Тарихи ойлаудың салыстырмалылығы

Әрбір дәуірде және кез­келген қоғамда тарихты зерттеу мен тану басқа да әлеуметтік әрекет сияқты аталған уақыт пен орынның басым ағымына бағынышты болады. Қазіргі уақытта батыс әлемінің өмірін екі институт айқындайды: экономиканың индустриалды жүйесі және сондайлық күрделі және шым­шытырық саяси жүйе. Біз дербес ұлттық мемлекеттің жауапты парламентарлық өкілетті үкіметін ескере отырып, оны «демократия» деп атаймыз. Бұл екі институт­экономикалық және саяси ­ өткен ғасырдың соңында батыс әлемінде үстемдікке ие болды және уақытша болсын сол кезеңдегі басты мәселелерді шешті. Өткен ғасыр аман қалудың жолдарын іздеп тауып, бізге аманат етті. Өткен ғасырда құрылған институттардың осы күнге дейін сақталып келуі ең алдымен, біздің алдымыздағы буынның жасампаздық қуатын дәлелдейді. Біз индустриальдық жүйеде және парламентарлық ұлттық мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан осы екі институттың біздің ой­санамызға және оның нақты өнімдеріне ықпал ететіндігі түсінікті. Өнеркәсіптік жүйенің гуманитарлық қыры адаммен, еңбек бөлінісімен тікелей байланысты, оның басқа аспектісі адамның тіршілік ету ортасына бағытталған. Индустриалдық, яғни, өнеркәсіптік жүйенің міндеті ­ шикізаттарды белгілі бір өнімдерге өңдеп, өзінің өндірістік қабілетін арттыру және осы механикалық ұйымдастырылған еңбекке көптеген адамдарды тарту. Индустриалдық жүйенің бұл ерекшелігін батыс ойы өткен ғасырдың бірінші жартысында­ақ түсінді.Индустриалдық жүйенің дамуы физикалық ғылымдардың жетістіктеріне сүйенетіндіктен, индустрия мен ғылымның арасында әлде­бір «белгіленген үйлесімділік» болды деп тұспалдауға болады1. Егер осылай болса, онда ғылыми ойдың индустриальдық қалыпта ұйымдастырылғанына таңдануға болмас. Кез­келген жағдайда бұл ғылымның дамуының ерте кезеңдеріне ғана қатысты, ал қазіргі ғылым, тіпті батыс қоғамыммен салыстырғанда да тым жас, өйткені дискурсивті ойлау үшін алдымен жеткілікті эмпирикалық деректер жинақтап алу қажет. Бірақ бұл тәсіл кейінгі уақыттарда арнайы ғылыми ортамен байланыспаған, 182 жансыз табиғатқа емес, Өмірге бағытталған білімнің көптеген аймақтарында, тіпті адамдық әрекеттік әртүрлі формаларын зерттейтін ойлауда кең таралымын тапты. Тарихи ойлауда өзіне жат индустриальдық жүйенің құрсауында қалды, атап айтқанда адамдар қарым­қатынасын зерттейтін салада қазіргі батыстық өнеркәсіптік жүйе көпшілік онда өмір сүріп, еңбек етуді қаламайтын режим екендігін көрсетті. Бұл жерде Теодор Момзеннің өмірі мен шығармашылығын мысалға келтіруге болады. Жас Момзен батыстық тарихи әдебиеттің үлгісі болып қалатын қомақты еңбек жазды. Оның «Рим республикасының тарихы» еңбегі 1854­-1856 жж жарық көрді. Бірақ кітаптың жарыққа шыққаны сол еді, автор оз еңбегінен өзі ұялып, бар күш­қуатын басқа арнаға салуға талпынды. Момзен қалған өмірін латын жазбаларының толық жинағын құрастыруға және рим конституциялық құқының энциклопедиялық жинағын шығаруға арнады. Бұл тұрғыда Момзен индустриальдық жүйенің мәртебесі үшін езін «интеллектуальдық жұмысшыға» айналдыруға дайын тұрған ұрпақтың өкілі, оз дәуірдің кәдуілгі батыс тарихшысы ретінде көрсетті. Момзен мен Ранке уақытынан бастап тарихшылар күш­қуатының басым бөлігін шикі материалдарды­ жазбаларды, құжаттарды және т.б. жинауға, оларды антология түрінде немесе мерзімді баспалар үшін жеке мақалалар жариялауға жұмсады. Жинақталған деректерді өңдеуде ғалымдар жиі­жиі еңбек бөлінісіне жүгінді. Соның нәтижесінде томдар сериясымен шығатын көлемді зерттеулер пайда болды, бұл тәжірибе қазіргі уақытта да Кембридж университетінде қолданылады. Мұндай сериялар ­ адами еңбекқорлықтың, «фактографиялықтың» және біздің қоғамымыздың ұйымдасушылық қуатының ескерткіші. Олар адам таңғаларлық туннельдердің, көпірлер мен плотиналардың, лайнерлер мен крейсерлердің, зәулім үйлердің қатарынан өз орнын алады, ал олардың авторларын Батыстың атақты инженерлерімен бірге еске алады.

Тарихи ой патшалығын жайлаған индустриальдық жүйе ұлы стратегтерді дүниеге әкелді және жеңіске жетіп, көптеген олжаларды иемденді. Бірақ ойшыл оқырман қол жеткен жетістіктерге күмәнмен қарауға құқылы, ал жеңістің өзі жалған сәйкестіктен туған адасушылық болып көрінуі мүмкін. Қазіргі уақытта өз семинарларын «лабораториялар» ретінде айқындатын және мүмкін мұны түсінбесе де, «қайталанбас зерттеу» ұғымын бұрын белгісіз болған жағдаяттарды ашумен немесе верификациялаумен шектейтін тарих оқытушылары жиі кездеседі. Ол ол ма бұл ұғым мерзімді басылымдар мен жинақтарда көрініс тапқан тарихи мақалаларға да тарала бастады. Бір адам жазған тарихи жұмыстарды дұрыс бағаламау тенденциясы бірден көзге түседі және бұл бағаламау жалпы тарихқа қатысты еңбектер туралы айтқанда ерекше байқалады. Мысалы, Герберт Уэллстың «Тарих очерктерін» көп мамандар ашық өшпенділікпен қабыл алды. Олар автор жіберген барлық дәлсіздіктерді, оның фактологиядан саналы түрде бас тартуын аясыз сынға алды. Олардың Г. Уэллстің өз қиялында адамзат тарихын қалпына келтіре отырып, солардың қолы жетпеген, ойлай да алмаған әлде неге қол жеткізгенін түсінуге қабілеті жете бермес. Герберт Уэллс кітабының маңыздылығын сол уақыттағы аз ғана мамандар шоғыры емес, қалың оқырман қауымы бағалады. Тарихи ойлаудың индустриализациялануының терең бойлағаны соншалық, өзінің кейбір көріністерінде индустриальдық рухтың гипертрофияланған патологиялық формаларына жетті. Күш ­ қуаттарын толығымен шикізатты жарыққа, жылуға, қозғалысқа және әртүрлі тұтыну бұйымдарына айналдыруға шоғырландырған индивидтер мен ұжымдар табиғи ресурстарды ашып, пайдалану бұл процестердің нәтижелері адамзат үшін қаншалықты құнды екеніне қарамастан өз­өздігінен құнды әрекет деп ойлауға бейім. Еуропалықтар үшін мұндай ой өрісі американдық бизнесменнің белгілі бір типін сипаттайды, бірақ бұл тип, шын мәнінде, барлық батыс әлеміне тән тенденцияның тым өрескел көрінісі. Қазіргі заманғы еуропалық тарихшылар тепе­теңдіктер бұзылуының нәтижесі болып табылатын қазіргі осы дерттің олардың да санасына тән екенін байқамауға талпынады. Қышшының өз саз балшығының құлына айналуға дайын тұруы айқын аберрация болып табылатындығы соншалық, оған сәйкес келетін өзгерісті іздеген кезде тарихи зерттеуді өнеркәсіптік өндіріс үдерісімен салыстырмай­ақ қоюға болады. Сайып келгенде өнеркәсіпте де шикізатпен көз байлау да нәтижесіз болып табылады. Жолы болатын кәсіпкер ­ бұл қайсы тауарға немесе қызмет түріне экономикалық сұраныс болатынын бірінші болып болжап, осыған байланысты жұмыс күшін пайдалана отырып шикізатты қарқынды қайта өңдеуді бастайтын адам. Өз­өздігінен алынған шикізатта, жұмыс күші де оны еш қызықтырмайды. Басқа сөзбен айтқанда ол табиғи ресурстардың құлы емес, болашаққа жол ашқан өнеркәсіп кемесінің капитаны. Адамдарға немесе жануарларға жансыз заттар ретінде қараудың салдарының апатты болатыны белгілі. Осыған ұқсас іс­қимыл идеялар әлемінде де қателіктен ада болмайды деп неге ойламасқа? Біз неліктен жансыз табиғаты талдау үшін жасалған ғылыми тәсіл адамдар мен олардың әрекетін зерттеуді қамтитын тарихи ойлауға да қолданылуға тиіс деп санауымыз керек? Тарих профессоры өз семинарын «зертхана» деп атағанда, ол сол арқылы өзінің табиғи ортасынан шектелмей ме? Екі атауда ­ метафора, бірақ олардың әрқайсысы тек өз аймағында ғана орынды. Тарихшының семинары ­ бұл тірі жандардың жанды адамдар туралы жанды сөздер айтатын питомнигі. Физиктің зертханасы өлі табиғи шикізаттан жасанды немесе жартылай жасанды бұйымдар жасалатын шеберхана болып табылады немесе осыған дейін солай болып келді. Бірақ бірде бір практик фабриканы питомниктік негізде ұйымдастырмайтыны сияқты питомникті фабрика принциптерінде ұйымдастырмайды. Ғалымдарда идеялар әлемінде тәсілдерді дұрыс қолданбаудан сақтануы керек. Біз жансыз объектілерге жан бітіріп, рухтандыратын «патетикалық адасушылықтар»2 туралы жақсы білеміз. Бірақ қазіргі уақытта біз қарама­қарсы «патетикалық адасушылықтың» құрбаны болып отырмыз, оған сәйкес жанды тіршілік иелеріне жансыз бұйымдарға қалай қарасақ солай қарауға болады. Егер индустриалдық жүйе қазіргі Батыс өмірін айқындайтын бірден бір институт болатын болса, оның батыс тарихи ойына ықпал ету беделі өз салмағының ауыртпалығынан құлап түсер еді, өйткені оған тән тәсілдер тарихи зерттеулерге қажетті еңбек бөлінісінің тек ең соңғы жағдайларында ғана қолданылады.

Читайте также:  Қарамерген ертегісі

Адамзат өнеркәсіптен еңбек бөлінісі әкелетін игілікті ғана мойындады. Осыған ұқсас пікір жаратылыстану саласына да таралды. Біздің интеллектіміз физикалық табиғаттың іс­қимылды жүзеге асыруға жарамды жекеленген көріністерін қармап қалу қасиетіне не деген А. Бергсон пікірімен келісуіміз керек шығар. Алайда, тіпті егер адам ақылының қайталанбас құрылымы осыған саятын болса да және егер ойлаудың басқа тәсілдері бізге табиғи емес сияқты болып көрінсе де, дегенмен А. Бергсон назар аударған адами қабілет ­ дүниеге жансыз табиғатқа сияқты емес, тұтаттық ретінде ондағы тіршіліктің бар немесе жоқ екендігін терең сезіне отырып қарау қабілеті бар . Өмірдің тұтастығын осылайша терең қамтып, түсінуге деген ұмтылыс тарихшылар ойлауына тән, сондықтан индустриальдық жүйеге тән еңбек бөлінісінің қажытқаны соншалық, егер тарихқа деген тұтас көзқарасты тарихи ойлауды индустриализациялаумен біріктіре алатын екінші бір басым институт болмағанда олар еңбек бөлінісінің тираниясына қарсы көтерілер еді. Осындай екінші институт «егеменді мемлекет» болды. Қазіргі біздің «демократиялық» ғасырымызда ол ұлттық бірлік рухымен қанаттанады. Белгілі бір уақытта және белгілі бір қоғамда басым болған институт оның көз шырмауында қалған тарихшылардың дүниетанымы мен әрекетіне ықпал ететіндігін біз тағы да атап өтуге тиістіміз. Ұлт рухы ­ бұл жаңа шараптың ескі трайбализм өңіндегі ашытқысы3. Қазіргі батыс демократиясының мұраты іс жүзіндегі саясатты христиандық жалпылама бауырластық сезімімен толықтыру, бірақ шындығында саясат жаугерші және алаулаған ала ауыздыққа толы болып шықты. Сонымен, қазіргі батыстық демократиялық мұрат бір­біріне толық қарама­қарсылықтағы екі рух пен екі күшті татуластыруға талпынуға келіп саяды. Индустриализм мен ұлтшылдық батыс қоғамында бір ғасыр бойы (шамамен 1875 ж. дейін) үстемдік еткен екі күш (индустрализммен және демократиядан да басым). Өнеркәсіптік революция және ұлтшылдықтың қазіргі формасы ол кезде бірігіп әрекет етті, «ұлы империяларды» құрды, олардың әрқайсысы өз ішіндегі ғарышқа айналғандай болып жан­ жақты қамтуға талпынды. Әрине, бұл талпыныс ақталмады. «Ұлы державалардың» бірден коп болу фактісінің өзі олардың бірде біреуінің толықтай әмбебапты болуға қабілетсіз екендігін көрсетеді. Бірақ кез­ келген ұлы держава қоғам өміріне жемісті ықпал етіп отырды, сондықтан белгілі бір мағынада ол өзін бүкіл дүниенің орталық өзегі ретінде қарастыра алады. Әрбір ұлы держава бүкіл дүниені алмастыруға талпынды, өйткені ол өз өзіне тұйықталған және өз өзіне толымды болды. Бұл талаптар тек экономика мен саясат саласына ғана емес, сондай­ақ рухани мәдениет саласына да тарады. Ұлы державалардың тұрғындарына тән осындай ойлау образы біртіндеп кішкене елдердің өкілдеріне таралды, сөйтіп батыстық барлық ұлттар ­ ең ірілерінен ең кішкенелеріне дейін ­ өз өмірлерін өздері ұйымдастыру мен барлық басқа әлемнен тәуелсіз болудың егеменді құқын қорғай бастады. Бұл талаптың табандылықпен қорғалып, кеңінен қабылданғаны соншалық, батыс әлемінің бірлігі мен тіршілік етуіне күмән туды. Күнделікті өзгермелілікке қарама­қарсы тұрған Өмірді тұтастық ретінде сезінудің терең ішкі қажеттілігі туындады. Бұл сезім аз ұлттарды да және олар құрамына кірген қауымдастықтарды да қамтыды. Ұлттық топтардағы осындай әлеуметтік эмоциялардың қоюлануы барлық жерде кездесті және тарихшылардың оған деген иммунитеті басқалардікінен күшті болған жоқ. Шынымен ұлтшылдық рухы тарихшыларға үлкен үндеу тастады, өйткені ол белгілі бір дәрежеде тұтастыққа деген іштей ұмтылысты индустриальдық еңбек бөлінісімен ымыраға келтіруге талпынды. Өзін индустриалдық принциптерде қалыптасқан «жалпылама тарихқа» қарама­қарсы қою тіпті, ең дарынды, ең пысық индивидуум үшін де оңай шаруа емес. Міне, сондықтан көзқарас бірлігін іздегенде тарихшы әмбебаптылықтан бас тартады, өйткені ғылыми­зерттеу мақсатын тарылту кез­келген тарихи ланшафтқа жаңаша қарауға алып келеді. Өз ізденістерінде ол қайтадан бірлікке қол жеткізгенде және осы мағынада әлде бір әмбебаптылыққа жеткенде оның интеллектісін оның әлеуметтік сезімімен татуластыру мәселесі туындауы мүмкін, бірақ бұл ішкі қайшылықты ұлтшылдық рухымен шешу көзделді. Ой өрбітудің бұл кескінде ұлттық көзқарас қазіргі батыс тарихшылары үшін анағұрлым тартымды және әртүрлі жолдармен ол тарихшылардың ақылын жаулап алды. Олар оны балалық шақтарынан бастап осы идеялар рухында тәрбиеленгендіктен ғана емес, бастапқы материал тұрақты ұлттық дерек болып табылғандықтан да қабылдады. Олар өңдеуге тура келген ең бай «кен орындары» қоғам үшін ашылған батыс үкіметтерінің мұрағаттары болды. Осы бір ерекше табиғи дереккөздердің таусылмастығы олардың өнімдерінің ұлғаюына алып келді. Осылайша тарихшылар әрекетінің бағыттылығы жартылай олардың кәсіби шеберлілігімен, жартылай­психологиялық сипаттағы мәселелермен, жартылай ­ уақыт рухы деп аталатынмен анықталды. Батыс қоғамы қазір өткен ғасыр ситуациясын сипаттаған, қазіргі заманғы тарихшыларының ақылының формасын қалыптастырған ғасырдағыдай басым орын алмайды. Шамамен 1875 ж. дейін үстемдік еткен екі институт ­ индустриализм мен ұлтшылдық бірігіп қимылдап, ұлы державаларды құрды. 1875 жылдан кейін кері процесс басталды: индустриальдық жүйе өзінің белсенділігін бірден қарқындата бастады, оның әрекетінің өрісі жаһанды сипатқа ие болды, ал ұлтшылдық жүйесі болса тереңге, ұлттық азшылықтардың санасына сіңіп, оларды өздерінің егеменді ұлттық мемлекеттерін құруға итермеледі (соңғылары олардың лидерлерінің жобаларына қарамастан ұлы держава болып қалыптасуды қойып, экономикалық, саяси және мәдени тұрғыдан тәуелсіз кішкене мемлекеттер құруға да қабілетсіз). 1914­1918 жж дүниежүзілік соғыс бір ғасырға жуық уақыт бойы байқалмай пісіп­жетіліп келген тенденцияны жоғары қабатқа алып шықты.

Читайте также:  АБАЙ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ СОПЫЛЫҚ

1914 жылы өмір сүрген сегіз ұлы державалардың бірі 1918 ж қарай саяси картадан мүлдем жоғалып кетті, ал жарымжан болған екеуі прострация жағдайынан шыға алмады, ал жақсы жаман болсын аман қалғандарының бірі «өзін өзі басқаратын доминиондарды»4 іздеу жолында жанып салып қайта құрыла бастады. Жартылай революциялық, жартылай эволюциялық осы өзгерістердің жалпы шешімі бірдей. Әлемдік аренаны ұлы державалар жаулап алды, олардың әр қайсысы тұйықталған универсум болып табылды. Жаңа ғасырдағы қоғамдардың ерекше сипаты ұсақ мемлекеттердің өзара тәуелділігі болып табылады. Олардың бірқатары (мысалы, Британия метрополияларының доминиондары) толықтай тәуелсіз бірліктер болып табылмайды, басқалары (Чехословакия, Австрия, Венгрия) теңіз жағалауларынан айырылған, үшіншілерінде айқын көрінетін немесе қайталанбас нағыз ұлттық мәдениет жоқ. Сонымен қатар жаңа әлемде ұлы державалар да кішкентай болып көріне бастады және әлемдік аренаға шыққан индустриализм олардың экономикалық дамуын тежеді. Барлық мемлекеттер ез бетінше экономикалық тұрғыда тіршілік ете алмайтынын тең дәрежеде сезіне бастайды және немесе әскери, қаражаттық, тарифтік, миграциялық саясатқа қарсы шығады немесе Ұлттар Лигасы секретариаты мен Женевадағы Халықаралық еңбек бюросы төңірегінде құрылған халықаралық техникалық ұйымдардың көмегіне жүгінеді. Осындай әртүрлі тенденцияларды бір формулаға біріктіруге болады: өткен ғасырдағы қоғамдық өзіндік сананың ерекшелігі езін, өз қоғамын тұйық универсум деп санауға ұмтылу болса, біздің ғасырымызда қоғамдық санадағы бастысы өзін анағұрлым кең универсумның бір бөлігі ретінде сезіну болып табылады. Бұл өзгеріс 1875 жылы шарықтау шегіне жеткен толысудың соңына және егер ол бұрынғы, батыс тарихындағы ортағасырлық деп аталатын фазаны қайталауды болжамдайтын болса төрт ғасырға созылатын кемудің басталуына меңзейді. Орта ғасырларда батыс қоғамының санасы әлде бір басшылық пен орталықты рәміздейтін папалық пен Қасиетті Рим империясының ықпалында болған еді, ал корольдіктер мен муниципальды қалалар мен аймақтар және тағы басқа жергілікті мекемелер бағынышты және шеткі жақтар ретінде қабылданды5. Қалай десек те, саябырсу осы бағытта жүріп жатқан сияқты ­ бұл жерде нақты болу қиын, өйткені бет бұрыстан кейін коп уақыт өте қойған жоқ. Егер бұл бақылау дұрыс болса және егер тарихшы оз ойлары мен сезімдерінде өзі өмір сүріп отырған ортаның ықпалынан алыс кете алмайтыны (абстракцияланбайтыны) шын болса, онда біз жақын болашақта батыс тарихшыларының көзқарастары мен ғылыми қадымдарында өзгерістер болады деп үміттене аламыз. Бұл батыс қоғамын тұтас қамтыған өзгерістерге сай келеді. Дәл осы өткен ғасырдың соңында тарихшылардың еңбегі иидустриальдық жүйемен толық үйлесімділікте болды, ал олардың көзқарастары ұлттық идеямен қамтылды және сонымен байланысты болды. Бірақ жаңа ғасыр бір ұлттың шеңберімен шектелмеген зерттеу ауқымын анықтады және ғалымдар өз тәсілдерін анағұрлым кең ауқымдағы интеллектуалдық операцияларға бейімдеуге мәжбүр болады. Сонда екі сұрақ туындайды: «тарихи зерттеудің ақылмен танылатыи6 ауқымы қандай» және «нақты тарихи, әлеуметтік жағдайлармен салыстырылмайтын, тарихшыға тәуелсіз тарихи зерттеулер ауқымының болуы мүмкін бе?» Біздің осыған дейінгі зерттеулеріміз бізді тарихи ойлау тәсілі ойшыл кездейсоқ душар болған дәл сол сәттегі әлеуметтік ортаның ықпалында болады деген қорытындыға әкелді. Егер бұл ықпал соншалықты күшті болып, соның арқасында ойшылдың санасында априорлы категориялар қалыптасса, онда қойылған сұраққа жауап берілді деп санауға болады. Бұл тарихи ой мен әлеуметтік ортаның салыстырмалылығы шартсыз және сондықтан тарихи әдебиеттер ағымынан әлде бір тұрақты форманы іздеудің қажеті жоқ дегенді білдіреді. Тарихшы егер ол осы, нақты өз заманының қоғамының ықпалын талдау арқылы өзінің ойлау әрекетінің морфологиясын тануға қабілетті болса, онда ол өткенге тиесілі қоғамдық құрылымдарды талдау мүмкін емес екендігін мойындауға тура келеді. Бірақ бұл тұжырым әзірше біздің тоқтамдарымызға қайшы келмейді. Осыған дейін біз тарихи ойдың алдыңғы қатарындағы салыстырмалылықтың ұшқындарын ажырата алдық, мүмкін осы фактініні белгілеу­тарихи ойдың артқы қатарындағы тұрақты және абсолютті объект™ бекемдеудегі бірінші қадам болар. Сондықтан біздің келесі қадамымыз орынмен және уақытпен шартталған қабылдау ерекшеліктеріне тәуелсіз тарихи зерттеудің ақылмен танылатын өрісінің болу мүмкіндігін зерттеу болып табылады.

Читайте также:  ЖАПОН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

Оставить комментарий