Теогония және генеалогия

Гесиод адамдардың басқа ортасының назарын аудармаққа ниеттенді. Ол беймәлім немесе гомерлік поэмада үстірт аталып өткен мифтерді әңгімеледі. Ол Прометей жөнінде бірінші болып айтты. Бірақ, ол, Прометей туралы негізгі мифтің білместікке немесе, дәлірек айтқанда, ілкі бастаулық діни мағынасының «естен шығуына» негізделгенін біле алмайтын еді. Расында да, Зевс ілкі құрбандық шалудағы садақаны бөлісудің төрешісі болған Прометейден, оның құдайларға май қабатының астына жасырылған құр сүйек­саяқты беріп, қарынмен жабылған ет пен ішек ­ қарынды бермей алып қалғандығы үшін кек алады (Теогония, 534 және келесі.). Карл Мойли осы олимпиялық құрбандық шалуды солтүстік Азияның ежелгі аңшыларының ғұрыптарымен салыстырады: осы аңшылар жоғарғы аспаны тіршілік иелеріне табынып, құрбандық шалғанда, оларға жануардың сүйек­саяғы мен басын арнаған. Осыған ұқсас салт орталық Азияның көшпелі халықтарында бар. Мәдениеттің бағзы сатысында аспан құдайларына табынудың көрсеткіші болған нәрсе, Грекияда, жоғарғы құдайды, Зевсті алдаудың үлгісіне айналып шыға келді. Біз ілкі бастаулық жоралғылық мән­ мағынаның қай уақытта және осы қылмысы үшін Прометейдің жазасы деп білеміз. Біз бұл мысалды, бүгінгі дәуірге кететін мифтерге көңіл бөлгенін көрсету үшін келтіріп отырмыз, бірақ бүл мифтер, ақын қағаз бетінде тіркеп алғанға дейін ұзаққа созылған сан ­ алуан трансформациялар мен модификациялар процесінен өткен. Гесиод мифтерді жай ғана тізіп шығуды қанағат етіп қоймаған. Ол оларды, мифтік ой ­ машығының туындыларын рационалдық принципке бағындыра отырып жүйелеген. Ол шежіресін (генеалогиясын) дүниеге келулердің бір ­ біріне тіркескен тізбегі ретінде түсінген. Ол тууды «дүниеге келудің» идеалды формасы деп есептеген. Егер осы мифологиялық ой ­ машық (мышление) өзін себепкер болған ой ­ машыққа (причиненное мышление) бағындыратын тұжырымдаманың рационалдық сипатын дұрыс атап көрсетеді. Эростың Хаос пен Жерден кейінгі бірінші болып дүниеге келгендігі жөніндегі Гесиодтың ойын кейінірек Иарменид пен Эмпедокл де қабылдады. Платон осы тұжырымдарының грек философиясы үшін маңыздылығын баса атап көрсеткен болатын.

Читайте также:  «ҰРАНЫМ, АЛАШ!..» ЖӘНЕ «АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ» ХАҚЫНДА

Оставить комментарий