Тарихшылдық және оның мәселелері

1913 жылы өзімнің «Шығармалар жинағымның» екінші томына арналған алғысөзімде қазіргі рухтың пайда болу тарихы бойынша менің еңбектерімнің дайындалып жатқан жинағы жөнінде хабарлаған болатынмын. Алайда, оларды әлдебір тұтасқа дүние етіп біріктірмек бола отырып, оларды қайта өндеумен неғұрлым көп айналысқан сайын, соғұрлым осының таза тарихи тақырып емес екендігіне және тап осындай бола алмайтыныма, қашанда мүмкін немесе лайықты жалғастыру туралы ойды өзіне қосатынына анық көзім жете бастады. Сондықтан, бұл тарих философиясының тақырыбы, менің ғылыми мүдделілігімді туғызады. Ендеше, өз жұмысымда маған тарих философиясының негізгі сұрақтарына түйінделуге тура келді, ал аталып өткен қайтадан өңделген зерттеулердің жинағын төртінші томға ауыстырдым. Сондықтан бұл том, мен бұрын жартылай жариялаған және жаңа жұмыстардан құрылып, келесісі осы томда жасалып, шығарылған жаңаларына бағыныңқы болады. Біреудің орнына екі жаңа том пайда болды, олардың біріншісінде ұғымдық негіз беріледі, ал екіншісінде мен тарих философиясы деп есептей алатын материалды түрде баяндалады. Яғни бірнеше жылдардан кейін, екінші том біріншісінің артынан ілесіп шығады’. Әрине, сол арқылы мен ұлы авторлармен ­ Вольтер мен Гердерден Конт пен Гегельге дейін ­ қауіпті көршілікте болатынымды білемін. Алайда, бұл мәселенің тартымды билігі соншама зор және адам қызығарлық болғандықтан, тіпті ұлы беделдермен бәсеке алдындағы үрей, ­ ал кімдер өз фетиштерін соққыға алуға дайындар үшін олар тап осындайлар, ­ ойластырылғаннан шошымауы керек. Оның үстіне бүгін тарих және философия тарапынан алғышарттар соншама өзгергендіктен, бұл мәселелер қайтадан қойылуға міндетті. Алайда, осыған қарамай, ұлы шеберлермен байланыс жеткілікті тығыз болып қала береді. Сонда да мәселенің жылжуы тым анық: табиғаттың, рухтың заңдарына немесе обьективті телеологияның әлеміне және адамзат дамуының жалпы үрдісін андауға негізделгеннің орнын, субъектіден шығатын, әрине, еуропашылдықтың жалпылама тарихына, қалай бұл жайлы мүмкін болғандай, тұтас адамзат шектерінде негізделген, еуропашылдықтың мәдени синтезі алынды. Тарих философиясы философияның бір бөлігі болып табылады, сондықтан ол оның басқа бөліктерімен байланысты, жүйенің бөлігі ретінде көрінеді. Дегенмен, бұл кітапта мен не бұл бөліктер туралы, не ең алдымен бұл жүйе туралы тікелей ештеңе айта алмадым. Сонда да, менің тарихи философиямның ерекше түрімен тығыз жанасатын, философияның барлық негізгі бөліктері туралы, сондықтан, психология, логика және таным теориясы туралы, табиғат философиясы туралы, этикамен құндылықтар теориясы туралы,метафизика мен дін философиясы туралы менде белгілі бір түсініктер бар екендігін аңғару қиын емес; олардың бәрін бір жүйеге келтіру жөнінде, тек бұл ашық, өзгерістерге икемді жүйе болмаса, мен байыпты айтарлықтай ү.шыраймын.

Читайте также:  НАГИБ МАХФУЗ ЖӘНЕ АРАБ РОМАНЫ

Бұл басқа бөліктермен айналысуға, көрініп тұрғандай, мен өз өмірімнің көбін тарихқа бағыштағаннан, әйтсе де философиялық жағынан бағытталмаған жеке зерттеулерге арнағаныммен, басқа қайсыбір тақырып болса да, оған мүмкіндігім бола қоймас. Тек езімнің дін философиясын баяндауға, ол барлық философиялық пәндерге қатысты болатындықтан, мен әлі үміттімін. Философия саласындағы жұмыс бүгін барлық жерде толық қызу жүріп жатыр және менің әріптестерімнің, әсіресе жас буыннан шыққандардың арасында философиялық пәндерді өзгертуде өзіме жақын бағытты байқағаным да көңілге медет. Арнаулы қатаң білімнің бар екендігін және нақтылы қатынастарды, сонымен бірге ортақ әрекет пен білімдердің бірін­бірі толықтыратынын түсіну арқылы бұл мәселелерді тек біріге отырып шешуге болады. Сондықтан мен әріптестерімнің көбірек ізетті монологтық бағыттылығынан бас тарттым және өз жұмысымды осындай тақырыпта еңбек етіп жатқан мамандармен үздіксізсіз пікірталас ретінде, құрастырдым. Бірінші тарау жекелей жарияланған, ол 1918 жылғы «Дүниетаным үшін тарихтың маңызы», деген баяндамаға негізделген; екінші тарау ­ 1916 ж., императордың арнаулы күні айтылған сөздің басылымы (HZ,Bd 116); үшіншісі сол журналдың түрлі томдарында жарияланған (Гегель диалектикасы ­ 119 томда, маркстік диалектика ­ 120 томда, сонымен бірге Dioscuzen­де, 1992 (Органология), Kantstudien­нің жеке қосымшаларында (Позитвизм), Philos.Voztz N23; HZ, Bd. 124,125 (Тарих шындықтың дамуы ұғымы), Kantstudien­де Bd. 37; (тарихтың логикасы мен таным теориясы); төртінші тарау ­Schmollezs Jahzbuch, Bd. 44, Hf.3. Олардың барлығы азды­көпті дәрежеде қайтадан өңделген. Көрсеткіш үшін мен және оқушы корректураны оқуда құнды көмегі үшін оған міндетті Хорст Грюнебергке алғысымызды білдіруге міндеттіміз. Осында қарасатырылған тақырыптардың басым бөлігін олармен талқылаған және өз семинарымның қатысушыларына да үлкен алғысымды білдіремін. Қазіргі пікірталаста басым, Шпенглердің кітабына менің кітабымның қатынасы туралы, мүмкін, еске алу керек шығар; осы жөнінде менің кітабым жарияланғаннан соң Манфред Шретердің «Dez Stzei Spenqlez»2 (1922) кітабында қызық деректер беріледі. Шпенглер ­ органологияның соңғы және ең айшықты білгірі. Ол таза аңдаушы, көп дәрежеде жекелер мен дарашылдықтан шығады және оны ол тек дамудың тең бағыттылығын көретін, кез­келген синтезден алыс. Шопенгауэр мен Ницше берген, атеизм мен мәдениетті сынауды жалғастыра келе ол әбден табиғи түрде мәдениеттің өлімі туралы ойға кетеді. Менің негізгі идеям мүлдем басқаша, ол тарихи мұрадан қазіргінің мәдениет синтезін құрастырып шығаруға бағытталған, бұл міндетті шешу үшін жоғарылау сатысында тұрған мәдениетке немесе құлдырап бара жатқан мәдениетке жатамыз ба, осының маңыздылығы шамалы. Дегенмен, Шретер дұрыс атап өткендей, менің кітабым ғылыми сипатқа ие, ол бүгін қиял мен сезімдерді қоздыратын, сонымен қатар онда рухани күш бар болса, оны мен бекерлемейтіндігіммен сондай әдебиетке жатпайды. Алайда, мен ақиқатқа деген көбірек қатаң, салауатты ахуалды таңдаймын. Ғылыми және әдеби еңбектің арасынд

Читайте также:  1860­-1880 жылдардағы геосаяси жағдай және ұлт­-азаттығы көтерілістерінің шығу себептері

Оставить комментарий