1926 жылы қаңтарда ресми түрде ашылған тұңғыш ұлт театрына байланысты кезінде шымшытырық таласпікірлердің көп болғаны мәлім. Олардың көбісі тоталитарлық жүйенің қолдан жасалған теріс саясатынан туған. Архив материалдары мен театрдың негізін қалаған ерекше талант иелерінің ауыз екі сөздерінен, естеліктерінен жиналған деректердің бәрі де бізге таныс болса да, оларды қайтадан айтып жатуды қажет санамадық. Алайда, қазақ театрының тұтас даму бағытын бағдарлаған М.Әуезовтің театрлық һәм эстетикалық ойларын айқындамас бұрын басқалардың тұжырымдарына жолжөнекей тоқтала кеткенді жөн көрдік. Ұлт театры туралы С.Сәдуақасовтың жасаған ұсыныстары мен ойлары «Еңбекші қазақ» газетінің 1925 жылғы 26, 29 қазандағы сандарында, 1926 жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Ұлт театры» деген кітапшасында жарияланған. С.Сәдуақасов өзінің баяндамасында, онан кейін жарияланған мақалаларында болашақ қазақ театрының даму жолын, ұлттық ерекшелігін, шығармалық келбетін негізінен дұрыс анықтаған. Театрдың алғашқы даму кезеңінде С.Сәдуақасов алдымен репертуар мәселесіне мейлінше көңіл бөледі. Труппалар сахнасында ойналып жүрген М.Әуезовтің «Еңлік Кебек», «Бәйбіше тоқал», ЖАймауытовтың «Шернияз», «Қанапия Шарбану», Қ.Кемеңгеровтің «Алтын сақина», Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» сияқты пьесаларының ойнауға жарайтындығын дәлелдеп, бұлардың арасынан «Еңлік Кебек» пьесасының көркемдік шоқтығының биіктігін атап көрсетеді. Сонымен бірге театр мен жазушының шығармашылық ынтымағынан жақсы дүние туатынын, қазақ тарихынан драмалық шығармаларға қажетті материалдардың мол табылатынын ескертеді. «Қазақ жастарының тұрмысы, әйел теңдігі, төңкеріс заманындағы оқиғалар, 16жыл, шәкірт өмірі, мұғалім тұрмысы, ұлт мәселесі, байкедей арасы осының бәрі жазушыны күтіп отыр» [1,11], деп сол уақыттағы өмір болмысының іргелі мәселелерін қозғайтын пьесалар жазуға кеңес береді. Алғашқы кезде театрдың үнемі драмалық шығармаларды қоя беруге шамашарқының келе бермейтінін әрі көруші қауымды қызықтырып, театрға тартатын репертуарға көңіл аударуды ескертеді. Пьесамен бірге сахнада кейде екі ақынның айтысын, цирк ойынын, ән мен күй, би өнерін көрсетуге шақырады. Қазақ даласындағы өнерпаздардың, әншікүйшілердің, ақындардың, тіпті Қоянды жәрмеңкесіндегі халық шеберлерін театрға шақыруды мақұл көреді. С.Сәдуақасовтың «тұңғыш қазақ театры барлық әдебимәдени өнерді бір жерге жинастыратын универсал болу» керек деген ойы бұған дейінгі үйірмелер тәжірибелерінен шыққан дұрыс пікір еді. Театрдың әлеуметтік орны мен ролін анықтауда да С.Сәдуақасов аса құнды пікірлер айтқан: «Кітап оқу үшін хат білу керек.
Театрды көзі көретін, құлағы еститін адам ұға алады. Театр жанды кітап. Кітаптан театрдың өрісі кең. Кітап жалғыз хат танушылардың қаруы, театр көпшіліктің қаруы» [1, 23], дейді. Бұл пікір Н.В.Гогольдің: «Театр ұлы мектеп, оның орны ерекше, ол тұтас қауымға, мыңдаған қауымға әрі жанды, әрі қажетті сабақ» [2, 210], деген эстетикалық негізімен астасып жатыр. Мұнан әрі С.Сәдуақасовтың «Театр көңіл көтеретін ойын үйі ғана емес, ол өз алдына мәдениеттің мектебі» деуі де театрдың әлеуметтік қоғам өміріндегі маңызын терең түсінуден туған салмақты пікір. Бұл да Н.В.Гогольдің театр еріккеннің ермегі емес деп оны әлемге мол жақсылық айтатын кафедраға салыстыратын әйгілі сөзін еріксіз еске түсіреді. Халық комиссары қазақ театрын ұйымдастыруға басшылық еткенде сол уақыттағы орыс театрларының озық үлгілерін еске алғаны жоғарыдағы аталған кітапшасындағы ойларынан көрініп түр. Ол артистердің рольді меңгеру үшін жұмыс істеуі, еңбектенуі қажеттігін түсіндіре келіп: «Артист сыршыл, психолог болу керек. Артист адамның ішкі сырын білсін», деп актерлерге де орынды пікір тастайды. Орыс театрының тәжірибесінен мысалдар келтіріп, П.М.Садовский, М.С.Щепкин, В.И.Качалов, А.И.Южин, К.С.Станиславскийлер өнерінің жарық жұлдыздай жарқырауын Н.В.Гоголь, А.С.Грибоедов, А.А.Островский драматургиясынан көреді. «Артисті тәрбиелейтін жақсы пьеса» деп С.Сәдуақасов та жазушылардың ірі драмалық туындылар береріне тілектестік білдіреді. Театр құрылғаннан кейінгі алғашқы тәжірибелерді қорыта келіп, ол келешек қазақ сахна өнерінің салтанат құратынына сенім білдіреді. Сонымен бірге аз уақыттың ішіндегі меңгере алмаған қиындықтарды да бүкпей айтады… «Театр жасамай тұрғандағы жұрттың үміті бұдан да зор еді. Алғашқы тілекке қарағанда біз осы күні орыстың тәуір театрларына иық тіресіп қалсақ керек еді. Мұнымыз біздің қате екен. Театрды жасау театрды құрудан анағұрлым қиын екендігі көрінді» дей келіп, ол театрдың кәсіби жолға түсе алмағанын, шеберлік дәрежесінің төмендігін айтады. Сонымен бірге «қалай дегенде де ұлт театрының іргетасы қаланды» [1, 29 30], дей отырып, енді оған барынша көмек көрсетіп, бұғанасы қатып, буыны бекуіне көңіл бөлуге шақырады. Бұл күрделі мәселенің тәжірибелік һәм теориялық шешімін табуды қарастыруға Мұхтар Әуезов бел шешіп кіріседі. Драматургия жанрына қазақ топырағында алғашқылардың бірі болып кіріскен ол «Еңлік Кебектің» екінші нұсқасын жасап, «Қаракөз», «Бәйбіше тоқал» пьесаларын жазумен бірге олардың сахналық қойылымдарына да араласып, ұлттық театр ұйымдастыру тұсында кәдімгідей тәжірибе жинақтаған, сахналық өнердің қыры мен сырын меңгеріп қалған шағы болатын.
Ұлттық театрдың алғашқы қадамының ауыр болатынын оны ұйымдастыруға барын салған С.Сәдуақасовтан да тереңірек білді. Ол халық комиссары бастаған күрделі жұмыстарды қостай отырып, ұлттық сахналық өнерді дамытудың ғылыми жолдарын зерттеді. Озық елдердің театрын қарастырып, өзіміздің сахналық өнеріміздің ұлттық сипатына ерекше көңіл аударды. Ұйымдастырылатын қазақ театры қандай болу керек, оның өзге елдер театрларынан өзгешелігі неде, алар өнегесі, барар жолы қандай деген мәселелер төңірегінде М.Әуезов келелі пікір айтып, ғылыми тұжырымдар жасайды. 1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің ақпан айындағы 6шы санында М.Әуезовтің «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» [3] деген мақаласы басылып шықты. Мұнда сонау көне гректен бері қарай Еуропа елдерінің театрларына тоқталып, олардың дүниеге келу, даму жолдарын, сахналық дәстүрін, актерлік өнерін мәдени қауымға түсіндіре отырып, ұйымдастырылатын қазақ театрының шығармалық негізін ашып береді. «Қай өнерді алсақ та әуелде өз елінің халық өнері болып, жалпы адам баласының ортақ теңізіне барып құяды» деуі ұлы мәдениет қайраткерінің әлемдік сахна өнерінің бір арнасы қазақ театрының келешегін бұлжытпай танудан туған. Бұған бүгінгі қазақ театрының әлемге әйгілі көркемдік жетістіктері толық дәлел. Жиһан театр өнерінің негізін зерттей келіп, М.Әуезов: «Өзге жұрттың мысалына қарағанда, театр ұрығы елдің әдетсалтынан, ойынсауығынан, әнкүй, өлеңжырынан басталған. Театр өнерін тудыратын жайлы топырақ, қолайлы шарт елдің өз денесінен шыққан. Өнердің іргесін қалайтын елдің өзі. Содан кейін мықты дүкен, сұлу күмбезді жасайтын сол ел тірегіне иығын сүйеген өнерлер» [3, 33], дейді. Мұнда ұлы суретші қазақ театрының репертуары, оны ойнайтын актерлер өнерінің алғашқы қадамын тап басып көрсетеді. Ел ішіндегі сан қилы ойынсауықтардың үлкен өнерге дәнекер болатынын, бәрінің сонан бастау алатынын айтып отыр жазушығалым.
Халқымыздың ескі мәдени мұраларын жаңғырту, ақындар айтысын, «Жаржар», «Беташар» тағы басқа толып жатқан ел ішіндегі өнердің «театрға ұрық болатын бұйымдарын» қарастырып, оларды шығармашылық пайдалану жолдарын меңзейді. «Шынында, ерте күнде ас пен тойда, ұлы жиынға ізденіп келіп өлеңмен, әнмен айтысатын көп ақындар, өз заманында театр жасамай не жасады? Солар жасаған сауық елдің құр қуанып, құр көңілін көтергеннен басқа, кәріжастың сайсүйегін босатып, аруағын шақыртып, барынша қыздырып, желіктірген жоқ па еді? Онан соң ұзататын қыздың тойында еркек пен әйел қақ жарылып алып, айтысатын «Жаржар», салт ойынын туғызған театрдың өзі емес пе? «Жаржар» мен «Беташар» бүгінгі заманның сахнасына қою үшін ешбір қосымша керек қылмайды. Солар сияқты толып жатқан айтыс өлеңдерінің қайқайсысы болса да қалай болса солай қоюға болады» [3, 5253], деп М.Әуезов театрдың халық өнеріндегі түпкі нұсқасы мен репертуарлық негізін терең көрсеткен. Басқасын айтпайақ, сонау шыққан күнінен бері қарай сахнадан түспей келе жатқан жазушының «Айман Шолпан» комедиясында жоғарыдағы айтылғандардың барлық түрлері қойылымның көркемдік ажарын келтіріп, ұлттық классикамызға айналуының өзі ешқандай дәлелдеуді тілемейді. Енді бірде: «Егер бүгінгі театр жалғыз мұнымен қанағаттанбай, ел ескілігінен күлдіргі қызық бұйымдар алам десе, яки көп халыққа ой түсіріп, ақылсезімге татымдырақ дем беремін десе ондайлар да табылады. Қазақтың көп күлдіргі әңгімелері белгілі қулардың айналасына жиналады. Мәселен, Семей аймағындағы атақты күлдіргілер: Шаншардың қулары, онан соң тапқыштық, шешендікпен аты шыққан Жиренше, Алдар көсе бар. Бұлардың өмірі толып жатқан комедия» [3, 53], деп театр репертуарының мол қазынасын көрсетіп береді. Мұндай тәжірибені жазушы сонау Италияның Дель арте комедия театрының ерекшеліктерінен танып, оның суырыпсалма өнерінің біздің халық арасынан шыққан әйгілі қулардың өнерімен ортақ үлгісін көреді. «Қазақ өмірінен мұндай күлкілі әңгімелердің мысалын іздесең, Алдар көсе, Жиренше шешен, не болмаса бергі замандағы Торсықбай, Айдарбек сияқты көп қулардың әңгімелері әбден үйлесуге болады» [3, 44], деп М.Әуезов қайталап, ойын еселей түседі. Жазушының бұл ойын ұлттық театрымыздың алғашқы даму кезеңіндегі сан қилы ізденістерінің тәжірибесі дәлелдеп шыққаны аян. Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанин, Ержан Ерданаев, т.б. күлдіргі пьесалары осы ойтұжырымның нәтижесі. Бұлардағы бай мен кедей арасындағы небір күлдіргі құбылыстар, махаббат жолындағы тапқырлықтар сахналық өнеріміздің алғашқы жылдарындағы мазмұны мен көркемдік сипаты болғаны айқын.
Қоянды жәрмеңкесіндегі кезбе труппаның өнері сахналық барлық шарттарға жауап беретін синтетикалық театрдың өзі. Жынды Омар атанған Әбдіұлының, Зәрубай Құлсейітов, Иса Байзақов, Майра Уәлиевалардың өнері халықтың мөлдір бұлағынан қайнап шыққан қайталанбас шынайы өнер. Зәрубайдың үстел үстіндегі қымыз толтырылған кеселерге тиіп кетпей, төкпей, аппақ ақ қоян немесе ысылдаған жылан болып билеуі, Омардың қаздың қаңқылын, бақсының жынын шақыруы, кісінің езуін жиғызбайтын Қалыбектің өткір сықақтары, Исаның құйындай үйіріп әкететін, шынайы ішкі әрекетке құрылған айтыстары мен желдірмесі, Майраның сызылтып салған әсем әндері қазақ даласының түкпіртүкпірінен жәрмеңкеге жиылған елдің жапырыла тамашалайтын, өмірі есінен кетпейтін М.Әуезов айтқан сымбатты өнері осы. Ұлы дананың «жаңа заман театрының басы осы сияқты ел күлдіргісінен басталған» деуінің мәнісін осыдан іздегеніміз жөн. Халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, тарихы мен өнерін жетік білетін М.Әуезов бүкіл рухани байлығымызды тұтас шолып, театр жасауға септігі тиетін бұйымдарды түгел тізіп береді. «Ел сауығына ақыл, өсиет сияқты ойсанаға жем беретін үлгіні кіргізу керек болса, ертеде шерін айтып сарнаған Асан қайғы толғау айтқан билерді, естірту, жоқтау өлеңдерін айтқан ақындарды, қобызбен сарын айтатын бақсыны, сыбызғымен күй шығарған күйшілерді тірілту керек. Осылардың барлығы жайында толып жатқан сұлу әңгімелер бар. Соларға болымсыз ғана мәдениет иісін сіңдірсе, әрі ел өнері тіріліп әрі театрдың іргесі құрылады» [3, 5354], деп тағы да ұлт театрының негізін қалауға қажетті жағдайларды атап көрсетеді. М.Әуезов театр өнерінің қазақ мәдениетіндегі жаңалық екенін, ал оны ұйымдастыру жауапкершілігінің онан да күшті екенін ескертіп, бұған байланысты көп мәселелерді әбден ойланып, толғанып барып шешу қажеттілігін де білгірлікпен ескертеді. «Мүмкін болғанынша өзге, кейбір елде болған жаңылыс, теріс жолға түсірмеуіміз керек. Сондықтан өзгелер жүріп өткен іздің ішіндегі ең керектісін, ең дұрысын алуымыз керек. Қазақтың театр өнері біздің заманымызда басталғанына біз қуаныштымыз. Бірақ, сол қуанышпен бірге бұл сияқты ірі өнердің келешегі үшін жауапты екенімізді де ұмытпау керек» [3, 54], дей келіп ол, «…өзге елден алсақ, сыртқы үлгіні аламыз. Өз өнерімізді қалыптауға себеп болатын көпке бірдей заңын, өлшеуін ғана аламыз» [3, 51], деп сахналық өнердің бәріне ортақ заңын, жалпыға бірдей сипатын сақтауды, ілгері кеткен елдерден үйренуге шақырады.
Әсіресе, «өнерге ыңғайлы кісілерді орыс артистерінің мектебінде оқыту» қажеттілігін баса айтып, солардың сахналық тәжірибесін үлгі тұтуға үйретеді. Бұрынсоңды ешкімнің ойына келіп, аузына түспеген «режиссер» деген сөзді де М.Әуезов Ж.Аймауытовпен бірге айтып қолданып, бұл жұмысқа Ж.Шанинмен бірге татардың немесе басқа жақтың тәжірибелі артистерін шақыруға ақыл қосады. Сөйтіп, М.Әуезов халық өнерінің мол қазынасын тұтас қамти зерттеп, қазақ театрының қалыптасу негізін, шығармалық ерекшелігін ашып берді. Сондайақ, ақын, драматург, ғалым Әбділдә Тәжібаев: «Қазақ тілінде ертеде «драма», «театр» деген сөздер болған жоқ. Бірақ ұлт поэзиясының бай түрлері, оның көпшілік ойынсауығы үшін репертуарға айналған ғажайып үлгілері, көшпелі жұрттың өзінің ұлттық салтына, өмір өзгешелігіне лайық театры болғанын дәлелдейді. Жаңа әлеуметтік өмір …осы топырағы әзір, тұқымы себулі тұрған өнер түрін өсіріп жіберді. …оған жарық, жылу берді, шөлдемес үшін су берді. Сөйтіп халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл маржандарын іргелі, үлкен өнерге айналдырды» [4, 9], деп ғылыми тұрғыдан өте дәл де келісті айтқан. Бұған енді бірдеңені қосып жатудың қажеті жоқ. Қазақ топырағында құрылатын театрдың белгілі бір жанрлық ауқыммен шектелмей, синтетикалық бағыт ұстағанның өзінде сахнаға үйлесімді рухани дүниелеріміздің барлық түрлерінің басын қосатын, жоғарыдағы С.Сәдуақасовтың сөзімен айтқанда «әдебимәдени өнерді бір жерге жинастыратын универсал» болуына М.Әуезов те баса көңіл аударған. Сонымен бірге ол осы рухани қазыналардың ерекшеліктерін таратып айтып, қалай пайдаланудың жолын нұсқайды, театр шығармасына қосатын сахналық қызметін анықтайды. М.Әуезовтің пайымдауында: «…бүгінгі күнде жаңа туған театр жалғыз ғана әдебиет ескілігін тірілтуді қанағат қылу керек емес, ескіліктің әнкүйін, қобыз, сыбызғысын да қайта ояту керек. Қазақтың өткен күндегі бір байлығы әдебиет болса, екіншісі әнкүй. Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы күй. Күйдің тіліндей бай тіл қазақтың әнінде жоқ… Бұлай болса, бүгінгі театр ескілігіндегі күй мен әнді бір минут есінен шығармау керек… Жалғыз ғана домбыраны қанағат қылмай, қобыз бен сыбызғыны қайта тауып алу керек. Қазақтың ескі салты мен ойынжиындағы өлең сауықтың барлығы ән мен өлеңді аралас жүргізетін, сондықтан ел театры қалың елдің өмірімен шын жанасамын десе, ескінің суретін толық пішінді қылып құруға міндетті екені даусыз.
Өлең мен әнді қатар тірілтіп театр жасауға айналсақ, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» сияқты ел поэмалары, «Бекет батыр» сияқты тарихи өлеңдер, барлығы да театрдың ішіне опоңай сыйып кетеді. Міне, қазақ ескілігінің бүгінгі жас театрға тартатын сыйсипаты осы. Егер біздің театр осы сияқты мол қордың ішінен тесік моншақ сияқты асыл бұйым, асыл ұрықты таңдап, танып алуға жараса, осы сияқты анайы топырақтың үстіне іргесін орнатып, дүкен құрса, ол өнер әрі елдің өнері болып, әрі келешегін кең өріске беттеткен өнер болады» [3, 54], делінген. Болашақ театрдың осындай синтетикалық әрі көркемдік үйлесімділігін М.Әуезов музыка өнерінен көрген. Ол жекелеген орындаушылардың ғана еншісінде қалмай тұтас театр өнерінің егіздің сыңарындай ажырамас құрамы тұрғысынан келген, музыканың драмалық әрекеттерді күшейтіп, үлкейтіп жеткізетін ерекшелігімен бірге көрермен тыңдаушысын жанды сезімге бөлейтін құдіретін еске салып отырған. Ғалымжазушы «қазақ ескілігі» деген ұғыммен фольклорлық шығармалардың түрлерін қамтып отыр. Ұлттық театр өнерін жасауда халықтық шығармалардың сарқылмас рухани байлығын пайдаланудың ғылыми жолын саралап отыр ол мұнда. Кезінде мұның бәрін тоталитарлық идеология мансұқ етіп, М.Әуезовті көне заманның ескі дәстүрін тірілтуші, дәріптеушісі деп айыптағаны мәлім. Қазір еліміз егемендік алғаннан кейін әділдік орнап, әсіресе әдебиетке байланысты бұл мәселе жанжақты көтеріліп жатқандықтан біз әрі қарай созып, әңгімелеуді жон көрмедік. Қалай десек те, ұлы қайраткердің мемлекеттік театрдың ашылу қарсаңында айтқан ғылыми пайымдаулары мен болжамдары толық жүзеге асқанына сахналық өнеріміздің бүгінгі жеткен кәсіби биігі толық дәлел. Ал, фольклорлық мұраға сүйеніп жазылған «Қозы Көрпеш Баян сұлу» сияқты көптеген драматургиялық туындылар классикалық жетістігіміз ретінде әлемге танылып отыр. Осыған байланысты М.Әуезовтің: «Қай елдің жазушысы болса да драмаларында алдымен өз елінің өмірін, өз жұртының салтәдетін, мінез жаратылысын көрсетуді міндет деп санады. Барлығы да еліне салт театрын жасап берді. Басында елдің өз денесінен болымсыз ойын сауықтан кішкене театрлар аяқ кезде салт театрына айналған уақытына шейін бір мезгіл елді тастаған емес. Бұл көптің қызығы қалың елдің театры болудан айныған жоқ. Ел өмірі, ел қалпымен қол ұстасып, қатар отырды. Барлық салт театрының ретімен жазылған пьесалар бұл сөздерге дәл ел», деуі ұлттық театрымыздың алғашқы қадамдарын дәл саралаудан туған. Сонау ілгерідегі Көлбай Тоғысовтың «Надандық құрбанынан» бері қарай. ел арасында қолжазба күйінде таралып, жастардың ойынсауықтарында көрсетіліп келген неше түрлі шағын пьесалардағы ел өмірінің күлдіргі көріністері әнкүймен араласып, соңы халық ойындарымен жалғасып жатуы жазушығалым айтып отырған салт театрының өзі. Кейде халық ойындарына мәтін енгізіп, сахнаға спектакль түрінде көрсету қазақ жерінде кездесіп отырған.
«Қазақ» газетінің «Атбасарда театр» [5] деген мақаласында «театр кітабы» болмағандықтан оқыған жастар өздерінше бүгінгі ұғымымызбен айтқанда инсценировка жасағаны айтылады. Және ойынның сәтті шыққаны соншама, автор өз ойын «бұл іс өзгеге, қаладағы қазақтарға өнеге болғай еді деп тілейміз», деп қорытады. Немесе сол Атбасарда бұдан бір жыл бұрын болған ойынсауықта «Қазақтың құдалығы» деген атпен тойдың өзін спектакль етіп көрсеткен. Қойылым туралы мақалада: «Бұл ойынды ойнаушылар қазақтың жас жігіттері, қыздары. Ойын жақсы өтті, қызғылықты болып шықты, күнде ойнап жаттығып жүрген сияқты» [6], делінген. Бұл да әлгі салт театрының бір көрінісі. Ол кезде «театр», «спектакль», «пьеса», т.б. ұғымтерминдердің болмағаны белгілі. Олардың «ойынсауық», «ойын», «ойын кітабы», «ойынға қатысушылар» (орындаушы), «ойынды ұйымдастырушылар», «басқарушылар» (режиссер) деген сөздері сол кездің театрлық терминдері. Мұндай ойынсауықтарда ақындар айтысынан бастап, ауыз әдебиетінің сан қилы шығармалары, салтжырлары, неше түрлі ойындары, қулардың сайқымазақ әңгімелері, ән мен музыка бәрібәрі де ұлттық өнердің сәнсалтанатын келтіріп, синтетикалық үлгіні қалыптастырған. Өнердің мұндай ерекшелігіне М.Әуезов керемет сипаттама берген: «Рас, ол замандағы өнер бүгінгіше театр деп аталған жоқ. Бүгінгідей мәдениет шеңберіне кірген жоқ. Бірақ бақытты ел театр деген шеңберді керек қылмайды. Оның барлық ойынжиын, қызық сауығының өзі театр» [3, 53]. Жазушығалым осы сарқылмас халық шығармалығының драмалық мазмұнға толы көптеген түрлерінен театр мен пьесаға сұранып тұрған ерекшеліктерін жіті танып, құлпыртып ойната білсе, тіпті сол күйінде де сахнаға жан бітірерін дәлелдейді. М.Әуезовтің бұл тамаша ойларының театрдың алғашқы он жылдық шығармалық барысында, яғни қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен бірінші онкүндігіне дейінгі кезеңде жүзеге асқаны белгілі. Шынында, театр өнердің барлық салаларының басын қосқан өзінше шығармалық орталығы болды ғой. Труппа құрамында қабілеттерімен бірге жез таңдай әншілер мен он саусағынан күй тамған домбырашы, қобызшылар, тіпті би мен цирк ойындары шеберлерінің болғаны кәрі көз, ескі құлақ мәдениет қайраткерлеріне аян. Қазіргі опера және балет, филармония, оркестр бәрібәрі де алғашқы қадамдарын осында бастап, бертін келе жеке өнер отауларын тікті. Қазақ театрының шығармалық келбеті, мүмкіндігі мен болашағы туралы жарияланған М.Әуезовтің, С.Сәдуақасовтың, М.Дәулетбаевтың мақалаларымен бірге басқа да жазбаша, ауызша айтылған пікірлерді, айтыстарды еске алып, Республика халық атқару комиссариаты ұлттық театрды ұйымдастыру жұмысына кіріседі.
Бұл мәселеге айрықша көңіл бөліп, ең алдымен театрдың труппа құрамы іріктеледі. Ұйымдастырушылар 1925 жылдың қазан айында Қазақстанның кең байтақ жеріндегі драмалық труппалар мен көркем үйірмелер спектакльдеріне қатысып, табиғи дарынымен танылып жүрген өнерпаздар, ел арасындағы әнші ақындар, күйшілер мен бишілер, тілі өткір сықақшылар, тіпті жауырыны жерге тимеген балуан да алғашқы ұйымдасатын театрға шақырылды. Ұлттық театрдың алғашқы шымылдығы ашылғаннан бастап М.Әуезов оның шығармалық өмірін үнемі қадағалап, актерлер өнерінің ерекшеліктерін, репертуар жағдайын, спектакльдінің көркемдік сипатын зерделеп отырды. Өзін толғантқан осы мәселелер төңірегіндегі түбегейлі ойлары туралы 1928 жылы жазылған «Қазақстан мемлекеттік театры» мақаласы ұзақ жылдар Республика академиясының орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақталып келіп, «Жұлдыз» журналының 1964 жылғы 1ші санында, сосын жазушының он екі томдық шығармалар жинағының ІІтомында жарияланды. Мұнда негізінен актер труппасының құрамы кеңінен сөз болғандықтан, театрдың іргетасын қалаған ұлы алыптар тобы туралы қысқаша мәлімет беріп кеткен орынды сияқты. Орынбордың халық ағарту институты жанындағы драмалық көркем үйірмесінде тәрбиеленген Елубай Өмірзақов пен Қапан Бадыров ұжымның белді де беделді мүшелеріне айналып, өмірлерін өнер жолына бағыштайды. Елубай Өмірзақов (18991974) жасынан өнерге бейім, ел арасында домбырамен өлең айтып, ән шырқаған, күлдіргіш, сауыққой, халық шығармашылығының бай мұрасынан сусындап өскен шебер. Ол өнербілімге, бақытты өмірге, шығармалық өмірдің қызығына өзінің тума талантының, артистік қызметінің арқасында ғана жетті. 1919 жылы ауылдан Қостанайға келіп, мұғалімдік курста оқып жүргендеақ спектакльдерде рольдер ойнап, көркем үйірме басқарады. Жангелдин отрядындағы «Қызыл керуен» труппасына кіріп, оның жетекші өнерпазының бірі болады. Сол кездеақ Е.Өмірзақов басқасын айтпағанның өзінде, еңкейген шал мен бүкшеңдеген кемпірлердің рөлін тамаша ойнап, табиғи дарындылығымен танылғанды. 1923 жылы Орынбордағы Халық ағарту институтына оқуға түскенде де сахналық өнерге жіті араласып, сол уақыттағы мәдени қауымның мақтанышына айналады. Е.Өмірзақовтың театрға келген күннен бастап, әрбір шығармалық қадамын бақылап, ойнаған рольдерін талдаған М.Әуезов оның актерлік шеберлігі туралы: «…Шынында сол аталған рольдердің ешқайсысын құр сертпен, актерлік техникамен, механикалық машықпен ойнаған Елубайдың көркемдігі шыншылдығында. Өне бойымен сол рольге құлап түсіп, сүңгіп кетіп, тұтана өртене жүріп, жалындай жана ойнайды.
Шоқтай жарқыраған ашық жарқындығы бар, көрушіге бар тыныс сезілетіндей бусанып тұрған шындығы бар ойын. Мұның қуаты ішкі қуат. Станиславский айтатын ішкі сарай (нутро), одан ары барсақ зауық (вдохновение). Елубай — көбінесе осы шыншылдық, ішкі сарай және зауықпен ойнайтын актер. Ойнайтын кейпінің көбін кей жерде бел ақылмен саралап, әуелі миына қондырыпaп, содан барып сылбыр жүріп, төкпектей шауып, итжандылықпен алмайды. Жарық берумен, шарқ ұрумен, тұтаса, ұласа шыққан ішкітысқы екпін серпінмен қаршығаша бірақ іледі. Бұл ерекшелігі Елубайдың жүре актер болуынан гөрі туа актер болуы басымырақ (самородок) екендігін дәлелдейтін сияқты» [3, 93], деген тамаша анықтамасы актерлердің шеберлік даралығын барынша дәл суреттеген театртанушылық үлгі. Станиславскийдің терминдерін орнымен қолдана отырып, ол актер өнерінің өзіне ғана тән бедерін, басқаға ұқсамайтын бейнелеу мен ізденіс тәсілін көрегендікпен тауып айтқан. Мына анықтамада Елубайдың он жылдық шығармалық жолынан ғана туған ғылыми әңгіме емес, оның бүкіл актерлік ғұмырын сипаттайтын терең ойтұжырым жатыр.