«Теріс коннотация»,»позитивті коннотация» туралы

Процесстің шешуші элементтерін ол өте айқын анықтаған: «Екі мифте, — деп жазады ол, — жеке тұлғалық және ұжымдық тәртіп арасындағы бір оппозицияны байқауға болады, тотемизмге қатысты біріншісі негативті, ал екіншісі позитивті бағаланады. Екі мифте де жеке тұлғалық және зиянды тәртіп ашқарақ және мақтаншақ тәңіріге тәуелді (әйтсе де, ол Ж. Дюмезиль шебер зерттеген скандинавтық Локиге Ұқсас)» (37­38 беттер). Оджибва мифінде негативті бағаланған жеке тұлғалық тәртіп өзінің таңуын көтеріп, үндісті көзқарасымен өлтірген табиғаттан тыс мақұлықтың абайсыздығы. Тикопиа мифінде ол Тикараудың тотемистік өсімдіктерді ұрлауы. Миломаки туралы мифте ол қаһарманның үнділер жейтін балықты ұрлауы. Оң бағаланған ұжымдық тәртіп ол оджибва мифінде теңіз тереңінен жалғыз қылмыскерді қуатын бес өзге тәңірлердің араласуы. Тикопиа мифінде ол Тикарауды барлық қоғамдастықпен бірге қуғындау. Миломаки туралы мифте болжамды кінәліні үлкен отта жағушы құрбандардың ата­аналары. Сонымен, позитивті бағаланған ұжымдық әрекет ол әрқашанда ұжымдық зорлық, әрқашанда құрбанды жазалау. Біздің ойымызша, теріс бағалау объекті құрбан болған айыптау. Оның ақиқаттылығына ешкім шүбә келтірмегесін және бұл айыптауды бүкіл қоғам қабылдағандықтан, ол одан құрбанды өлтіру үшін занды және қажетті уәж көреді. Егер оджибваның құтқару құрбандығы тек бір үндісті шітіруге тана үлгірсе, өйткені өзге бес тәңірінің араласуы әлгінің көзінің долдануына кедергі етеді. Дәл сол сияқты Тикараудың тотемикалық тағамдарды ұрлауы бұл тәңірінің зорлар қуылуын ақтайды. Миломаки жағдайында да дәл солай. Егер құтқарушы құрбандықтан құтылмаса, онда барлық қоғамдастық уланып өледі. Етер «негативті бағалауларды» зейіндеп қарасақ, олар бүкіл қоғамдастық үшін мүмкін немесе шынайы қауіп төндіреді. Эдиптің әкесін өлтіруі және шешесімен жатып шығуы оның жеке ісі емес, өйткені бүкіл фивалықтарға обаны таратады. Пенфеяның дінсіздігі тек оның жеке немесе жанұялық ісі емес; және неге екенін біз айқын көре алар едік, егер мифтің шынайы болған оқиға, ал ұжымдық зорлықтың шынайы орын алғанын түсінсек, бірақ Леви­ Строс та, мифологияның өзге пайымдаушылары да оны еш түсіне алмады, өйткені әлгі оқиғалар зорлаушылардың өз танымында көрсетілген. Бұл таным фантастикалық айыптауды қоғамдастық үшін шүбәсіз ақиқатқа айналдырады; демек, мифта әңгіме өзге жағдайдағыдай түсінік туралы; және мифологияның пайымдаушылары оны өзгеден айыра алмайды; олар әлгі нәрселерден қоғамдастықтың ауызбіршіліктегі келісімі арқылы, құтқарушы құрбандыққа қарсы кекті бітісу арқылы сенімді нәрсеге айналдырылған айыптауды мойындауға қабілетсіз. Леви­Стростың осы екі мифтегі «барлығы біреуге қарсы» тұжырымына телінген репетсіз жүгінуі бұл қатынастың өзінің қатыгез сипатына қарамастан өзі төңкеріліп, орын ауыстырып, мыңдаған тәсілдермен өзгеріске түсіп және тіпті кейбір мифтерде толығынан жоқ болуға қабілеттілігін ақтағандай болады. Біз көргеніміздей өзі барлық қоғамдастықты жойғаннан кейін таңдаулы және жіктелген түрде қайта тіріліп жалғыз тірі қалған жалғыз құрбандық жөніндегі мифтер бар. «Шикі және қуырылғанда» Леви­Строс осындай мифтің біреуін оны оджибва және тикопиа мифтерімен біріктіріп келтіреді. Ол бороро тайпасының мифі (59 б.). Г.Л.: Ол барлық мифтік ұғымдарға тең қатысты болғандықтан, ол олардың бәрін тең дәрежеде күдікті санағандықтан Леви­Стростың скептицизмі қитұрқы түрде негізқалаушы зорлыққа қатысты діни нанымға тең нәтижелерге әкеледі; ол әлгі зорлықты аша алатын пәрменді сынды беймүмкін қылады. Қазіргі қатынастың діни нанымға ұқсас эффекттерді тудыруы, әрине, қызық, бірақ бұл таң қалдырмайды, өйткені екі жағдайда да барлық ұғымдармен бір дәрежеде айналысу басшылыққа алынған. Барлық ұғымдарға сене ма, әлде біреуіне де сенбей ме, ол ақырында бір нәрсе. Мифті шын сынау үшін, оның жалған сыртқы көрінісін жоятын зерделеу құралын жасау және оның шығу тегі құпиясын ашу үшін Сіз сияқты әйгіленудің барлық теорияларынан a priori бас тарту керек. Ж.­М.У.: Мифологиядағы шексіз ұжымдық зорлықтан таза дискриминацияның мағынасыз драматикалық көрінісін көру Г.Л.: Егер бүтінде жаңа алғашқықауымдық жындысүрей жеделдікке дейін жетсе, демек, оның уақыты біткені; оттың енді сөнер шатыңда, алауы мықты болады. Р.Ж.: Бізі өзіміздің әңгімеміздің басынан айтқан барлық нәрселер тек адамдық зорлықтың пайымы барған сайын тереңдеген осы қазіргі әлемнің контекстінде ғана мүмкін. Алғашқықауымдық әлемде біздің сөздер ойға сиымсыз; тіпті оны сөйлейтін адамдар бар болғанда да, олар толығынан түсініксіз болар еді. Біз айтқан қуғындау құбылыстары бізге тура күйінде жетпейді, олар бізге тануға беймүмкін мифология түрінде, құрбандарды киелендіру рәсімі арқылы жеткен. Біздің дискурс өз даму барысында барлық этнологияны және ой болжамын қамтитын зердеуи қозғалыста жазылуда. Адам туралы барлық ғылымдарда, олар қанша кем дамыған болса да, түбінде біз шешуге тырысқан зерттеуді өміршеңдіретін проблема жатыр. Болжам ылғи да құтқарушы құрбан тетігін бағыт тұтады, тіпті егер бұл зердеуи формалар мақсатына еш жете алмай, догматикалық жүйеге өзгерген болса ал. Демек, олар киеліліктен бастартуға қабілетсіз. Егер біздің де маршымыз қазіргі зерттеудің жетілген жаңа кезеңін құраса, онда тұтастық ретінде қарастырылған бұл зерттеудің өзі мұнан гөрі кендеу динамизм шеңберіне кіруге тиіс. Ол барлық бұрынғы адамзатта және ғаламшардың барлық өзге қоғамдарында әрқашанда тек мифологиялық түрде пайда болған оқиға біртектілігін кездейсоқ зорлық ретінде алғашқы қабілетті болған қоғам шеңбері. Демек, егер бүгіндері адам табиғатына қатысты мәселе бар болса, бізді ұжымдық зорлық құбылысын пайымдаушылар және мифтерден гөрі қуғындау мәтіндерін тудырушылар ретінде сипаттайтын үнемі кеңеюші позицияға борыштымыз. Білімсіздік ретіндегі адам жөніндегі мәселе және зорлық жөніндегі мәселе тек қана бір бірінің функциясында ғана нағыз мағынаға ие болады. Негізқалаушы тетіктің тек қана діни немесе мәдени емес, сонымен қатар, адамдану құбылысының тетігі ретінде ашылуы шешуші кезең болады. Бұл үш мәселенің бүгінде бірігумен бітуі тек қана қазіргі ой және адам жөніндегі ғылымды дайындамаған. Мұның бәрі барған сайын дүйім ғаламшарда мифтер мен ритуалды өндіруді, зорлық құбылыстарының сакралды трансфикурацияларын ғасырлар бойы тежеуге, ал кейін барлық өзінің юрисдикциясы жететін жерде болдырмауға қабілетті қоғамның кең контексттіне кіреді. Қутыңдау мәтіндерін тудыратын қоғам киесіздену жолында түр. Барлық бұл құбылыстардың бір екенін алғашқы айтушы біз емес, бірақ олардың өз табиғатын алғашқы түсінген біз. Біз осы сәтке дейін айтқан нәрселердің бәрі өзін барған сайын айқын танытатын құрбандық бітісу тетігіне әкеледі. Өзімізді дұрысырақ түсіндіру үшін, бірақ оның шынайы құндылығы жөнінде иллюзия жасамау мақсатыңда, мұнда кеңістік метафорасын қолдануға болады. Біздің қоғамымыздан тыс бұл тетік толығынан көрінбейді, өйткені ол көлеңкеде, адамдар сыртыңда түр. Керісінше, иудейлік­батыс қоғамында ол бірте­бірте көлеңкеден шығып, барған сайын көрініп келеді. Бұл дамушы шынайылықтың көптеген нәтижелері бар, бірақ біз қазір әсіресе діни және эпистемалық нәтижелерге назар аударғымыз келеді. Құрбандық жүйесі айқындалған сайын әділетсіз зорлық және қуғындауға ұқсас концепциялар ойға сиымды болады және олар барған сайын маңызды рол атқарады. Сонымен бірге мифоритулдық өндіріс әлсірейді және толық тайып болумен аяқталады. Бұл ашылу барысы өзіне қиын сәттерді, немесе біздікі сияқты кенеттен жеделдеу кезеңін кіргізсе де, және оның дамуы кейбір топтар мен тұлғаларға байланысты болса да, оны бір сәтті «пайм» немесе белгілі элитаның артықшылығы деп санаудан аулақ болған жөн. Бұл заттарға тым «зердеу» сипат берудің қажеті жоқ. Мысалы, антисемиттік мәтіндер сияқты қуғындаудың ортағасырлық мәтіндері, инквизицияның үкімдері, немесе мыстандарға қарсы процесстер, олар тіпті мифологияға өте жақын бөліктерді сақтаса да, өйткені қутыңдауды мифтік сипаттағы айыптаулар арқылы ақтайды, өйткені олардың көкжиегін тек түсінбестік нұсқасы арқылы тана анықтауға болады. Ол мифтердің түсініксіздігіне жақын болса да, ол енді таза мифология және біз қабілетті пәрменді мифсіздендіру арасында орналасуға тиіс. Егер бұл мәтіндер мифтерден оңай оқылса, ондағы объекті құрбан болатын өзгеріс оларда мифтерден гөрі әлдеқайда кем. Бұл жөнінде сіз оқылған қуғындау мәтіндерінде құрбанның киесізденбегенін немесе киесізденуге тек әлжуаз нобайын ғана сақтағанын еске салдыңыз. Дәл осы нәрсе ғана оны оңай оқылатын қылады. Сонымен, біз қабілетті оқу нұсқасына апаратын жол өте жоғары деңгейде және бұл тұрғыда зорлық рәсімімен еш біріге алмайды, әсіресе ол ұлғайған сайын, өйткені оның табиғатын таныған сайын, оның миметикалық санадан тыс шептену қабілетін және бітістіру күшін кемітеді. Демек, құрбандық тетіктерін ашуға апаратын процесс онша сенімді процесс болмағаны. Бүтіндері зорлыққа қарсы мәдени усыздандырудың парадоксалды және зорлықшыл сипаты жөнінде біз жақсы білеміз. Барлық зорлықты өз ішінен қуатын нәрсе адамдар үшін зердеуи және этикалық тұрғыда прогресске ие, бірақ қазіргі жағдайда мұның бәрі тарихта әлгі зорлықтың ғаламат күшейуінде әйгіленеді және ең қалаусыз һәм қатыгез формаларда, өйткені құрбандық тетіктер барған сайын тиімсіз және қайта өндірілуге қабілетсіз. Мүмкін, бұл жағдайларда адамдар құрбандар иерін ұлғайтып, Холокосттарда әрқашанда құрбанды болғысы келген, бірақ барған сайын ол қабілетінен айырылған құрбандар санын молайтып дәстүрлі усыздануға оның айырылған тиімділігін қайтаруға тырысады. Занды және заңсыз зорлық арасындағы әрқашанда кездейсоқ, бірақ мәдени шынайы айырмашылық барған сайын өшірілуде. Оның иллюзия күші әлсізденіп, ендігәрі ол іс жүзінде жоқ болса да, тек оның атынан бір біріне қарсы тұратын және оны бейнелеуге тырысатын ағайынды жаулар бар; оның енді өзі кірген миметикалық дағдарыстан айырмашылығы аз. Кез келген заңдылық жоқ болады. Г. JI.: Мұнда сіздің зорлықтан мәдени қорғанудың құрбанды және зорлықшыл сипатына жасаған акцентіңіздің сізді кейбір сыншылар айтатындай құрбандық шалушы қоғамдармен келісімшілікте емес және сізде ондай қоғамдарға қарай кері кету ниетіңіздің жоқ екені жақсы көрінеді. Құрбандық жүйесіндегі бұл жүйенің шынында да негізін қалаушы болуы үшін қажет білімсіздіктің маңызы олардың назарынан тыс қалады. Мүмкін олар сіздің «Зорлық және киеліліктің» бірінші тарауымен ғана шектелген шығар, әлде бұл сіздің теорияңыздың ең маңызды және ең биязы бабы болғандықтан ба екен?

Читайте также:  Шотан батыр

Оставить комментарий