Тарихты қамтымайтын анықтаманың қарама­-қайшылығы

Толстой қарсылықтардың болатынын алдын­ала білген және оның көп ойлары шимай дәптерінде қалып қойды. Сонда Толстой «Виргилий, Дант, Тас, Мильтон поэмалары, Шекспирдің драмаларының көп бөлігі, Гете шығармаларының көп бөлігі, Бетховеннің соңғы шығармалары, Бах шығармаларының бір бөлігінің көпшілікке өнегесіз, жиіркенішті, әрі қызықсыз екенін тұжырымдады». Сол дәптердің басқа тұстарында Толстой былай деп жазады: «…ең алдымен елітіп әкетпейтін, бірақ қазірде қызықты болғандықтан өнер деп саналатын бүкіл сол өнердің жәй ұқсастығын жою керек». Әрі қарай жоққа шығарылғандардың тізімі басталады. «Сонда қазірде ұлы өнер деп көкке көтеріліп, қолдау табатын, бірақ жоққа шығарып тастау қаупіндегі бірінші бөлімге Фидиас, Венера Милосская және ең бастысы жабайы трагиктер — Софокл, Эсхил, Аристофан сияқты өкілдері бар бүкіл сол мақтаулы ежелгі грек өнері кіреді…». Мұнан әрі қарай тағы да тізім жалғасады: Корнель, Расин, Рафаэль, Микеланджело. Тізім өте көп және Ибсен, Метерлинк, Верленн, Малларме, ал музыкада Брамс пен Рихард Штраус аттарымен жалғасады. Өнердегі өнегелілік, калокагатия туралы сөз қозғауға болады. Бірақ, бұл жағдайда, бүкіл өнерді жоққа шығарып тастамас үшін, өнегеліліктің өзгермелі тарихи құбылыс екенін түсіну қажет. Толстой бір кезеңнің өнегелілігін орнықтырып, оны бүкіл кезеңдер үшін жалпыға бірдей өнегелік өлшемі деп есептейді. Сондықтан осы өлшемге сыймайтын нәрселердің бәрі ол үшін өнегесіз болып көрінеді. Бірақ, ол, мысалға, Болмыс кітабындағы Керемет Иосифтің тарихын өнегелі деп санайды. Толстой бұл тарихты өз мектебіндегі балаларына әңгімелеп берген, «Азбукада» («Әліппеде») және өнер тарихы мен талдауында да мысалға келтірген еді, өнер туралы мақалада Керемет Иосиф он екі рет аталып өтеді. Оның не істегенін көрейік. Керемет Иосиф перғауынға оның жеті семіз сиыр жөне жеті арық сиыр туралы түсін астық өнімділігі жылдары мен қысыр қалу жылдары жөніндегі болжау деп жорыған кезде ол мынадай әрекеттер жасайды. Перғауын нанды сатып алуға кіріседі. Болмыстың 41­тарауының 49­өлеңінде былай деп жазылған: «Иосиф нанды теңіздегі құмдай көп санауға келмейтін көлемде сатып алды». Нанды перғауын үшін сатып алады. Аштық та басталады. 47­тарауда перғауынның Иосиф арқылы нанды күміске сатуы, ал кейіннен Мысыр жерінде болған күмістің барлығын Иосиф перғауындар үйіне әкелгені жөнінде айтылады (14­өлең). 16 және 17­өлеңдерде мал сатып алынады; 18—19­өлендерде жер сатып алынады; ал 21­ өлеңде Иосиф туралы айтылады: «Мысырдың бір шетінен келесі шетіне дейінгі халықты ол құлдарына айналдырды». Әрі қарай 22­тарауда былай жалғасады: «Тек абыздар жерлерін ғана сатып алған жоқ, себебі абыздарға перғауын жер бөліп берген еді, сол перғауын берген жердің арқасында олар күн көрді және өз жерлерін сатпады». Осы әңгіме нәтижесінде Мысырдағы жер перғауынның жеке меншігі деп есептелетін жағдайдың кейінгі ұғынылуын білдіреді. Бірақ осы Інжілде жазылған күйінде Иосифтің, яғни, перғауынның бұйрығын орындаушының әрекеттері — Толстой уақытындағы шаруалар түсінігінше, калокагатия ретінде ұғыныла алмайды. Ол өсімқорлық сатып алу, ол қанау. Інжіл жүйесінде, сол уақыттағы ойлау жүйесінде ол жақсы нәрсе болды. Осылайша, Энгельс ежелгі ертегілердегі адамның өз апасына үйленгені өнегелі нәрсе деп саналғанын айтады. Бұл өнегеліктің басқа жүйесі. Бірақ біз көбінесе көркем шығарманы оқығанда осы шығарманың жазылған уақытының да өнегелік жүйесін еріксіз қабылдаймыз. Інжілдік Керемет Иосифтің авторының өнегелік қатынасының өзіндігі — ол кейіпкерді тұрақты, данышпан, бірақ кекшіл емес етіп бейнелеуінде. Оның өнегелік жүйесін Ясная Полянадағы мектептің оқушылары қабылдаған еді. Томас Манн Иосифтің жер саясатын дұрыс деп есептеді. Сірә, оның уақытқа сәйкес келетіні туралы айтуға болатын шығар.

Читайте также:  Қазақстанның философиялық мұрасы және оның маңызы

Оставить комментарий