Теория міндеттерін қиындату

«Үзілістер», «талдау деңгейлері» және теориялық ықпал өрістері проблемаларының біз мұра етіп қабылдаған күйінде бір кемшілігі бар ­ олар жағдайды қарабайырландырады, біздің міндеттерімізді болуға тиісті күйінен біршама оңайлатады. Руссо ескертетініндей, еркектер, әйелдер, ұлттар және мемлекеттер дүниесімен бетпе­бет келгенде, біз кейбір сұмдық нақты болмыстан көз тайдырмауға тиістіміз. Мен юриспруденция мен этика жөніндегі кітаптардың бетін ашамын да, әбден мойындалған ғалымдардың сөздеріне ден қоямын. Олардың бұлтартпас толғамдарынан нәр алып, адам табиғатының жетілмегендігіне көз жасымды көлдетемін, азаматтық мемлекеттік құрылысқа негізделген тәртіп пен әділетке тәнті боламын, қоғамдық институттардың кемеңгерлігіне қуанамын, сөйтемін де мен азамат деп саналуға болатын адамдардың бірі екенмін ғой деп алданамын. Бірақ, өз парызымды жақсылап түсініп алып, кітаптың бетін жабамын, аудиториядан шығып кетемін де, айналама көз жүгіртемін. Сонда көретінім, темір қамыттың салмағынан ыңқылдаған халықтар, ат төбеліндей қанаушылар езіп­жаншыған адамдардың қалың бұқарасы, індет пен ашаршылық алқымнан алып жадап­жүдеген тобыр, олардың қаны мен көз жасы заңның сұмдық күшіне сүйенген күшті де қару ­ жарақты адамдар дәрменсіздер мен қару ­ жарақсыздарды езіп ­жаныштап жатқан барлық жерде өзен болып ағып жатыр… Көзімді көтерем де, алысқа қараймын. Көретінім лапылдаған өрт, тұл медиен, тоналған қалалар. Бейшара адамдарды ажалға айдап бара жатқан, жабайылар, қайдасыңдар? Сұмдық дыбысты естимін: бұл неғылған шу? Жақындай түсіп көргенім, қырып­жою сахнасы. Он мың жендет, үйіп тасталған өліктер, ат аяғына жаншылып, өліп бара жатқан адамдар. Айналам түгел жанталас пен ажал картинасы. Және бұлар­бейбіт қоғамдық тәртіптердің жемісі. Жүрегімнің терең түкпірінен аяушылық пен ашу толқыны көтеріліп келеді. Философ­варвар! Кел ­ дағы,өз кітабыңды мына шайқас алаңында оқып бер! Бұл өзінің ең тамаша полемикасындағы Руссо. Бұл философтардың сатқындығы туралы мезі ететін шұбалаңқы мақаланың жолдары болса,оны оқып шығуға, риторика қуатын бағалауға, сөйтіп күнделікті шаруаңа жайбарақат оралуға болар еді.

Читайте также:  Ы.АЛТЫНСАРИННЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ

Бірақ осы арада Руссо жұмбаққа кезігеді де, оны тұжырымдайды, бірақ, бәлкім, солай құрылған басқа республикалардағы азаматтық бостандыққа құрметпен байланыстырылатын азаматтық бостандықтың жаңа deux ex maсһіnа және бұдан да кіршіксіз қалпына келтірілуінен өзге шешімін таппайды. Бұл бізге гректерден мирас ретінде қалған жұмбақ, бір мезгілде «ішкі дүние» мен сыртқы аластау және соғыс арасындағы; өзінің объектісі ретінде азаматтық қоғамды таңдап алған саяси теорияның және объект ретінде шекараларда не болып жатқанын, яғни, барлық «мемлекеттер» өзара қатынастарында құратын кеңістікті таңдап алған халықаралық қатынастар арасындағы алшақтықты атап өтетін жұмбақ. Бірақ, тегінде, қысқаша болса да, халықаралық саясаттағы іргелі еңбектердің бірі ­ Фукидидтің «Пелопенесс соғысымен» танысқан жөн болар. Бұл не ­ шынымен­ақ билік бөлісу тұсындағы «мемлекеттер тәртібінің» бейнеленуі ме? Әлде, сөз бен іс жекелеген азаматтық ұқсастықтарды қалай, қайтіп қалыптастыратынын, ал олар өз кезегінде Фукидид суреттеген сұмдық та қасіретті оқиғалар тұсында одан әрі қалай ашыла түсетінін бейнелеу ме? Егер екіншісі дұрыс болса, онда «ішкі» мен «сыртқыға» долбарлап бөлу, бүгінде кәдеге жарайтын тілмен айтсақ, «осы заманғы өмір» салмағына шыдамайды. «Ішкі» сыртқа төгіледі де, саяси бірліктер бақталасатын, бәсекелесетін тінді анықтайды, немесе анықтауға едәуір көмектеседі. Халықаралық саясаттың саяси теоретиктері және тікелей қатысушылары шешетін міндеттер бір­біріне және кері қарай еркін өтіп жатады, немесе, егер сұмдық трагедияны Фукидидтің тарихи және тіндік тұрғыдан көрсетуі шындық болса, онда еркін өтіп жатуға тиіс болады. Мен, бұл нақ солай ғой деп ойлаймын (Руссоның да нақ солай ойлағаны айдан анық!). Бұл арада классиктер бізге Фукидид жалаңаштап көрсеткен дүниенің тереңіне бойлауға көмектеседі, қарабайырландырудан, тәртіп заңдарын оның жігі ажырамайтын мәтініне радикалдық хирургия әдістерімен килігуден сақтандырады. Мысалы, Николь Лopo өзінің «Афинаны ойлап шығару» атты таң­тамаша еңбегінде қаланың қалыптасуында, нығаюында ырғын мадақтаудың немесе аза үстіндегі жоқтаудың маңыздылығын дәлелдеп; «азамат ­ солдат… азаматтық норманы өз бойынан табады» және қала үшін жан пида қала орнықтыратын және «бір мезгілде әрі еркін, әрі анықтайтын азаматтық таңдау моделін» құратын «оның өз шешімі» деп кесіп айтады (Loraux, 1986. P. 102, 104).

Читайте также:  ЖАҺАНДАНУ КОНЦЕПЦИЯСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР

Бұл арада pro patria mori мұраты барынша экспрессиямен білдірілген, және ол адам неліктен міндеттерге бағынып қана қоймай, азаматтық адалдықты ерікті түрде таңдап алатынын түсінудегі өзекті сәт. Бұл шешім оңай емес, бірақ ол өте маңызды себеппен қабылданады: азаматтық қоғамның ішіндегі дүние сырттағы басқалардан өзін оқшаулау үшін жеткілікті себеп. Күндердің күнінде «топтасқан» адам баласы іштегілерге және сырттағыларға бөлінген еді, тек «ішкі дүние» сырттағы басқаларды басып алып, экспансия жасамасын деңіз. Олай болса біз империя дейтінге ие боламыз, мысалы Pax Romana сондай, онда «ішкі» мен «сыртқының» ара салмағы күрделі ғана емес, өзара анықтауыш та болмақ. Руссо Гоббсқа қарама­қарсы, соғыс адамзаттың жаратылыстық ахуалы еместігін табандап қорғайды. Бірақ адамзаттың азаматтық ахуалы нақ сол соғыстың өзі, оның себебі де қарапайым: «азаматтық қоғамдардың тіршілік етуі мен тәртібі соғысты және соғыс ахуалын туындатады. Сондықтан соғыс жаратылыстық ахуалдағы индивидуумдар арасындағы қатынас емес, адамдардың азаматтық қоғамдарға қарай қозғалысы қалыптастыратын мемлекеттер арасындағы қатынас» (Rousse, 1991. P. XVII). Осылайша, «соғыс және соғыс ахуалы азаматтық қоғамда адамдар арасында тәртіп пен әділет орнату жөніндегі күш­ жігердің өзінен туындайды» (Р. XVIII). Бұл арада біз мемлекеттің әмбебаптығының, оның өзін мойындату талаптарының көрінісі ретіндегі соғыс туралы гегельдік түзілістердің жаңғырығын байқаймыз. Мұндай схемаға сәйкес, соғыс адамның агрессияшылдық бастауларынан емес, дүниедегі, және де тіпті де анархиялық емес, ғажайып релятивистік дүниедегі саяси күрес талаптарынан өрбиді. Біз бір­бірімізге осылай «маталмаған» болсақ, соншалықты кең пошымдағы бәсеке де, салыстырмалық та, дұшпандық та және одақтасу да болмас еді.

Оставить комментарий