Тарихи деректердің және тарихи әдістердің қолданылуы

Қазіргі кезде тарихи деректерді және тарихи әдісті қолдану тұтастай алғанда мойындалып отыр, оны тіпті функционалдық мектеп ғалымдары да мойындап отыр. Мысалы, Ричард былай жазады: «Алайда, нақты айтатын болсақ, қоғамның «шын мәнінде оз міндетін атқаруын» зерттеу дегеніміз не? Африканың көпшілік аймақтарында мәдени өзгерістердің тез өтіп жатқаны соншалықты, антропологтар болып жайттарды зерттемейінше, қазіргіні зерттей алмайды. Осы серияның алғысөз мақаласында мисс Хан жазғанындай: «кез­ келген мәдениет тек қана оз тарихи контекстінде түсініле алады, ал, зерттеліп жатқан мәдениет бір буынның өмірі бойы революциялық өзгерістерге ұшырап жатса, тарихи контекстің салыстырмалы маңызы, мәдениет қозғалыссыз (статикалық) болған жағдайдан орасан зор болады». Сонымен, қандай қарама­қайшылықты болса да, «ескілік заманға» шешімді түрде бет бұрған антропологтар «тарихтың» ұлы құндылығын бағалап отыр. <…> Мисс Мейрдің ойынша, тарихи заңдылықтардың зерттеулерінің оншалықты құндылығы болмайды және өзгерістердің жалпы нәтижесін, тәуелсіз жергілікті (туземдік) жүйенің күн кешуін бақылау мүмкін болатындай «нөлдік нүктеден» бастап зерттеуге шешуші маңыз береді. Мисс Мейрдің нені айтып отырғанын интерпретацияландыратын болсақ, ол алдыңғы қатарға зерттеулердің теориялық маңызын емес, тәжірибелік маңызын шығарып отырғанын есте сақтауымыз керек. Малиновский өзінің сызбалық таблицасына «қайта құрылған өткен шақ» бағанасын енгізгенімен, тұтастай алғанда, зерттеу процесіне тарихты қосуға мүлдем қарсы болды. Іс жүзінде ол «қайта құрылған өткен шақ» туралы емес, «есте сақталған өткен шақ» туралы айтқан еді. Соңғысының маңызды екеніне ешкім пікір таластырмайды, бірақ қазіргі кезде тіпті оның шәкірттері де Мейрді сынауда оның өзіндей соншама алысқа сермеуі екіталай. Мысалы, ол былай дейді: «Қайта қалпына келтірілген өткен шақпен тәжірибелік кеңес және теориялық түсіну орайында жұмыс істейтін этнограф, тәжірибедегі адам алдынды ең болмады дегенде «бұзылған тауар» сияқты көрінеді». Малиновскийдің тарихқа деген қарсылығы (тарихтың оның өзінің түсінігіндегі рөлі мен орнына оның ешқандай қарсылығы жоқ), оның ғылыми емес екендігін терең сезінуден пайда болды, бір жағынан ­оның ғылым мен тарих туралы ерекше түсінігінен, екінші жағынан — мәдени өзгерістердің тек қана еуропалықтармен байланыс нәтижесі ретінде анықтауынан. Мысалы, 1929 жылғы жұмысында ол, өзгерістер тек қана европалық мәдениетпен болатын қарым­қатынастан шығатыны туралы пікірін тікелей айта білді. Әрине, Малиновский іс жүзінде олай ойлаған жоқ, өйткені диффузия және басқа контекстегі өзгерістерді көп атады. Дегенмен, оның ойында европалық ықпалдың аспекті үстем болды, солайша Мейрдің мәдени өзгерістерді зерттеулерді нөлдік деңгейден іздеу ұсынысына қарсы шығу негіздері пайда бола бастады. Малиновский негізінен нөлдік деңгей дегенді мәдени өзгерістің басталу сәті деп түсінеді. Бұдан европалықтармен қарым ­ қатынасқа түскенге дейін ешқандай мәдени өзгеріс болмаған және нөлдік деңгейді европалық мәдениетпен болған алғашқы байланыстың заманына жатқызу керек, деген екі ұдай ой туады; ал мұндай көзқарасты ұстанғандар өте аз. Мейр болса, егер мен дұрыс түсінсем, нөлдік деңгей ретіңде, өзгерістердің ерекше сериясын зерттеуден алғанда қолда бар мәліметтер және жағдайда ең жақсы және қолайлы болып табылатын сәтті алуды ұсынды <…>. Кейбір далалық (полевые) зерттеулерде, әсіресе, аккультурацияның америкалық зерттеушілерінің жұмыстарында тарихи деректер келген, сәті түскен әрбір жағдайда қолданылады Херковицтің және басқа да ғалымдардың екі Американың да негр тұрғындарын зерттеу әдістерінде қолда бар тарихи материалды барынша пайдаланады. Латын америкалық көптеген дала зерттеулері туралы да осыны айтуға болады. Мысалы, Сола Таксаның «Конкиста жәдігерінде» және т.б. әртүрлі арнайы мүдделері бар бірақ, Орталық Америкаға деген мүдделері ортақ ғалымдардың арасында үнемі тарихи нұсқамалар пайда болады. Келіспеушіліктің негізі тарихты қолданудың өзі емес, зерттеліп жатқан мәселенің түрі және сондай­ақ тарихи деректерді қолдану деңгейі мен әдісі сияқты әсер қалдырады. Әдебиетте, әсіресе Малиновскийдің жұмыстарында тарих — ғалымдардың емес көнеге құмарлардың ісі, деген байлам жиі кездеседі, алайда біраз жағдайда мұның астарында бар болғаны тарихи мүдделердің «қолайсыздығын» білдіру ғана бар. Британдық авторларда, америкалық авторларға тарихи зерттеулердің табиғатын түсінбеушілік немесе бір ғасыр бұрынғы эволюциялық әдістерге еліктеу сияқты әлденелер бар. Мысалы, мисс Мейр бұдан бұрын да үзінді келтірілген шығармасында тарихи түсіндірмелер «әдетте эволюцияның гипотетикалық барысын анықтауға бағытталған және бізді үнемі деуге боларлықтай жаңылдырады» дейді. Осындай көзқарасын Фортес те білдіріп отыр: «Мен, қазіргі жағдайды, гипотетикалық тұрғыдан «тың» тайпалық мәдениетке қарсы қоя отырып, болған фактор орайында түсіндіретін ретроспективтік әдістің шектеулі екенін көрсеттім». Бірақ, бүл біздің тарихты әлеуметтік деректер көзі ретінде қабылдамауымыз керек деген соз емес. Әлеуметтік өзгерістерді зерттеушіге өзгерудің бүкіл кезеңі деректе верифицирленетін тарихты ештеңе ауыстыра алмайды. Алайда «топан суға дейін «тектес тарих нақты мәселеде, атап айтқанда: мәдени қарым­қатынас мәселелері бір бөлігі ғана болып табылатын әлеуметтік өзгерістердің себептері қандай?» дегенге айқындық бере алмайды. Сонымен қоса ол ертеректе былай деп те жазды: «Негізінен, бұл әдіс, уақыт жағынан кеңейтуді, тұрақты түрде көпжылдық бақылау жасауды немесе әлеуметтік өзгерістер себептері туралы барлық деректерді жинау үшін белгілі уақыт аралықтарында қайта бақылаулар өткізуді талап етеді. Бірақ, шамасы, бұл идеалға кейбір антропологтар ғана жетуге мүмкіндігі бар; және осы жерде пайда болатын бос кеңістікті нақты деректе тарих толтырады». Вагнер бұдан да нақтырақ айтады: «Біріншіден, жергілікті (туземдік) мәдениеттің қарым ­ қатынасқа дейінгі сипатын мейлінше айқын анықтау қажет. Екіншіден, қарым­қатынастың әртүрлі қырларының сипатын анықтау қажет. Үшінші мақсат қарым­қатынас нәтижесінде қалыптасқан қазіргі мәдени процестің функционалды талдауы болады. Қарым­қатынас процесін барынша толық білу… тек қана осы үш әдісті пайдаланған жағдайда ғана мүмкін. Зерттеудің өткізіліп жатқан кезінде деректе және осы процесс бастау алатын қондырғыны және оны қозғалысқа түсіретін және қолау көрсететін жан­жақты көптеген себептерді еске алмайтын талдау екі ортада қалады. Мұндай талдау мәдениеттің бөтен ықпалға реакциясын түсіндіретін мәселенің мәнін жіберіп алады. Реакцияны, реакцияға түсетін және сол реакцияны шақыратын нәрселерді зерттемей, жеке ­ дара зерттеуге болмайды… Қарым­қатынас процесінің басталу нүктесін табу үшін қарым­қатынас процесінің бастауыш алу міндетті, тіпті, үнемі қажетті де емес… ол қарым­қатынас әсерлері жиынтығының алдында өтетін жағдай ғана болуы керек». Шапер да нақты ой айтады. Оның байламына, мәдени қарым­қатынастарды талдау мәдениеттің бастапқы қалпын және әртүрлі заманда оған ықпалын тигізген күштерді білуді қажет етеді. Бірінші қадам ретінде ол ежелгі мәдениеттің сахнада европалықтар пайда болғанға дейінгі картинасын (мүмкіндігінше максималды түрде) қайта жасауды ұсынып отыр; бұл қайта жасауды жүзеге асыру үшін қолда бар әдістің ең жақсысын қолдану керек. Екінші қадам — байланыстың сипаты мен тарихын зерттеу, оған тек қана оқиғалардың хронологиясы мен институттарын ғана емес, оған қоса дәлел ­ дәйектер, мүдделер және тұлғалар типтерін зерттеу де енетін қарым­қатынастардың тарихы мен сипатын зерттеу болуы қажет. Үшінші қадам, жергілікті мәдениеттегі қандай да бір ерекше элементтерін, мысалы, діндегі өзгерістермен түсіндіруге ұмтылу немесе ерекше элементтер немесе факторлардың әсерін талдау жолымен болуы керек.

Читайте также:  Түркі этностары тілдерінің жаңа кезеңі

Оставить комментарий