Тарихи сананың өлшемдері

Француз, ағылшын және неміс тілдерінде бір ғана сөз тарихи нақтылық пен ол туралы біздің білімімізді білдіру үшін қолданылады. Histoire, history, Geschichte сөздері бір мезетте адамзаттың қалыптасуын және осы қалыптасу туралы адамдардың жасаған ғылымын білдіреді (тіпті неміс тіліндегі екі мағынаның бірін ғана білдіретін Geschechen, Historie сөздерінің болуы қосмағыналылықты жұмсартқанның өзінде). Мұндай қосмағыналылық мейлінше негізделген тәрізді: нақтылық пен осы нақтылық туралы білімнің бір бірінен ажырағысыздығы соншалық, олардың объект пен субъект өзара байланысымен еш ортақтығы жоқ. Физика ғылымы өзінің зерттейтін табиғатының элементі болып табылмайды (тіпті оны өзгерту барысында оған айналып кетсе де). Өткенді ұғыну — тарихи өмір сүрудің құрамдас бөлігі. Егер өткені бар екенін ол сезінсе ғана, адамның нағыз өткені болады, өйткені тек осы ұғыну ғана таңдау мен сұхбаттың мүмкіндігін береді. Басқаша айтқанда, индивидтер мен қоғамдар өз бойында өздері білмегенімен, оның тарапынан енжар ықпалға ұшырайтын өткеннің жүгін арқалайды. Кейбір жағдайларда олар тысқары бақылаушыларға жануар түрлерімен салыстыруға болатын және уақыттық тәртіппен орналастыруға болатын бірқатар өзгерістерді көрсетеді. Олар өздерінің кім екенін және кім болғанын ұғынбайынша, олар тарихтың шынайы өлшеміне жете алмайды. Демек, адам бір мезетте тарихи танымның субъекті әрі объекті болып табылады. Дәл осы адамнан шыға отырып, біз ғылымның да, философияның да шынайы сипатын түсінеміз. Осы қысқаша эссенің шынайы, жалғыз мақсаты осындай. Әңгіме тағы бір тарих философиясын ұсынуда емес немесе Қасиетті Августиннен бастап, Шпенглермен және Тойнбимен аяқтап тарих философиясына шолу жасауда да болып отырған жоқ. Мұндай шолулар бар және олар қысқа болған сайын, азырақ қанағатандырарлықтай. Әңгіме тарих философиясының бастауларын, функциясы мен сипаттамалық белгілерін ұғынуда болып отыр. Ол оның да мақсаты адамзаттың өткенін қайта қалпына келтіру мен түсіндіру болып табылатын тарих ғылымынан қалай айрықшаланады? Ол ғылымға дейінгі кезеңдердің болып табыла ма немесе өздерінің барысын ауқымды қарастырусыз да, әлемнің жалпы кескінінсіз де өмір сүре алмайтын өркениеттерге қажетті ме? Тарих дегеніміз өлгендердің өмірін тірілер үшін тірілердің қайта қалпына келтіруі болып табылады. Демек, оны қазіргі қызығушылық тудырады және ойлайтын, толғанатын, әрекеттенетін адамдар өткенді зерттеу қажет деп табады. Бедел! мен даңқы қазіргі уақытқа дейін жеткен бастапқы көсемді іздестіру, қаланың өмір сүріп, гүлденуіне жағдай жасаған ізгілерді мадақтау, құдайлардың еркімен туындап, адамдардың қателігінен пайда болған, қиратылуды жақындатқан зұлматтар туралы әңгімелер; ұжымдық жады да, индивидтің есі сияқты мифтік немесе аңыздық фикциялардан шытады және шынайылыққа апаратын жолды қинала төсейді. Алған әсердің сонылығы бізді алдамай­ақ қойсын: еске алудың сенімділігі мүлдем жастықтың қасиеті емес. Тарих ғылымы өткенді ойша түрлендіруге жауап ретінде басталады (әңгіме нақты сабақтастық туралы емес, диалектикалық катар туралы болатыны жөнінде айтудың қажеттілігі бола қояр ма екен?). Бастапқыда ең дәл әдістердің көмегімен айтақтарды бекітуге және қайта қалпына келтіруге тырысады, одан кейін хронологияны анықтайды, қысқаша айтқанда, Ранкенің «тарихшының жоғарғы мақсаты ­ wie es geschechen ist қалай болғанын білу және көрсету» деген атақты сөзін жандандыра отырып, алдымен дәстүрге, одан кейін оқиғаға келу үшін мифтер мен аңыздарды объект ретінде алады. Таза нақтылық ­ оның ең соңғы әрі жалғыз мақсаты осы. Бүгінгі күні тарихи сынның әдістерін жайына қалдырған тарихшылардың көптеген буындарының ұмтылысының қандай нәтижелерге әкелгені белгілі. Білімдегі қомақты мәселелерге қарамастан, ғылымның осы жетістіктерінің арқасында біздің өркениетіміз тарихта түңғыш рет жойылып кеткен өркениеттердің басым көпшілігі туралы түсінікті қалыптастырып үлгерді. Ол өлілердің арасында тірі жанды көрініп, өзінің өзгешілікті мен нәзіктігін сезінеді. Әрине, бүгінгі күні ешқандай тарихшының жинақталған материалдардың жиынтығынан жоғары тұратындай дәрмені жоқ.

Тарих ғылымының жеңісі тар саладағы мамандардың жеңісіне әкеледі. Тарихтың тұтастығы әрқайсысы ғасырлардың кесіндісімен немесе жойылған қоғамдардың бір саласымен айналысатын көптеген пәндерге ыдырап кетеді. Бірақ осы ыдыраңқылық қандай мәнге ие? Ол ғылымның тысқарылығын, дәлірек айтқанда мойындалуын білдіреді: жаратылыстанымдық ғылымдарға қатысты да осылай деуге болады. Энциклопедистердің заманы өтті, әркім енді өзінің шектеулілігіне машықтанады. Дегенмен де бейболмысқа кеткен, бірақ ескерткіштер мен жазба мәтіндерде сақталған өткен шақ, біртіндеп болса да өзінің дәл өлшемдерінде, ұрпақтардың шыдамды қызығушылықтарының шексіз құбылмалы перспективаларында қайта қалпына келіп жатыр. Әңгіме ғылыми әдістің маңызына күмән келтіруде емес, дәл түсіндірме мен ғылыми ізденістің міндетті түрде таралуын арзан скептицизмнің көмегімен әшекерелеуде болып отырған жоқ. Бірақ біз егер диалектиканың екінші кезеңінен, яғни ғылыми зерттеу кезеңінен кейін, міндетті түрде, уақытысында ғылыми ізденістің өзі, мысалы, мифологиялық қызметті теріске шығармаған, бірақ оның шекаралары мен өзіндік маңызын анықтағаны сияқты, ғылыми зерттеуді лақтырып тастамайтын сыни ойлаудың үшінші кезеңі келетінін естен шығармайтын болсақ, онда біз тарихтың қазіргі ахуалын мүлдем кемітіп бағалаған болар едік. Бұл сыни ойлау екі формада беріледі: Ницшенің «Беймезгіл толғаулар» формасында және тарихи танымға Канттың философиясын қолдану формасында (Дильтей, Риккерт, Зиммель, Макс Вебер). Ницшенің «Беймезгіл толғаулары» талай мәрте түсіндірілді және пайдаланылды. Бірақ оның негізгі идеясы, біздің пікірімізше, әрқашанда өзекті. Ол мынадай қарапайым пікірге теңгеріледі: өткенді қалпына келтіру өзіндік мақсат емес. Бұл қалпына келтіру қазіргі заманғы мүддені басшылыққа алса, ол осы заманғы мақсатқа ие болады. Тірілер өткен өмірді танудан білуден ләззат алуды ғана емес, сонымен қатар рухты байытуды немесе белгілі бір сабақ алуды көздейді. Ницшенің эссесінен монументалды тарих идеясы ерекше есте қалады, өйткені ол позитивизм рухындағы таза ғылымға тура қарама қарсы қойылады. Шын мәнінде, адамдар мен оқиғалардың бірдей зерттелуге лайық екендігі айдан анық, кейбір адамдар мен олардың қылықтарының ерекше құндылығына немесе үлкен маңызына қарай біздің назарымызды ерекше тартатыны жасырын емес. Ғылыми практика шынында да осы бағытта жүреді, дегенмен өз өзіне берілген эрудиция кез келген айғақты қызығуға тұрарлық деп бағалауға бейім. Әсіресе, құндылықтар болмысына ену болған нәрсенің таза әрі қарапайым қалпына келтірілуі туралы сағымды өз өзінен ыдыратып жібереді, өткеннің қазіргімен, тарихшының тарихи кейіпкермен, ескерткішті онымен тамсанатын адамдармен қажетті әрі заңды байланысын айқындайды. Оған қоса Ницше айғақтарды бекіту мен деректерді сын көзбен қараудағы қатаңдықтың, материалдарды жинақтаудың, эрудицияның абыройы мен қажеттілігін теріске шығармайды. Ол тек осы алдын ала дайындық тәсілдерін оның артынан болатын шынайы тарихи жұмыстың ­ моументалды, сыни және зергерлік тарихи жұмыстың болатынымен ақтап алады. Егер тіпті тарих еліктеудің бейнелерін жасаса да, өткенді айыптаса да, қалыптасудағы қазіргі сәттердің орнын анықтаса да, ол үнемі өмірдің қызметінде болып қала береді. Тарих онда осы шақ бастаманы көтеретін және сақтап қалатын осы шақ пен болашақтың сұхбатын білдіреді. Оны қызу қолдағанына немесе айыптағанына қарамастан, Ницшенің теориясы қомақты қауіп­қатерді білдіреді. Оның ықпалымен ғылым мен ақиқатты жек көріп кетуге болады. Ол материалдарды жинақтаумен ғана шектелетін және олардан мағына іздейтіндер деп бөлінетін тарих пен тарихшылардың екі типін қарама қарсы қоюға итермелейді. Бұл қарама қарсылық ирреалды және қирауға бейім, өйткені нақтылық туралы ғылым ретіндегі тарихтың мәні оқиғалар немесе нақты қоғам деңгейінің өзінде мағынаны қайта табумен сипатталады, өйткені айғақтардан туындамайтын интерпретация жүгенсіз болып келеді, өйткені өңделмеген айғақ ақылға қонымсыз. Кантшылдықтан туындайтын жұмыстардың маңызы, оларды тұтастықты қалыптастыруымен, ницшеандық пікірге сай, тірі мәдениеттің мүддесіндегі фатальды емес, қалаулы қосмағыналылық туралы ойлауға мәжбүрлейтін жерде практикалық өзара байланыстылық пен логикалық қажеттілікті айқандайтынымен сипатталады. Канттық сипаттағы тарихи танымды сынау бірқатар негізгі идеяларға оңай теңгеріледі. Физиканың табиғатты қалпына келтіре алмайтыны сияқты, тарих ғылымы да болған нәрсенің қарапайым әрі таза қалпына келтірілуі бола алмайды. Екі жағдайда да рух араласады, өңделмеген мәліметтен шыға отырып, ақылмен игерілетін әлемді қалыптастырады. Бірақ егер тарих та физикадағы сияқты реконструкцияны білдіретін болса, онда мұның өзі, дегенмен, мүлдем басқа типтегі реконструкция. Физиканың соңғы мақсаты ­ бұл бір бірінен дедукциялана алатын заңдардың жүйелі жиынтығы. Тарихтың соңғы мақсаты ­ бұл екі рет көру мүмкін емес, оқиғалардың тұтастай тізбегі, бұл адамзат мәдениеттері мен қоғамдарының қалыптасуы. Физика заңды ескерсе, тарих жалқылықты ескереді.

Читайте также:  "Дэдпул" фильмі жайында фактілер!

Ешбір ғылым ешқашан барлық нақтылықты назарға ала алмайды, әрбір ғылымның өз сұрыптау әдісі бар және оның мақсаты түсіндіруге лайықты нәрсені бөліп алу немесе түсіндіруге лайықты нәрсенің түсіндірілуіне қызмет ету болып табылады. Аристотельден Эйнштейнге дейінгі уақыт аралығында физикадағы сұрыптау әдісі өзгерді. Бірақ басынан аяғына дейін ол кейбір ерекше белгілерін сақтап келеді. Физикті құлап келе жатып, нақты өткінші біреуді өлтірген нақты тас қызықтырмайды, дененің қалай құлайтыны қызықтырады, сипаттама кеңістіктік­уақыттық (осы жерде, осы сағатта) емес, абстракциялық және күрделіден қарапайымға редукцияланудың нәтижесі болып табылатын (вакуумда, атмосферада, еркін қулауда және т.б.) теориялық сипатта болады. Бірақ мұндай ретукцияны тарих ғылымы саласында елестету мүмкін емес. Бірақ онсыз зерттеу нақтылықтың бірде бір кесіндісін немесе уақыттың бір де бір сәтін сарқып тауыса алмай, шексіз жалғаса беретініндей, сұрыптауды қалай жүргізуге болады? Канттың сыны бұл сұраққа «құндылық» терминін пайдалана отырып, жауап берді. Тарихи таным тарихтың куәгерлерімен немесе сол әрекеттегі тұлғалармен бекітілген құндылықтарға қатысты оқиғалармен айналысады. Бізде құндылық ұғымын анағұрлым терең талдауға мүмкіндік жоқ. Бірақ Макс Вебердің берген қарапайым мағынасында «құндылық» термині «мүдделер саласы» ұғымына балама болып табылады. Біз өткеннен өзіміз қызыққан нәрсені ғана есте сақтаймыз. Тарихи сұрыптау осы шақтың өткенге қойған сұрақтарын басшылыққа алады. Жойылған өркениеттер туралы адамдардың өздеріне құрған бейнелерін жаңғырту осы сұрыптаудың жетекшілікке алатын сұрақтарының өзгеруімен байланысты. Егер осы сұрыптаудың астарынан алдын ала мәңгіге бекітілген тәсілді емес, тарих ғылымындағы жұмыстың үздіксіз бағдарын ұғынар болсақ, бұл жаңғыртудың мәні арта түседі. Сұрыптау қандай да бір айғақты белгілеумен немесе теріске шығарумен емес, оның айғақтарды конструкциялаудың, ұғымдарды таңдаудың, тарихи тұтастықты ұйымдастырудың, оқиғаларды немесе кезеңдерді орналастырудың белгілі бір әдісін білдіруімен сипатталады. Сонымен бірге канттық философияның бұл жағдайда білімнің әмбебап мағынасын негіздеуге әкелмей, релятивистік интерпретацияға итермелейтіні туралы айтылып жүр. Сезімдік түрлеу, пайымдаушы ұғымдар олардың тылымның шарты ретінде қаншалықты барлығы үшін мәнге не болатынына сай әмбебаптылыққа кепіл бола алады. Керісінше, тарихи таным сілтеме жасайтын құндылықтар немесе мүдделер әмбебапты мәнге ие бола алмайды, олар дәуірлермен бірге өзгеріп отырады. Канттық сипаттағы философияның жақтаушылары да класикалыққа айналған мына формуланы қолдайды: әрбір қоғамның ез тарихы болады және оның өзгеруіне қарай оны қайта жазады. Болашағынан мүлдем айрылған тұста тана өткен шақ түбегейлі анықталады. Алдыңғы екі кезеңді жоғары деңгейде біріктіруді білдіретін осы үшінші кезеңнен кейін жаңа диалектиканы игеру қажет бола ма? Оның мифтік түрлендіру мен ғылыми еріктің арасындағы қарама қарсылықты игергені сияқты, релятивизмнің өзін игеруге бола ма? Мен олай ойламаймын. Маған біз табан тіреген релятивизмнің шекараларын дәлірек анықтасақ жеткілікті тәрізді көрінеді. Канттың ықпалындағы ойшылдардың бірі Риккерт бұл шекараларды құндылықтар туралы ұғымның көмегімен анықтады. Тарихи сұрыптау санау жүйесін қабылдайтындар үшін ғана маңызды және, бұл тұрғыдан алғанда ол әмбебап мәнге ие. Бірақ олардың ішіндегі шешушісі тұрғысынан, яғни ерікті сұрыптау тұрғысынан алғанда, тарихтың басқа әдістері қатаң ғылыми сипатқа ие болуы, әмбебаптық мәнге ұмтылуы мүмкін. Макс Вебер қысқа әрі нұсқа айтып кетті: әрбір тарихшы өз сұрақтарын қояды және оларды еркін таңдайды. Сұрақтар қойылған екен, оның жауаптары тек нақтылыққа тәуелді болады. Егер тіпті айғақтардың конструкциясы қазіргі мүддемен жүктелгеннің өзінде, олардың арасындағы каузальды байланыстар не шынайы, не жалған болады (айтылған пікірлермен байланысты дәлелдеме қаншалықты қиын болса да, демек, ықтималдықтың коэффициенті қандай болса да). Осы гипотетикалық (болжамдық) жалпылықтан (еркін шешім қабылдау негізіндегі жалпы ортақ мәнділік) өзге, Риккерт сұрыптауға телінетін бастапқы релятивтілікті әрбір кезеңді оған тән болған құндылықтарға қатысты зерттеу арқылы не болмаса құндылықтардың жалпы жүйесін жасау жолымен игеруге болады деп есептеді. Қалай болғанда да, бұл соңғы ұстаным ғылымның ақиқатын құндылықтар жүйесінің ақиқатына, яғни философияның мәніне бағындырар еді. Екінші жағынан, құндылықтардың жалпы жүйесі міндетті түрде жалпы сипатта болатын тәрізді. Өйткені тарихшының нақтылық алдында қоятын сұрақтары негізінен дәл және нақты сипатта болады емес пе? Ақырында, дәуірді кейінгі дәуірдің құндылықтарымен салыстырудың қарапайым айғағы өткеннің түсініктемелерін жаңғырту ұстынын енгізеді. Бірақ тарихшыға тек қоғамның өзін өзі қалай пайымдайтынындай етіп, қоғамды пайымдауды таңуға (немесе әрбір қоғамды болашақтың құндылықтарымен емес, оның өзінің құндылықтарымен теңгеру де дәл осы сияқты) қандай қақымыз бар? Тарихшының қашан, қай кезде өз өзінен, өзінің осы шағынан бас тарта алатынына сенім жоқ; бірақ егер ол солай істей алғанның өзінде, оның осылай істеуі міндетті ме? Өткенді дәл осы игерілмеген болашақпен дәл осы салыстыру өткенді күш­жігерін аямай, барын салған зерттеулерден тасада қалған құпияның кілтін ашуға әкеледі. Сөйтіп, Макс Вебердің ризашылықпен пайдаланған және каузальды байланыстарға еш қауіпсіз қолданылатын гипотетикалық объективтілік теориясы сұрыптаудың мейлінше қарапайым түсінігіне сүйенеді. Егер тарихи конструкцияның тұтастығы қойылған мәселемен немесе құндылықтар жүйесімен үйлесімді бағдарлас болса, онда тарихшы шешімінің ізін сақтайтын толық қалпына келтіру, бүтіндей оны заңды әрі нәтижелі, бірақ барлығы үшін міндетті деп есептелмейтін бір ғана перспективадан, бір ғана көзқарастан бағынышты болады. Алайда тарихи білімнің тарихының өзі көрсетіп беретін бұл релятивизм бізге, егер оны дұрыс түсіндірсе, ғылым үшін соншалықты қауіпті болып көрінбейді. Оны сезіну философияның пайдасына қарай шешіледі және скептицизм сабағын беруден анағұрлым алшақ тұрады.

Читайте также:  ОБ ИННОВАЦИОННЫХ ПРОЦЕССАХ В СОВРЕМЕННОМ ВЫСШЕМ ГУМАНИТАРНОМ ОБРАЗОВАНИИ

Тарихи релятивизмнің шекаралары, ең алдымен, соның көмегімен айғақтар бекітілетін әдістердің қатаңдығымен, әзірге мәтіндерді оқумен және куәліктерді түсіндірумен шектелгендегі ғалымның қажетті әрі түсінікті салқынқандылығымен байланысты болады. Олар сондай­ақ кейбір мағлұматтардың негізінде нақтылықтың өзінен бөлініп қала алатын кейбір қатынастармен де байланысты болады. Оқиға мен оның антецеденттері арасындағы каузальды байланыстың, ықтималдықтарды ретроспективті санаумен анықталатын әрбір антецеденттің жеке жауапкершілігінің бойында белгілі бір дәйексіздік болуы мүмкін, бірақ релятивтіліктің болуы міндетті емес. Әрекет пен оның итермелеуші ниеттерінің, ғұрып пен наным­сенім жүйесінің, философиялық жүйенің берген мәселелері мен кейінгі жүйелердің берген шешімдерінің арасындағы қатынас өзінің интеллигибельділігін объекттің құрылымының өзінен алатын түсінуге көнеді. Тарихшының қашан сезімге бой алдырмаудың мүмкін еместігін сезінісімен, өзінің көзқарасын мойындасымен, демек өзгелердің де ұстанымын мойындауға тырысысымен тарихи релятивизм игеріледі. Бұл жерде әңгіме сездің қатаң мағынасындағы бір ұстанымнан екіншісіне көшу туралы емес: мұнда сандық константтар немесе саналатын баламалар жоқ. Бірақ, тіпті олар қарама қарсы сипатта болғанның өзінде әртүрлі ұстанымдарды түсінуге болады, олардың көпшілдігінде күйреудің белгісі емес, өмірдің көрінісі аңғарылады. Бұл жерде, менің ойымша, тарихи релятивизмнің тұрпайы интерпретациясын түзейтін басты идея орналасқан. Инертті ақпарат беретін трансценденталды «Меннің» кестесі бойынша тарихи танымды түсіндіруді доғарсын, тарихшыны қайтадан тарихи болмысқа қойсын, осы болмыстың құрылымына сілтемелер жасалсын, бұрынғы айтылымдардың мәні түбегейлі өзгерсін. Тарихи таным мағыналармен және нәтижелі қосмәнділіктермен қалай бай болса, адамзаттың өмір сүруінің өткені де солармен соншалықты бай. Бейболмысқа еніп кеткен қоғамдардың, дәуірлер мен мәдениеттердің барлығы үшін міндетті жорамалын беруге тарихи танымның шамасы келмейді және мұндай жалғыз мағына жерде де, аспанда да ешқашан болған емес. Өткенді ашу немесе жаңадан үздіксіз ашу адамзаттың өзі өмір сүре бергенге дейін созылатын сұхбатты білдіреді және бұл тарихтың мәнін білдіреді: индивидтер сияқты қоғамдар да бірін бірі арқылы таниды және бір бірімен байланыста байи түседі. 2 Бұл әдетте көп айтыла бермесе де, ғылым мен тарих философиясын ажырата білу анағұрлым қиын. Егер өткенді зерттеу осы шақтың мүддесіне сай туындайтын және жүктелетін болса, онда барлық тарихи интерпретацияларға құндылықтар жүйесі өзіндік философия ретінде еніп кетпей ме? Шындығында, тәжірибеден аңғарылатындай, ірі тарихшылардан имплицитті түрде философияны аңғаруға болады. Әңгіме мейлі, индивидтер мен қоғамның қатынастары туралы болсын, саяси одақтар мен экономикалық режимдердің салыстырмалы маңыздылығы туралы болсын, идеялардың әлеуметтік инфрақұрылымға тәуелділігі немесе тәуелсіздігі туралы болсын, тарихтың әртүрлі факторлары арасындағы өзара қатынастар туралы болсын, бәрі бір кез келген тарихи зерттеуден ішінара зерттеудің өзі жүктейтін, ішінара оған дейін болған және оны бағыттайтын теорияны бөліп алуға болады. Осыған орай ғылым мен философия арасындағы айырмашылық жойылуға бейім болады. Ғылым өзін, егер ол философияны бойына сіңірсе ғана көрсете алатын болады, ал философия оның айғақтармен байланысы болғанда ғана өзінің нақты ақиқатқа жете алатынын байқайды. Алайда, біздің пікірімізше, осылайша теңгерілу үлкен мәнге ие айырмашылықтарды арзан бағалайды. Кез­келген тарихи сипаттамада тарих философиясының кейбір элементтері болады, бірақ олар елеусіз және имплицитті күйінде қалады. Практикада олар жұмысшы гипотезаларға, зерттеудің идеяларына теңгеріліп кетеді. Философия, керісінше, оларды жүйелеу үшін толығымен бөліп алады. Тарихшы оларды өткеннің кесіндісінің интерпретациясына енгізеді, ал философ бүтіндей өткенді түсіндіру үшін қолданады. Біріншісі үшін ақиқат жетекші идеялардың арқасында жеткен нәтижелерде, бірақ олардың тысқары жағында көрінеді. Екінші идея үшін ақиқаттың мәні, тірегі және кепілі болып табылады. Осылайша, бұл жерде ойлау мен зерттеудің екі қарама қарсы бағыты аңтарылады. Маған мәнмен байланысты қарама қарсылық екіжақты сипатқа ие тәрізді көрінеді: бір жағынан ол объекттің ауқымымен байланысты: философ қашанда бүтіндікті ескерсе, ал талым бөлікті ескереді. Екінші жағынан, тіпті тарихшы жалпы тарихты жазғанда және, демек, ол да тұтастықты қолға алғанда, ол айғақтардан тысқа шытып кетпеуге тырысады, ол материалдың өзінен өзінің мазмұндамасынан негізгі баптарды үзіп алуға ұмтылады, ол адамзат дамуының ақиқатын емес, тек қалыптасудың нақтылығын анықтатысы келеді. Абстрактылы ескертпелерді мейлінше айқын ету үшін тарихи танымның сатылы кезеңдеріндегі тәсілдерінің ізімен жүреміз: үзіндіден бүтінге дейін. Басынан аятына дейін бұл тәсілдер ұқсас болып қалады. Әдетте тарих философиясы тарихи өткеннің тұтастығының мағынасын түсіндіру болып табылады деп айтады. Бірақ бір бірін өзара толықтыратын басты екі тәсіл де ­ «тұтастықтарды құру» мен «мәнді анықтау» ­ әңгіме, мысалы, Канн түбіндегі шайқас сияқты жекелеген айтақ туралы болсын, мысалы, мәдениеттің эволюциясы сияқты ірі айтақ туралы болсын, оларға тәуелсіз көрініс табады. Канн түбіндегі шайқасты сипаттайтын тарихшы бізге алдымен римдік жаяу әскердің карфаген армиясының бел орта тұсына шабуыл жасағанын көрсетеді, бірақ жаяу әскерлер қақтығысқан бұл қозғалысты сипаттаумен шектелмей, оны екі пиғылмен байланыстыра отырып, бұл оқиғаны бізге ұғынықты етеді: римдік легиондарды қоршап алуға ұмтылған Ганнибалдың ниетін және жаудың шебін бұзып шығуға тырысқан римдіктердің пиғылын көрсетеді. Осы қарапайым жағдайдағы әрекеттің немесе тарихи айғақтың мәнін ұғу тағы да әрекет етушілердің ниетін немесе феноменологиялық терминмен білдіргенде олардың өмірлік тәжірибесінің интенционалдық мазмұнын табуды білдіреді.

Читайте также:  СПЕЦИФИ­ЧЕС­КИЕ ЧЕР­ТЫ ЯПОН­СКОЙ ПАР­ТИЙНО- ПОЛИТИ­ЧЕС­КОЙ СИС­ТЕ

Келтірілген мысал өте қарапайым. Қатысушының санасындағы (ең болмағанда, Ганнибалдың санасындағы) пиғыл шайқастың өрбуімен толығымен дерлік сәйкес келеді. Бұл сәйкестік ең алдымен, құралдарды мақсатпен, яғни өз әскерлерінің қимылын жеңіспен дәл байланыстыратын әскери жетекші пиғылының рационалды сипатымен қатаң байланысты. Ол сондай­ақ бір еріктің екіншісінен, карфагендік еріктің римдік еріктен басым болуымен байланысты. Айталық, түсіндіріп отырған айғағымыз ­ бұл шайқастың алдындағы құрбандық: онда зерттеп отырған мәніміз оны түсінікті ететін наным­сенім жүйесіндегі ғұрыптың мәні болып табылады. Бірден біз тарихи мәндердің қосмағыналылығының көпшілігімен ұшырасамыз: ғұрыптың әуел бастапқы және қазіргі мағыналары, шынайы сенім және ғұрыпты шығаратынның скептицизмі және т.б. Тарихи жұмыстың басым бөлігі олардың әрекетінде жасырынған мағыналарға қатысты әртүрлі саналардың ұстанған ұстанымын айқындаумен, осы үстеме қабатталған мәндерді ашумен сипатталады. Қоғамдар өз дәстүрлерімен өмір сүреді: тарихшы оларды түсінуге тырысады. Екінші жағынан, әрекет етушінің пиғылының таза әрі тұнық болып қалуы өте сирек. Ол негізінен қарсы әрекетпен ұшыраса келе (үнемі емес, мысалы, қажетті тактикалық құрал болады), өзгереді, ол басқа әрекет етушілердің пиғылдарымен қиылысады (өйткені шайқастың жалғыз емес, екі жоспары болады емес пе), бейсаналы ұмтылыстар әрекет етушілердің өздерінің өз шынайы жоспарлары мен қолданған құралдарын ұмыттырып жіберуге мәжбүрлейді (мысалы, сасып абыржушылық бүкіл әскерді қамтыған кезде). Қысқаша айтқанда, пиғыл мен оқиғаның арасындағы сәйкестік әдеттен тыс нәрсені білдірсе, ал сәйкессіздік ережені білдіреді. Саяси немесе әскери тарих бірі үйлесіп, бірі қарама қарсы тұрып, соның негізінде шынайылықты бірде қанағаттандырып, бірде көңілін қалдыратын пиғылдардың қиылысуының соңынан жүреді. Ол пайымдалатын нәрсеге жүгіне отырып, өз бойында болған нәрсені ұстайды, ол әрекет етушілер жағдай ретінде бастарынан өткізген өткеннің мурасын қалпына келтіре отырып, пайымдалатын нәрсені өз бойында ұстайды. Осы төменгі деңгейде бүтіндік пен оның мағынасының арасындағы байланыс аңғарылып үлгереді. Шындығында, шайқас заттық сипаттағы кеңістіктік­уақыттық тұтастық болып табылады. Ол өзіне әрекет етушілер немесе куәгерлер берген мағынаның арқасында тұтас болып табылады. Канн түбіндегі шайқас жағдайында уақыт пен кеңістіктегі шекаралардың айқындығы соншалық, шайқастың сансыз көптеген дара әрекеттерден тұратынын оп­оңай ұмытып кетеді. Алайда, егер шекаралардағы шайқастарды (1914 жылғы) немесе орыс науқанын (1941­1944) ескерер болсақ, оқиғаның тарихи шынайылыққа азды­көпті кірігіп кеткен сананың конструкциясы екендігі айқын аңғарылады, өйткені әрекет етушілердің өздері оқиғаны тұтас бүтіндік ретінде, бірақ бақылаушының қызығушылығына қарай үнемі қайта қарауға болатын жылжымалы шекараларда бастан өткізеді. Егер тұтастық мәнге қатысты ашылатын болса, онда мән оз кезегінде тұтастыққа қатысты ашылады. Әрбір жекелеген дененің қозғалысы оның шайқастың бүкіл тұтастығындағы орнының анықталуына қарай түсінікті болады, себептер мен салдарлар дәл осы шайқастың пуни соғыстарының өрбуіндегі алатын орнына қарай ұғынықты болады, ал пуни соғыстарының өзінің мағынасы антикалық тарих барысындағы, Жерорта теңізі төңірегіндегі үстемдік үшін күрестегі, державалардың империялық оқшаулығы мен тепе­теңдігі арасындағы тербелістердегі алатын өз орнына қарай түсінікті болады. Күрестің барлық деңгейлерінде, мейлі ол күннің шектерімен немесе өрістің шекараларымен қысылған жекелеген айғақ деңгейінде болсын, мейлі, Рим империясы немесе Жерорта теңізі әлемі үлгісіндегі ірі «айғақ» деңгейінде болсын, тарихшы тарихи тұтастықты жасайды және өткенді қалпына келтірудің екіжақты сипатын білдіретін мағынаны қалыптастырады. Тарих философиясы мен ғылым логикасының бір мезгілде дамуы үшін тарихи тұтастықтың әртүрлі типтерін жоғарыдан төменге дейін қатаң талдаудан өткізуден асқан пайдалы нәрсе жоқ. Әрине, мысалы, Марафон шайқасы мен Орта ғасырлар сияқты тұтастықтардың арасында орасан зор айырмашылық бар. Бірақ дәл анықтауға көнбейтін бұл айырмашылықтар табиғаты бойыншадан гөрі дәрежесі бойынша айырмашылықтар болып табылады.

Оставить комментарий