Батыс Қазақстан тұтасымен алғанда, оның ішінде қарастырып, отырған регионымызды жеке алып қарағанда олар шипалы, минералды жер асты суларына бай. Термальды сулар көбінесе минералды болып келеді. Сипаттап отырған территорияда бұдан басқа шипалы лайлар да бар. Судың да, шипалы лайдың да ресурстары едәуір, олар бальнеологиялық және халық шаруашылығындағы басқа да мақсаттар үшін қолданылуы мүмкін. Термальды сулар Оңтүстік Ембі мен Үстірт ауданындағы мұнайлыгазды, сондайақ Бозащы түбегі, Түпқараған және Оңтүстік Маңғышлақ аудандарының шегінде кең таралған және зерттелген. Олар белгілі бір артезиандық, бассейндердің геотермиялық жағдайларымен анықталатын, жер бетінен едәуір тереңдікте жатады және әр түрлі сулы қабаттарға шоғырланған. Каспий ойпатының бір бөлігі Оңтүстік Ембі ауданы шөгінді жыныстардың, гидрохимиялық жауыншашынның, мұнайлыгаз кендерінің литологиялық фациялық құрамы жөнінен алуан түрлі қалың қабаттарынан құралған. Бұл – ауданның геологиялық құрылысын күрделендіріп тұрған тұз күмбезді тектониканың болуы, ол – жер асты жылуының аудан бойынша да, тереңдік бойынша да әркелкі бөлінуіне себепші болады. Геотермиялық градиенттердің орташа шамасы тіпті ауданның ішкі учаскелерінің шегінде де 100 метрге 1,9 градустан 3,14°Сға дейін және 1000 метр тереңдіктегі температура 33,3 градустан 44,4°Сға дейін, 2000 метр тереңдікте 56,3 градустан 72°Сға және тағы да осылайша өзгере береді. Шөгінді жасалуының геотермиялық қасиеттері олардың литологиялық фациялық құрамына байланысты болады. Әр түрлі горизонттарды ашатын терең скважиналардағы геотермиялық сатыларды анықтаудың негізінде бірнеше геотермиялық қабаттарды (кайнозой, жоғарғы бор, төменгі бор, орта юра, орта және төменгі юра, сипаттап отырған территория шегінен тыс тағы да триаспермь, кунгур және басқалары) бөліп көрсетуге болады. Кайнозой геотермиялық қабаты жалпы қалыңдығы 10001100 метрге дейін жететін құмдысазды және саздыкарбонаттардан пайда болады. Мұнда өте минералды суы басым бірқатар шағын қабатты сулы горизонттар бар. Жыныстарының жылу өткізгіштігі әр түрлі, осыған сәйкес геотермиялық сатылары да өзгеріп тұрады. Қабаттың әр түрлі горизонттарына шоғырланған жер асты суының температурасы 10 градустан 40°С дейін өзгереді. Жоғарғы бор геотермиялық қабаты негізінен карбонатты жыныстардан (жазу боры, мергель, ұқсастығы аз саздар, әктастар) құралған, олар суға қанығушылығының нашарлығымен және жылу өткізгіштігінің айтарлықтай жоғары болуымен ерекше. Геотермиялық сатыларының шамасы 48ден 60 м/°С дейін, ал жату тереңдігіне байланысты жер асты суының температурасы 25 градустан 50°С дейін ауытқиды. Төменгі бор геотермиялық қабаты қалыңдығы 8001000 метрге дейінгі терригенді құмдысазды шөгінділерден тұрады. Мұнда геотермиялық сатының шамасы 37ден 83 см/°С. 1967 жылдың декабрінен 1971 жылдың февраліне дейін жер асты суының режиміне тұрақты бақылаулар жүргізілді, Бұл кездегі гидрогеологиялық көрсеткіштер (дебит, сағалық қысым, температура, судың минералдануы және химиялық құрамы) тұрақты болып қала берді. Судың химиялық құрамы Батыс Қазақстан геологиялық барлау ғылыми зерттеу институтының Бүкілодақтық мұнай институты Маңғышлақ бөлімшесінің, Пятигорскінің курортология және физиотерапия ғылымизерттеу институтының, Алматының өлкелік патология ғылыми зерттеу институтының, Қазақтың минералды сулар жөніндегі гидрогеологиялық станциясының, Маңғышлақ гидрогеологиялық экспедициясының және басқаларының лабораторияларында зерттелді. Барлық талдаулар нәтижелерінің ұқсастығы жақсы. Пайдалы қазбалар жөніндегі территориялық комиссия 1971 жылы Ералиев минералды суларының пайдалану қорын АБ категориясы бойынша тәулігіне 2420 текше метр мөлшерінде бекітті. СССР Денсаулық сақтау министрлігінің классификациясы бойынша Ералиев минералды суы ішуге және сырттай пайдалануға жарамды «А» индексінің анионды V класты, катионды I класты (натрийлі), минералдануы орташа топты (литріне 515 грамм) Новоижевскіінің шипалы суларының типіне жатады. Органикалық заттардың негізінен гумус мөлшерінің көп болуы, Пятишрокінің курортология және физиотерапия ғылымизерттеу институты ұсынған бағалауға қарағанда бұл суды ішуге жарамды шипалы су ретінде пайдалануға кедергі жасамайды. Керісінше, минералды судың химиялық құрамына қосымша фактор бола отырып, ол оның бальнеологиялық кұндылығын арттыра түседі. Медицина ғылымының кандидаттары – дәрігерлер Ж.Железниктің, В.Хомінюктің және басқаларының қорытындысы бойынша Ералиев минералды суы ас қорыту органдарының аурулары (созылмалы гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің уытты жарасы, созылмалы гепатит, созылмалы холецистит, созылмалы холангилит және басқа аурулар) кезінде ішуге, сондайақ шеткі нерв системасы, тірекқимыл органдары, тері жамылғысы (нефротеромит, экзема, псориаз т. б.) және гинекологиялық ауруларға ванна, душ ретінде және шүберекті дымқылдап тартып пайдалануға болады. Ералиев поселкесінде 1972 жылдан бері осы сулардың негізінде 17 ваннасы бар су емханасы жұмыс істейді. Емхананың қызмет көрсету қабілеті – сменасына 221 адам. Термальды минералды сулардың едәуір қорының болуы Ералиев поселкесінің Каспий теңізінің жағалауына орналасуы, мұнда тамаша пляждардың және климаттық қолайлы жағдайлардың (жазының ұзақ, қысының қысқа) болуы емдеу орнын кеңейтіп, оған одақтық маңыз беруге мүмкіндік жасайды. Шипалы лайлар. Батыс Қазақстанның территориясы минералды, материктік күкірт сутектік лайларға бай. Сипаттап отырған регионда олар Бозащы түбегінде және Түпқарағаңда кең таралған. Минералды шипалы лайлар су балансының тапшылығы тән болатын тұзды сорларда орналасқан. Бұл сорлар әдетте ағынсыз, еріген қар суымен және жаңбыр суымен көбейеді. Көзге көрінетін және көрінбейтін жолдармен екінші орынға ауысатын (азаятын) ащы жер асты сулары да оларды көбейтуге себепші. Көктемде және жауыншашынды кезеңдерде лайлы көлдер суландырылады, ал жазда және құрғақшылықта толығымен құрғап қалады. Лайлы көлдердің тұз құрамы негізінен сорлардың су жинаушы бассейндерін құрайтын жыныстардың еруі есебінен пайда,болады. Тұздардың жинақталуы ағып құйылатын сулардың булануынан құралады және әдетте литріне 100320 грамм және одан да жоғары болады. Тұздардың құрамы көбіне хлоридті натрийлі, хлоридтісульфаттынатрийлімагнийлі болады. Өте минералды су қабатының астында ылғалдылығы айтарлықтай төмен (2256 процент) тұздылығы жоғары күкіртсутекті лайлар жатады. Ылғалдың төмен, тұзының жоғары болуы, органикалық заттардың шағын .мөлшері, су қоймаларының дүркіндүркін құрғап қалуы – міне осының барлығы да биохимиялық процестердің, оның ішінде лайларда күкіртсутектердің құралуына байланысты болатын (соңғысының мөлшері 0,03 0,13 проценттен аспайды) сульфатредукцияның активтігіне теріс әсер етеді. Осыған қарамастан бұл лайлардың емдік қасиеттерін кемітпейді. Таяу Шығыс пен Азиядан сырқат адамдардың қажылық етуге Бозащы және Түпқараған лайлы кен орындарына келетіндігі ертеденақ (шежіре мағлұматтары бойынша) белгілі. Осы аудандардың лайлы кен орындарында сырқат адамдардың өздерін емдеу қазіргі кезде де таралған. Сондықтан алдын ала зерттелген мәліметтерге қарағанда пайдалану қоры ондаған мың текше метрмен есептелетін шипалы лай кен орындарын тез арада игеру қажеттігі және оның негізінде (ең алдымен ФортШевченко қаласында) емханалар ұйымдастыру қажеттігі туып отыр.
Оставить комментарий