Тарих және философиялық субъективтілік

Бірақ тарихтағы субъективтілік туралы ой толғау тарихшының субъективтілігі туралы және тарихшының өз ішіндегі зерттеушілік пафосқа ие субъективтілік пен құштарлыққа бой алдырған субъективтілікті бөліп алу туралы мәселелермен сарқылып қояр ма екен? Біздің бастапқы нүктеміз бен тарихта өмір сүретін көптеген «мүдделерді еске түсірейік: біз әлі де болса тарихтан ол тарихты жасайтын тарихшының субъективтілігінен айрықша, басқа субъективтіліктің пайда болуына, тарихтың, тарихтың өзінің субъективтілігі болатындай субъективтіліктің »пайда болуына әкеледі деп күтеміз. Алайда мұндай субъективтілік, шамасы, тарихшының кәсібіне емес, біз бәріміз солай болып табылатын тарихтың әуесқойларының ­ оқырманның жұмысына жатқызылатын тәрізді; философтың біздің ортамызда орналасуы әбден мүмкін. Тарихшының тарихы жазылады немесе оқытылады және ол кез келген жазылған шығарма немесе оқытылған пән ретінде өзінің аяқталған соңын тек оқырманнан, оқулықтан, оқырман қауымнан табады. Тарихшының жазған тарихын оқырман ­ философтың дәл осы қайта жаңғыртуы» біз енді кіріскелі отырған мәселені көтереді. Мен тарихты «таңғажайып нәрселермен танысудан ләззат» беретін бос уақыттағы оқу ретіндегі, қысқаша айтқанда, экзотика ретіндегі пайдалануды назарға алмай, ысырып қоямын; қалай болғанда да өзіміздің «меннен» осылайша алып тастаудың тарихи санаға тән екеніне біз көзімізді жеткіздік және өзінің осы сапасында ол тарихты философиялық пайдаланудың қажетті кезеңі болып табылады: егер де тарих бізді жат елдерге көшіріп алып бармаса, онда біз қалайша соның арқасында эгоизмнен арылған, анағұрлым орнықты және, ақырында анағұрлым адамгершілікті субъективтілікке ие болар едік? Мен жазмыштың көзі ретіндегі тарих туралы да аз айтатын боламын: біз айтқалы отырған сана тарих барысында пайда болған құндылықтардан алынады және біз осы диалектикалық қолданымға тарихтың басты мақсатын теңгермесек те, ол, қалай болғанда да біздің білімімізге қызмет етеді. Егер біз тарихты қажетті түрде қабылдасақ, ол бізді өзіміздің пиғылымыздың арғы жағына қарай тәрбиелейді. Бұл жерде мен, демек, философқа тән болатындай, тарихшылардың тарихқа деген көзқарасын қарастырып отырмын: философ өз бойында тарихшының жұмысын өзінше аяқтайды; мұның өзіндігі философтың өз санасын тарихты санаға сіңірумен сәйкес келтіруімен сипатталады. Мұндай рефлексияның барлық философиялық тұжырымдамаларға тән емес екенін мен жасырмаймын; дегенмен де мен олардың, сөздің кең мағынасында рефлексивті деп атауға болатын және оларға Сократтың, Декарттың, Канттың, Гуссерльдің қатысы болған философиялық тұжырымдамалардың тұтас тобы үшін үлкен мәні бар деп сенемін. Барлық бұл тұжырымдамалар шынайы субъективтілікті, сананың шынайы әрекетін іздестірумен айналысқан. Біз ұшы­қиырсыз жаңалық ашумен айналысуымыз керек, сондықтан «меннен» «Менге»3 әкелетін жол ­ біз дәл осыны сана деп отырмыз ­ тарихты туралы қандай да бір ой қозғау арқылы өтеді, сондай­ақ бұл рефлесияның тарих арқылы өтетін айналмалы епті қозғалысы тарихшының жұмысы оқырманның санасында өзінің нәтижесін алуы үшін философтың қолданатын тәсілі болып табылады. Тарихшылардың тарихты осылайша аяқтауы философиялық актте екі бағытта жүзеге асуы мүмкін: тарихтағы байланысты мәнді зерттеумен айналысатын философия логикасының салып берген жолымен; қашанда философтармен және жекелеген философиялық ұстанымдармен арнайы және тек солармен «сұхбаттасу» жолымен жүзеге асуы мүмкін.

Читайте также:  Батыс әлемінің тарихы

Оставить комментарий