Тарихи уақыт мәселесі

Теориялық құрылым ретіндегі тарихтың пәні қазіргі мен болашақтан алыста жатқандықтан уақыт оның маңызды ұғымдарының біріне жатады. Осы құрылымның басқада құрамдас бөліктеріне қатысты болғандықтан уақыт ерек¬ше мағынаға ие болады. Ол тарихта әрекет етеді, сондықтан меніңше, оны мейлінше толық айқындап алған жөн. Шындықтың мазмұны егер біз оны өзіміздің уақыт жүйесі шеңберіндегі белгілі бір орынға бекіте алсақ қана тарихи болып табылады және оны жай ғана емес дәлдік деңгейі әртүрлі нақтылықпен бекітуіміз керек. Көзге терең әрі кең болып көрінетін тарихилық анықтамасынан бұл жаттанды және түсінікті түйіннің, яғни, констатацияның маңызы әлдеқайда зор. Ең алдымен ол әлде бір уақытта орын алған шынайы мазмұнды тарихилыққа жатқызбайды. Азияның әлде бір жерінде үйінді астында қалған қызықты заттарға толы қала қонысы табылды делік, бірақ оның стилі тура немесе жанама түрде болсын оның тіршілік еткен уақытына меңземейді. Аталған жағдайда өткеннің бұл сарқыншағы көп жағдайда құнды және маңызды болғанымен, тарихи дерек бола алмайды. Ол әзірше нақты бір уақытта емес, жалпы уақытта болғандықтан, тарихи тұрғыда бос кеңістікте қалады. Егер, тіпті әлде бір жаңалықтан (шындығында мұндай жаңалық мысалын келтіру қиын) біз өзімізге таныс халықтың реликвиясы туралы сөз болып отырғанын білсек те, бірақ оның даму уақытындағы нақты бір орынды көрсете алмасақ, ол бәрі бір тарихи құжат болып табылмайды. Құрылымдық қатынастардың өзіндік ерекшеліктерінен түсінудің шындықтың әлде бір мазмұнына тарихи сипат таңуға қабілетсіз екендігі туындайды. Әлде бір мазмұныңды тарихи деп тану үшін түсінудің conditio sine qua non (міндетті шарт (лат.) болып табылатындығы күмәнсіз. Мысалы, егер бізге мінезі таныс адамның әрекеті туралы хабар «түсініксіз» болып көрінсе (солай болуы әбден мүмкін), біз оны тарихи факті деп тануға қобалжимыз. Оқиғаның немесе орын алған жағдайдың жай ғана аталуының езі оның әзіргі тарихилық мүмкіндігін 56 түсінуді талап етеді, түсінбеген жағдайда ол сұрыпталмайтын, айқындалмайтын X болып қалады. Біз шайқас немесе канал құрылысы сияқты оқиға, билік ету немесе өндіріс әрекеті туралы айтқанда, тіпті осы бір әлде нені біз түсініксіз ретінде белгілегенде міндетті түрде түсіну қамтылады. Басында бұл өрескел болып көрінеді: дәл осы түсініктің тарихи шындықпен ортақ ештеңесі жоқ, бірақ уақыттан мүлдем тыс әлде не бар. Мен апостол Павелдің немесе Мориц Саксонскийдің сипатын түсінетін актінің Отелло мен Вильгельм Мейстердің сипатын түсінетін актіден еш айырмашылығы жоқ. Түсіну, яғни әлде бір бірлікті сезіну осы бірліктің тек идеальды мазмұнына ғана тән болады, тіпті бұл мазмұн шындық категориясын құраса да немесе осы шақтың әлде өткеннің қиялын құраса да түсіну табысты өтеді. Мен Павелді оның тарихи шындығында емес, керісінше мен осы шындықтан тек оның мазмұнынан жекеленгенді және жіктелетінді ғана түсінемін. Осындай ретіндегі шындық тек төзеді, бірақ ешқашан түсінілмейді. Ал тарихи уақыт шындық формасы болып табылғандықтан, түсіну одан толық тәуелсіздікте өтеді. Біз осындай идеальды мазмұндық байланыстан әлде бір шындық мазмұнын шығарған жерде біз анықталған (басқаша түрде анықталған) бір шындық туралыны басқаға көшіреміз. Мұндай танымға түсінудің әр түрлі уақыттық қатынастарды қамтитыны, мысалы бір құбылыстың басқасымен шартталып, содан өрістейтіні кедергі жасамайды. Мұндай құбылыстар тобы түсінілетін бірлікті құрайды және уақыттық қатынастың (реттілік пен ұзақтылық) өзі түсінілетін мазмұнға айналады. Бірақ элементтер арасындағы қатынасқа бағытталған мұндай түсінудің бүкіл осы топтың біздің жыл санауымызда қандай орын алатындығына тәуелсіз екені айқын. Құбылыстар тобы оның уақытта белгілі бір орны бар екендігінің емес, онда мазмұнның өзара шартталатындығының арқасында түсініледі. Имманентті түсінілетін бұл фактілер тобына уақыт тарихи уақыт болып табылмайды, ол жаратылыстанулық тәжірибеде өлшенетін уақытқа тең және оның тәжірибе жүргізілген календарлық датамен ортақ ештеңесі жоқ. Мұны кейбіреулер түсіне бермейді және эмпирикалық қарсы уәждер айтылады: өйткені, әлде бір құбылыс тек хронологияда белгілі бір орын алатындықтан ғана түсінікті болады ғой. Христианшылдықтың таралуы басқа бір уақытта емес, сол уақытта пайда болған антикалық дүниенің рухани жағдайынан ғана танылады, борокконың келуі тек Қайта Өрлеу өзінің барлық күшін сарпығанда ғана мүмкін болды және т.т. Мұның бәрі дұрыс. Бұл жағдайларда түсінілетін фактінің алдыңғы шарттары толып жатқан түсінілетін фактілерге жатады. Егер біз борокконың мазмұнын оның өзінен түсініп келсек және бұл түсінік борокко кешенінің уақыт аралығындағы кез­келген орын ауыстыруларында өзгеріссіз қалса, ендігі жерде біз мәселені кеңейтіп, Қайта Өрлеуді іске қосамыз. Түсіну енді тек тек борокконың элементтерімен ғана емес, борокконың элементтерімен де және Қайта Өрлеу элементтерімен де істес болады, сөйтіп түсінудің жаңа тұтастығы қалыптасады. Өзінің ішкі, пәндік байланысында ол тағы да тарихи уақыттағы орнына тәуелсіз болады. Егер одан кейін Қайта Өрлеу тек алдыңғы орта ғасырлардың қалпынан түсінілетіндей болып көрінсе, онда өзіне өзі толымды мазмұндар тобы оларға да таралады. Бірақ бұл жағдайда да ауқымы жағынан үлкен топ тек өз мазмұны бойынша түсініледі. Ол эмпирикалық жүзеге асуы мың жыл бұрын орын алса да мүлдем өзгермес еді. Бұл түсінуді жақсартпайды және қиындатпайды, түсіну пәндерін (басқа емес, осы мазмұндарды) уақыт аралығында шоғырландыру керектігін теріске шығарады. Түсіндірілетін әрбір сәт соңғы болып табылмайды және түсіну алдыңғыны талап етеді. Осылайша түсіну тұтастығы шексіздікке, бізге белгілі ең ерте мазмұнға дейін созылады. Егер тарих оқиғалары себептік байланыстар қатарымен байланысқан дегенді қабылдасақ, онда тек орын алған барлық жалпылыққа қол жеткізу арқылы топ жасақталады және бұл топта кез­ келген жекелікті түсіндіруге қол жеткізіледі. Бірақ имманентті түсіну рухтың шынай немесе гипотетикалық жетістігі ретіндегі осындай топқа келгенде түсіну тұтастықтары арасындағы осы уақытқа дейін болжамдалып келген уақыттық қатынас қайта айналып түседі. Өз даралығында түсінілуі мүмкін деп саналып келген кез­келген жекелік өз сипатын өзгертпей­ақ уақыт қатарындағы кез­келген жерге орналастырыла алар еді. Жалпыламалық бізге белгілі мазмұндардың барлық тұтастығын қамтыған ендігі кезде бұл мүмкін емес. Оған дейін де, одан кейінде біз үшін енді бос уақыт қана, онда ешқандай орын ауыстыру мүмкін емес, өйткені бос кеңістіктегі бір орынның басқасынан айырмашылығы жоқ, сол сияқты ешқандай дене абсолютті бос ретінде ойланатын кеңістікте «орын» ала алмайды. Денелер оз орындары арқылы өзара айқындалатыны сияқты, ал ар жағында олардың орнын «анықтайтын» еш нәрсе жоқ болғандықтан барлық тәндік әлемнің орны болмайтындығы сияқты уақытта тарих мазмұндарының өзара қатынасы болып табылады, ал тарих тұтастығы уақыттан еркін. Қосалқы жобаның конструкцияның мағынасы мен оғаштығы тек енді ғана түсінікті болды. Соған сәйкес жеке дара тұйықталған тарихи кешенді оның мазмұнына зиян келтірмей уақыт аралығында қозғалтуға болады. Бір тұтастық шеңберіндегі бірін басқасы арқылы түсіну тек алдын ала және үзінділі түсіну болып шықты. Толық ауқымында ол тек осындай топтың уақыттың екі бағытында да кеңеюі барысында пайда болады. Өйткені, біз оқиғаны оның салдарлары арқылы ғана толық түсінеміз. Сондықтан осы жалпылама қатардағы әрбір мазмұн үшін оның орны міндетті түрде және анық белгіленеді. Кіші­гірім өзіне­өзі жеткілікті кешенді, егер оның элементтері бір­бірімен тығыз үйлессе қалай болса солай қозғалта беруге болады. Енді бұл үйлесімділік барлық өткенді толық қамтиды. Әрине, түсіну қазірде уақыттан еркін мазмұнға назар аударады, ал олар кез­келген уақытта жүзеге аса алады. Бірақ мұндай түсіну қолданысқа енбейді. Өйткені мұндай анықтаманың қисынды дамуында әрбір мазмұнның өзінің жеке тобына орналасуы тарихи жалпыламалыққа (тотальдылыққа) алып келеді, ал онда орын ауыстыру болмайды. Пәндік мазмұн өзінің уақыттағы сыртқы және абсолютті қалпына бейжайлықта болады, бірақ оның осындай басқа мазмұндарға қатысты алатын орны тек оның барлық белгілі мазмұндардың тұтастығына қатынасын белгілеу арқылы анықталады. Сондықтан езінің идеалық мазмұны бойынша кез­ келген болмыстың немесе оқиғаның анықтамасы оның абсолютті уақыттық қалпына тәуелді болады. Маған мұның шешуші маңызы бар сияқты. Біздің қолымызда өзінің салыстырмалы тұйықтылығы арқылы түсінікті болған оқиғалар тобы болса, онда оларды түсінуге зиянын келтірмей­ақ қайда болса сонда ауыстыра беруге болар еді. Өзінің мазмұны бойынша бұл топ қайталанбайтын бола алар еді, бірақ ол өзінің уақыттағы қозғалмалығын уақиғалардың тұтас ағымындағы бір жақты орынға айырбастамайынша бұдан оның тарихилығын тану келіп шықпайды. Оқиғаның тарихилығын мойындау мазмұнның өз сипаты бойынша жалқы екендігіне еш қарыздар емес. Ол, тіпті өзінің сапалық сәйкестігін өзгертпестен мың рет қайталанса да тарихи болып қалады. Бұл жерде әлемдік процестің бір бөлігіне тұтас алғандағы осы процеске ортақ қайталанатын сипат әділетсіз таңылады. Кез­келген қайталану, тіпті мәңгілік қайтып оралу осы қайталанбастық пен шартталған. Шексіз көп фактілер саны уақыт ағымында өз мазмұнын өзгертпей­ақ қоя алатындықтан қайталанбастық пен индивидуальдылықтың мәні олардың мазмұнына мүлдем қатысты емес,бірақ мазмұн уақыттағы осы орынға тиесілі болғандықтан, ол уақыт ұғымның анықтамасы бойынша қайталанбайды. Тарихи мазмұн уақыт аралығындағы ­ барлық алдыңғы мен барлық соңғы арасындағы ­ пунктті анықтаумен бірге өз сипатына ие болады. Тек осылай ғана ол бізге белгілі қайталан бастылыққа, атап айтқанда, әлемдік үдерістің жалпыламалығына (тотальдылығына) қатысады (барлық кемелсіздігіне қарамастан біздің танымымыз әрқашан осы жалпыламалықпен салыстырылады). Онда тарихи мазмұн белгілі орын алады, бірақ ол да сапалық жағынан дара немесе қайталанатындығына қарамастан тек жалқы ғана бола алады. Уақыттан тыстық өз өздігінен тарихи индивидуальдылықты сипатынан айырмайды, бұл үшін уақытты «белгілі» орнынан бөліп алса жеткілікті. Тек сол ғана тарихи қайталанбастылықтың иегері болып табынады, тек сол ғана мазмұн индивидуальдылығын бір жақты айқындайды. Уақиғаның жай ғана уақыттылығы ол уақыт аралығында анық айқындалмағанша оны тарихи қыла алмайды. Уақыттық қатынастар физикалық және химиялық процестер әлемінде де үстемдік етеді. Зертханада тербеліс ұзақтығы, химиялық процестер, психофизикалық реакциялар өлшенгенде де олардың әлде бір уақыт көрсеткішінде шкаласында орналасқан басталуы мен соңы, аралық кезеңдері белгіленеді. Алайда, бұл заттық­уақыттық тұтастық одан ерте немесе кейін орын алғанмен ешқандай байланыста болмайды. Мәселенің қойылуы тұрғысынан алғанда мұндай танымның бұл байланысқа қатысы жоқ. Бұл оқиғаның қашан орын алғандығы, яғни оның дейінгі мен кейінгіге қандай қатынаста болатыны мұндай таным үшін маңызды емес. Дәл сондықтан оқиға тарихи болып табылмайды. Бірақ аталған ғылымның дамуы үшін жаңалық маңызы бар әлде бір ғалымның жасаған алғашқы тәжірибесі туралы сөз болғанда оның жалпылық уақыт ағымындағы күйі маңызды болып табылады. Мұнда оның ғылымның дамуындағы алдыңғы және соңғы сатыларына қатынасы белгіленеді. Басқа сөзбен айтқанда, тәжірибедегі табиғи оқиға сонымен қатар тарихи болып табылды. Қарастыру тәсіліне байланысты ол әлде тарихилықсыз уақыттылыққа ие болады немесе дейінгі мен кейінгіге қатысты маңызды болып табылатын уақыт аралығындағы пункті білдіреді, ол жалпы алғанда әлемдік процестің тұтастығында белгіленеді және сондықтан тарихи болады. Мұндай белгілену өз­өздігінен ақылға қонымды бірдеңе сияқты болып көрінеді, оны әрқашан қолданып келді, бірақ шындығында ол тарихи категориялардың айқындалуына ықпал етті. Бірінші кезекте, ұзақтылық ұғымының айқындалуына ықпал етеді. Әлде бір күйдің уақыттық ұзақтылығы тұрақтылықтың қисындық және физикалық ұғымымен сәйкес келмейді. Егер ұзақтылық ұғымын тұрақтылық мағынасында қолдаса, мұндай созылыңқылықта тарихи тұрғыдан осы немесе басқа күй бір жыл немесе он жыл созылама бәрі бір болатын еді. Ұзақтылықтың бұл ұғымы үшін индивидуальдылық, қоғамдық, мәдени кезеңнің бір сәтінің басқаларынан айырмашылығы жоқ, бұл бір қалып, онда дәуірдің басы мен соңы сапалық тұрғыда толық сәйкес келеді. Онда жалпы «қысқалау» немесе «ұзақтау» дегеннің бәріне қызығушылық мүлдем түсініксіз. Бұл жағдайда әрбір сәт мазмұнды түрде басқасына тең болғандықтан оның бұрын немесе кейін болған бірде бір сәті басқасымен салыстырылмайды, сондықтан мұндай ұзақтылықтың бірде бір сәті тарихи болып табылмайды. Біз үшін билік ұзақтылығы, конституцияның қызмет етуі, шаруашылық формасы маңызды болғанда, біз көптеген жалқы, бірінен соң бірі келетін оқиғаларды есте ұстаймыз. Осы кезеңнің соңына қарай жағдайдың өзгергені соншалық біз тек содан кейінгіден ғана бұл кезеңнің басында түсініксіз болғанды түсінуге қабілетті екенімізді ойымызда сақтаймыз. Егер біз үшін күңгірт дәуірден әлде бір король отыз жыл билік құрды деген мәлімет алсақ, онда тарихи тұрғыда бұл бізге он жыл билік құрғаны туралы хабардан артық ештеңе айтпайды. Бұл осы қарапайым ұзақтылықты одан бұрын немесе кейін орын алған жіктелген жалқы оқиғалардың жиынтығына орналастыратын болашақтағы жаңалықтар мүмкіндігін ғана береді. Біз Ұлы Фридрихтың 1756 жылы бастаған соғыстың жеті жылға созылғанын білсек те, егер ол бірінен соң бірі келген түсінікті оқиғалармен толықпаса немесе осы соғыс салдарынан туындаған еуропалық саясаттағы өзгерістер белгілі болмаса бұл сан бізге басқасынан артық ештеңе айтпас еді. Бізге тарихтың бөлінбейтін элементі ретінде маңызы бар оқиға оның бөліктерінің оған сыртқы болып табылатын қатардағы басқаларымен алмаспайтындығын қамтиды. Оқиғаның уақыттық созылыңқылығы тарих үшін соншалықты маңызды емес, ол үшін өлшемдері маңызды болып табылмайтын ұзақтық іс жүзінде ұзақтық емес. Мұндай оқиға тарихи атом болып табылады және тек үшіншіге ізашар болған басқадан кейін орын алғандығының арқасында тарихи маңызға ие болады. Оқиғаның уақыттың әлде бір пунктіне түсуі орынды рәміз болып табылады. «Ерте­кеш» қатынасында ұзақтылықтың тарихи мәні жойылады, ал әрбір элемент үшін оның жай ғана жалпы нүктелік тіршілік етуі, яғни оның осы жердегі болмысы жеткілікті болады. Қисындық немесе интуитивті, физикалық, физиологиялық немесе психологиялық тұрғыда біз оқиғаның басқаларымен шартталғанын немесе олармен басқа бір байланысын түсінуіміз керек. Біз оқиғаны объективті өтіп жатқан уақытқа осы уақыттың созылыңқылығына қатысты болуы үшін емес, әрбір оқиға басқасымен салыстырмалы орын алуы үшін орналастырамыз. 2 Бірақ бұл жерде біз өте қиын антиномияларға кездесеміз. Кез­келген тарихи атом (біздің нені білетіндігімізге немесе білгіміз келетіндігіне байланысты патшалық құру уақыты немесе соғыс, шайқас немесе оның бір үзіндісі) әлде бір уақыт бөлігін біртіндеп толтырады. Билік ету уақыты, егер тіпті ол бізге белгілі мазмұнмен толықпаса да, объективті ұзақтылыққа ие болады. Бұл жағдайда ол тарихи тұрғыда түкке де тұрмайды, өйткені ол оған дейінгі және кейінгі нүктелермен салыстырылған болса да тарихқа тек уақыттағы нүктені ғана береді. Сонымен бірге билік етудің көптеген ішкі жақтары ұғымның басқа тұтастықтарына сәйкестендіріледі. Мұндай алшақтық бүкіл тұтас тарихқа таралады. Ол жалқы ұғымдармен белгіленетін баяндалған уақиғаларды мазмұнмен біріктірудің арқасында жүзеге асады, бірақ іс жүзінде толғанылатын оқиғада мұндай форма болмайды, ол тоқтаусыз үздіксіздікте өтеді. Бұл үздіксіздік уақыттың төмен еш бүкпесіз жапсырылған. Бұл жерде оқиға мен «тарих» арасындағы терең айырық бірден көзге түседі. Біз Жеті жылдық соғыс деп атаған тарихи картинада бостық (бос уақыт) жоқ, ол 1756 жылдың тамызынан 1763 жылдың ақпанына дейін созылады. Бірақ шындығында, тек осы уақыт аралығына созылған және соғыс шоғырландырған кеңістік шегіндегі оқиғалар ғана үздіксіз. Бұл уақыттың «тарихы» кез­келген жағдайда үздіксіз болады. In abstrakto біз нақты оқиғалардың үздіксіздігіне сенеміз: маршта немесе бивуакта әскерлер шайқасқа дайындалады, жекеленген сарбаздар қозғалады, олар шайқасады, қашады, олардың ізіне түседі, ақырында тыныштық орнайды. Бірақ зерттеулер мен қиялдың негізінде біз шындығында ие болған тарихи картина жоғарыда көрсеткен сияқты жекеленген үзінді картиналардан тұрады. Біздің тарихты құрастыратын тәсілдеріміз осындай әрбір ұғымдық кристалдаудың төңірегінде жекеленген үдерістердің әлде бір санын жинақтайды, ал олардың тұтастығы, атап айтқанда барлық «осы оқиға» олармен араласқан оқиғалардан бөлініп шығады. Мысалы, біз 1758 жылы Фридрих Цорндорф түбіндегі шайқаста жеңіске жетті, содан соң ол өзінің ағасы Генрихке көмектесу үшін Саксонияға қарай қозғалғысы келді, Хохкирх түбінде көп шығынға ұшырады, бірақ ойластырылған стратегияның арқасында Генрихпен бірікті деп айта аламыз. Бұл жерде біздің алдымызда әрқайсысы ұғымдық тұтастықты құрастыратын төрт сәт тұр. Олар бірінен бірі шығып отыратын әлде бір қатарды құрайды, бірақ әрбір ұғымдық синтездің ерекшелігі үзіктілікке меңзейді. Кез­келген адам 1758 жылы орын алған оқиғаның үзіліссіздігін мойындайды, бірақ оған таңылған шайқас, жеңіс, жеңіліс, әскерлердің қосылуы ұғымдары бұл оқиғаны бөліктерге ажыратады. Бірақ бұл бөліктердің арасындағы жапсарлар басқа деңгейдегімен салыстырғанда қатты байқалмаса да сақталады. Біршама таңырқауға болатын жағдай қалыптасады: сәйкес келетін шындықтар, яғни үздіксіздік нақты тарихи мазмұннан алшақтаған абстрактілі ой формасында көрініс береді, ал сол кезде бұл мазмұнның картиналары оны шындыққа жат «оқиғалық» формада көрсетеді. «Цорндорф түбіндегі шайқас» сансыз көп жалқы оқиғалардан құралған ұжымдық ұғым. Әскери тарихтың әрбір шабуылы, бекініс, эпизоды, әскерлердің орын ауыстырулары сияқты жеке оқиғаларын танумен қатар ол бізді «шындықта болғанға» жақындата түседі. Бірақ осы шайқастың ұғымы соншалықты жекеленеді (атомизацияланады) және үзіліссіздігін жоғалтады. Үзіліссіздік тек барлық осы атомдар арқылы идеальды тізбекті өткізетін, осы атомдар үстінде қалықтап жүретін априорлы біліммен беріледі. Аталған жағдайда мұндай тізбекті «шайқас» ұғымы береді ­ біз оны осы созбен белгілейміз. Біз әрбір атомды нақты бір дифференцациялаигап ұғымға келтіргенше, оның өзі алдыңғы мен соңғылардан оқшауланады. Біз анағұрлым қысқа үзінділерді көбірек танимыз, ал олардың арасында толтырылмаған кеңістіктер пайда болады. Олардың тарихи білім үшін құндылығы нөлге тең деуге болады. Тек ұғымға келтірілгендер және тарихи мазмұнның тұтастығы ретіндегі маңыздылар ғана өмірлік формаға, ой толғанысынан өткен шындық­үзіліссіздік формасына ие болады. Біз осындай тұтастықтың уақыт аралығында бір­бірінен алшақтаған жалқы бөліктерін анықтап, белгілесек болды ұғымдармен белгіленген бөлшектердің өздері­ақ тұтастыққа айналады. Мысалы, «Ұлы Фридрихтың билік етуі» көз алдымыздағы басталуымен және сонымен тұтастықты құрастырады. Бірақ тарихи сана осы ұғыммен белгіленген ­ оның соғыстарына, Пруссиядағы шаруашылық саясатына, оның француз рухына және прусстық жер құқына деген қатынасына келгенде осы элементтердің әрқайсысы қоюланып, өз орталығына тартыла бастайды. Оның басқа элементтермен үзіліссіз байланысы тек өзіндік интерполяцияның арқасында ғана сақталады. Соның көмегімен жанды үзіліссіз процесс идеясы бостықты толтырады. Бірақ осылайша алынған өмір картинасы, өзінің сипаттылық нақтылығынан жоғары көтерілуге тиіс жалқы элементтермен салыстырғанда басқа анағұрлым жоғары абстрактілік теориялық­танымдық деңгейде болады. Бұл жағдай одан әрі кете береді, Жеті жылдық соғыс тұтастықтан шайқастарға, жорықтарға, келіссөздерге бөлінеді; әрбір шайқас өз кезегінде кезеңдерге және т.б. бөлінеді. Бұл үдеріс орын алған уақиғаның атомарлы құрылымына дейін жетуі керек еді. Сонда біз бір сәттік суреттерді алғандай боламыз, олардың әрқайсысы басқасына жақын жайғасады. Бірақ әрқашан интервал қалып отырады және оны соңына дейін толтыру мүмкін емес. Мұндай тұрақты толықтырулар индивидті оның нақтылығын шарттайтын бейнеліліктен айырар еді, ол тарихтың жалқы элементі ролін жоғалтып алар еді. Жекеленген нүктелерді шексіз көбейтумен үздіксізті алмастыруға болмайтыны сияқты уақыт ағымымен дәлме дәл қабыстырылған, үзіліссіздікке қол жеткізу өте қиын. Жанды шындық ағымын тарихи танымға жұлым­жұлым қылмай енгізу үшін біздің «жеткілікті білмейтініміз» шешуі роль атқармайды. Тарихи танымда толғанылғанның, үздіксіздігін көшіріп ала­алатын форма тіптен жоқ. Бірақ соған қарамастан неғұрлым көп «білсек», яғни ұғымдық тұтастық ретінде сипатталған нақты суреттемелер бізде қаншалықты көп болса біз бұған қол жеткізе аламыз. Өйткені өтіп жатқанның үздіксіздігін біз тікелей және өзіміздің тіршілік етуіміздің формасы ретінде айтпай­ақ толғана алсақ, онда біз қалай болғанда да тарихи оқиғаға терең бойлауға қабілеттіміз. Бірақ әрбір осындай тұтастыққа біз неғұрлым мамандандырылған, анағұрлым дәл танымдық функцияларды қаншалықты қолдана алсақ соншалықты ғана терең бойлай аламыз. Олар тұтастықты үзікті құрылымдарға бөледі, одан арғы таным оны дәл осылайша бөліп, өміршеңдігінен айырмайынша олардың әр қайсысы бастапқы да үздіксіз ұзақтық ретінде пайымдалады. Бұл тым алысқа кетуі мүмкін, сонда атомдар тарихи болу үшін оларды жалпы ағымға біріктіру мүмкін болмай қалады. Олардың мазмұнын басқалармен ұғымдық біріктіру үшін атомдардың кванттық мағынасы тым жеткіліксіз. Егер осы соғыстың өзі ондағы әрбір ұрыс өз орнын алса, ал соғыстың өзі ХҮІІІ ғасыр саясатында өз орнын алса, атомдар сияқты оқшауланған Жеті жылдық соғыс шайқастары тарих бөлшектері бола алады. Бірақ біз басқа жағынан қарасақ, егер Кунерсдорф түбіндегі прусстық және австриялық гренадерлардың қоян­қолтық жекпе жегінің біріне назар аударсақ, онда ол тарихи құрылым болып табылмайды, өйткені бұл жекпе жек Лейтен немесе Лигниц түбінде де орын алар еді. Тіпті біз егер 1759 жылғы 12 тамыздағы орыстардың, австриялықтар мен пруссактардың әрбір тәндік және жани қозғалысының әрбір ерекшелігін білсек те, бірақ фактілердің тізбектілігін білдіретін ұғымдар оқиғалардың уақытша кеңістігін біріктірмесе онда бұл тарихшыны мақсатына жеткізбейді. Өйткені ол барлық осы жекеленген деректер туралы білімді емес, оларды біріктіретін анағұрлым жоғары деңгейдегі құрылым ­ Кунерсдорф түбіндегі шайқас туралы білімді аңсайды. Кез­келген прусстық және австриялық гренадерлар арасындағы ұрыс шайқастың қажетті бөлігі болып табылғанымен тарихи қызығушылық шеңберінен шығып қалады, басқаша болғанда үздіксіздік ыдырап кететін еді. Индивидтің қайталанбас тұтас тағдырын уақиғалар жиынтығына жіктеуге болады, олардың әр қайсысы жиі қайталанатын бірдеңе болып табылады. Уақыт аралығы тым қысқа болса, оның ерекшелігі де тым аз ғана болады. Өте ұсақ бөлшектердің қозғалысы жалғыз ғана шындықты құрайтын атомистік дүниетаным индивидуальдылық мәселесін қоя да, шеше де алмайды. Осылайша құбылыс уақыт аралығында белгіленгенде оның индивидуальдылық сипаты жоғалады да ол тарихилыққа айналады. Әрқашан болмаса да бұл жиі­жиі элементтерге ыдырау арқылы және олардың машықтануы арқылы жүзеге асады және көп жағдайда олар заттарды танудағы дәлдіктің артуы ретінде, «олар шындықта болған ретінде» қарастырылады. Соған сай «азаю шегінің» болатындығы туралы айтуға болады. Әрбір жауынгердің бұлшық егінің жиырылуын білу бізді басталуы мен соңын уақыт аралығындағы образда біріктіріп тұрған оқиғаның тұтас өміршеңдігін жоғалтуға алып келеді. Индивидуальдылықты уысынан шығармай ұстап тұру үшін тарихи элемент жеткілікті дәрежеде ауқымды болуы керек, сол арқылы барлық басқаларының «ертелі» немесе «кешіне» шығуға болады. Сондықтан тарихи таным үздіксіздігі оқиғалар формасын қабылдағанымен нақты пайымдаулардың жалқылығымен толықпайтын созылыңқы бірліктерді анықтау мен осы жалқылықтың арасындағы тұрақты ымырашылық (компромисс) арқылы жүзеге асады. Ал бұл жалқылық ғылым үшін тек хронологиялық нүктені ғана білдіреді және сол арқылы идеальды үздіксіздікті нақты болып жатқаннан ажыратып алады. Осы терең антиномияда мен тарихи таным теориясы үшін іргелі деп санайтын бір мәселе айқындалады. Болып жатқан жағдаяттан тарих қалай туындайды. Өмір тарихилықтың рухани пішімін қабылдаған кезде, оқиғаларды «шындықта олар қандай болса солай» бейнелеуге тырысатын тарихи реализм де, сондай­ақ шындық пен шындықты тану бірдей, барды бұрмалауда біржақтылық танытатын идеализм де өзі туралы мәлімдейді. Бір жағдайда мазмұнға зиян келсе, басқасында үздіксіздік зиян шегеді. Соған қарамастан мен толғанылатын өмірмен және біз тарих деп атайтын оның кейпінің өзгеруінің арасындағы өрбіген қарама­қайшылықты шешілмейтін мәселе деп атамас едім. Олардың өзара жаттануы соңғы инстанциядағы метафизикалық алдын ала шешілгендікке емес, таным теориясына тиесілі сияқты. Қайткенде де тарихта өмірдің көрінісі мен ісі ғой, өмір дегенде ол өзін қарама­қарсы қоятын өмір, өйткені өмірдің өзіне қарсы көтерілетіннің өзі де ­ өмір формасы. Тарихи реализм «шындықты ол қандай болса сол күнінде» кешіріп бейнеленетін өмірлік мазмұнда емес, тарих үшін болмай қоймайтын өмірге қатысты басқа болмыстың осы өмірдің өз заңдылықтары бойынша өтетіндігінде.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЮВЕНАЛДЫҚ ӘДІЛЕТ

Оставить комментарий