Тіл құдіреті туралы

Балалық шақ естеліктері есіңізде ме? Грамматиканы меңгеремін деп қаратер болған кездеріңіз. Есіңізден шығып кетті­ау. Өкінішті­ақ. Бізді грамматикалық ережелерді жаттауға мәжбүр ететін еді ғой. Соған қатты қиналушы едік. Тіл игеруге дәл осылай механикалық тұрғыдан келген кезде ­ қиялдауға да ешқандай мүмкін қалмайтын. Міне, осыдан кейін де біз грамматиканы меңгеру оқудың ең адам төзгісіз сәттері деп бағалауға мәжбүр болғанбыз. Бәлкім, өздерінің жеке басын тым қадірлейтін және ең бастысы — біреуге тәуелді болмау деп есептейтін америкалықтар соншалықты берік, мызғымайтын қатып қалған құрылымдардың бәріне ренішпен қарайтын болар, өйткені әлгі құрылымдар олардың ерік (бостандығын себепсіз қорлайтындай көрінер еді. Әйтеуір бір себептермен, американдықтар шет тілдерді үйрену қабілеттері жоқ адамдар ретінде сипатталады. Британдықтар сияқты біз қалған елдің барлығы да ағылшын тілін жаттап алады деп күтеміз. Жеке адамның болсын, тұтастай халықтың болсын, адамдығын айқындайтын нәрсе — тіл. Хайуандардың айғай ­ қиқуы тілдің айырмашылығы сонда ­ ол ­ кең көлемдегі биологиялық реакцияның қарапайым бір бөлшегі боп есептелмейді. Тек бір ғана хайуан — адам — абстрактілі идеяларды білдіре алады және өмірдің нақты шындығына қайшы келетін жағдаяттар туралы әңгімелесе алады. Сөйлеу кезіндегі таза шартты элементтің маңыздылығы соншалық ділді ­ мәдениетке ғана тон құбылыс деп қарауға болады. Мексикаға әкелінген бирмалық тоқымашы науатты тілінің бір сөзін түсінбесе де, мексикалық әріптесінің не істеп жатқанын бірден түсінеді. Ең алғашқы, санадан тыс психологиялық нұсқауларға бағыттайтын лингвистикалық ақпараттан өткен пайдалы ақпарат жоқ. Оның үстіне әр ғылымның керемет жаңа ресурстарын пайдалану, осы мәдени міндеттерді орындау, адамзаттың ұлы дәстүрін, өз тағдырына қамқорлық дәстүрін жалғастыру жауапкершілігі». Осылай болсын, әйтпесе басқаша түрде болсын, мәдени үрдістер табиғатын адамдар қаншалықты аша алады, олар соншалықты дәрежеде алдын ала болжай біледі, болуы мүмкін жайларға алдын ала дайындала біледі, ең болмағанда, шектеулі деңгейде болса да, жағдайға бақылау жасай біледі. Қазір америкалықтар өз тарихының қиын кезеңін бастан өткеріп отыр; қиындық мынада: мәдениеттегі айырмашылықтар фактісімен қақтығысуды соншалықты оңтайлы жағдайда өткізу мүмкін болмай отыр. Қытайлардың, орыстардың, ағылшындардың терең мәдени түсініктерін танып білу және осыған қатысты мәселелерде өзара түсіністік, төзімділік таныту үлкен парасатты, білімділікті талап етеді. Әйтсе де мәдениеттің ұлы сабағы сонда, адамның ғұмыр бойы ұмтылатын, іздейтін, сол үшін бел шеше күресетін түпкі мақсат­ мұратының түп­тамырына зер салсақ, оның биология арқылы, әйтпесе тек қалыптасқан жағдай арқылы «берілмегенін» көреміз. Егер біз өзіміздің де, өзгенің де мәдениетін түсінсек, адамдардың жеткілікті дәрежеде ойшыл, жеткілікті дәрежеде саналы, жеткілікті дәрежеде қуатты болуына мүмкіндік беретін соншалықты қысылтаяң әлемде саясат ауа райы таңданарлықтай ­ ақ жылдам өзгеріске ұшыраған болар еді. Мәдениетті түсіну қайғы­мұң шеккен адамдардың көңілінде үміт отын жағады. Егер немістер мен жапондар өздерінің биологиялық тұқым қуалайтын қасиеттері солай болғандықтан, адам баласына тон емес аяусыздыққа барды десек, олардың бейбіт және ынтымақтастыққа бейім ұлт ретінде қайта туу перспективасынан ешқандай үміт күтуге болмас еді. Бірақ олардың қаталдыққа және өздерін ­ өздері дәріптеп, көкке көтеруге бейімділігі сол кезеңде қалыптасқан жағдайлардың әсерінен болды, әрине, бұған олардың мәдениеті де әсер етті, соған қарамастан, мәдениетті жоспарлы түрде тез арада өзгертуді көксейтін іс ­ әрекеттерге сенім артатын жалған үмітке иек артудың қажеті жоқ екенін де білеміз, бәрібір соның өзінде осы бағытта игі істер жасауға болар еді. «Тіл тікелей тәжірибені толық қамтамасыз етеді. Көптеген адамдар үшін кез келген тәжірибе, нақты іс жүзіндегі тәжірибе болсын немесе потенциал тәжірибе болсын, ауызша сөз арқылы сіңіріледі. Табиғатты сүюшілердің соншама көп гүлдер мен ағаштардың аттарын біліп алмайынша, олармен қатынасқа тусетінін сезінбейтінін де осыған байланысты түсіндіруге болар: сонан да шығар, айналамыздағы нақты әлем әу бастан­ақ ауызекі сөзге байлаулы сияқты көрінеді. Қандай да бір сиқыр күшімен табиғатты бейнелейтін сөздерді, терминдерді білмей тұрып, біз сол табиғат әлеміне жақындай алмаймыз. Тіл мен тәжірибе аясы арасындағы осы өзара тұрақты эсер тілді математикалық рәміздер мен жануарлар арқылы беріле белгі сияқты қатып қалған, өзгермейтін жағдайдағы таза және қарапайым символдық жүйелер қаттарынан алып шығады «. Сөздіктерде өлі күнге дейін былай делінеді: «Тіл — ойды жеткізудің құралы». Семантик ғалымдар мен антропологтар бұл — тілдің тек бір ғана қасиеті екеніне,оның ішінде негізгі жөне ең басты қасиеті еместігіне келіседі. Кеңірек айтар болсақ, тіл — іс­әрекет құралы болып табылады. Қандай бір сөздің немесе соз тіркесінің мағынасы оның сөздіктегі эквивалентіне яғни баламасына келіп саймайды, әйтседе ол осы соз немесе соз тіркесі айтылған кездегі нақты жағдайдан туындайды. Қиялдай немесе армандай отырып, біз сөзді өзімізді өзіміз сабырға шақыру үшін немесе өзімізді алдарқату үшін қолданамыз; көңілді күпті еткен жайлардан арылып, сабамызға түсу үшін де, істеуге тиісті жұмыстарды орындауға өзімізді мәжбүрлеу үшін немесе енді бір істерден тыю үшін де қолданамыз. Біз сөздерді өзге адамдармен қарым­қатынастағы өз мақсатымызды орындау үшін қолданамыз. Сөз арқылы біз өз портретімізді жасаймыз, өз іс ­ әрекетімізге түсінік береміз. Біз сөз арқылы біреулерге жақсы көрінеміз, біреулермен жалғасамыз, біреулерге қарсылық көрсетеміз, біреулерді өзімізге шақырамыз, енді біреулерге қоқан­лоққы көрсетеміз. Тіпті ақыл­ойға кемел адамдардың ішіндегі ең мықтының өздері сезімдері мен іс ­ әрекетерінен бөлінген ойларын білдіру, жеткізу керек болғанда тіл мүмкіндігінің шамалы ғана бөлігін қолданады. Тілдің негізгі әлеуметтік міндеті — адамдардың өзара іс ­әрекетінде нәтижеге жетулеріне көмектесу және әлеуметтік ширығуды бәсеңдету. Көбіне­көп айтылған сөздің салмағы жалпы айтылуға тиіс сөздің салмағынан кем түсіп жататыны да соның дәлеліндей факті. Антропологиялық лингвистика ауызекі контексті басқаруға тікелей практикалық ықпал етуге мүмкіндік әперетін елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Қарабайыр мәдениет өкілдерімен жүргізілетін өзіндік ерекшелігі бар жұмыстар кезінде жазба түрде қалдырылған дерек ­ дәйектердің жоқтығы және басқа да жағдайлар қиындық тудырған кезде, антрополог ­ лингвист «тікелей әдіспен» жұмыс істейтін маманға айналады. Ол — осы әдісті пайдалана отырып, тілді қалай үйрену керек екенін біледі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көптеген экзотикалық тілдер өте маңызды әскери мәнге ие болды, сол себепті антрополог ­ лингвист өздерінің әдіс­тәсілін осы ақпаратты жеткізушілер — осы тілдердің өкілдері арқылы сынақтан өткізуге мүмкіндік алды. Олар білім беру бағдарламаларын даярлады және мұнда ең алдымен тілді оқытудың антропологиялық тұрғыда негізделген тиімді әдіс­тәсілдері бірінші кезекке қойылды. Бұның нәтижесі Құрама Штаттардағы тіл үйретудің дәстүрлі әдіс­тәсілдеріне де ықпал етті. Антрополог ­ лингвист ауызекі тілді меңгерген ересектерді оқыту әдістерін жасады және сауатсыздарды ана тілінде оқуға жөне жазуға үйретудің әдіс­тәсілдерін ойлап шығарды. Антрополог ­ лингвист әдетте этнологиялық даярлықтан өтеді, сондықтан олар басқа тіл зерттеушілерге қарағанда сөзді халық өмірімен бірлікте қарастырады. Антропологтар көзқарасы бойынша, тіл дегеніміз — мәдениеттің, мәдени болмыстың сандаған түрлерінің бірі және ол адамның іс ­ әрекетімен, ойлау жүйесімен тығыз байланысты. Сөздікті талдау мәдениеттің негізгі бағыт­бағдарын айқындап береді және оның тарихын да бейнелейді. Мәселен, араб тілінде түйе атауына, оның дене мүшелеріне және түйеге қажет жабдықтарына қатысты алты мыңнан аса соз бар екен. Мексиканың испан тілді тілдің жеткілікті деңгейде дамымай қалуы, сонымен бірге ондағы диалекті сөздердің көптігі — бұл топтағы тұрғындардың ұзақ уақыт бойы латын мәдениеті дамуының негізі арнасынан бөлініп, томаға тұйық қалғанының дәлелі. Архаизмдердің (көнерген сөздердің) қолданылуы — диалекті испан тілі дамуының негізі арнасынан он сегізінші ғасырда бөлінгенін көрсетеді. Ал бораби деп аталатын панама индейцтерінің сөз қолданысындағы gadsoot (gadzooks), forsoo (forsooth), chee­ah (cheer), (mayhap) ант, қоштау білдіріп үн қосу) сияқты сөздер, олардың елизавет дәуіріндегі қарақшылармен байланысы болу мүмкіндігін аңғартады. Қазіргі күні тілдердің тарихы туралы, әсіресе, мәдениеті дамыту құралы болған грек, санскрит, араб, қытай және ағылшын тілдері туралы коп нәрсе белгілі бола бастады. Кейбір тұрақты қызмет ететін механизмдер анықталды. Мәдени эволюциялық негізгі қозғалыс бағытына қарама­қарсы тілдер күрделі қарапайым қарай қозғалады. Қытай және ағылшын тілдері бұл күнде өзінің барлық флексияларын жойып алды. (Флексия ­ лингвистикалық термин. Флексия деп сөздің септелу, жіктелу кезінде өзгеруін айтады. Ауд.) Фонетикалық бір ­ ыңғайлылық — танып ­білуге болатын оқиғалар ретіне сенетін адамдардың жанына жағымды жай. Блумфилд айтқандай: «Бұл қарым­қатынас тарихи деталь, бірақ оның маңызы ерекше, өйткені ол адам іс­ әрекетінің кездейсоқ болмайтынын көрсетеді; ол — бір қарағанда, елеусіз ­ ақ көрінер құбылыс: сөз ағынының ішіндегі жекелеген дыбыстардың айтылу тәсілі сияқты жайлардың өзінде де өз жүйесінен айнымайды «. Тілдің фонетикалық жағы мәдениетте іріктеу және сол сияқты стереотиптендіру яғни жалаң еліктеу механизмдері қызмет ететін фактінің барлығын да айқын бейнелейді. [Р] дыбысы деген кезімізде сәл­пәл қырылдап шығады дейтін болсақ, бұл дыбыс ешқандай қырылсыз естіледі. Әйтсе де ағылшын тілінде сөйлеушілер әлгі дыбыс естілуі жағынан бірдей болмаса да, ішкі бір түйсікпен оларға бірдей белгі ретінде қарайды. Олар қызыл түстің кез­келген реңін көрсе болды, тоқтай қалуға үйренген автомобиль ұқсайды. Егер мен белгісіз бір тілді зерттеумен шұғылданып жүрген болсам және сөйтіп жүріп ағылшынның [Ь] және [d] дыбыстарына ұқсас, бірақ айырмашылығы — жұмсақ қырылмен айтылатын екі дыбысты кезіктірер болсам, онда мен өзім үшін жаңа тілдегі [g] типтес дыбыстардың бәрі де осы схемаға сәйкес келеді деп еш іркілместен болжау жасай аламын. Мәдениеттің кез келген өзге де аспектілері сияқты тіл де жүйелі түрде кесіп ­ пішілген өлшемді ұстана бермейді. Біздің мағынасы жоқ бас әріптерге тастай қатып жабысып қалатынымыз бар. Ағылшын тіліндегі дұрыс жазу, емле ережелерінің қисынсыздығын да осы арада мысалға келтіруге болады. «Ghiti» сөзін fish сияқты етіп оқыса болар еді: [f]­ ны laugh сөзіндегі, ал [sh]­Hbi ambition сөзіндегі етіп оқыса болар еді. Ықылық (hiccough) сөзінде gh әріптері [р] дыбысын береді. Ghoughteighteau сөзі (картофель) болып оқылуы мүмкін — оны өзіңіз түсініп алыңыз. Біз орыс тілінде «пять домов» деп айтамыз, ал шын мәнінде «пять дом» деп айтар болсақ, әрі айтуға ыңғайлы, және мұның үстіне осы мағынаны соншалықты жақсы беріп түр. Тілдік қолданыстардың жекелеген ерекшеліктері де өте көрнекті. Француз протестанттарының құдайдан тілек тілеген кезде достық көңілмен сен (tu) деген сілтеу есімдігінің қолдануы, ал католиктердің, ресми түрде сіз (vogus) деп сөйлесуі кездейсоқ емес. Француз қоғамының әлеуметтік деңгейі, қоғамдағы орны жағынан әр түрлі сатыда тұрған адамдарының барлығы да жұбайлар арасындағы қарым­қатынаста ақсүйектер арасында ежелден бері қолданылып келе жатқан есімдігін бір­біріне қарата сөйлегенде қолдану үрдісін сақтап қалған. Бірақ «Қалаға жапсарлас елді мекен Сен ­ Жерменде» герцог өзінің зайыбына — герцогиняға сіз (vous) деп сөйлеседі — ал tu есімдерін көңілдес әйеліне қарата айтатынын олардың екеуі де жақсы түсінеді. Екінші жақтағы сілтеу есімдігінің қолданылуының өзін ғана негізге алып европалық қоғам құрылымындағы өзгешеліктер, айырмашылықтар туралы тұтастай монография жазуға да болар еді. Францияда адам есейген кезде тек санаулы адамдармен «сен» деп қарым­қатынас жасайды. Олар тек өздерінің ең жақын туыстарымен және балалық шақтағы достарымен ғана осылайша өзімсініп сөйлесе алады. Ал неміс тілді ортадағы студенттерге басқаша: егер өзі жиі көріп қарым­қатынас жасап жүрген адаммен тілдескеніңізде тез арада «сенге» көшпесеңіз, олар сіздің мұныңызды тәкаппарлыққа, пандыққа балайды. Императорлық Австрия әскеріндегі бір полк қызмет ететін барлық офицерлер әскери шендерінің қандай екендігіне қарамастан, бір­бірімен «сен» деп сөйлескен. Мұндай арнайы форманы қолдану үрдісін бұзу жекпе­жек дуэльге шақырумен бірдей болған. Австрияда және басқа да европа елдерінде ересек адамдар арасындағы «сен» деп өзімсіне сөйлеуге көшуді арнайы рәсім жасап бекітетін болған: бұл рәсімге қатысушылар құшақтасып, бірінің стаканынан бірі ­ бір ұрттап ішкен. Испания мен Италияда Франциядағы емес, «сенге» көшу ­ жеңіл, бірақ оңтүстік Германия мен Австриядағы бұл өте жиі болатын жағдай емес. Италияда бұған қосымша күрделілік сол: мұнда сыпайы қарым­қатынастың арнайы формасы ( Lei) қолданылады. Lei мен ресми қарым­ қатынаста қолданылатын анағұрлым жалпылама есімдіктің қайсысын таңдау керек деген сауал тіпті саяси мәні бар мәселеге айналған. Фашистік партия Lei есімдігін қолдануға тыйым салған. Швецияда әлеуметтік дәрежесі төменгі сатыдағы адамдармен қарым­қатынаста қолданылатын есімдігінің айналасында Швецияда дау­дамай толастамаған; бұл өзі король отбасының мүшелеріне көрсетілетін ерекше құрмет көрсету сияқты бұрыннан таныс принципке сәйкес, бірақ «еліктеушіліктің кері айналдырған түрі» болатын. Осы сөзді алып тастау, қолданыстан шығару үшін клубтар құрылған. Адамдар: «Мен деген сөзді айтпайтын боламын және сізді де осы сөзді қолданбайды деп үміттенемін» деген жазуы бар кеуде белгілерін тағып жүрген. Өзін сол адаммен теңмін немесе әлеуметтік дәрежесі жағынан жоғарымын деп есептейтін адамдар өзімен төменсіту мағынасындағы есімдігін қолданып сөйлескені үшін сотқа берген «Сіз менімен қарым­қатынаста пі ­ сіз, ал мен сізге — пі емеспін» деген сөз сонан қалған. Мұның бәрі — тілдегі эмоция символизмнің ушыққан көріністерінің мысалдары. Ұлтшылдықтың буырқана дамыған кездерінде және романтикалық қозғалыстар дәуірінде әрбір тіл сол мәдениеттің теңдесі жоқ құбылыс екенін дәлелдейтін бірден ­ бірі құрал ретінде пайдаланылды. Ғасыр басында мадьярлардың шені жоғары адамдары парламентте латын тілінде сөйледі, өйткені олар мадярша сөйлей алмайтын, ал немісше сөйлегісі келмейтін. Мадьяр, ирланд, литва тілдері соңғы жүз жылда өлі тілдер санатынан бой көтеріп, қайта тірілді. Бұл өзі — жазба тарих сияқты, ежелден келе жатқан тенденция. Библиядан белгілі, галилеяндар Иордан өткелінен өтер кезде Shibboleth тілінде сөйлеу орнына Sibboleth тілінде сөйлегендердің бәрін өлтірген. Мәдениеттің өз ішінде топтар өздерінің ынтымақтастығын тіл арқылы айқындап көрсетеді. Қылмыскерлердің бір ­ бірімен түсінісетін өз тілдік құралдары — аргосы бар. Осыны барлық мамандықтарға қатысты айтуға болады. Англияның бір мектебінде (Винчестерде) ортағасырлық латын мен көптеген ұрпақтардың сленгілерінен қатпарланған, бұл туралы хабарсыз адамдар үшін мүлде түсініксіз бір тіл тәжірибеде қолданылады. «Тілдік қауымдастық». Бұл — белгілі бір мағынаға ие сөз тіркесі. Тілдік түрлерді қолдану тұтастай алғанда басқа заттар туралы біртүтас ақпарат беруге қызмет етеді. 1. «Еліктеушіліктің кері айналдырылған түрінің» тағы бір мысалы: америкадағы өз мәртебесі үшін күресетін шағын оқу орындары колледждердің ФБК (Phi Beta Карра) ­ ға мүше оқытушылар міндетті түрде өздерінің кілттерімен жүретін болған, дамбалсыз жүруге бар, бірақ кілтсіз жүрмеген. Ал сол уақытта ежелгі мақтаулы университеттерде ФБК кілттерін тек егде жастағы бірнеше профессор ғана ұстаған. Англиядағы лауазымға ие қауым сөз соңындағы g­ны түсіріп тастап қолдану арқылы өздерінің өзгелерден ерекшелігін айқындап көрсетуге тырысады. Кішірейтіп көрсету — психологиялық қауіпсіздіктің бұлжымайтын белгісі. Егер ағылшындардың жоғарғы қауымының өкілі Дэвис Кубогы командасының мүшесі болатын болса, ол былай деген болар еді. «Иә, менің ептеп теннис ойнайтыным бар». Көптеген елдерде адамдар бұл сөзді өздерін белгілі бір әлеуметтік топқа жатқызу үшін белгілі бірі реңк беріп айтады. Ересек адам немесе егде жастағы ағылшын Оксфорд университетін бітіруші немесе әскери адам ретінде айқындағысы келсе, мұның өзі тіл айырмашылығы мен әлеуметтік мәртебе арасында ажырағысыз байланыс бар дегенді білдіреді. Сіз ағылшынды галстугіне және акцентіне қарап айыра аласыз. Тұрақты сөз тіркестеріне құрылған тілдік формалар қоғамның ор алуан мүшелерінің ұстанған позициясына және атқаратын рөлдеріне қарай дәлме­дәл ажыратып танытуға мүмкіндік береді. Топтар мен таптар осы құралды санадан тыс бір күшпен еріктен тыс қолданады, өйткені бұл — олардың үлкен қауымдастықтың көмейіне жұтылып кетпеуі үшін де керек. «Ол біз сияқты сөйлейді». Бұл — топқа қабылдау үшін алғышарт сынды декларация. Эвфемизмдер, ерекше еркелету мағынасындағы сөздер, мұның бәрі — таптық белгілер. Әрбір мәдениеттің немесе белгілі бір қауымға ғана тән мәдениеттің өзіне ғана тон хош иісі тілдік реңктерден танылады. 1930 жылдары Берлинде таныс адамдар көшеде бір ­ бірімен кездескен кезде бір­біріне иіліп: «Қайырлы күн» деген. Венада жасы үлкен кісіге сәлемдескенде: «Құрмет көрсетемін» деп сәлемдескен; жақын танысына: «Сені (Сізді) Құдай жарылқасын» деп сәлемдескен; ал әріптес — ғалымдардың және ақсүйектердің ортасында «Сіздің қызметіңіз «деген сөз тіркесін қолдану үрдіс болған gewisse Liebens­wiirdigkeit (яғни белгілі бір құрмет), Вена мәдениетінің айрықша белгісі болды және бұл — солтүстік, протестанттық Германияда белгілі, бірақ осы аймақта қазіргі күнделікті қолданыста сирек естілетін «жақсы өмір сүріңдер», «ледиана», «қолыңызды сүйемін, мейірбан мырза (ханым)» сияқты сөздерден, сөз тіркестерінен айқын көрініп отырды. Азық ­ түлік тасушы ас үйге азық­ түлік әкелген кезде: қабылдап алушы үй қызметкері болса, «Сені Құдай жарылқасын» деп тіл қатқан, ал сол жерде үй иесі әйелдің өзі де тұрған болса, «Қолыңызды сүйемін, мейірбан ханым» деген. Осы тақырыптағы әңгімені мұнан әрі де жалғастырып алысқа созып алып кетуге болар еді, дегенмен европалық сөздер тізімінде басқа да тілдерге кең жайылған бір мәнді, мағыналы өзек бар. Ағылшынша бұл: gentleman, fair play, week end, sport. Француз тілінде бұл: cuisine. Итальян тілінде: diva, bravo, bel canto. Неміс тілінде: Welt­ shmerz, Sehnsucht, Weltanschauung, Gemiitichkeit. Ағылшындар, француздар мен испандар туралы ой түйе келіп, де Мадарьяға fair play, le droit жоне el honor сөздері — аталған мәдениеттердің кілті болатын сөздер деп болжам жасады. Енді оның ағылшын тілі туралы ой үлгілеріне зер салыңыз: «Ағылшын тілі қимыл­әрекет тілі — бір буынды тіл деген ой кім­кімді де толық қанағаттандыратындай көрінеді. Іс­әрекет адамы бүгінгі күні өмір суретінің біз білеміз, ал бүгінгі күн бір буыннан артықты сыйғыза алмайды. Көп буынды сөздерді ағылшын тілінде кейде «сөздікке тән сөздер » деп те атайды, дәлірек айтқанда, ақыл­ой қазынасына құмарлардың, кітап кеміргіштердің, іс­әрекеті оғаш адамдардың, қысқасы ағылшын деп айтуға келе бермейтін жандардың тілі деп есептейді. Ағылшынның бір буынды сөздері сондай тамаша, әсіресе іс­әрекет, қимылды білдіретін сөздері, әрине. Сол қимыл ­ әрекетті ағылшын тілі сөздерінің дәл бейнелейтіні, қимыл­әрекеттерге сөздердің сәйкестігі соншалық, әлгі іс ­ қимылдар тек осы ағылшын тіліндегі сөздермен бейнеленуі тиіс сияқты, осы қимыл­ әрекеттерді білдіретін басқа сөздер мұның қасында мүгедек, кемтар сөздер сияқты көрінетіні бар. Splash (шалпылдатып су шашу, шашырату), smash (бөлу, жару), ooze (сығып алу), shreik (шырылдау), slush (майлау), glide (сырғанау), squeak (шиқылдау, сықырлау), coo (күбірлесу) — осы қимыл­әрекеттерді будан артық қандай сөзбен бейнелеуге болады? him (дүңгірлеу, міңгірлеу), buzz (ызыңдау), һого (ұлу) немесе шулау, ызыңдау) — осыдан артық қандай сөздер табуға болады? Slop (лайсаң) сөзін алыңызшы. Осыны бейнелеу үшін будан артық лайсаң сөз табу мүмкін бе?Ал sweet (тәтті) сөзінің өзі қулыққа тәтті сүйіс сияқты естілмей ме? Өткізбейтін кедергіні stop сөзінен артық қандай сөзбен бейнелеуге болады?» Әр кезеңдердегі, әр алуан мәдениеттердегі қайталанып келетін фразеологиялық орамдар, сөздік стереотиптердің көп жайды түсіндірері даусыз. Олар оз бойына қоғамның негізгі жетекші күші мен басым бағытын, басты мәдени келбетін, белгілі бір жағдайлардағы өзіндік ерекшелігін, алғашқы қозғаушы күштерін өзек етіп жинақтайды. Егер сіз ағылшынша қорғанатын болсаңыз, сіздің мұныңыз американ аудиториясына әсер етпейді жөне керісінше. Навахо бір­бірімен «бәрі де жақсы» деп амандасса, жапондар — «өз уақытында құрметке ие болыңыз», ал америкалықтар — «хал қалай? немесе «қалай тұрып жатырсыз?» деп сәлемдеседі. Әр дәуірдің өзіндік дағдылы сөз қолданыстары бар. Бұл тұрғысында Карл Беккер былай деп жазды: «Егер біз қай ұрпақ үшін де білімге апарар құпия есік болған кішкентай артқы есікке бас сұғып қарар болсақ, мағынасы айқын бедерленіп тұрмаған елеусіз сөздерді іздеуге қам жасағанымыз теріс болмас еді: бұл өзі — адамдардың ешқандай жасқанбастан да, күмәнданбастан та айта салатын немесе қалам ұшымен түрте салатын үнемі қайталануы себепті метафоралық мәнін жоғалтқан және өзінен­өзі өмір шындығында қабылданатын сөздер… Барлық, ұрпақтар үшін мұндай сиқырлы сөздердің кірер және шығар жерлері бар. Белгілі бір мағынада семантика мәселесі — жаңа мәселе емес. Рим ғалымы Варрон өз трактаттарының бірінде «жақсылық» сөзінің екі жүз жиырма сегіз әр түрлі мағынасын тапқанын айтады. Ол — «Сөздерді тазалаудың және зарарсыздандырудың қандай да бір әдісі болуы тиіс. Махаббат, тазалық, мейірім, жан жылуы — мұның бәрі жуып отыруды қажет ететін кірлеген заттардың үйіндісі», — деп жазған Олдос Хакслидің пікірін ұстанады. Біз сөздердің көмегімен әр алуан заттардың басын қосамыз және шын мәнінде біртұтас нәрсені ауызекі түрде бөліп тастап отырамыз. «Христиан ғылымының» жолын ұстанушы витаминдер таблеткаларын қабылдаудан бас тартты, өйткені ол мұны «дәрі» деп есептеді, ал отан витаминдер дәрі емесін, тағам екенін айтқанда, ол витаминдерді қолдануға оңай келісті. Қамсыздандыру компаниясы мына жайға зер салды: адамдар «бензин құйылған цистерна» десе, үлкен қауіппен қарайды, ал егер «бензиннен босаған цистерна» десе, ондайда бей­жай, қамсыздық танытады. Ал шын мәнінде «бензиннен босаған цистерна» бензин құйылған толық цистернаға қарағанда, әлдеқайда қауіпті, өйткені оның ішіндегі бензин жұғындарының булануынан жарылыс пайда болады. Семантика мәселесі — іс жүзінде шешімін табатын мәселе, өйткені Джон Локк айтқандай: «Сөздердің әр түрлі мағыналарын және кемшіліктерін көрсету сондай қиын, олай болатыны, оны көрсететін сол сөздердің өзінен басқа ештеңе жоқ». Кедергілерді жеңетін мәдени жорықты өте қажет қылатын себептердің бірі де осы. Аударма жасаудың қиындығымен күрескен кез келген адам сөздікте бар бүкіл сөздердің құрамын білу — тіл білу емес екенін мойындауға мәжбүр болады. Итальяндардың Traduttfre, tradittore (аудармашы — опасыз сатқын) деген нақыл сөзі бекер айтылмаған. Мен бірде ағылшын тілін жақсы білетін жапоннан Жапония конституциясындағы «Өмір, бостандық және бақыт іздеу» дейтін тіркесті өз тілінен қалай аударатынын сұрадым. Ол: «Жыныстық қатынас рахатына берілуге рұқсат» деп аударды. Ағылшын – орыс ­ ағылшын аудармасы «Женевьева сотқарлығы үшін шығарылды» деген телеграмманы «Женевьева жасөспірімдік қылмысы үшін дарға асылды» қылып жіберген.

Читайте также:  Естай Беркімбайұлы өмірбаяны

Оставить комментарий