Тарихтың маңыздылығы және тәпсірлеу қажеттігі

«Қол бұрауды» жайына қалдыра тұрайық, бірақ осынау оқиғалардың мәнісін біз қалай түсінуіміз керек? Біз тарихымызға келгенде кінәмшілміз, сан алуан тәпсірлер жасаймыз, бірақ кәсібилігіміздің шамалылығы және ішкі де, сыртқы да саясатты түсінуімізге нұқсан келтіріп, жиі­жиі күлкілі жағдайда қалатынымыз айдан анық. Жуырда Санджей Сет жазғанындай, «ішкі саясат теориясы халықаралық теорияға нұқсан келтіріп, соның есебінен гүлденген жоқ, қайта екеуі де ұлтшылдықтың мәнісін түсінуде және оның адекватты теориясын жасауда сәтсіздікке ұшырады» (Seth, 1993. P. 76). Ол мынаны кесіп айтады: осы заманғы саяси теория да, халықаралық қатынастар теориясы да, ұлт немесе ұлттық мемлекет халықаралық қатынастар жөніндегі стандартты оқулықтардың дәстүрлі бөлімі болғанымен, «ұлттық мемлекет» категориясындағы ұлттың маңыздылығын адекватты «аңғара алмады». Ұлтшылдық дегеніміз саяси партикуляризмнің белгілі бір халыққа лоялдылық жасайтын бір түрі. Бірақ осы заманғы ұлтшылдық жаңа және әмбебаптық белгілер мен ұғымдарды, бірінші кезекте адам құқықтары мен өзін­өзі билеу құқығын мүлдем айқын қамтиды. Бізге өз бойында партикуляристік те, әмбебаптық та императивтерді біріктіретін, ішкі ­ шетелдік текетіресін «татуластыратын» ұлт­мемлекеттің теориясы ауадай қажет. Ұлтшылдық дегеніміз өз­өзінен жақсылық не жамандық деуге болмайды; екеуі ретінде де ол бар және екеуі де бола алады.

Бірақ оның өтпейтін жері жоқ, оның көрінісі барлық жерден байқалады. Ал біз заманымыздың осынау ең қуатты феноменін түсіндіруге теориялық жағынан мүлдем нашар қаруланғанбыз. Бұл ұлттық ұқсастық мәселесі адамдардың ақыл­ойы мен жүректеріне жүргізетін билікті тұжырымдамалаудың аса қиын екендігінен шығар. Бәрін иррационализммен немесе атавизммен түсіндіру әлдеқайда оңай. Таяуда Стенли Хоффман атап өткеніндей, «дүниежүзілік тәртіп мәселесі бұрынғыдан да күрделіленіп кетті. Мұның себептерінің бірі ­ тәуелсіз мемлекеттер санының күтпеген жерден күрт өсіп кетуі; бұдан бес жыл бұрын Кеңес империясы ыдырайды және оның Шығыс Еуропадағы билігі күйрейді деп ешкім топшылаған емес» (Hoffmann, 1992. P. 37). Тимоти Гартон Эш поляк «Ынтымағын» тәпсірлеуде, түсінуде Батыстағылар тап болған (әсіресе, солшыл күштер) қиындықтарды тізіп шығады. Өзінің діни және ұлттық мақсаттары бар бұл қозғалыс «тегі әрқилы идеялардың мүлдем әдеттен тыс қойыртпағы» ­ либералдық демократияның, жергілікті өзін­өзі басқарудың, мәдени консерватизмнің, базар кәсіпкерлігінің, оған қоса әлеуметтік демократия қырларының, агрессиясыз ұлтшылдықсыз ұлттық ұқсастықтың қойыртпағы болатын (Ash, 1993. P. 338).

Читайте также:  НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНЫҢ ӘЛЕМНІҢ ҰЛТТЫҚ БЕЙНЕСІНДЕГІ СИПАТЫ

Оставить комментарий