Теорияның қолданыла алмайтындығы және оған қажеттік

Раймон Арон өзінің 1967 жылғы «Халықаралық қатынастар теориясы деген не?» атты эссесінде мынаны атап өтеді: «теория» термині сияқты соншалықты жиі, қалай болса солай және екіұшты қолданылатын басқа ұғым аз. Мысалы, халықаралық зерттеулерде «мәжбүрлемеудің артықшылығы» немесе «осы заманғы қоғамдарда экономиканың басымдығы бейбітшілікке жәрдемдеседі» секілді әдеттегі пайымдаулар «теорияның» барлық айрықша белгілерімен беріледі (Арон 1984. Р. 166). Гректер оу баста теорияның мәнін сырттай тамашалау білімі ретінде тәпсірледі, дейді әрі қарай Арон. Бұл, әлбетте, халықаралық саясатқа қатысушыларға керегінен мүлдем басқа нәрсе. Олар одан гөрі теорияны гипотезалардан тұратын, сынап байқауға болатын гипотеза, дедуктивті жүйе ретінде артық көреді. Мұндай «теоретиктер» ­ әрине, оларға халықаралық қатынастарды зерттеушілердің тіпті де бәрі бірдей жатпайды ­ болжам жасау мүмкіндігіне ие болғысы келеді: нақ осы сәт терең білумен, түсінік беретін ұғыммен салыстырғанда басым. (Түсінік беретін ұғым бағыты ­ «verstehen» ­ гуманитарлық ғылымдарда, бері салғанда ағылшын ­ американ дүниесінде, Людвиг Витгенштейннің соңғы еңбектерімен байланысты). Жаратылыстану ғылымдары сәуегейлік ғылымдардың «мінсіз моделін» ұсынған секілді көрінетін (Р. 167) деп ескертеді Арон. Бірақ бірдеңе қырын кетті: әрқилы маңызды жетістіктер эконометриялық модельдердің негізінде мүмкін болды, ал саясаттың қиындықтары еш «қиюласпады», «оның ең дөрекі пошымында болса да», эконометриялық електің торынан «түсіп кете берді», жиналған «үлкен сандардың» базасында, не макроэкономикалық теорияның неғұрлым әсерлі («неғұрлым таза») пошымында жасалды. Арон халықаралық саясатты (шын мәнінде, саясаттың барлық түрін) оқып­үйренетін студенттер ұшырасатын қыңыр проблемалардың шын мәнінде орасан зор көпшілігінің ішінен тек кейбіреулерін ғана атайды. Ол проблемалардың бірі мынадай ­ саясат доктриналық жанжалмен сипатталады.

Саясат толық билікті әміршінің қолдануға жүгіне алатын (және мұны тым жиі істейтін) дүние. Ол­ол ма, күш қолдану келіссөздердің пәні бола алатынымен, дипломатиялық өнермен шектеле алатындығымен, этикалық тұрғыдан айыптала алатындығымен немесе идеологиялық тұрғыдан мадақтала алатынымен, ішкі саясаттағыдай заңмен жойыла алмайтыны даусыз. Кант көз жететін жерде мәңгілік бейбітшілік болмайды деген. Тарих көптеген ащы сабақ береді, және бұл солардың бірі екендігі күмәнсіз. Бірақ теоретиктерді «ішкі» және «сыртқы» күштер мен факторларға дәл, ымырасыз бөлудің елесінен сақтандырайық: мемлекеттер мен халықтардың ықпалдастығының әрбір актысында бұлардың екеуі де бар. Халықаралық қатынастардың көз жеткізе алудан дәмелі кез­келген зерттеуі «әлеуметтанушылық» та, «тарихи» да тұрғыдан «нақты» болға тиіс (Арон, 1984. Р. 178). Әрқилы елдер мен олардың тарихына, олар дүние жүзіне паш ететін стратегиялық мәдениеттерге мұндай «жанасусыз» теория соғудың барлық әрекеттері тайыз болады. Арон аса әдепті тұжырымдайтынындай, «ескі дүние» мұны жаңа дүниедегі «шешімдердің», «болжамдардың» және «қадағалаудың» өмірге шат, жап­жас дерлік энтузиастарынан гөрі жақсы түсінетіні даусыз. Олар әрбір қағидадан «сындарлылық», «саясат туралы ғылымдардың» қолданбалылығын іздеуге өз ниеттерінде елес қуып кетеді, өйткені «саясат ғылымы, немесе халықаралық қатынастар туралы ғылым, сындарлы емес және ешқашан, бері салғанда per se (таза күйіндегі) саясат, яғни, индивид пен қоғамдастық арасындағы бақталастық ғайып болатын заманға дейін ондай болмайды» (1984, P. 181). Бірақ бұл ешқандай жағдайда «қарекет доктриналарын» және қарулы қол ережелерін жоя алмайды. Ең үздік дипломаттар, президенттер мен премьер­министрлер «шұрық ­ тесік» теориялық тұжырымдамалар аясында жұмыс істегенімен, біздің бағымызға қарай, «тәртіп» таптаурындылығына байланып қалмайды.

Читайте также:  "Әйелдік мистериялар"

Практиктер әрқашан білген нәрсені теоретиктердің бағалай білгені артық болмас еді: халықаралық аренадағы қарекеттер көзделетін мақсаттар толып жатқанын есте ұстауы керек, сонда дипломаттар «Homo diplo­maticus’Tbin қарабайырландырылған ережелерінің тұтқыны болып қалмайды, олар өз тәртібінде басшылыққа алатын мақсаттар мен бағалардың көптігін түсініп, олардың өз одақтастары мен өз дұшпандарының мәнісіне бойлауға ерекше мүмкіндіктері арта түседі» (Арон, 1984. Р. 184). Біздің теорияларымыздың шеңберіне дүниенің сия қоймайтындығынан қысылып, түңілуді қоятын уақыт жетті. Бәлкім, гәп теориялардың өзінде шығар. Бәлкім, дүниені «қуып жетуге» тырысу керек болар. Бәлкім, өз зерттеулерімізде «саясат» деп аталатын шексіз күрес дүниесіне, біздің мұқият түзілген категорияларымызды, жүйелеріміз бен болжамдарымызды ұдайы келемеж ететін, бірақ біздің түсінуімізді қатаң талап ететін осынау ұлы да кейде сұмдық дүниеге ену керек болар. Түсіну дегенде мен жай ғана белгілі бір оқиғаларды көрсетуден немесе оларға реакциядан ­ әрине, бұл да маңызды екендігі күмәнсіз болғанымен ­ жоғары тұрған нәрсені меңзеймін. Мен, біздің төл өмір салтымызға, тарихи тәжірибемізге мүлдем сәйкес келмейтін, бұл орайда әдетте біз істейтіндей, түсінікті кереғарлықтан және тіпті пікірлерден қашқақтамай, дәйекті баға бере алатын теория жасау әрекетін меңзеймін. Теоретик үшін бұл өте қиын болса да, «теория соғу тілегінен» аулақ тұру керек. Ол «ненің бар» екенін және бар нәрседе ненің мүмкін болатынын жүрегімен түсінуі тиіс. Бұл абстрактылы тұжырымдамалардан бас тарту емес ­ оларсыз теория жасалмайды, бірақ бұл «абстрактыланған» категориялар (мен оларды солай атағым келеді) жасаудан сақтандыру. Олар түсіндіруге тиісті­міс дейтін нәрселерден бізге зат бөлшектерінде, олардың көпқырлы күрделілігінде және көбіне түсіндіріле алмайтынында болатын өмір шындығы жетіспейтіндігінен алшақтығы соншалық категориялар жасаудан сақтандыру.

Оставить комментарий