Тарих және ақиқат

Қойылған мәселе ең алдымен әдістемелік сипатқа не және бұл негіз құраушы ретінде оқытуды үйлестірудің педагогикалық мәселелерінің өзін алуға мүмкіндік береді; бірақ бұл мәселенің тасасында философия үшін үйреншікті емес, тарихи таным іске қосқан ең маңызды «мүдделері» тұруы мүмкін. Мен «мүдде» деген сөзді Канттан алып отырмын: зерденің антиномияларын шешу барысында олардың арасында қажетті себептілік пен еркін себептілік антиномиясы да бар. Ол таразы басына тасталған екі жақтың да мүдделерін бағалау үшін осыған арнайы тоқталады; әрине, әңгіме интеллектуалдық мүдделер туралы немесе Кант айтқандай, «өз-­өзімен қақтығыста болатын зерденің мүддесі туралы» болып отыр. Біз де өзіміздің ұсынып отырған баламамызбен осылай істеуіміз керек; әртүрлі мүдделер мынадай сөздермен берілуі мүмкін: объективтілік, субъективтілік, өздерінің сапалары мен бағыты бойынша алуан түрлі келетін күтулер. Біз тарихтан оның өзіне тән белгілі бір шынайылықты күтеміз: біз басқа ештеңеден емес, дәл осыдан шығуымыз керек. Сонда біз не күтеміз? Объективтілік бұл жерде қатаң эпистемологиялық мағынада алынуы керек: өңделіп жасалған, тәртіпке келтірілген және ойлаумен әдістемелік түрде пайымдалған нәрсе, ақыры соңында оны түсінікті ететін нәрсе объективті болып саналады. Бұл физикалық және биологиялық ғылымдар үшін шынайы, бұл сондай­ақ тарих ғылымы үшін де шынайы. Демек, біз тарихтың объективтіліктің осындай абыройына ие болған өткен шақтағы адамзаттық қауымдастыққа жол табуын күтеміз. Бұл оның объективтілігі физика мен биологиядағымен бірдей дегенді білдірмейді: қанша әдістемелік тәсілдер болса, объективтіліктің де сонша деңгейі болады. Олай болса, біз тарихтың өз шекараларын алмастырып отыратын шынайылық, яғни, объективтілік империясына жаңа аймақ қосатынын күтеміз. Мұны күтуден тағы бір күту туындайды: біз тарихшыдан белгілі бір субъективтілікті күтеміз, жалпы субъективтілікті емес, шынайылыққа, дәйектілікке, яғни объективтілікке дәл сәйкес келе алатындай, тарихқа сәйкес келе алатындай субъективтілікті күтеміз. Осылайша, қамтылған субъективтілік туралы, біз күткен объективтіліктің арқасында қамтылған субъективтілік туралы сөз қозғалады. Демек, жақсы немесе жаман субъективтілік болады деп ұйғарамыз және біз өз кәсібімен айналысушы тарихшы жақсы субъективтілікті жаманынан ажыратып алады деп күтеміз. Және осымен бәрі біткен жоқ: «субъективтілік» сөзінің астарынан біз тарихшының жай ғана жақсы субъективтілігінен де анағұрлым маңызды нәрсені ұғынамыз; біз тарихтың адамдардың тарихы болатынынан және адамдардың осы тарихы тарихшылардың тарихымен тәрбиеленген оқырманға мейлінше жоғары деңгейдегі субъективтілікті, тек «менің» субъективтілігім емес, жалпы адамзаттың субъективтілігін қалыптастыруға көмек беретінінен үміттенеміз. Алайда, бұл мүдделілік, тарихтың көмегімен «меннен» адамға бұл көшуді күту енді эпистемологиялық емес, философиялық сипатқа ие болады: тарихи шығармаларды оқудан, оларды пайымдаудан біз дәл осы субъективтік рефлексияны күтеміз емес пе; бұл мүдделіліктің енді тарихты жазатын тарихшыға қатысы жоқ, ол оқырманды, оның ішінде философиялық оқырманды ­ кез­келген кітаптың, кез келген шығарманың аяқталуы қауіптендіретін оқырманды қызықтырады. Біздің жолымыз былай болады: тарихтың шынайылығынан, яғни объективтілігінен тарихшының субъективтілігіне, мұның екеуінен де философиялық субъективтілікке өту (аяқталып біткен талдауды аңғартпайтын бұл бейтарап терминді біз әдейі қолданамыз). Тарихшы кәсібі және тарихтағы объективтілік (шынайылық) Біз тарихтан белгілі бір оған тән объективтілік күтеміз; тарихтың қалайша туатыны және қайта жаңғыратыны, оны біздің көз алдымызда сипаттайды; ол қашанда дәстүрлі қоғамдардың өз өткенінің ресми және прагматикалық тәртібіне енгізетін нақтылаудың алдында жүреді. Бұл нақтылаулардың мәні, өзі тәуелді болып келетін космология мен қабылдаудың бастапқы нақтылықтарына қатысты физика ғылымында болатын физика ғылымындағы нақтылаулардың мәнімен бірдей болады1. Бірақ бұл ерекше шынайылықтың, яғни, объективтіліктің не екенін бізге кім айтып береді? Философ бұл жерде тарихшыны оқыта алмайды; философтың өзі білімді ғылыми білім саласында айналысудан алады. Өз кәсібі толғандыратын тарихшының айтқандарын біз бастапқыда тыңдап алуымыз керек. Өйткені тек сол ғана тарихқа сәйкес келетін объективтіліктің өлшемі, сондай­ақ осы объективтілік өз бойына енгізетін жақсы және жаман субъективтіліктің өлшемі болып табылады. «Тарихшы кәсібі»: бұл сөздерді Марк Блок өзінің «Тарих апологиясында» қару етіп қолданғаны бәріне мәлім. Бұл кітап, өкінішке орай, аяқталмай қалды, бірақ онда біздің талқылауымызға серпін беретін қажетті нәрсенің барлығы да бар. Әдіс туралы сөз болатын тараулардың атаулары ­

Тарихи бақылау ­ Сын ­ Тарихи талдау ­ бізде күдіктің ешқандай себебін туғызбайды: олар объективтіліктің өзін өзі жасау кезеңдерінен хабар беріп тұр. Марк Блок тарихшының өткенді зерттеуге ден қоюын «бақылау» деп атағаны үшін оған қарыздармыз: тарихты «ізбен жүріп тану» деп есептеген Симианның сезін қолдана отырып, Блок тарихшының бұл өткендегі объектке емес, оның қалдырған іздеріне тәуелді болуы ғылым ретіндегі тарихтың маңызын еш кемітпейтінін көрсетіп береді: құжаттарда қалдырған іздеріне қарай өткенді итеру осы сөздің шынай мағынасындағы бақылау болып табылады; бақылау дөрекі айғақты тіркеуді білдірмейтіні айдан анық. Құжатқа сүйене отырып, оқиғаны немесе оқиғалар тізбегін, ахуалды немесе институтты қайта қалпына келтіру басқаларымен салыстырғанда бір де кем түспейтін дәлел ретіндегі ерекше текті объективтілікті ұстануды білдіреді: өйткені осылайша жаңғырту құжатты сұраққа тартуды, оны сөйлеуге мәжбүрлеуді аңғартады; оның мәнімен бетпе­бет келіп, қанаттанған тарихшы өзінің жұмысшы болжамын жасақтайды; мұндай зерттеу бір мезгілде ізді мәнді күшке ие құжатқа дейін және өткенді тарихи айғақ деңгейіне дейін көтереді. Тарихшы оған сұрақ беруге қамданып, өзінің бақылауына сүйене отырып, оның бұрын өмір сүргенін негіздегенге дейін құжат құжат деңгейіне дейін көтеріле алмайды; осы әрекетімен тарихшы тарихи айғақтарды жасайды. Бұл тұрғыдан алғанда, тарихи айғақ. Ж. Кангийдің айтқанындай ол басқа ғылыми айғақтардан түбірлі айрықшалана қоймайды: «ғылыми айғақ ­ бұл ғылымның өзін өзі жасай отырып, оның жасайтын нәрсесі». Бұл жерде сондай­ақ объективтілік туралы әдістемелік белсенділік сипатына ие әрекет туралы әңгіме болып отыр. Міне, сондықтан мұндай белсенділікті «сын» деп тапқырлықпен атаған. Түсіндіруге ұмтылған тарихшының әрекетін «синтез» емес, «анализ» деп атағаны үшін де біз Марк Блокқа қарыздармыз. Ол тарихшының міндеті нәрселерді «өткенде қалай болса, дәл солай етіп» қалпына келтіру деп есептейтіндермен келіспеуге барлық дәлелдерді тапты. Тарих тірілтуге емес, қайта жасауға, қайта құруға, яғни оқиғалардың тізбегін ретроспективалық тұрғыда жасауға және құрастыруға ұмтылады. Тарихтың шынайылығы объективтілігі, тарихи түсінікте дәл осы сәйкес келтіруден, тірілтуден қаша отырып, оқиғалар тізбегін жаңғыртуға деген ұмтылыспен сипатталады. Және Марк Блок мұндай жұмыс абстракцияға бет бұруды талап етеді деп атап өтеді, өйткені құбылыстардың «сериясын» ­ экономикалық, саяси, мәдени және т.с.с. серияларды жасамай, түсіндіруге жету мүмкін емес; Және біз шын мәнінде де бір­бірінен ерекшеленетін оқиғалардан дәл сол бір функцияларды айқындап, сәйкестендіре алмасақ, онда біз еш нәрсені де түсіне алмаймыз; кейбір «құбылыстардың» ұзақтығы болғандықтан ғана тарих өмір сүреді: «Адамзат феномендерінің анағұрлым көне дәуірден таяудағы кезеңге дейін қалай зерттелгеніне қарай оларға ең алдымен, ұқсас феномендердің тізбегі енеді; оларды тегіне қарай жіктеу ең тиімді күшті бағыттарды аңғаруды білдіреді» (74 б.). Тарихи талдаудың өмір сүруі тарихтың бастапқыда байқалатын сәйкестік түрінде емес, талдау түрінде көрінуі себепті болады. Тарихшы кез келген басқа ғалым сияқты, ол өзі жіктей алған құбылыстар арасындағы қатынастарды зерттейді. Тек осыдан шыға отырып, кез­келген сараптамалық дәлелдіктен жоғары тұратын органикалық байланыстарды, жиынтықты ұғыну қажеттілігі туады; бұл жағдай түсінуді түсіндіруге қарама­қарсы қоятын болады. Бірақ бұл айырмашылықты тарихи методологияның кілті жасаудың қажеті жоқ; Марк Блок айтқандай, «тұтастықты қалпына келтіру жөніндегі әрекеттер тек талдаудан кейін ғана басталуы тиіс. Тіпті былай айтуға болады: бұл әрекет талдаудың жалғасы ғана, оның негізделуі. Бақылаудан гөрі, толғану әрекеті болып табылатын бастапқы талдауда, әлі ештеңе жіктелмей тұрғанда қалайша байланыстың бөліп қарастыруға болады» (78 б.). Демек, түсіну түсіндіруге қарсы келмейді; ол бар болғаны, оны толықтырушы қызметін атқарады. Түсінудің бойында талдаудың ­ оған өмірдің өзі берген талдаулардың таңбасы болады. Және ол бұл таңбаны ақырына дейін сақтап жүреді: тарихшының өзінің мейлінше кең түйіндерінде қайта қалыптастыруға тырысқан дәуірдің санасы, оның талдау көмегімен ашқан барлық өзара әрекеттер мен көптеген қарым­қатынастарға сүйенеді. Тұтастай тарихи айғақ, «тұтастанған өткен шақ» ­ бұл қорытындыланған әрекеттің шегіне ешқашанда жетпейтін, барған сайын кеңейе және күрделілене түсетін, Канттың ұғымындағы Идея. «Тұтастанған өткен шақ» ұғымы осы әрекеттің реттеуші идеясы болып табылады. Әңгіме қандай да бір тікелей нәрсе туралы болып отырған жоқ; барлығын қамтитын тұтастықтан артық жанасатындай нәрсе жоқ: бұл идея тарихты реттеудегі тарихшының бар күш­жігерін білдіретін «реттеуші тұжырымдаманың» нәтижесі түрінде көрінеді; басқаша айтқанда (ғылымның тілімен айтқанда), бұл ­ мысалы үшін, «физикалық теорияда» айтылатын мағынадағыдай, «теорияның» нәтижесі. Сондықтан, ешқандай да «реттеуші тұжырымдаманың» тарихты тұтастай қамтуға шамасы келмейді: кез келген дәуір сонымен бірге талдаудың нәтижесі де болып табылады; тарих қашанда біздің түсінігімізде қандай да бір «тұтас бөліктер» (егер Лейбництің сөздерін қолданар болсақ) кейпінде, яғни «аналитикалық синтездер» (егер өзінің Трансценденталдық дедукциясындағы батыл айтылған Канттың сөзіне сүйенер болсақ) түрінде көрінеді. Сонымен, тарих өзінің этимологиясына мызғымас адал күйінде қалады: бұл зерттеу, іоторіа. Ол әуел бастан бізді тарихилықты түсінбестікке әкелу және біздің өмір сүру тәртібі мен уақытқа ілесу жөніндегі мазасыз сұрақтар емес. Ол «тарихи» тағдырға деген бір мезеттік жауабымыз болып табылады: бұл жауап ­ біздің белгілі бір таным ретіндегі тарихты таңдауымыз, барлық нәрсені ақылдың көмегімен игеру, Фюстель де Куланж ­«адамзат қоғамдары туралы ғылым», ал Марк Блок «зерделі талдау» деп атаған нәрсені жасау.

Читайте также:  Бекет ата мен Қырымқұл би

Шынайылыққа деген мұндай ұмтылыс шектеулі позитивизмнің есептейтініндей, құжаттарды сын көзбен зерттеумен сарқылып қалмайды: ол өз бойына кең қорытындыларды енгізеді; оған тән рационализм қазіргі физика ғылымындағы рационализмге ұқсас және тарихқа төменгі деңгейдегі құбылыстармен істес болу жараспайды. Тарихтың объективтілігі және тарихшының субъективтілігі Тарихшының дәл осы кәсібімен және демек, дәйектілікке объективтілікке деген осы ұмтылысты, енді жарты ғасыр бойы тарихты жасаудағы тарихшының субъективтілігі туралы жырлап келе жатқан қазіргі заманғы сынмен салыстыру керек. Шындығында, маған бастапқыда әрекеттерін біліп алмай тұрып, бұл субъективтіліктің нені білдіретінін зерттеуге асықпау керек сияқты: осының өзі талдауды ақылмен жүргізу керектігін байқатады. Аңғарымпаздық іске рефлексивті дәстүрдің талап ететініндей етіп кірісуді қалайды, дәлірек айтқанда: субъективтілікті оның өзінің ниетінен, істерінен, шығармаларынан іздеуді қажет етеді. Физиктерсіз физиктердің өмір сүрмейтіні, яғни ізденістер мен адасуларсыз, артқа шегіну мен батыл шешімдерсіз физиканың өмір сүрмейтіні белгілі. Канттың іске асырған коперникшіл төңкерісі ғалымдардың субъективтілігін мадақтаумен емес, объектілер арқасында өмір сүретін субъективтіліктің өзінің ашылуымен сипатталады. Тарихшының субъективтілігі туралы ой қозғау, егер әңгіме іске кіріске тарихшының кәсібі жөнінде болса, зерттеуді субъективтілік тәсілінің өзімен жүргізуді білдіреді. Алайда, тарихшының өзінің мәселесі деген болады және ол біз әлі айтып үлгермеген объективтіліктің қасиеттеріне байланысты болады; ол тарихи объективтіліктен сондай деңгейге жеткен немесе соған жақындаған өзге ғылымдармен салыстырғанда, толық емес объективтілікті жасайды. Мен осы жаңа рефлексия мен бұрынғысының арасында болатын күмәнсіз қайшылықтардың жібітпей, оның белгілерін біртіндеп көрсетіп беруге тырысамын. 1) Бірінші белгі бізді тарихи таңдау ұғымына қарай сілтейді; тарихшы тарихтың өзінің рационалдығымен қаруланады деп түйіндер болсақ, біз ешқашан оның мәнін толық бере алмаймыз. Рационалдылықтың мұндай таңдауы өзіне тарихшының жұмысында іске асатын басқа таңдауды енгізеді; бұл басқа таңдау оқиғаларды іріктеу мен ықпалдарды айқындау барысында басшылыққа алынатын бірінші дәрежелі маңыздылық туралы пікір деп атауға болатын нәрсеге қатысты болады. Тарихшының арқасында тарих маңызды оқиғаларды сұрыптайды, талдайды және бір бірімен байланыстырады. Дәл осы жерде тарихшының субъективтілігін, физиктің субъективтілігімен салыстырар болсақ, түсіндірме үшін қажет кестелерді әкеле отырып, ерекше мәннің саласына еніп кетеді. Демек, дәл осы жерде сұрақ беруге деген қабілет қандай да бір құжаттарды іріктеуден гөрі маңызды болып шығады. Оның үстіне, дәл осы маңыздылық туралы пікір, екінші деңгейдегі құбылыстарды алып тастай отырып, үздіксізді тудырады: өткен шақ ыдыраңқы, еш маңызы жоқ бөліктерге шашырап кеткен; әңгімелеу болса, іштей байланысты және өзінің үздіксіздігінің арқасында маңыз беруші күшке не болады. Осылайша, тіпті тарихтың рационалдығының өзі қатаң өлшемдері жоқ маңыздылық туралы пікірге тәуелді болады. Бұл тұрғыдан алғанда, «теория тарихтың алдында өмір сүреді» Р. Аронның сөзі рас. 2) Мұнан өзге, тарих себептілікті әдеттегідей түсінудің әртүрлі деңгейлеріне тәуелді болады, ол бойынша, себеп бірде «әлемнің жалпы тәртібінде таяуда ғана пайда болып, қалыптаса қоймаған құбылысты» (Марк Блок) білдірсе, бірде біртіндеп іске асатын өрбу, яғни, эволюцияның барысындағы күштердің шоғырлануын білдірсе, ал кейде тұрақты құрылымды білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда, «II Филипп дәуіріндегі жерорта теңізі төңірегіндегі әлем мен Жерорта теңізі» деген Бродельдің еңбегі себептік байланыстардың шиеленісін шешуге және одан кейін оларды игеруге бағытталған әдістің пайда болуын білдіреді: бастапқыда ол үздіксіз әрекетті, одан кейін XVI ғасырдың жекелеген салыстырмалы түрде дербес күштерін және, ақырында, уақиғалар тізбегін Жерорта теңізі жағдайына орналастырады. Себептік бағыныштылықтарды реттеуге әкелетін мұндай жол тарихи объективтілік әрекетінің шеңберінде мейлінше маңызды. Бірақ бұл реттеушілік қашанда осал болып қала береді, өйткені оның талдау мен құрастыру барысында бекіткен толық біртекті емес себептік бағыныштылықтарының тұтас композициясы шешімін табуы қиын мәселені қояды. Қалай дегенде де себептілікке өз бойында міндетті түрде күнделікті психологияның белгілерін сақтайтын психологиялық ынталарды енгізу қажет болады.

Читайте также:  ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 60 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЖЕТІСУДАҒЫ ОРЫС-ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСЫ

Тарихшының сүйенетін дәлелдердің мағынасы көбіне аңқау, детерминизм мен ықтималдық арасында алма­кезек құбылып тұратындай сыншыл емес; тарихтың тағдыры оларды рефлексияға ұшыратпайтын және, тіпті, мүмкін, олардың арасында айырмашылықты айырмайтын да бірден бірнеше түсіндірмелік кестелерді пайдалануға кесілген; детерминизм күшінен ада жағдайларды, себептілік күшінен жұрдай итермелеуші күштерді, бар болғаны кәдуілгі құбылыс, қолайлы шешім ғана болып табылатын себептерді және т.б. пайдаланылады. Қысқаша айтқанда, тарихшы өзінің рефлексиясына тиесілі емес түсіндіру тәсілдерін «пайдаланады» және бұл заңды да: түсіндірмені оған рефлексияның көмегімен ие болғаннан кейін ғана пайдаланады. 3) Бұл толық емес объективтіліктің таты бір белгісі «тарихи дистанция» деп аталатын құбылысқа бағыныштылығымен сипатталады; рационалды тану түстеп тануды, сәйкестендіруді білдіреді (Кант пайдаланылатын материалды ұғымның көмегімен қорытуды пайымдаушы синтез деп атады). Сонымен, тарихтың міндеті ­ өзгеріске ұшыраған нәрсеге, жойылған нәрсеге, басқаға айналған нәрсеге атау беру. Бұл жерде дәл сол мен басқаның ежелгі диалектикасы қайта жаңғырады: тарихшы тарихи тілдің мейлінше жетілмегендігіне сүйене отырып немесе, басқаша айтқанда, атау беру үдерісіне сүйене отырып, оны тауып алады. Егер осының артынша айыру мен түзетуге түсетін ұқсастықтарды пайдалану жолымен түсіндірілмесе? Қалайша біз қазіргі тілдің көмегімен, қазіргі ұлттық тілдің көмегімен өмір сүруін тоқтатқан институттарды белгілеуге және түсінікті етуге болады. «Тиран», «крепостнойлық», «феодалдық құрылыс», «мемлекет» және т.б. сөздермен байланысты қиыншылықтарды еске түсірсек те жетіп жатыр. Бұлардың әрқайсысы бір мезетте дәлдеп айқындауға да, сәйкестендіруге де мүмкіндік беретін есім үшін тарихшының күресінен хабар береді; міне сондықтан тарихи тіл қажетті түрде көпмағыналы болады. Дәл осы жерде тарихи уақыт сіңіріп алатын (ассимиляциялық) зердеге өзінің терең диссимиляциялық әрекетін, өзінің келіспеушілігін қарсы қоюға мәжбүр болады. Біз Плотиннің артынша «менен» алшақтыққа, тартуға, созуға сәйкестенбейтін феноменнің болатынын, басқаша айтқанда, әуел бастапқы шаттықтың, айғағын мойындайтын уақыттың осьі қасиетімен тарихшы есептесуі тиіс. Біздің алдымызда «дәл емес» және тіпті «қатаң емес» сипатқа ие тарихтың бастауларының бірі тур; тарихшы ешқашанда «мен екі беткейдің қиылысуын сызық деп атаймын…» дей отырып, атау беріп қана қоймай ұғымның нобайын жасайтын математиктің жағдайында бола алмайды. Керісінше, соның арқасында ғылым өзінің объектіне бет бұратындай, дәл ғылымда атауы бойынша бастапқы әрекет болып табылатын нәрсе тарихшыда басқа елге, гипотетикалық түрдегі, қазіргі, басқаға көше білу қабілеті түрінде көрінеді; тарихшы өзінің зерттейтін дәуірін өзі соған бейім болатын осы шақ ретінде, уақыттық болашақтардың ортасы ретінде қабылдайды; бұл осы шақтың біз, басқалар сияқты уақыты келді деп есептегенімізден емес, адамдардың үмітінен, білместіктерінен, сақтықтарынан туратын өз болашағы бар; бұл осы шақтың, сондай­ақ оның өткені туралы біздің білетініміз емес, кезінде болған нәрселер туралы адамдардың жады болып табылатын оз өткен шағы да болады.

Тарихи нақтылықтың, шындықтың қандай да бір түрі ретінде қабылданатын басқа осы шаққа осылайша ауысу басқа осы шақ «уақытша дистанцияның» ішіне көшіріліп енгізілгендіктен, қиялдың, уақытша қиялдың жұмысының жемісі болып табылады. Бұл қиял кеңістікті, материяны және тіпті өмірдің өзін зерттейтін ғылымдар өз назарынан тыс қалдырып қоятын субъективтіліктің ойынға кірісуінен хабар береді. Үнемі тарихи дистанцияны сақтай отырып немесе дұрысын айтқанда, алшақтық туралы, уақыттың тұңғиығы туралы түсінікті оқырманның ақылына кіргізе отырып, тарихи өткенді езімізге жақындата білу сирек кездесетін дарын болып саналады. 4) Және, ақырында, ең соңғы, бірақ төмен мәндегі емес, керісінше, шешуші мәнге ие белгі: тарихтың түсіндіргісі келетіні және, түптеп келгенде, түсінгісі келетіні бұл ­адамдар. Біздің алыстап кеткен өткеніміз, адамдардың өткені болып табылады. Уақытша дистанцияға «басқа» ­ бұл басқа адам болып табылатына тәуелді осы арнайы дистанция қосылады. Бұл жерде біз интегралды (біріккен) өткеннің мәселесімен бетпе­бет келеміз: дәл осы өзге адамдардың бастан кешкендерін тарихшы себептік қатынастардың торабына сүйене отырып, қайта қалпына келтіруге ұмтылады. Дәл осы сарқыла қоймаған адамзаттық тәжірибе интегралдық түсінік міндетін қояды. Дәл осы өткен адамзаттық өмірдің абсолютті нақтылығы өзіне анағұрлым байланысқан түрінде, анағұрлым теңестірілген және анағұрлым реттелген талдамалы түйіндерді қалпына келтіруге ұмтылады. Сонымен, біз адамдардың интегралды біріккен өткені идеяны, интеллектуалдық жақындаудың шегін білдіретінін атап өттік. Сондай­ақ жүрекке жақын тиетін, қиялдағы нәрсені басқа осы шаққа жай көшіре салудан анағұрлым маңызды болып табылатын бұл термин өзге адамзаттық өмірге шынайы көшіруді білдіреді. Жүрекке жақындық (симпатия) біз айтқан парасаттық, яғни, интеллектуалдық жақындықтың басы мен аяғы болып табылады; егер әңгіме осы бастапқы немесе тікелей нәрсе туралы өрбісе болғаны, тарихшының әрекетіне серпін береді; ол зерттелетін нысанға деген әуел бастапқы жақындық ретінде әрекет етеді; ұзын­сонар талдаудың барысында ол тікелей нәрсе ретінде, марапатталуы ретінде келісімділіктің арғы жағында қайта түлейді; ойластырылған талдау бір жағынан, бейсаналы симпатия және екінші жағынан саналы симпатия арасындағы қандай да бір әдістемелік кезең сияқты болып табылады. Міне, сондықтан тарих кездесуге құштарлық сияқты түсіндіруге деген ынтызарлықпен сипатталады. Тарихшы өткеннің адамдарына өзіндік арнайы адами тәжірибемен барады. Тарихшының субъективтілігі игеруге деген қабілеттілікке ие болатын сәт, тарих бұрынғы адамзаттық өмірдің құндылықтары кез келген сыни хронологиясыз қайта өндіретін сәтте туады. Олардың бастан кешкенін біздің де бастан кеше алатын қабілетімізді ескермегенде, түптеп келгенде адамдарды жаңғыртатын біздің жалғыз тәсіліміз болып табылатын жадыдағы құндылықтардың бұлайша қайта қалпына келтірілуі тарихшының осы құндылықтарға деген тектік «мүдделігінсіз», оларға деген терең тамырластықсыз мүмкін болмас еді; бұл жерде әңгіме тарихшының оз кейіпкерлерінің сенімін қабылдап алуы туралы болып отырған жоқ. Олай болса, бұл жағдайда біздің қолымызға тарих емес, апологетика, яғни әулиелердің өмірбаяны тиер еді; тарихшы гипотезаның (болжамның) көмегімен олардың сенімін мойындауы тиіс, басқаша айтқанда, егер бұл сенім қазір өмір сүріп тұрғанда деп есептегенде, оны үнемі «қалықтаған жағдайда» және «бейтараптандыра» ұстай отырып, осы сенімнің мәселесіне іштей енуі тиіс. Осылайша, «қалықтаған жағдай» мен «бейтараптандыру» арқылы бұрын өмір сүрген адамдардың сенімін қабылдау тарихшыға тән симпатия болып табылады; ол біздің уақытта орын алмастыруға сүйеніп, басқа осы шақтың қиялы деп атағанымызды сақадай сай дайындыққа әкеледі; уақыттағы осы орын алмастыру да келешектің өзегі ретінде қабылданған өзге субъективтілікке көшу болып табылады. Бұл қажеттілік тарихшының ерекше жағдайына тәуелді болады; өткен шақтың осы шаққа қатысты өтіп кеткендігі деген мәндегі тұрпайы мағынасында ғана емес, сонымен қатар бұрын өмір ­ сүрген адамдар өзімен бірге адамзаттың бір бөлігі болып табылады деген мағынада да тарихшы тарихтың құрамдас бөлігін қурайды. Осылайша, тарих адамдар өзінің тек бір адамзатқа тиесілігін «қайта өндіретін» тәсілдердің бірі болып табылады; ол сананың коммуникациясын, методологияның көмегімен іздерге және құжаттарға жіктелетін саланы білдіреді, яғни жаппай интерсубъектілі бөліктерге ыдыраған саланы емес, әрқашан ашық және үнемі пікірталас жүретін саланы, «басқасы» сұрақтарға жауап беретін айшықты сұхбат саласын білдіреді. Бұл жерде біз тарихтың шынайылығы ­ объективтілігі тек тарихшының субъективтілігін тана емес, тарихтың субъективтілігін де ашылуға оятатын басқа бір қырға тап келеміз. Бұл жаңа қадамды жасамай тұрып кейбір түйіндерді қорыту үшін, аз­кем шегініс жасайық. Жаңа ғана келтірілген пікірлер тарихи объективтілікті талдаудағы біздің бастапқы қадамдарымызды теріске шығара алар ма екен? Тарихшы субъективтілігінің талдауға баса көктеп кіруі, кейде біреулердің есептегеніндей, объектіге сіңіп кетуді білдіре ме? Мүлдем олай емес: біз тек тарихшы кәсібінің арқасында жарыққа шытатын объективтіліктің түрін ғана, объективтіліктің басқа да түрлерімен қатар өмір сүретін тарихи объективтіліктің түрін тана нақтылай түстік; қысқаша айтқанда, тарихи субъективтіліктің түзеушісі ретіндегі тарихи объективтілікті конструкциялауға жақындадық. Міне, сондықтан ойынға кіріскен субъективтілік қандай да бір басқа субъективтілік емес, тек тарихшының субъективтілігі болып табылады: мәнділік туралы пікір ­ себептілік кестелерінің жиынтығы ­ басқаға, қиялдағыға, осы шаққа көшіру ­ өзге адамдарға деген, өзге құндылықтарға деген симпатия және, түптеп келгенде, бұрын өмір сүрген «басқамен» кездесуге деген қабілет ­ осының барлығы тарихшының субъективтілігін, мысалы, физиктің субъективтілігімен салыстырғанда, өзара әрекетке анағұрлым қабілетті етеді. Алайда, дегенмен, бұл субъективтілік тұрақсыз субъективтілік болып табылмайды. Тарих пен тарихшы бір­біріне релятивті деп айтқан кезде, бұл сөздер ештеңені де білдірмейді. Тарихшы деген кім ол? Қабылдаудың объекті Гуссерль орто­эстетикалық дене деп аталатынға, яғни кәдуілгі сенсорикаға релятивті емес пе; ғылыми объект қашанда өзіне бағытталған зердеге релятивті; оның үстіне бұл релятивтілік қандай да бір релятивизммен, өмір сүруге құштарлық, билікке деген ерік немесе «мен не білемін» деп сұраумен үш қайнаса сорпасы қосылмайды.

Читайте также:  ТҮРІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ

Тарихшының субъективтілігі, ғалымның кез келген субъективтілігі сияқты, жақсы субъективтіліктің жаман субъективтілікті жеңгенін білдіреді. Реймон Аронның жоғарыда аталған кітабында шыңына жеткен философиялық сынның жасаған орасан зор еңбегінен кейін, мынадай сұрақ беру керек болар: жақсы және жаман субъективтілік нені білдіреді? Сыни мектептің көптеген идеяларын бөлісетін Анри Маррудың есептеуінше, жоғары деңгейде ­ Марк Блок пен Льюсен Феврдің айтатын «кеңістікке де, тұңғиыққа да бір мезетте жүретін тарих» деңгейінде ­ жалқы болғанымен, жалған болмайтын құндылықтар орналасады, олардың мәнін позитивизм былай айқындайды: (ғылыми әдіснамадағы) прогресс қақтығыстар жолымен емес, игеру жолымен іске асырылады: біз олардың мәніне бармай тұрып­ақ позитивистік тәсілдің аксиомаларының мағынасына дау айтамыз; олар мағынаны өз деңгейінде сақтайды, пікірталастар шамалы арырақ, бір қадамдай алда жүргізіледі: біз спиральдің басқа орамына көтерілдік»2. Позитивизм құжаттарды сынау деңгейінде қалады; оның үстіне оның физикалық үлгісі жұтаң және физиктердің физикасына тек жанама қатынасқа ие. Алайда біз енді көз алдымызда көлбеңдеген мәліметтерді көрмейтін жерде, жалғандығын физиктер мойындаған айғаққа табынушылықтың арғы жағында, позитивизм бізге маңыздылық туралы пікірдің де, теорияның да, қиялдың да, әсіресе симпатияның да тарихқа ақылдан айрылған субъективтілікті немқұрайлы ұсынбайтынын еске салады; бұл убъективтілік бейімділіктер тарихи объективтіліктің өзінің қасиеттері болып табылады. Тарих өз бойында тарихшы субъективтілігінің іздерін алып жүреді дегенді біз көп мәрте қайталағаннан кейін, тарихшы кәсібінің тарихшының субъективтілігін өсіріп шығаратынын атап өту керек. Тарихшы тарихты қалай қалыптастырса, тарих та тарихшыны солай қалыптастырады. Немесе, дәлірек айтқанда, тарихшының кәсібі тарихты да, тарихшыны да қалыптастырады. Бұрындары зердені сезім мен қиялға қарсы қоятын, бірақ бүгін біз оларды айқын түрде рационалдыққа енгіземіз; өз кезегінде, тарихшының жақтайтын рационалдылығы сезім мен қиялдың дәл ортасымен мен зерттеуші «мен» және құмарлыққа бой алдырған «мен», яғни кекшілдікке, жек көрушілікке, айыптаушылыққа қабілетті «мен деп атағандарға жіктелетін өзектің болуына әкеледі. Марк Блоктың не айтатынына таты да құлақ түрелік: «түсіну айыптауды білдірмейді». Sira іга пес studio деген көне мақал документализмді (құжат бастылықты, ­Б.С.) сынаушының аузымен айтылғанда ғана әділетті емес; ең жоғарғы түйіндер деңгейінің өзінде де оның мәні ұштала түседі. Құмарлыққа бой ұрған «меннің» мүлдем айқай­шу көтермейтін адам емес екендігі туралы пікірді де естен шығармау да керек; мүмкін, сынқұмардың «апатиясы» оның жолында кездесетін танымал және аз танымал құндылықтарды кемсітуі ықтимал; мұндай интеллектуалдық ызақорлық, саяси құмарпаздықтың қазіргі саяси күрестен тайқып, өткен шаққа бет бұрғаны тәрізді, құмарлыққа бой алдырған «менге» тән. Демек, етгохл күнделікті субъективті жігерсіз, соның арқасында тарих өзінің жағымды атына ие болатын зерттеушілік құмарлыққа бой алдырған «мен» туылмай, тарих та болмайды. Өйткені іоторіа бұл «қосалқы күш», бұл «күтпеген нәрсенің артынан ілесу», бұл онда жаман субъективтілік игерілетін «бөтенге деген ашықтық». Осымен біз ой толғаудың бірінші кезеңін аяқтаймыз: бастапқыда объективтілік біздің көз алдымызда тарихтың ғылыми интенциясы ретінде туындайды; кейін ол тарихшының жаман және жақсы субъективтілігінің арасындағы жік туралы айтады; объективтіліктің анықтамасы «логикалықтан» «этикалыққа» айналады.

Оставить комментарий