iRef.kz

Тең құқықты ынтымақтастық

Саяси партиялар мен қысым топтарының арасындағы ынтымақтастық партиялар мен топтар қандай да бір мәселе бойынша біртұтac майдан болып қимылдауға уағдаласқан ерекше жағдайларда кездеседі. Бұған мысал ретінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін I Леопольдқа қарсы күресу үшін солшыл партиялар мен топтар Бельгияда құра бастаған ұйымдарды; азат етілгеннен кейін де бір бөлiгі бірaз уақыт бойы қимылын тоқтатпаған 1940­ 1949 жылдардағы Қарсыласу топтарын; OCS (армияның құпия ұйымдары) пен «ультрарадикалдарға» қарама­қарсы Францияда 1960­1962 жылдар аралығында құрылған комитеттерді айтуға болады. АКШ­та сайлаулар кезінде кәсіподақтар кейде Демократиялық партиямен бірiктi. Мұндай жағдайлар басқа елдерде де орын алды. Бірқатар француз клубтары мен азаматтық ұйымдар СФИО­мен біргe 1964­1965 жылдары Гастон Деферрдің кандидатурасын өткізбек болған «Көкжиек­80» қозғалысына бipiктi.

Саяси партиялардың қысым топтарымен тұрақты ынтымақтастығының мысалын біз социалист партиялардың кәсіподақтармен, өзара көмек қоғамдарымен және кооперативтермен бірлесе қимылдайтын Скандинавия елдерінен де табамыз. Кәсіподақтар партияға, партиялар кәсіподақтарға бағындырылмаған; олар тек бір­бірiмeн тығыз байланыс жасайды. Тап осындай жағдай 1940 жылға дейін Бельгия Социалистік партиясында болды. 1965 жылдың көктемінде Гастон Деферр ұсынып, жыл соңында Франсуа Миттеранның арқасында Францияда құрылған «Демократиялық социалистік федерация» партиялардың, клубтардың және азаматтық ұйымдардың ықпалдастығына негізделді.

Пікір қалдыру