңқасы. 3 Жанды құжаттардан ажырап хроникаға айналған тарих өзінің рухани ерекшелігін жоғалтады, одан тек таңбалар мен дыбыстар жиынтығы ғана қалады. Сондай­ақ өмірден алыстаған құжат та тек таңбалардың жиынтығы болып қалады. Заңның мағынасын жеткізуші әріптер мен дыбыстар діни сезімнен хабар беретін Құдайдың мәрмәр мүсінінің сызықтары немесе адам әлде жануар болғанын еске салатын сүйектердің үйіндісі дәл осындай мысалға жатады. Мағынасыз әңгімелер мен өлі құжаттар бола ма? Белгілі бір дәрежеде рухтан тыс дүниенің бәрі сыртқы белгі болып қалады. Бірақ біз хрониканың баяндалатын әрекет ретінде рух оны тудырып және ерік күші ұстап тұрғанға дейін өмір сүретінін білеміз (мұндай әрекет әдетте саналы түрде тану мен ойлау әрекеттерімен қатар жүреді). Дыбыс бойында ойдың айқындығы мен дәлдігі болса да, ерік әрекеті дыбысты ойдан бөліп әкетеді. Басқа жағынан қарағанда, жансыз құжаттар жаңа өмірдің манифестациясы ретінде тіршілік етеді, тура жансыз дененің өмір барысының ақырын көрсеткеніндей, өлі дененің ыдырауы да оның ерекше түрі ғой. Бірақ бос дыбыстардың тарих туралы ойды жасырғаны секілді оларды сол ойдың көзі ретінде әңгіме деп атау жалғаса береді, сол сияқты өткен өмір іздері жаңа өмір үшін мәнін жоғалтпайды. Енді біз тарихи бастаулар мен құжаттардың, дәстүр қалдықтарының әдіснамалық жіктелуін бағалай аламыз. Эмпирикалық қырынан алғанда мұндай бөлшектеу ақылға сыйымсыз. Өйткені бұл алыпсатарлық ойды эмпиризмге орынсыз енгізудің кәдуілгі мысалы болып табылады. Бөлінбейтінді бөлуге ұмтылу, тіптен ақылға сыймайды. Осылайша бос баяндау құжат атын жамылған кез­келген нәрсеге теңестіріледі. Басқа қырынан қарасақ, бір аяғы жағада, екіншісі өзенде қалғандай әсер ететін жағдайға тірелеміз, яғни тарихты екі түрлі мәліметтер негізінде құрастыруға ұмтылу одан да көп қиындықтар туғызады. Мұндай қарама­ қарсы инстанциялардың бірі екіншісіне үнемі сілтеме жасап отырады. Ал енді қарама­ қарсылықтың қолайсыздығынан құтылмақ болған кезде екі түрлі дерек көзінің арасындағы байланысты анықтауға тура келеді. Мұндай жағдайда бұл байланыс біреуінің үстемдігінің артуына әкеледі де жоғарғысы төменгіні жоққа шығарады. Немесе осы екі түрдің өзгешеліктерін сақтай отырып, бастарын біріктіретін үшінші термин жорамалданады. Бұл ­ олардың оз дерексіздігінде өмір сүрмейтіндігін жария етудің бір тәсілі. Маған құжаттарды бөлуде эмпирик­әдіснамашылар бірыңғай пікір ұстанбайтындай көрінеді. Кейде тарихи деректер: тарихи жазбалар және тұлғалық деректер болып топтастырылады. Мысалы, Германияда Дройзен «Тарих элементтерінде» солай жасады. Бай философиялық дәстүрлер бар жерде эмпиризм педантты жүйелі түрлердің араласуымен дүбәра формалар жасады. Алай¬да, педантизм кейбір философиялық қондырмалардың және олардың сірескен қарама­ қарсылықтарының орынсыздытынан туындайды. Эмпирикалық түстен ояну үшін заттарды емес, рухани әрекеттерді көре білу керек. Сонда терминдер дуализмінің орнын тиімді байланыс пен бірлік түсінігі басады. Деректерді баяндаулар мен құжаттарға болу, құжаттардың әңгіме түріндегі деректерден басымдығы, соңғылардың саптан шықпайтынын мойындау ­ мұның бәрі өмір мен ойлауды имманетті суреттейтін қандай да бір аллегориялық мифологияға айналады. Құжат пен сын, өмір мен ойлау ­ тарихтың нағыз қайнар көздері, яғни тарихи жинақтаудың екі бөлшегі. Бұл дерек көздердің тарихқа қатысы құмыра ұстаушылардың су бұрқағының алдында тұрғанын елестетпейді, құжаттар оларды айқындайтын тарих пен жинақтаудың ішінде орналаспақ. Тарихтың арғы бетінде хроника болмайтыны сияқты, тарихтан тыс деректер де болмайды. Деректер мен хроника тарихтың алдында жүрмейді, оның ізінен ереді. Егер өзіне қатысы жағынан екінші орында тұрған әлденеден тарихтың туындауын күтсек, онда тарих қандай болмақ? Заттан ой емес, тек зат туындайды.

Читайте также:  Сәулет өнері. Сәулет өнерінің даму тарихы

Заттардан туындайтын тарих тек зат болар еді, яғни мен қазір ғана айтқан тіршіліксіз бір нәрсе болмақ. Хроника мен құжаттардың қарым­қатынасында олар тарихтың алдында жүреді деген жалған түсінік қалыптасады және оның өзіндік мәні бар. Адамзат рухы тарихтың өткінші қалдықтарын, мағынасыз хроникаларды сақтайды, өткен өмір белгілерін, құжаттарды жинап оларды қалпына келтірмекке ұмтылады. Ерік мағынасыз және жансыз дүниелерді қандай мақсатпен сақтауға тырысады? Бәлкім бос қиял немесе ақымақтық Құдайдың пәрменіне қарамай, осындай қалдықтарды жинауға итермелейтін болар? Алайда молалар мен сағаналарды бос қиял жемісі дегеннен гөрі, адам аяқтаған істің өлмейтіндігін көрсететін, біздің өткен мен болашақ туралы жадымызды бейнелейтін адамдық әрекет деуге келеді. Мағынасыз тарихтар мен жансыз құжаттарды былайша таңбалау өмірдің өзі үшін жасалған өмірлік әрекет. Уақыты келгенде олар өткен күннің тарихы мен басқаша көрінетін бүгінгіні рухымызда жаңғыртады. Heгe өлі тарих қайта жаңғырады, ал өткен күн бүгінгіні даму қисыны логикасы талап еткендей түрге өзгертеді? Рим және грек қабырлары еуропалық қайта жаңғыру рухы оларға назар аудармайынша ешкімді қызықтырған жоқ. Еуропалық рухтың жаңа кезеңіндегі романтизм мен қайта қалпына келтірушілердің өкілдерінің оларға көңілі ауғанға дейін рақымсыз тағы өркениеттер қалғумен болды. Біз үшін бүгінде тарихтың көп бөлігі ­ хроника, көптеген құжаттар үнсіз, бірақ өмірлік маңызы бар күштер әсерінен күндердің күнінде сөйлейтіні анық. Мұндай жанданулардың ішкі себептері де жоқ емес, өйткені бірдей екі құжат жоқ қой. Ішкі логика ғана селқос және байланыссыз қалатын құжаттар мен әңгімелеуді өзара біріктіреді. Егер рухтың өзі ­ тарих, езінің кез­келген сәтінде ол ­ нәтиже және бұрынғы өткен тарих бола алады деген қағиданы ұстанбасақ, тарихи ойдың әрекет етуі барысында ешнәрсені түсіну мүмкін емес. Осылайша рух өз­өзімен сәйкес келе отырып, өз бойын¬да күллі тарихты біріктіреді. Тарихтың бір қырып ұмытып, екіншісін еске түсіру ­ бұл өзін­өзі анықтау мен дербестену процесінде алдыңғы дербестенулер барынша бай түрлер жасау үшін өзінің жеке бейнесін жоғалтады да, рух өміріне жаңа ырғақ беріледі. Былайша айтсақ, рух ез тарихын сыртқы заттарсыз, яғни құжаттарсыз­ақ өткізе алар еді. Алайда соңғылары ­ ол құрастырған құралдар, оның ішкі жұмысының нәтижесінде аяқталатын және шешілетін дайындық әрекеттері. Дәл осы мақсатпен рух өткен күн жайлы естеліктерді ыждаһатпен сақтайды. Қойын дәптерге күн мен жеке өміріміздегі оқиғаларды үнсіз түртіп жүрген, қорапқа таспалар мен кептірілген гүлдерді жинап жүрген (жанға жайлы естеліктерді сақтау да құжаттарды жинақтаумен тең) әрқайсымыз­ақ куәлік пен әңгімелер жинақтаушы филологтар мен білімдарлардың, құжаттар мен тарихи ескерткіштер жинақтаушы мұрағатшылар мен археологтардың кең баспалдағынан өз орнымызды аламыз. Ал тымырайған, үнсіз ақ сағаналар болса кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар деп аталады. Аса қажетті, сондықтан да пайдалы әрі маңызды міндетті атқарып жүрген білімдар жандарды, мұрағатшыларды және археологтарды жақсы көрмеуге бола ма? Десек те олардың істерін күлкіге айналдыру, оларға аяушылықпен қарау сияқты жағымсыз қылықтарға баяғыдан­ақ бой үйреніп кетті. Әрине көбіне мазақ пен күлкіге олардың тарихты кілттеп жауып қоюға болады, ал қажет бола қалған жағдайда, яғни адам шөлдеген кезде құлыпты ашып, бұлаққа бас қоя алады деген қарабайыр түсініктері себеп болып жатады. Бірақ тарих біздің оз ішімізде жатыр, оның бастауы — жүрегімізде. Нақты нәрсені шындыққа айналдырушы көрік басқа жерде емес, біздің көкірегімізде жатыр, ал филология мен философия күш біріктіре отырып, тарихты жасайды.

Читайте также:  Тарихи тақырыптағы ұлттық драматургия

Оставить комментарий