Тепе-теңдік саясаты туралы

Юмның «Күш­қуат тепе­теңдігі» («On the balance of poci») деп аталатын шағын очеркінде тепе­теңдіктің жадағай теориясы өте қарапайым тілмен көз жеткізе баяндалған. Дэвид Юм әңгімені мына мәселеден бастайды: «тепе-теңдік идеясы деген жаңада пайда болған идея ма әлде оның өзі мына көне дүниедей ескі де, тек тұжырымы ғана жаңада ойлап табылған ба? Осы баламалы сұрақтың екінші бөлігі түрме: гректердің бүкіл саясатында тепе­теңдік жөніндегі мазасыздық айқын байқалады, ежелгі тарихшылар мұны әбден ашық айтқан. Афинаға қарсы құрылып, Пелопеннес соғысын тудырған одақтың түгелдей осы тепе­теңдік ұстанымы бойынша жасалғанын Фукидид анық көрсеткен. Афина құлдырап, Грекияны билейтін тәуелсіздік жолында фивалықтар мен лакедемондықтар күресе бастағанда, Афина мен көптеген республикалар тепе­теңдікті сақтау үшін әрдайым әлсіздің жағында болғанын көреміз». Персия патшалығы да дәл осылай істеген.

Персия патшалығы да грек республикаларымен салыстырғанда күші азғантай кішкентай ғана патшасымақ болған, сондықтан ол қай уақытта да бәсекелестікпен емес, тек өзінің қауіпсіздігін сақтау үшін ғана әлсізді қолдап отырған». Александрдың мұрагерлері де осы ұстанымды қолданған: «Олар саяси есептерге және де шынайы сақтық сезіміне сүйене отырып, күш ­ қуаттың тепе­теңдігін қалтқысыз қадағалап отырған да, соның арқасында атақты жаугерші өлгеннен кейін өздері бөлісіп алған иеліктерін бірнеше ғасырлар бойы сақтай алған». Соғысқа қатынасуға қабілеті бар басқа мемлекеттер мен халықтар да дәл осындай жүйеге кіретін болған. «Шығыс елдерінің билеушілері бұдан кейінгі кездерде де гректер мен македониялықтарды өздері істес болатын бірден­бір нақты күш деп есептеген де, сондықтан әрдайым дүниенің осы жақ бөлігін үнемі қатты қадағалап отырған». Егер ежелгі елдерде тепе­теңдік саясатын ескермегендер деп қаралатын елдер табылатын болса, соның бірден­бір себебі Рим империясының тамаша тарихы еді.

Рим өзінің қарсыластарын бірінен соң бірін өзіне бағындыра алатын болған, өйткені оның қарсыластары өздерін сақтау үшін дер кезінде өзара одақ құра алмаған. Ганнибал келіп жеңіп алғанша Филипп өзінің Македониясында битарап болып отыра берген де, сонсоң оның жеңімпазбен жасаған одағы да аңғалдық болған. «Ежелгі дүниенің тарихшылары кемеңгер деп мадақтаған Родос және Ахея республикалары Филипп пен Антиохқа қарсы соғыста римдіктерге көмек көрсеткен». «Массинисса, Аттал, Прусиас үшеуі де өздерінің жеке мақсаттарын көздеймін деп жүріп, Римнің ұлылығына құрал болған: сөйте тұра, оларды өз одақтасының жаулаушылық әрекеттеріне көмектесу арқылы өздеріне өздері бұғау әзірледі деп кінәлауға болмас еді. Рим тарихында тепе­теңдік ұстанымын түсінген бірден­бір патша деп, сірә қасында, Сиракуз патшасы Гиеронды айтуға болса керек: «Мұндай күшті біреудің қолына оңаша түседі деп ойлау да және көрші мемлекеттердің одан өз құқығын қорғай алмауы да мүмкін емес». Тепе­теңдіктің ең қарапайым тұжырымы міне осындай: көрші мемлекеттер өз құқығын қорғай алмайтындай күші бар мемлекет ешқашан болуы мүмкін емес. Тұжырым өте қарапайым, ол «дұрыс ақылға және анық жағдайды түсінуге» негізделген, сондықтан мұндай тұжырымның ежелгі адамдардың назарынан тыс қалуы мүмкін емес еді. Дэвид Юм дәл осы ұстанымды қолдана отырып, содан кейін Европадағы жүйені және Франция мен Англияның арасындағы бәсекелестікті талдайды.

Читайте также:  Алашорда үкіметінің төрағасы

«Еуропаның бостандықтары үшін бұрынғыдан да қауіптірек жаңа қуаттылық пайда болды, өйткені ол ескі қуаттылықтың барлық артықшылығын ала келді де, кемшіліктерін қайталаған жоқ, ал енді кейбір екіжүзділік пен үрейшілдіктің белгісі болса, олар көбіне­көп Австриядағы билік үйінің сипатты сыбағасы болатын». Англия француз монархиясының қарсыластары ішінде алдыңғы қатарда болды; ал француздар бес соғыстың төртеуінде жеңіп шықса да, өзінің үстемдігін онша кеңейткен жоқ және Еуропада өзіне толық біріншілікті қамтамасыз еткен жоқ. Бүгінде Юмның ағылшын саясаты жөніндегі сын пікірлерін езу тартпай оқу мүмкін емес. «Бүгінгі саясатқа қажетті сақтық талаптарынан гөрі бізді ежелгі гректерге тән қызу бәсекелестік рухы көбірек шабыттандырады». Англия өзі орынды түрде, бәлкім қажет болғандықтан бастаған соғыстарын анағұрлым ерте аяқтап, кейін қол жеткізген шарттарына бұрынырақ жете алатын еді. Англия мен Франция арасында жаулық талассыз нәрсе болатын, Англияның одақтастары оның күшіне дәл өз күштеріндей сенетін де, барынша төзімсіздік пен ымырасыздық танытатын, оның үстіне соғыс қимылдарының барлық шығындары Англияның мойынында болатын. Ақыр аяғында, «өзгелердің жанжалына біздің адал ниетпен араласатынымыз сондай, тіпті өз жайымызды және біздің болашақ ұрпақтарымыз жайлы ойлаудан қаламыз да, тек қарсыласқа қайткенде неғұрлым көп зиян келтіреміз деп, соны ғана ойлаймыз». Шамадан тыс жаугершілдік құлшынысты Юм лажсыз экономикалық шығындарға апырып соқтыратын залалды нәрсе деп есептейді: оған мұндай құлшыныстың ерекше қауіпті болып көрінетін себебі ­ мұның өзі Англияны екінші бір ұшқарылыққа апарып соғып, «бізді Еуропаның тағдырына мүлде немқұрайды қарайтын етуі мүмкін.

Афиналықтар алғашында жанжал атаулыға ең жаны құмар және бүкіл Грекиядағы ең жаугершіл халық саналып еді, кейін кез­ келген жанжалға киліге кетулерін қателік деп есептеген кезде, олар шетелдік істерге мүлде назар аудармайтын болып, кейінгі соғыстар кезіндегі бар білетіні тек жеңімпаздарды қолпаштап, мадақтау ғана болып алды». Дэвид Юм тепе­теңдік саясатын мақтайды, себебі ­ ол далиған империяларды үзілді­кесілді ұнатпайды: «Бәлкім, күндердің күнінде Еуропаны боршалап бөліп алуы мүмкін орасан монархиялар шынтуайтқа келгенде адамзат табиғаты үшін апатты болуы мүмкін ­ олардың жеңіске жетуі де, өмірлерінің ұзақ болуы да, тіпті құлдырап құлауының өзі де апатты болып, алғашқы пайда болған кездегі күйінен онша алысқа кете қоймас». Ал енді Рим империясына қарсы қандай теріс пікір болуы мүмкін еді? Оған Дэвид Юм былай деп жауап қайтарады: егер Рим империясы, дейді ол, қандай да бір жағымды құбылыс деп есептелетін болса, оның себебі ­ «оған дейін адамзат жалпы алғанда ешқандай тәртіпті білген жоқ, өркенияттан алыс жағдайларда өмір сүрді». Қандай да болсын монархияның тынымсыз шабуылы ­ Юм бұл жерде нақтылап Бурбондарды айтып отыр ­ өздігінен алғанда да адамзат табиғатының дамуына, шарықтап көтерілуіне кедергі болады. Бұл жерде Юм тепе­теңдік саясаты мен жалпылама монархияны қарама­қарсы қойып отыр десек, біз оның ойын онша бұрмалай қоймаспыз. Жалпылама монархия Юмге қандай залалды болып көрінсе, Монтескьёге де дәл сондай болып көрінген: мемлекет өзінің аумағын кеңейткен сайын, ізгілігінен де айырыла түседі, сондықтан да тарихи тәжірибе мен адамгершілік құндылықтарға негізделген тепе­теңдік саясаты ақылға сыйымды күйінде қала береді.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖӘНЕ ЕУРОПА ЕЛДЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

Монтаскьёнің айтуы бойынша, орасан зор империя аумағында республиканың мүмкіндігі жойылған кезде Рим құлдырай бастаған. Егер Бурбондар монархиясы шамадан тыс далиып кеңейе берсе, дворяндар алыс жерлерде қызмет етуден бас тартады, Венгрияда немесе Литвада да, «олар естен шығарылып, тақсырдың айналасындағы қайдағы бір серілер мен ашыналардың құрбаны болып кетеді». Корольдер жалдамалылардың қызметіне мұқтаж болады да, дәл соның себебінен, монархия әбден ыдырап кеткенге дейін Рим императорларының қайғылы тағдырын біріккен соң бірі қайталайды да отырады» . Тепе­тендік саясаты парасатты ақылға, өзінің тәуелсіздігін сақтау үшін және күш­қуаты мен қару­жарағы басым басқа бір державаның қоластына түсіп қалмау үшін сақтық жасауға негізделеді. Рас, ашық немесе астыртын күш қолдануды адам өшпенділігінің көрінісі деп қарап, мұның өзі тікелей зорлыққа ұласып кеткен кезде, кейбір мемлекет қайраткерлері мен теоретиктер ондай саясатты жарамсыз деп есептейді. Алайда автономиялық ерік­жігерге балама бола алатын нәрсені ондай сыншылар ең болмаса қиял жүзінде көзге елестетіп көрсінші. Екінші жағынан, жалпылама монархиями зәрелері ұшып, тәуелсіз мемлекеттердің тірі қалып, сақталуын қалайтындар нақ сол тепе­теңдік саясатын адамгершіл деп немесе, ең кем дегенде тарихи жағынан орынды деп есептейді. Және, оған керісінше, белгілі бір кеңістік пен белгілі бір уақытты қарастыра келіп, толып жатқан тәуелсіз елдерден империялық бірлікті артық көретіндер жаңағы тепе ­ теңдік саясатын тіпті моральға жат демеген күннің өзінде анархистік деп бағалайды.

Бар бақылаушы догматик болмаса, ол жағдайға қарай тепе­теңдікті немесе империяны жақтайтын болады, өйткені мемлекеттің жер аумағының ең оңтайлы деген көлемі (кім үшін және не үшін оңтайлы?) Барлық замандарда бірдей болуы тіпті де мүмкін емес. Жалаң ойға мықтап берілгеннің өзінде тепе­теңдік саясаты дегеніміз қандай бір мемлекеттің одаққа біріккен өз бәсекелестерінен басым түсетіндей күш жинауына жол бермегендей бағыт ұстануы болып шығады. Тепе­теңдікті сақтағысы келетін қандай да мемлекет өзіне осындай артықшылықты қамтамасыз етеді­ау деген басқа бір мемлекетке немесе мемлекеттер одағына қарсы шығады. Мұндай жалпы ереже халықаралық жүйелердің барлығына бірдей қолданылады. Алайда, тепе­тендік саясатының нақты ережелерін жасағылары келетіндер болса, онда оларда күштер арақатынасының ортақ белгілеріне негізделген жүйелер үлгісі болатын болсын. Бұл жердегі ең қолайлылары мен көп полюсті және екі полюсті деп атаған үлгілер болып табылады: мұнда не өз күштерінде онша көп айырмашылығы жоқ елдер негізгі қатысушылар болып табылады; немесе керісінше, өздерінің бәсекелестерінен басым түсетін екі ел болады да, олардың әрқайсысы өз одағының орталығы болып шығады, екінші дәрежедегі одақтастар сол екі блоктың қай ыңғайына қарай икемделеді, яғни олардың қалыс қалуға ылажы болмаған жағдайда біреуіне қарап ыңғайласады. Негізгі қатысушы елдердің санына қарай және сол орталық мемлекеттердің теңдік немесе теңсіздік дәрежесіне қарай аралық үлгілер де болуы ықтимал.

Читайте также:  Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндіріс пен сапаны басқарудағы ұйымдастырушылық өзгерістер

Оставить комментарий