Тарих жүйе ретінде

Адам өмірі ­ күнделікті емес шындық. Ол туралы ең алдымен, ол түбегейлі шындық болып табылады деп айту керек ­ радикалдық атап атқанда барлық басқа шындықтар өзара қатынаста тек онымен болады деген мағынаны білдіреді; олардың бәрі ­ жүзеге асқандар және мүмкіндер ­ онда солай немесе басқаша көрініс табады. Тым езбе, бірақ бір мезгілде адам тіршілігінің ең маңызды қасиеті, бірдемені жасамай, өмір сүруге болмайтындығында түр. Өмір бізге беріліп қойылған ­ біз тек кенеттен өзімізді онда тауып аламыз, ­ бірақ «дайын» күйінде берілмеген: біз «оны жасауымыз» керек, әркім ­ жеке өзінікін. Сонымен, өмір ­ бұл әрекет. Әрекет ретіндегі өмірдің ең мәнді белгісі оларды жасау қажеттілігінде тұрған жоқ, ал жалпы алғанда, керісінше: біз әлденені жасаймыз, бірақ біз ешқашан әлдебір анықталғанды жасауға міндетті емеспіз; сол немесе басқа әрекет біз үшін міндетті емес, ол жұлдыздар қозғалысының траекториясы немесе, айталық, тастың құлауы сияқты, бізге танылып қойылмаған. Бірдемені жасаудан бұрын адам тәуекелге барып, атап айтқанда нені жасағысы келетінін шешуге міндетті. Бірақ егер адамда оны қоршап тұрған заттар, басқа адамдар және өзі туралы қайсыбір түсініктер болмаса шешім мүмкін емес, тек белгілі бір сенімдерге не бола отырып, ол бір әрекетті басқасынан таңдап ала алады және жалпы айтқанда, тіршілік ете алады. Сонымен, адам қашанда қайсыбір сенімде болып тұрады. Оның өмір салтының өзі наным­ сенімдерден тәуелді; наным­сенімдерден, олардың күшеюі немесе әлсіреуінен адамзат тарихындағы шешуші өзгерістер де шығып жатты. Адамдық өмір сүру ең алдымен адам сенімдерінің жиынтығы болып табылады. Міне, олар біздің өміріміздің негізінде жатыр. Адам ­бұл оның сенімдері деп бекер айтпайды. Атап айтқанда олар адамды конституциялайды. Мен «жиынтық» туралы айттым, өйткені адамның, халықтың, дәуірдің көптеген наным­сенімдері ешқашан толық шамада қисынды байланысқан бола алмайды, мысалы, ондай болып философия табылатындай немесе болуға ұмтылатындай, олар идеялар жүйесін құрастырмайды. Адам өміріндегі наным­сенімдер, оны қоректендіре, оята және бағыттай отырып, кейде сиыспайтын, қайшылықты немесе бір­бірімен байланыспаған болып келеді. Бұл бағалаулар тек оларды идеялармен жақындататындығын білдіретінін, байқаңыз. Бірақ наным­сенімді идея ретінде анықтау қателікке жатады. Қашан оны ойластырғанда, идея өз рөлімен мазмұнын тауысып қояды, ал әйтсе де адам қаншама керек болса, соншама ойлай береді, ол тіпті өз тілектеріне қайшы да ойлай алады. Ой кенеттен біздің жігеріміздің немесе ұйғарымымыздың қатысуынсыз­ақ пайда болады, және біздің іс­әрекетімізге әсерін тигізбеуі де мүмкін. Керісінше, наным­сенім, оны ойластыратын, жай ғана идея емес, оған тағы сенетін болады. Сенім тек интеллектінің амалы емес, ол адам қылықтар мен іс әрекеттерін бағыттаудан тұратын, тап осындай тірі ағзаның функциясы болып табылады. Енді «жинақ» ұғымының өзіне қайтып келейік. Наным­сенімдер ­ идеялар тұғырынан жинақ ­ шынайы наным­сенімдер ретінде қашанда жүйені құрастырады деп айтуға болады. Яғни, логикалық және интеллектуалдық көзқарас бойынша наным­сенімдер реттелмегендер болғанымен, олар сонда да тіршілік байланысымен біріктірілген; егер тек бір­біріне сүйенетін, біріктірілген және комбинацияланған болса, олар наным­сенімдер ретінде қызмет ете алады. Олар қашанда ағзаның бірегей құрылымының бөлшектері ретінде әрекет етеді және басқаларымен бірге, белгілі құрылыс пен иерархияға ие. Әрбір адам өмірінде түпнегізді, базалық, радикалды сенім­нанымдар мен олардан шығатын және оларға сүйенетін, туынды және екінші қатардағы наным­сенімдер бар. Бұл сөйлемше, әрине, тым бос соз сияқты, бірақ сонда да ­ мылжың сөздігіне қарамай ­ осының бәрі төтенше, маңызды. Адам олармен өмір сүретін, сансыз көп наным­сенімдер құрылымсыз әлдебір илене беретін, ешқандай тәртіпке келтірілмейтінді көрсететін болады. Адам тіршілігін тану сонда мүмкін болмай қалады. Және керісінше, адам наным­сенімдері белгілі бір құрылым мен иерархияға ие болу дерегі олардың жасырын тәртібін көруге және өмірді ­ өзінікін де, басқа дәуірдің өмірін де түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен, біз енді былай дей аламыз: тіршілік етуін ­ зерттеу сенімдер жүйесін шолудан басталады және оны зерттеу үрдісінде, ең алдымен, барлық басқа сенімдерді қолдайтын және өміршең ететін, түпнегізді және түптамырлы сенім айқындалуы тиіс.

Қайсыбір қазіргі сәттегі сенімдердің жай­күйін анықтау үшін бірден­бір метод ­ оларды бір­бірімен салыстыру бар. Және салыстыру нысандары саны неғұрлым көп болса, нәтиже де соғұрлым дәл болып шығады ­ екінші банальдық тап осындай, оның маңызды салдары біздің пайымдарымыздың тек соңында анық бола бастайды. II Қазіргі сенім­нанымдырды және осыдан отыз жыл бұрынғы сенім­нанымдарды салыстырайық; түпнегізді сенім өзгергендіктен, оларда айтарлықтай өзгерістер болғанын, біз көре аламыз. 1900 жылға дейін өмір сүрген ұрпақ, ақылға сенімді өмір сүрген, XVI ғасырдан бастау алатын, сол ұрпақтар ауысуының соңғысы болды. Ол сенім неде тұрды? Егер «Метод туралы пайымдарға» көңіл бөлсек, онда міне Жаңа дәуірдің бұл классикалық құжатында ақылға деген сенімнің ең биігі тамаша білдірілген: «Өзінің ең қиын дәлелдемелеріне жету үшін, оларды әдетте геометрлер пайдаланатын, шетінен қарапайым және жеңіл, тұжырымдардың сол ұзын тізбектері, адамдар білімдерінің пәні бола алатын сол заттар, өзара да сондай дәйектілікте тұрады дегенді, маған өзімде елестету үшін себепші болды. Ендеше, егер ол ондай болып табылмайтын бірдемені ақиқат ретінде қабылдаудан алақ болсақ және ода бірін­бірінен шығару керек болған тәртіпті қашан сақтасақ, онда оларға жетуге болмайтын, соншама алыс ақиқаттар да, оларды ашуға болмайтын, соншама құпиялар да жоқ»’. Бұл сөздер ­ рацнонализмнің оятушы ұрандары, кейбіреулер ойлағандай, біз бүгін бақылап отырған, оның агониясын, соңғы аққу әнін көретіндей, жаңа дәуір келуінің хабары. Кез келген жағдайда, картезиандық рух пен бүгінгі күннің рухы арасында өмірлік Күште айырмашылық бар екендігіне ешқандай күмән жоқ. Декартың бұл тамаша пайымдауларында қаншама шаттық, өжеттік, Әлемге деген қандай құштарлық шақырымы бар! Оны тыңдаңыздар: Оларды енегелі түрде шетке жылжытып қойған, құдайлық сырлардан басқа, шешілмейтін мәселелер ол үшін жоқ. Бұл адам олардың алдында селтіп қалған және үрейден әлсіреген адам қатып қалуға тиіс. Әлемде құпия, шешілмейтін жұмбақ жоқ. Адамды барлық жағынан қоршап тұратын Әлем, ­ онда өмір сүру адамдық өмір де болып табылады ­ түбінде тап өзіндей ақиқатты тануға келетін, адам ақылы үшін ол мөлдір.Тек мәселе күрделілігінің алдында сасып қалмау керек, өз ақылын құштарлықтармен жауып тастамау қажет. Егер интеллектіні байыпты және іскерлікпен қолданса, егер адамның бұл құрал, қаруы дұрыс пайдаланылса, онда ойлау қабілеттілігі, рацио, заттарды анық көруге мүмкіндік бере келе, оған сиқырлы билік береді. Талдаудың көмегімен адам әлем құпияларына енеді және оны кристалл сияқты түсінікті, мөлдір етеді. Шындық әлемі және ой әлемі ­ екі езінде жеткілікті, бір­бірімен корреляцияланатын үздіксіз ғарыш. Бұл әлемдерде ештеңе айырылған, оқшау және жетілмейтін болып қалмайды; олардың кез келген нүктесінен біз қас қағымды ешқандай үзіліссіз ­ барлық басқа нүктелерге өте аламыз. Сондықтан ақыл қалыпты түрде, ең қиын мәселе мен шешілмейтін құпияның шынайы мәнісіне жете алатынына өз қабілеттілігінде сенімді, теңіз тереңдігінен інжу іздеуші бағасыз інжу­маржандар табуға қабілеттілігі сияқты, Әлем негіздерінің негізіне ол жете алады. XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында, Декарт методының қалыптасуы дәуірінде, әлем құрылымының рационалды екендігіне, шындық өз ұйымдасуы бойынша адам Ин¬тел лектісімен, дәлірек айтқанда, математикалық ақыл сияқты, адам ақылының осындай формасымен ұқсас екендігіне, батыс адамы сеніп келді. Міне сонда ­ заттар үстінен жүргізілетін шексіз биліктің сиқырлы шешім кілті. Бұл сенім нағыз олжа еді. Еуропалықтарды ол қамтымады деп, бір сәтке өзімізге елестетейік. XVI ғасырда Еуропа халықтары Құдайға деген, анаға деген сенімді жоғалтқан еді, және олар оны толық жоғалтты ма әлде ол тірі сенім болудан қалды ма, бұл маңызды емес.

Читайте также:  НАШАҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ БАЯНДАМА

Бүкіл бізге коп нәрсені айқындап бере алатын, тірі және өлі діндерді егжей­тегжейлі айыру қажеттілігіне теологтар салмақ салады. Жалпылай келе, бұл ажыратуды мен былай тұжырымдаймын: қашан бұл сенім өмірді қолданғанда, біз тірі сеніммен сенеміз, қашан, сенімді жоғалтпай, ода әлі бола тұрып, біз оның өзіміздің өмірімізге әсерін сезінбегенімізде, өлі қатып­семіп қалған сеніммен сенеміз. Ол әлі бізбенен, біздің өміріміздің қайсыбір бөлігін әлі өзімен көрсетеді; бірақ керегі жоқ қоқыр­соқыр сияқты, жанның қуыстарына лақтырылып тасталған. Біз бұл сенімге өз тіршілігімізді негіздемейміз, ол енді өмірлік стимулдар мен бағдарларды қалыптастырмайды ­ оны ұмытып кететініміз, соның дәлелі болып табылады; ал сонда тірі сенімде неге сенетін, сол әрекетті түрде орын алады. (Осыдан оны мистик «Құдайдың орын алуы» деп атайтын, әбден табиғи құбылыс шығады. Дәл солай тірі махаббат жұпыны, қатып­семіп қалған махаббаттан айрықша сүйетіннің бір сәт те жоғалып кетпей, тұрақты орын алуымен ерекшеленеді. Бізге оны іздеп жатудың қажеті жоқ; керісінше, біздің көз алдымызда іштей тұрған, сүйіктінің бейнесінен босау мүмкін емес. Бірақ бұл біз минут сайын немесе жеткілікті түрде ол туралы ойлаймыз дегенді білдірмейді, ол жай ғана қашанда бізбен). Қазіргі еуропалық жағдаятты талқылай келе, біз тағы бұл айырмашылыққа қайтып келеміз2. Ортағасырларда еуропалық аянмен өмір сүрді. Аянсыз, тек таза өз күшіне сенгенде, ол оны қоршап тұрған түсініксіз дүниеге, тіршіліктің барлық ащылары мен қиындықтарына әлі келмеді. Бірақ құдіретті және бәрін білетін жеке оған өмір үшін ең мәндіні ашып береді деп сенді ­ тірі сеніммен сенді. Осы сенімнің барлық түкпірлерін байқай келе, біз оның ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп сөне бастағанын көре аламыз. Мұнда тарихи тірі сенім біртіндеп таусылады, бұлыңғырланады және оларға мен қазір ене бастайтын себептермен, егер адам жанынан мүлде жоғалып кетпесе де, XX ғасырдан бастап, әлсіз және енжар бола бастайды. Сол заманның адамы жалғыз аянның жеткіліксіз екендігін сезінеді; ол езін қайтадан Әлем түкпірлерінде жоғалып кеткен, бақташысымен айрылған болып сезінеді. Сондықтан XV және XIX ғасырлар ­ қалай біз бүгін айтатындай, күшті түңілудің, басушы тынышсыздықтың, дағдарыстың кезеңі. Батыс адамын жаңа сенім ­ ақылға, nuove scinze сенім құтқарады. Құлаған адам қайтадан түледі. Жаңғыру адам мен әлем арасындағы жаңа дәнекерге, физикалық­метематикалық ақылға негізделген, жаңа сенімнің тірі шығармашылығы болып табылады. III Сенім­нанымдар өмір сәулетінің ең терең, түпнегізді қабатын өзімен көрсетеді. Біз сенім­ нанымдармен өмір сүреміз және міне сондықтан олар туралы ойланбаймыз. Сол немесе басқа мәселе бойынша ойланамыз. Сондықтан идеяларға біз иеміз деп айтамыз; сенім­нанымдарға жай ғана ие емеспіз ­ біз олар болып табыламыз. Әрбір адамның өмірі ­ бұл терең қоймалардағы сейфтерде жасырылып қойылған, әдетте көрінбейтін алтын қордан несиеге өмір сүретін қор деп, қиялдайық. Қарапайым көрегендік анда­санда бұл несиелік кепілдемелердің, айталық, бұл сенім­нанымдардың бар күйін тексеріп тұруды талап етеді. Бүгін кейінге қалдырмай, онымен дәстүрлі түрде ­ ал бұл дәстүр екі ғасырға жуық жалғасып келеді ­ еуропалық өмір сүріп келген, ақылға деген сеніммен осындай амалды іске асы¬ру керек. Жиырмасыншы жылдарға дейін (XX г.) ақылға деген біздің сеніміміз жалпы белгілерінде өзгермей келді, бірақ кейін ол түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Осының дәлеліне көптеген айшықты деректер қызмет етеді. Ақылға дәстүрлі сенім және оның қазіргі модификациясы туралы айта келе, сол немесе басқа индивидтің нақтылы не болып жатқанына менің қатысым жоқ. Тап осындай индивидтер сенетінмен қатар; яғни әркім өзі және өз түсінігі бойынша сенетінмен бірге, қашанда тағы сенімнің ұжымдық күйі бар. Осындай әлеуметтік сенім жеке индивид түйсінетінмен дәл келе алады немесе бөлек болып шыға алады, бірақ біздің әрқайсымыздың сеніміміз қандай болғанымен, ұжымдық тағайындалған, сенімнің әлеуметтік әрекетшіл күйі де біздің шындығымыз. Оны мен көрсетіп кеткен, ғылымға деген сенім жеке­дара емес, ол ұжымдық. Оның индивидтен тыс тұратын нақтылығы, мысалы, пейзаждық нақтылығы сияқты, соншама дербес, олар оны қалай ма немесе жоқ па, онымен индивидтер есептесуі керек. Жеке пікір әлеуметтік пікірге қарама­қарсы болуы мүмкін, бірақ бұл әлеуметтік пікір шындығының бір қырын да айырып тастамайды. Ұжымдық пікір үшін ерекшеге, конститутивтікке, ол индивидпен қабылданды ма әлде жоқ па бәрібір, оның өмір сүруі туралы сұрақтың, одан тәуелсіздігі жатады әрбір индивидуалды өмірге қатынасы бойынша ұжымдық пікір, қалай ол табиғат заты болғандай, әрекет етеді. Ұжымдық сенімнің нақтылығы сол немесе басқа индивид оны қабылдай ма әлде жоқ па, сонда тұрған жоқ; ұжымдық сенімнің нақтылығын бізге танып қояды және онымен есептесуді міндеттейді.

Читайте также:  ЭТИКА МЕН ҰЛТШЫЛДЫҚТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Әлеуметтік сенімнің осындай қасиетін мен өтімді ұтымдылық деймін. Адамның оны мойындауынан тәуелсіз күште заң ұтымды болып табылады. Осыған ұқсас, өмір үшін, маған әсер ету және тіпті мені басып тастауы үшін, менің, жеке индивидтің оған сенуім, ұжымдық сенімге керегі шамалы. Біздің пайымдауымызды жалғастыру үшін, ұжымдық сенімнің мазмұнының «әлеуметтік догмат» деп атауға келісейік. Және егер енді біз бұл құралдық ұғымдармен қарулана отырып, 1910 жылға дейін еуропалықтар болған жағдайды бүгінгі күнмен салыстырсақ, онда бізді өзгерістер алдында сауықтырушы үрей қамтып алар еді. Оған жиырма жыл керек болды ­ соншама ­өткінші адам ­ өміріндегі тым аз үзік, осыдан бәрі түбегейлі ­ өзгеретін болды. Егер қос онжылдықтардан бұрын Еуропаның кез келген бөлігінде жоғары адами құндылық ретінде ғылымға деген сенімге шақыруға болса және бұл іске асып жатса, ал қауымдастық жоғарыда аталған сенімнің императивтігі арқасында қуатты және тиімді әрекет етсе, онда бүгін тұтас ұлттар оған мысқылмен қарайды. IV Ғылымға қауіп төніп тұр. Бұл жағдайда асыра сілтеп тұрған жоқпын деп, ойлаймын. Өйткені мәселе еуропалық қоғамдастықтың ғылымға сенуді қойғаны туралы болып отырған жоқ; мәселе оның сенімінің өміршеңнен өліге айналғаны туралы болып тұр. Және осы, ғылымның бұрын өмір сүргеніндей, жұмысқа тұтас кетіп, ғылымға деген сенімді қоректендіретін және тірілтетін, әлеуметтің қолдауына үміттене отырып, өмір сүруі енді мүмкін болмай қалуы үшін, бұл әбден жеткілікті. Бұл жағдай неден туындайды? Ғылым алыс жұлдыздар мен 248 галактикаларда болып жатқанды танымда жоғары дәрежедегі дәлдікке жетті, ол бұл біліммен заңды мақтанады және — дегенмен аздау негіздерде ­академиялық мәжілістерде тотының құйрығын әдемілей береді, яғни менменсіп кетеді. Бәрібір ол тірі әлеуметтік сенім болудан қалды және қоғамдастық үшін құндылығын түгел дерлік жоғалтты. Бұл дерек Сириуста емес, ал Жерде орын алғандықтан, ол көңіл аударуға тұрарлық. Ғылым тек Сириусты ғана зерттеп қоймайтыны даусыз, ол адам туралы білімге де ниеттенеді. Бірақ ғылым, парасат, барған сайын көкейкесті болып бара жатқан, бұл өзекті мәселе туралы не айта алады? Ештеңе дерлік! Мұнда ол бірдемені анықтауға әлсіз. Неліктен біз бұрынғыдай бұл деректің орасан зор маңыздылығын бағаламауды жалғастырып келеміз? Және бұл қауіпті емес пе? Соншама бишара дерек өз өмір сүруімен осындай жайдың себебін ашады. Ол ғылымның, ақылдың, қазіргі адамның бұл әлеуметтік сенімнің, қатаң айтқанда, физикалық­ математикалық ғылымға және оған негізделген, бірақ әлсіздеу, әйтсе де, беделі бар, биологиялық ғылымға келіп тірелетінін түсінуге, бізді міндеттейді. Мен оларды натуралистік ғылым деп атап біріктіремін. Онда қазіргі физикалық ғылым, немесе физикалық ақыл тұрған, жағдай жеткілікті түрде парадоксты. Егер адамдық талпыныстар мен айналысулар саласында әлдене күйреуге ұшырамаса, ол өзінің төлтума территориясында ­ табиғатта әрекет ететін, сол ақыл болып табылады. Оларға күйреу қауіп төнгізбейтін, бұл тәртіп пен бұл салаға барлық үміт артылды және атап айтқанда табиғатты зерттеуде, ең өжет қиялды тым артта қалдырған, тарихта бірінші рет табыстарға қол жеткізілді. Олар ең тоқтаусыз қиялдың тіпті түсіне де енбеген, заттарға ғылым жете алды. Бұл соншама талассыз айғақ, сондықтан бүгін адам, магияға сияқты, неге ғылымға табынбайтыны түсініксіз. Алайда адам осыны тек істеп қоймай, бірақ біртіндеп ғылымнан бетін бұрып келеді. Сиқырлы билікті терістемей, ғылымның табиғат үстіндегі салтанатын бекерлемей, ол сонымен бізге табиғатты адамдық өмірдің тек бір өлшемі ретінде, табиғатты ғылымның жеткен атышулы табыстары, оның тұтастығындағы адам өмір сүруін танудағы талпыныстарында күйзеліске ұшырап түр деп, есептей келе, оны қарастыра бастады. Жеке көрнекті жетістіктеріне қарамай, табиғи ақыл, оның әрбір бөлек сәттеріндегі адам өмірінде сондай болып шығатын, сол сұрақсыз тепе­теңдікті тануда жағымды нәтижелерді бермей келеді. Оның үстіне, ез жетілгендігінде қайсыбір жеке мәселелерді шешетін және өмірді оның тұтастығында табыссыз тануға талпынатын, табиғи ақылдың өзінде тепе­теңдіктің болмауы, менің ойымша, бұл ғылымға деген сенімділікті міндетті түрде шайқалтып жіберді. Табиғи ақылға қатысты адам, Лейбниц швед ханымы Кристинамен болғанды суреттеп бергенмен тым ұқсас жағдайда түр, ханым тақтан бас тартуға мәжбүр болғаннан кейін тәж бен мына жазуды «Non mi bisogna е non mi basta»3 теңгеге басып жазуды бұйырған. Түбінде аталып өткен парадокс қарапайым ескертумен шешімді. Физикада күйремеген жалғыз нәрсе, бұл физиканың өзі. Тек риторика мен менменшілдік, бірнеше жылдар бұрын мен «лабораториялардың терроршылдығы» деп атағанмен туындаған, физикадағы бүкіл иррационалды мен ойдан шығарылған құлады. Қолымнан келгенше, мен өзімнің жазу тарихымның басынан ғылыми утопизммен күресіп келдім. Солай, 1921 жылы мен жазған «Біздің заманымыздың тақырыбы» атты кітабымдағы «Эйнштейн теориясының тарихи мағынасы» атты тарауда мынадай сөздер бар: «Оның жалғыз ләззаты заттар бейнесіне дәл ілесіп жүруде тұратын, ғылымның елестермен қоректене алатынын, адамдар түсінбейді». Бұл пайымға бір айғақ мәнді ықпал ететіні менің есімде. Бірнеше жыл бұрын физиолог Лёб баяндамасы мәтініндегі тропизм туралымен мен таныстым. Міне тропизм ұғымының көмегімен ол инфузорийлердің қарапайым қозғалысы заңын суреттегісі және айқындағысы келді. Бірақ өз баяндамасының соңында Леб, алайда, былай деді: «Қашан адамның моральдық қылықтары да жай ғана тропизмдермен түсіндірілетін уақыт келеді». Бұл батыл пайым мені тым ойландырып жіберді, өйткені, дегенмен тым осындай көпірген формада болмаса да, осыған ұқсас қателіктерге баратын, қазіргі ғылымның көптеген басқа да пайымдарына көзім ашылды. Қалай, деп ойладым мен, инфузорийлердің қозғалысы сияқты қарапайым құбылыстардың дұрысына әрең енетін, тропизм сияқты ұғым, қайсыбір бұлыңғыр болашақта адамның әрекеттері сияқты, соншама күрделі және жұмбақ заттарды түсіндіріп бере алады? Осындай жаттығулардың мағынасы неде? Әрине, ғылым өз мәселелерін, шешілген грек календтеріне ешқашан (сөзбе­сөз гректер календтерді білген жоқ, римдіктерде айдың бірінші күні «календ» деп аталған) қалдырмай, бүгін шешуге міндетті. Егер қазіргі методтар Жаһанның құпияларын игеруге жеткіліксіз болса, онда оларды басқа, тиімділерімен ауыстыру қажет. Алайда, бүгінгі ғылым, олар оның бүгінгі қолданатын методтармен сынаспайтын және сондықтан оларға қатыспайтын мәселелерге толы. Мәселелер методтарға бағынатын сияқты, ал керісінше емес болып шығады! Ғылым анахронизмдерге, грек календтеріне толы.

Читайте также:  Түрік билігі 74 мыңнан астам шетел паспортын жойып жіберді

Эйнштейннің ойлауы ертеңгі күннің дауылына ұқсас; оған таң қала отырып, біз ғылыми екіжүзділіктен, алдын ала тағайындалған методтар пұттарына табынудан бас тартамыз. Эйнштейн әрекеті дәстүрлер шектеріне сыймайды; жас атлет сияқты, қол астында барлығын пайдалана отырып, «тұлпардың бірден жалына жабысады» және мәселені шешеді. Шектілік және кемшілік болып көрінгенді, ол ізгілік пен табысқа айналдырады. Осында менің бүгінгі философиялық пайымдарым грек календтерінің осы идеясынан шығады. Ол ­ радикалды нақтылық ретіндегі өмір идеясының және сыртқы, утопиялық емес, ал өмірге іштей тән, функциясы ретіндегі танымның ұрығы. Өз уақытында Эйнштейн, олар үздіксіз қозғалысты мүмкін етпейтін ұғымдар физикаға қажет деп айтып кеткен (үздіксіз қозғалысты өлшеу мүмкін емес және өлшенбейтін нақтылық физикасы да мүмкін емес); ол грек календтерін өзінің негізгі принципі ретінде шығарып тастайтын, философияны ойлап табу керек деп, мен есептеймін. Өйткені өмір бұл календтерге қайшы, ол өткінші, өзара неге сүйенуге болатынын, біз тез арада білуге мұқтажбыз. Міне осы мұқтаждық бізге ақиқатты табудың методын береді. Прогресшілдік, оны іздеуді тұманды болашаққа қарай итермелеу бола алатындықтан, адамзат үшін нағыз апиын. Ақиқат бүгінгі ақиқат болып табылады, ол қашан келетіні белгісіз, қайсыбір болашақта тұтасымен ашылғанша, біртіндеп айқындала беретін емес. Болашақта мораль физикасы жасалып шығады деп есептеген, Леб мырза және оның бүкіл буыны өз уақытының моральдық ақиқатынан бас тартады. Болашақ есебімен өмір сүретін бұл сын көңіл аударарлық тәсіл өз негіздерінен, тамырларынан, қорларынан айрылған болып шығады. Оның басты кемістігі Декарттың «конвенционалды моралында» да енді көрініп тұр. Осыдан шығатын нәтиже: өркениеттің сыртқы жағының бірінші күйзелісінде­ақ ­ ғылымда, экономикада, моральда, саясатта ­ адамзат өзінде маңызды мәселелердің бірінде де шынайы ақиқаттар мен анық және берік тұғырлардың жоқ екендігін көре алды. Адам сеніп келген, жалғыз нәрсе ­ бұл табиғи ақыл; соңғы, осылай болып шыққандай, ең нағыз көкейкесті адами мәселелер жөнінде бірдеме айтуға қабілетсіз болды. Және Батыс халықтары сүйеніштерінің шайқалып бара жатқанын, нық басатын жерден айрыла бастағанын, кенеттен сезінді. Оларды қорқынышты үрей қамтып алды, оларды суға батып бара жатқандай, әлдебір тұңғиыққа құлдырағандай сезім орап алды! Бірақ ұстамдық танытайық және сонда қайтадан, адамды ұстап тұруға қабілетті, табанымыздың астынан орнықты, берік, мәңгі Жер Анамызды сезіне бастаймыз. Үрей мен естен танудан гөрі, бұл, дегенмен қашанда болып жатқандай, тұңғиық сезімін әкеліп жатқанды, сүйеніш нүктесіне айналдыру, қажетті және жеткілікті, табиғи ақыл адам туралы нақтылы ештеңені айта алмай ма? Солай­ақ болсын! Яғни, біз адами мәселелерді натуралистік және табиғи түсіндірулерден батыл түрде бас тартуымыз қажет. Оның орнына, біз оны қалай көретініміздей, адамды тікелей оның нақтылығында қабылдайық және мүмкін, бұл бізді даңғыл жолға шығаратын шығар. Басқаша айтқанда, табиғи ақылдың күйреуі өміршең және тарихи ақылдың жолын ашады. V Табиғат көптеген ұсақтардан тұратын зат, ұлы зат болып табылады. Алайда заттардың арасында қаншама айырмашылықтар болғанымен, оларда бір жалпы ортақ белгі ­ олардың бәрі жай ғана бар, барлығы болмысқа ие. Бұл олардың тек қана өмір сүретінін, болатынын білдірмейді, ­ олар осында алдын ала берік және айқындалған құрылымға ие. Қашан әлдебір тас 252 бар болғанда онда бұл жерде осы тас болып табылатынның тұрғаны, анық көрініс табады. Тас ешқашан әлдебір басқа және қайсыбір жаңа болып табылмайды. Оның бүкіл өзгерістері мен модификациялары тұрақты құрылымның комбинацияларына жатады. Бір рет және мәңгі берілген, бұл тұрақтылық зат болмысы деп біз түсінетін болып табылады. Taп осының басқа атауы ­ «Табиғат». Және жаратылыстану ғылымының міндеті бұл табиғатты, немесе көріністер тұмандылығының артынан тұрақты негізді ашып көрсету болып табылады. Қашан адам натуралистік ақылды зерттей бастағанда, ол адам табиғатын тану үшін өзінің жеке үлгісін пайдаланады. Ол алдымен бірінші кезегінде, адамның тәнге ие екендігін көреді ­ ал бұл зат ­ және ол физиканы пайдалануға асығады; бірақ тән сонымен бірге ағза болып табылатындықтан, сонда ол биологияны да қолданады. Адамда, дәл солай жануарда да, әлдебір тәндік емес немесе тәнге танылатын психикалық тетік те бар, ол да зат болып табылады және натуралистік ақыл бұл тетікті зерттеуді ғылым ретіндегі психологияға тапсырады. Алайда, жан мен тәннің үш ғасырлар бойы зерттеулері, тап өзіндей адамдықтың не екендігін, яғни нені біз өмір деп айтатынды, дегенмен айқындап бере алмады. Адамдық өмірлердің қиылысуынан қоғамдар құрастырылады, олардың үздіксіз өмірі адамзат тағдырының бөлігіне айналады. Заттар танымындағы кереметтер ­ және жеке адамды зерттеудегі күйреу, су сияқты, ол өрілген қобдишаның тал шыбықтарының арасынан ағып кетеді.

Оставить комментарий