Қандай ғылым болмасын оның өз даму тарихы бар. Тарихнама — тарих ғылымының даму тарихы, сонымен бірге бұл ұғым өзге де ғылым түрлеріне қатысты. Тарихнама — ғылымның белгілі бір түрі қай ғасырда пайда болды, қай ғасырдан бастап зерттеле бастады, ғалымдар осы ғылым саласы бойынша қандай еңбектер жазды, соны зерттейді. Дегенмен «тарихнама» деген атау ең алдымен тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуын, өзекті мәселелерін қарастырады.
XIX ғасырдың II жартысына дейін алғашқы қауымдық құрылыс туралы тарих ғылымының арнайы саласы болған жоқ. Бірақ бұдан XIX ғасырдың II жартысына дейін ешкім онымен айналыспаған деп айтуға болмайды. Адамдардың өздерінің өткен тарихына көз жіберуі сонау ерте заманнан басталған. Біз бұны дүние жүзіндегі халықтардың өз ата-бабаларының ерліктері туралы осы күнге дейін сақталған ертегі аңыздарынан, рулар мен тайпалардың шығуы туралы шежірелерінен білеміз.
Тарихты жазу. Алғашкы адамдардың тұрмысы жайындағы мәліметтер ежелгі Египет (Мысыр), Вавилон, Ассирия, Парсы елінің тас жазулары, жазбаша деректерінде кез-деседі. Шумер, Египетте адамдарды құдай жаратты деген аңыздар көп бол-ған. Жер бетін мекендеген алғашқы халықтар туралы ертеде көптеген ғалымдар жазған. Мәселен, Геродот грек, парсы, сақ-скифтер мен Африка-ның кейбір халықтары жайында, Сыма Цянь Қытай мен оның көршілері туралы, Рашид ад-Дин Орталық Азияның түрік-монғол жауынгер тайпа-лары, ал Цезарь мен Тацит — германдықтар жөнінде жазған.
ХV-ХVIІ ғасырларда Ұлы географиялық ашуларға байланысты (жаңа теніз жолдарының, жерлердің ашылуы) алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар өмірі туралы жаңа көзқарастар тарады. Зерттеушілер артта қалған елдердегі тайпалар арасына барып өмір сүріп, олар туралы деректер жинады. Содан қазіргі тұжырым бойынша адамзат маймылдан жаратылып, бірте-бірте даму барысында қалыптасқан деген пікір пайда болды. Бірақ адамды құдай жаратқаны туралы көзқарастар жоққа шығарылмайды.
Өздерің көріп отырғандай, тарихнама ең алдымен жазбаша еңбектерге, кітаптарға байланысты қолданылды. Сонымен бірге тарихнама әр халықтың тарихи ойлау жүйесін, қабілетін де зерттейді. Әлем халықтарының тарих жазу дөстүрлері әр түрлі. Көбінесе әр халық, мемлекет өз тарихындағы ең жақсы, жеңісті кезеңдерді ашып көрсетуге күш салады. Расында тарихсыз халық жоқ. Сол себепті тарихқа жүгіну әр халық үшін рухани қажеттілік кана емес, әлемдегі орнын, болашағын бағдарлау үшін қолданылатын құрал. Ал тарихнаманың міндеті тарихтың калай жазылып жатқанын саралау, зерттелген мәселелер мен анықталмаған сұрақтарды айқындау. Бұл үшін әрине өте білімді тарихшы мамандар дайындау қажет.
Ауызша тарих айту дәстүрі. Тарих тек жазбаша түрде ғана емес, сонымен қатар ауызша тарих айту дәстүрі де болады. Қазақ халқы ауызша тарихнаманы — шежіре дәстүрі деп атайды. Ертеде тарихты ауызша, жадында мықты сақтап айтатын керемет шежіреші-қариялар болған. Біз отаршылдық бұғауда болған кезде ол дәстүр ұмытылды, бірақ бірқатар тарихшылар білгендерін жазып кетті. Олар Шәкөрім қажы, Мәшһүр Жүсіп, Құрбанғали Халид, Нұржан Наушабаев, Мұхамеджан Тынышбаев сияқты білгірлер.
Қарап отырсақ жазбаша тарихнама өз бастауын ауызша шежіреден алады. Көне заманда өмір сүрген, «тарихтың аталары» Геродот пен Сыма Цяньнен бастап көптеген тарихшылар ауызша тарихнамалық дәстүрлерге сүйенді.
Сонымен тарихнама тарих ғылымы туралы жүйелі қағидалар жинағы. Ол тарих қалай жазылуы керек, қандай құндылықтар басым болуы керек, не жазылды, не жазылмады, ал жазылса қандай деңгейде жазылуы керек деген сұрақтарға жауап береді.