ТІЛ ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Адамзат ХХ ғ. аяғында дамудың постиндустриялық және ақпараттық қоғам атты жаңа сатысына өтті. Біздің “ақпарат және қатынас ғасырында өмір сүреміз” деуіміз қате пікір, себебі ақпарат және қатынас ұғымдары бұрыннан белгілі. Адамзат қоғамы мыңдаған жылдар бойы білім алып, ақпаратты өңдеу және дамытуды меңгерген. Алғашында қолжазба кейін баспа құралы, телефон, теледидар қолданысқа шықты. Қоғамның компьютерлік технология ғасырына өтуі ақпаратты тиімді өңдеп ұсынуға жол ашты. Бұл көп ақпаратты тиімді өңдеп сақтауға мүмкіншілік туғызды. Дегенмен, заманауи сатыдағы ақпарат қоғамы әрқашан жаңашылдықты талап етеді, сондықтан адамзат үнемі білімін жетілдіруге тиісті. Адамзат жинаған көлемді білім, оқыту үрдісінің жаңа әдістерін талап етеді. Қоғам дамудағы ақпараттың ролі және ақпараттық технологияның қарқынды өсуі ақпараттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болды. Жаңа компьютерлік технологияны қолданбас бұрын, тіл үйренушіге жаңа ойлау қабілетін қалыптастыру керек. Ақпарат қоғамында өмір сүруші бүгінгі күнгі тұтынушы компьютер өмірінің ажырамас бөлігі болуы керек. Сондықтан оқу үрдісінде ақпараттық және қатынастық технологиясын қолдану — білім саласында өзекті мәселе. Ақпараттық қоғам – бұл «әлеуметтік- экономикалық дамудың қоғам мүшелері арасында ақпаратты өндіруге, қайта қарауға, сақтауға, таратуға, тәуелді /7, 5/. Егер қоғамның 50% ақпараттық қолданысқа тәуелді болса, қоғамды ақпаратты қоғам деп атауға болады. Ақпараттық қоғамда негізгі фактор материялдық емес, идеялық – білім және ақпарат болуымен ерекшеленеді. Бұл қоғамның ерекшеліктері:  Қоғам өміріндегі ақпарат ролінің маңыздылығы;  Адам өміріндегі ақпараттық қатынас өнімдері мен ақпараттық қызметтің қажеттілігі;  әлемдік ақпараттық кеңістік құру. Қоғамды ақпараттандыру қоғамның кез- келген мүшесіне заңды құпиялы ақпараттан басқа барлық ақпарат көзіне еркін енуге мүмкіндік беретін бір-бірімен байланысты саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми факторлардың жиынтығын білдіреді. Қоғамды ақпараттандырудың мақсаты өнімділікті және еңбек жағдайын жеңілдету арқылы адам өмірінің сапасын жақсарту. Білім ғылым мен өндірістің арасында болғандықтан, қоғам өндірісінің даму сатысына және ғылым деңгейіне сәйкес болуы тиіс. ХХ ғасырдың екінші жартысында өндіріс пен ғылым, білім даму қарқынына қарағанда кеңінен өріс алды. Нәтижесінде өндіріс пен ғылым және білім арасында көптеген қарама- қайшылықтар туды. 70 жылдардың басында әлемдік сипат алып, әлеуметтік-саяси және экономикалық үрдістерге және техника мен ғылымның әсіресе информитика саласының сапалы өзгерістеріне әкелген білім дағдарысы болды. Білім жүйесінде дамудың жаңа бағыты жекешелену курсы, өз бетімен білім алу қажеттілігі туғаны айқындалды. Білім саласында білімді демократизациялау, компьютеризациялау, гуманизациялау, білім алу бағдарламасын таңдау еркіндігі білім берудің үздіксіз жүйесі өз күшіне енуде. Білімді ақпараттандыру кезеңдері Білімді ақпараттандырудың бірінші сатысы (электронизациялау) техникалық маман- дандыру студенттеріне алдымен электронды құралдарды және есептеуіш құралдарды, кейін гуманитарлық саланы (60 жылдар аяғы 70 жылдар басы) дайындық үрдісіне енгізді. Алгоритмдеу және программалау негізіне, логикалық алгебра элементтеріне, ЭЕМ матема- тикалық үлгілеуге оқыту ұйғарылды. Аталған ұйғарым студенттер арасында ойлаудың алгоритмдік түрін қалыптастыруды, программалау тілін игеруді, ЭЕМ-де жұмыс істеуді меңгеруді көздеген. Программалау құралдарын гуманитарлық білім беру саласындағы қарапайым қолданушыларға жұмыс істеудегі қолайсыздықтар нәтижесінде есептеуіш техникалары кеңінен қолданысқа түспеді. Білімді ақпараттандырудың екінші сатысы (компьютеризациялау) 70 жылдардың ортасы 90 жылдар арасында қарапайым бағдарламамен қамтамассыз ететін, жаңа компьютерлердің пайда болуымен ұштасты. Аталған компьютер- лік сауаттандырушы технологиялар үлгілеу көмегімен көптеген (химиялық, фихзикалық, әлеуметтік, педогогикалық және т.б.) үрдістер мен құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік берді. Білім беру саласында, білімді қадағалау және оқу үрдісін басқаруда жүйені автоматтандыру кең өріс алды. Үшіншіден, білім беруді ақпараттандыру- дың заманауи сатысы көлемді ақпаратты жеделдетілген түрде жинақтайтын, жаңа ақпараттық және телеқатынастық техноло- гиялы жаңа дербес компьютерлер қолданы- луымен сипатталады. Сонымен қатар мультимедия-технологиялық және вертуальды ақиқаттық, әлеуметтік салаға әсері жайлы ақпараттандыру. Білімді ақпараттандырудың негізгі жолдары. Білім беру саласында ақпараттандырудың енгізілуіне байланысты оның негізгі бағыттары 106 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (51). 2010 төмендегідей болмақ:  оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдануда мамандарды дайындау сапасын жоғарылату;  оқыту тәсіліндегі интеллектуалды және шығармашылықты жоғарлатуды нәтиже ретінде қарастырып оқытудың белсенді әдістерін қолдану;  оқушының жеке ерекшеліктеріне ақпараттық технологиялық оқытуды бейімдеу;  ақпараттық технологияны қашық-тықта /дистанцион./ оқытуды жетілдіру;  оқу үрдісінің ақпараттық-әдістемелік қамтылуын жетілдіру. Сонымен қатар білім беру саласын ақпараттандырудағы ең басты мәселе — басқа ақпараттандырылған қоғамнан алда болу. Білім беру үрдісінде алынған білім мен дағды әртүрлі қоғамның негізіне жатады. Жұмыс барысында АҚТ құрылғысы, телеқатынастық жобаларға ерекше көңіл бөлуге тиістіміз. Ол компьютерлік телеқатынастық негізінде құралған, аяқталған кешенді іскерлікті көрсетеді (оқу-танымдық, зертеушілік, шығармашылық немесе ойындық). Осы жұмыс барысында сол немесе басқа тақырып бойынша әртүрлі ықпалды қолдануымен материалды толық меңгеруді ұйғарады. Жобаларды түрлендіруде бірнеше белгілерді байқау қажет, осы белгілер арқылы жобаларды бөлу керек: 1. доминаторлық әдіс бойынша (зерттеушілік, шығармашылық, қызық оқиғалы, ойын); 2. маңызды доминаторлық бойынша (әдеби- шығармашылық, ғылыми, экологиялық, тілдік, мәдениеттанушылық, спорттық, географиялық, тарихи, музыкалық); 3. координациялау сипаты бойынша (тікелей, жасырын); 4. контактілер мінезі бойынша (әртүрлі елдің оқушылары); 5. Жүргізу уақыты бойынша (қысқа және ұзақ уақытта, эпизодикалық); 6. қатысушылар мөлшері бойынша (жекеше, қостық, топтық). Осыдан шығатын нақты шетел тіліндегі телеқатынастық жобалардың типологиясын құрасақ: алдымен типологиялық негізі болатын тіл үйретудегі мақсатты құру қажет: 1) Тілді практика жүзінде меңгеру; 2) Оқушының лингвистикалық және филологиялық жағынан дамуы; 3) Мәдениеттанушылық (елтану) білімімен танысу; 4) Ситуативтік қатынасты үйрету (қатынастық жағы). Жоғарыда атап өткен мақсаттарға сүйене отырып, телеқатынастық жобалардың типологиясын ұсынуға болады: I. Тілдік телеқатынастық жобалар: 1. Оқытылатын жобалар, тілдік материалдарды меңгеруге, тілді білуге және дағдылануды қалыптастыруға бағытталған; 2. лингвистикалық жобалар:  Тілдік ерекшеліктерді оқыту;  Тілдік реалдарды оқыту (неологизм, фразеологизм, мақал-мәтел);  Ауыз әдебиетін оқыту. 3. Филологиялық  Тілдің этимологиясын оқыту;  Әдеби зерттеулер. II. Мәдениеттану (елтану, телеқатынастық) жобалар: 1. Тарихи  Мемлекеттің, қаланың тарихын оқыту; 2. Географиялық  Мемлекеттің, қаланың географиясын оқыту; 4. Этнографиялық  Халықтың дәстүрі мен тұрмысын оқыту;  Халықтың өнерін оқыту;  Әртүрлі халықтың ұлттық мәдени ерекшеліктерін оқыту; 4. Саяси-экономикалық  Елдің мемлекеттік құрылысымен танысу;  Қоғамдық ұымдармен танысу;  Елдің заңдарына арналған;  Қаржы және ақша жүйесіне арналған; 5. Өнертанушылық Оқытылатын елдің өнер, әдебиет, архитектура, мәдениет мәселелеріне арналған. III. Ойындық: 1. Әлеуметтік (оқушылар әртүрлі әлеуметтік рольдерді атқарады); 2. Іскерлік (кәсіптік ситуацияны үлгілеу); 3. Драмаластырылған (оқушылар кейіпкер ролінде көрсететін ойын ситуациясындағы әдеби туынды); 4. Қиялдағы саяхат (сөйлеу құрамына жазу түсіруге, арнайы терминдерге, диалогторға, жазуға, талқылауға және т.б.). Шынайы тілдік ортаға жағдай жасайды, шетел тілінде қарым-қатынас қажеттілігін құрайтын база мен осының салдарынан шетел тілін оқуға қажеттілік туғызады. Біздің көзқарасымыз бойынша жобалармен жұмыс істеу – лексика, фонетиканы оқуда ең сәтті, қолайлы. Жұмыс барысында мынадай нәтежеге жетуге болады: оқушыларға жұмыстың бұл түрі қызықты және бұдан басқа да жобаларды дайындауға материалдар жеткілікті. Оларды кестелер мен илюстрациялардан бастап фильмдер мен сценарияларға дейін қолдануға болады. Ал грамматикалық материалды оқуға қиынырақ болады. Бұл мәселеге баса назар Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №2 (51). 2010 107 аударып, тереңірек зерттеуіміз керек. Шет тілі грамматикасы сабақтарындағы ақпараттық және қатынастық технологиялар. Шетел тіл грамматикасын оқытуда ақпараттық және қатынастық технология- лардың әртүрлігіне /деректі фильмдер, электронды кітаптар, сызбалар, кестелер және түрлі тестер/ қарамастан оны аз мөлшерде қолданамыз. Деректі фильмдерге (мультфильмдерге) келер болсақ, оның технологиясын жасау өте қиын, жай ғана жұмысты алып және оны жүйелеу жеткіліксіз. Фильмді көргенде қаншалықты нәтижелі болатындығын байқау үшін психологтардың жұмысы қажет. Одан басқа фильмді дайындауға кинематограф (мультипликацилар) мамандарын қажет етеді. Барлық құрал-жабдықтыр бар болғанымен материалды жасау мүмкін емес. Мұнымен арнайы білікті орталықтар айналысады. Электронды кітаптармен де осындай жағдай. Бірақ үлгілерді, кестелерді, графикаларды, диаграммаларды, суреттерді қолданып және олардың әртүрлі проекцияларын (смарт-тақта, дербес компьютер экрандары, арнай бағдарламалар және принтерге басып шығару көмегімен құру) қазіргі жағдайда, әрине, мүмкіндік бар. Сонымен қатар қорытынды және аралық бақылауға арналған тестілеу жүйесі кең тараған. Оқытушының мүмкіндігіне қарай оқушыларға тест тапсыру басылып шығарылған бланктарда, үйде немесе интернет желісіндегі дербес компьютерде орындауға мүмкіншілік беріледі. Тестерді құру үшін арнайы бағдарламалар көмегімен материалды дербес компьютерде өңдеуге мүмкіндік бар (Test Designer). Компьютерлер негізінде слаидты (программа-презентация «Microsoft Power Point») пайдалану және тестік (компьютерлік нұсқада/қағазға түсіру) материалдар.

Читайте также:  Бастауыш мектептердің бірінші сыныбына арналған жұмыс жоспары

Оставить комментарий