Өзінің хал-қадірінше бірегей, өзіне тән ерекшелігі бар, тәуелсіз, дара күйінде кездесетін әрбір этнос Жер биожүйесінің бір бөлігі ретінде басқа этностармен өзара тұрақты байланысқа түседі, басқаша айтқанда, этностар Жердің кескін келбетін білдіреді. Өзгемен диалогқа түсіруге «мәжбүр етушілік» халықтардың өзара әрекетінен туындайды: өзіндік ерекшелігі бар, жеке организм ретінде әрбір этнос тұтастай организмнің тыныстіршілігі мен қамқарекетін алдын ала айқындап береді. Диалог адамзатқа әу бастан тән нәрсе — адамзат бірбірімен қарымқатынас жасап, бірбірін біліп, тіл табысып, кейде қарсы келіп, бірде соғысып, бірде бірігіп қана тіршілік етеді. Халықтардың бірбіріне ұқсамауы, этностардың түрі жағынан да, саны жағынан да көп болуы мәдениеттер мен тілдердің диалогқа көшуіне түрткі болады. Өзінің «гүлдену сатыларына» орай дамыған әр түрлі халықтардың мәдениетін, көп этносты мемлекеттегі мәдени жағдайды мәдениеттер диалогының деңгейіне қарап анықтауға болады.
Мәдениеттер диалогын өмірдің өзі айқындап береді: сан түрлі мәдениеті бар, көп тілді Қазақстанда халықтар дамуының әр алуан бағыттары олардың тілдері мен мәдениеттерінен айқын сезіледі: бұл орайда жаһандасу уақыт талабы болса, екінші жағынан халықтың мәдениетін, тілін, бетбейнесін сақтап қалуға деген ұмтылыс байқалады. «Мәдениеттер диалогы» ұғымының мәнмағынасын оны құрайтын диалог пен мәдениетті талдау арқылы ашып көрсетуге болады. Адамдардың қарымқатынасы кемінде екі адамның бірбірімен сөйлесуі арқылы жүзеге асады. Адамдар арасындағы өзара қарымқатынастың қайсысы болмасын біржақтылықтан қашуға тырысып, екі жақты, диалогқа құрылуын әрі «монологтан бас тартуды» қалайды [Якубинский 1986].
Әдетте диалог мынадай құрамдас бөліктерден тұрады: екі субъект (бірбіріне ұқсамайтын, бірегей), олардың тең құқықтығы (әйтпесе бірбірін ұқпай, шиеленіс, дау дамай туындайды), бірбірін толықтыру (олай болмаған күнде өзара диалогқа түсудің қажеті де шамалы). Мәдениеттердің диалогында басқаның пікіріне деген төзушілік, келісім, үйлесімділік, өзара түсінушілік, жанына жақын тарту, бірігу, тепетеңдік, бірбірін толықтыру және т.б. болуы тиіс. Мұндай жағдайда мәселенің мәнісі оның жақсы немесе жаман болуында емес, оның қандай сипат алатындығында деп білу керек. Мәдениеттің сан алуан айқындамаларына жүгініп жатпайақ, оны материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы ретінде, сондайақ кеңістік пен уақыт аралағында олардың жасалуы мен меңгерілуі тәсілдерінің өзгеруі ретінде қарастырмақшымыз [Степанов 1997, 13б; Лейчик 2005, 250б].
Мәдениетке берілетін осындай анықтамаға сүйене отырып, мәдениеттер диалогы сөзінің мәнмағынасын тең құқықты, адамның жасампаздық қызметі нәтижелерінің бір уақытта алмасуын жүзеге асырушы, диалогқа түсетін әрбір ұлттық мәдениеттерді өзара байытушы тұрғысынан түсінуге болады [қараңыз: Лейчик 2005, 250б]. Мәдениеттер диалогы кезінде «адамзат жасаған еңбек құралдарынан бастап, үйдегі күнделікті пайдаланылатын заттарға дейін, адамдардың тұрмыссалтынан ғылым мен өнерге, дін мен атеизмге, мораль мен философияға дейінгі» барлық мәдени құндылық атаулының өзара алмасуы жүреді |қараңыз: Бромлей, Подольный 1984, 3б.]. Басқаша айтқанда, рухани, материалдық мәдениет жемістерінің үздіксіз алмасуы жүзеге асады.
Мәдениеттер диалогының негізі «мәдениеттердің барлық ерекшеліктерімен қоса, олардың бірбіріне ұқсас еместігі, бірегейлігі тұрғысынан қажеттілігіне орай құқығы да, құндылығы да тең дәрежеде» мәдениеттің мәдениетке деген қатынасы болып табылады [Каган 1988, 213б.]. Бұл орайда мәдениеттер диалогын белгілі бір уақыт аралығында алып қарамай, баяғыдан бері жалғасып келе жатқан ұрпақтар диалогы ретінде қарастырған жөн. Әлемдік мәдениеттің бәрі де үздіксіз диалогтан тұрады, оған жаңа дауыстар қосылып отырады.
Мәдениеттің туындылары оның өзімен қалайда диалогқа түсуге итермелейді, сауалына жауап тапқысы келеді, демек өзінің жеке ойын білдіруге, пікірін айтуға ұмтылады. Мәдени құндылықтар ықпалының тиімділігіне келетін болсақ, әркім де онымен бірігіп ақылға салуды қалайды. Осыған байланысты М.М. Бахтин былай дейді: «Біз бөтен мәдениетке оның бұрынсоңды өзіне қоймаған жаңа сауалдар қоямыз, соған байланысты одан тиісті жауап алуға тырысамыз, ал бөтен мәдениет болса, өзінің жаңа қырлары мен тың ойларына сүйене отырып, бізге жауап қайтарады» [1998, 508б.]. Мәдениеттер диалогы өзара түсіністікке бастайды, соның нәтижесінде өз мәдениетін тереңірек түсініп қоймай, бөтен мәдениет пен тілдің мәнмағынасын ұғынуға көмектеседі. Д.С. Лихачевтің пікірі бойынша, мәдениеттің нақты құндылықтары мәдениеттер бірбірімен қатынасқа түскенде ғана дамиды, «ол мәдениеті бай ортада толыса түседі және көршілердің тәжірибелерін алады, …кез келген мәдениет өз алдына «дербес бола алмаған» сайын ол дербес бола түседі» [Лихачев 1997, 15б.]. Мәдениеттердің диалогы әсіресе біздің мемлекетіміз үшін өте қажет, өйткені, еуразиялықтарға тән адамдардың ерекше психологиясы, дүниетанымы, өзіндік ділі, рухани бірлігі туралы мәселе осыны қажет етеді.
Еуразиялық тұжырымның өзі батыс пен шығыстың кереметтей бір бірімен үйлесім табуын көрсетеді (Батыстың даралығы мен Шығыстың ұжымшылдығы, Еуропаның үнемшілдігі, өркениеттілігі мен Азияның рухани байлығы, даналығы), сондайақ еуразиялықтың Батыс пен Шығысқа, Еуропа мен Азияға жататындығын, ал сайып келгенде олардың бірдебіріне жатпайтындығын да білдіреді. Бұл орайда ең бастысы еуразиялық «жер шарының барлық мәдениеттері мен халықтарының… тең құндылық принципін» паш етеді [Трубецкой 2000, 62б.]. Еуразиялық идеясы Қазақстанда үлкен серпіліс туғызғаны қуантады, өйткені, түркілерге еуразиялық рух ежелден етене жақын: олар еуропалықтардан көп нәрсені ала отырып, шығыс дәстүрін берік сақтап қалды. Батыстық және шығыстық қырлары кереметтей жымдасып кеткен, бірбіріне арқа сүйеп, бірбірін толықтыра түсетін Еуразия халықтарын олардың этностық бетбейнесін айқындайтын жалпы тарихи тағдыры, аумақ тұтастығы біріктіріп жатыр. Қазіргі кезде тіл мен мәдениеттің өзара қарымқатынасының мәңгілік проблемасы болып табылатын «қайта өрлеу» туралы жиі айтылып жүр, бұл жаңа — лигвомәдени — парадигманың пайда болуына алып келді. Мәдениет адамзаттың барлық қолмен жасаған игіліктерінің жиынтығы ретінде қоршаған ортадағы өзгерістердің, бейімделудің, көндігудің процесі мен нәтижесі болып табылады. Халықтың «бетбейнесін» табиғаттың өзі айқындайды, ол оның аясында өсіп жетіледі және өзінің тарихын жасайды [Гачев 1988]. Әртүрлі халықтардың мәдениеттері өзін қоршаған дүнеге бейімделіп, оған көндігу тәсілдерімен ерекшеленеді. Осыған орай Л.H. Гумилевта мынадай тұжырым бар: «этностар… белсенді шаруашылық қызметінің арқасында қоршаған табиғи ортамен әркез байланыста болады. Ондай әрекет екі бағытта көрінеді: өзін табиғи ортаға және табиғи ортаны өзіне бейімдеу» [Гумилев 1989, 58б]. Бұл «мәдениеттен тысқары кеңістік» ретінде мәдениет пен табиғат әлемінің бірбіріне қарсы тұруы негізінен көрінеді [Лотман 1992, 44б].
Мәдениет пен тіл — этникалық дифференциацияның негізгі белгілерінің бірі. Мәдениеттердің сипаттамасы үшін он негізгі категория бар: 1) өзінөзі сезінуі (Self) және кеңістік (әр мәдениет өзін бірегеймін деп есептейді); 2) қатынас және тіл; 3) киім мен сырт келбет; 4) ас ішуге байланысты тағам өнімдері мен дәстүр; 5) уақыт және уақытты түйсіну; 6) адамдар арасындағы қарымқатынас; 7) өмірлік құндылықтар мен нормалар; 8) наным; 9) діл үрдісі мен таным тәсілдері; 10) жұмыспен байланысты дәстүр мен тәжірибе [Samovar, Porter 1995, 206210 б.] және т.б. Этнос деген кеңістік, тіл, мәдениет бірлігімен және әлеуметтіктарихи шығу тегінің бірлігімен байланысты болатын адамдар тобын білдіреді. Егер «этнос» термині биологиялық, табиғигеографиялық, генетикалық бірлікті білдіретін болса, онда «лингво мәдени қауымдастық» ұғымында этнос мүшелерінің мәдени және тіл бірлігіне баса мән беріледі. Бұл орайда мәдениет пен тіл — «халықтың өзіндік ұлттық ерекшелігін қорғайтын қалқан, сондайақ басқа халықтар мен мәдениеттерден оқшаулап қоршайтын дуал» [Терминасова 2000, 25б].
Лингвист ғалымдар белгілі бір халық өкілдерінің мәдениеті мен тілінің тұтастығына мән бере отырып, «тіл мен мәдениетті қолданушылар» этностың мұндай маңызды көрсеткіштерін біріктіреді деп тұжырым жасайды. Тілді атабабамыздан мұра болып қалған мәдениетгің өнімі, мәдениеттің бөлігі, мәдениеттің шарты ретінде (сол арқылы біз мәдениетті меңгереміз) қарастырамыз. Тіл — мәдениеттің құрамдас бөлігі жөне оның құралы, біздің рухымыздың шынайы көрінісі, мәдениеттің бетбейнесі; ол ұлттық ділдің өзіне тән ерекшеліктерін сол табиғи қалпында көрсетеді [Гудков 2003, 16б; Маслова 1997, 3340б]. Тілдің өзінің өзгеге ұқсамайтындығымен, ерекшелігімен мәдениетті, ділді қалыптастырып, «халықтың рухын» жаниды. Тілдер ол тілде сөйлеушілердің «өзіне тән рухани ерекшеліктерінен жаралған» [Гумбольдт 1984,49б].
Тіл мен мәдениетке ортақ нәрселер көп: тіл мен мәдениет адамның дүниетанымын, ойсанасының деңгейін білдіреді; тіл мен мәдениет өзара диалог құрады; тіл мен мәдениеттің субъектісі — әрқашанда индивид немесе социум, жеке тұлға немесе қоғам; тіл мен мәдениетке нормативтілік тән; тіл мен мәдениеттің маңызды қасиеттерінің бірі — тарих; тіл мен мәдениетке бірбіріне қарамақайшы құбылыс болып табылатын «қозғалыс — тапжылмау» тән [қараңыз: Телия 1996, 225226б]. Осы екі басты ерекшелікке ортақ нәрсе олардың жаратылысына (адамға тән), функциялары мен пайда болу шарттарына сәйкес туындайды. Тіл мен мәдениеттің өзара қарымқатынасы көбіне метафоралармен сипатталады: тіл — мәдениеттің негізі, құрылыс материалы, демиург (В.Н. Топоров, Д.Б. Гудков), мәдениет құралы, рухтың қуаты (В. фон Гумбольдт), мәдениет феномені, мәдениеттің көрінісі және бетбейнесі (В.А. Маслова), мәдениеттің мәнмағынасы, оны қорғайтын сауыты (В. фон Гумбольдт), даму факторы, мәдениеттің тіршілік ету көзі (К. Леви Стросс), мәдениетке басшылық (Э. Сепир), мәдениетке апарар жол (А.И. Куприн).
Тілге мәдениет арқылы, мәдениетке тіл арқылы анықтама берген кезде олардың бір бірін тәуелді және өзара ықпалы болатындығын байқауға болады: тіл мәдениетсіз бола алмаса, мәдениет те тілсіз бола алмайды. Тіл мәдениет аясында жетіліп, дами түседі әрі оны бейнелеп береді. Тіл халықтың өзіндік ерекшелігін, ұлттық көрінісін, ұлттық мәдениетін білдіреді. «Әлем тілдерін білуді, — деп атап көрсетеді В. фон Гумбольдт, — адамзаттың ойлау қабілеті мен сезімдерінің бүкіл әлемдік тарихы деп бағалауға болады. Ол бүкіл елдер адамдарын, мәдени даму дәрежесін түгелдей сипаттап беруге тиіс; адамға қатыстының бәрін қамтуы қажет» [Гумбольдт 1984, 43б]. Тіл мен мәдениет генетикалық (бір мезгілде пайда болды), материалдық (семиотикалық сипатқа ие) және қызметі тұрмысынан біртұтас болып келеді.
В.М.Лейчик тіл мен мәдениет функцияларының арасынан олардың ортақ функцияларын бөліп қарайды, сол арқылы мәдениеттер диалогын тілдер диалогы негізінде жүзеге асыру қамтамасыз етіледі. Бұл коммуникативті, аксиологиялық (функция, ол адамдардың әлеуметтік, ұлттық және өзге қауымдастықтарын шектеп, интеграцияны жүзеге асырады [қараңыз: Лейчик 2005, 252253 бб.] және т.б. Тіл мен мәдениеттің кумулятивтік (жинақтау) функциясының орны ерекше: тіл мен мәдениетке тән басты қасиеттің бірі әлеуметтік мәні бар ақпаратты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу болып табылады, соның нәтижесінде кеңістік пен уақыт шекараларына қозғау салынады, демек бұл мәдениеттердің диалогы жүзеге асырылды деген сөз. Ю.М. Лотманның пікірінше, мәдениет функциясының бірі еске сақтау болса, ал оның басты сипаты ақпаратты жинақтаудан көрінеді екен [Лотман 1973, 228 б]. Мәдениет — бұл «қауымның генетикалық тұрғыға жатпайтын жадына ұстауы» [Лотман 1994, 8б], «бүгіннен өткен мәдениетке оралу дегеніміздің өзі тарихты жадына сақтау болып табылады» [Рождественский 1999, 15б]. Мәдени ақпаратты таратудың өзге де тәсілдері бола тұрса да, ол негізінен тіл арқылы жүзеге асады [Маслова 1997, 11б]. Тілді өз халқының мәдениет энциклопедиясы десе болады, онда сол халықтың ойарманы, сезімі, үміті қамтылады, бұл орайда А.И. Куприннің сөзін келтіре кеткен жөн: «Тіл — өркениет пен мәдениетке баратын жол», демек халықтың мәдениетін түсінуде тілдің орны ерекше. Тілдің, мәдениеттің және этностың өзара бірбіріне тигізетін әсерін лингво мәдениеттану, этнолингвистика деп аталатын жаңадан пайда болған кешенді пәндер зерттейді. Лингвомәдениеттану міндетіне сол тілде сөйлеушіге белгілі немесе лингвист ғалыммен ұсынылған тіл бірліктерінің мәдениетке қатысты мәнділігінің экспликациясы (яғни «мәдениет мағұлматы») кіреді [Маслова 1997, 10, 11 бб.].