Тіл және ұлттық тіл туралы шығарма

Тіл біздің болмысымызда қоршаған ортаға ұқсайды, ал тілсіз және оның қатысуынсыз өмірде ештеңе де болмас еді. Қоршаған әлем — адам мен ортаның өзара қарым­-қатынасы, ал дүниенің бет­бейнесі осындай орта мен адам туралы ақпаратты қайта өңдеу нәтижесі деуге болады. Дүниенің бет­бейнесі — адамзат әлемі туралы білімдермен ұғымдардың тұрақты дамитын жүйесі, ол адамның кеңістік пен уақыт туралы, қоршаған табиғат пен оның дүниедегі орны туралы түсініктерінің жиынтығы болып табылады. Дүниенің бет­бейнесін қалыптастыруда (тұрпайы және ғылыми) мәдениет, тіл, тарих, білім және т.б. елеулі түрде әсер етеді. Әр ұлт дүниенің бейнесін сан қырынан таниды, бұл тілге өзіндік әсерін тигізбей қоймайды.

Дүние туралы адам білімдерінің қалыптасуы мен қолданысқа енуі тек тіл арқылы жүзеге асады. Тілде қоршаған ортаны танудың нәтижелері, құндылықтары, халықтың тұрмыс­салты мен ойлау қабілеті орнығады. Адам сөзді ести отырып, оны ұғынуға тырысады, өзінің ішкі әлемі тұрғысынан зерделеуге күш салады. Әрбір тілде сол этностың дүниеге, оның бет­бейнесіне деген өзіндік көзқарасы болады. «Әртүрлі тілдердің болуы дегеніміз бір нәрсені әртүрлі белгілеу деп түсінбеу керек, мәселе оны әртүрлі көре білуде жатыр (Ansichten)». Бұл ойымызды таратып айтар болсақ, былайша ұғынған жөн: «әр тіл сол халықтың өзіне ғана қатысты аймағын сипаттап көрсетеді, ал осы шеңбер аясынан шығып кеткен адамның сол бойда басқа тіл шеңберіне кіруіне тура келеді» [Гумбольдт 1984, 80­б]. Тілде орныққан және сол тілдік қауымға ғана тән қызмет схемасын қабылдау әлемнің тілдік бет­бейнесі деп аталады [Яковлева 1997, 14­б]. Сонымен, әлемнің тілдік бет­ бейнесі — тіл призмасы арқылы дүниені тану.

Әлемнің тілдік бет­бейнесі адамның әлемге деген (табиғатқа, жануарларға, әлемнің бір бөлшегі ретінде өзіне) қарым­қатынасын айқындайды, әлемде адамның мінез­құлық нормаларын жолға қояды. Тілде бейнеленген білімдер ұжымдық философия тәрізді бірыңғай көзқарас жүйесін қалыптастырады, оны бәріне ортақ тілді қолданушы ретіндегі байланыста қарайды [Апресян 1995, 39­б].

Читайте также:  ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ Ә. БӨКЕЙХАНОВ ТҰЛҒАСЫ

Ұлттық тіл қоршаған дүниені өзінше «өрнектейді», мұның өзі оған қатысты құбылыстардың, процестердің ұлттық маңызынан туындайды, демек ол аталған халықтың өзіне тән қызмет ерекшелігіне, тұрмыс салты мен ұлттық мәдениетінен бастау алады. Салыстыру ретінде хрестоматикалық мысалдарды келтірейік: балық аулаумен айналысатын халықтардың сөз қорында балыққа, оны аулау құралдары мен аулау тәсілдеріне қатысты нақты атаулар болады. Орыстарға қарағанда қазақтардағы туысқандыққа қатысты сөздердің қазақтың әлеуметтік­мәдени өмірінде кеңінен орын алғанын байқау қиын емес. Мысалы, қазақтар немере (‘ұлынан туған немере’) және жиен (‘қызынан туған немере’) десе, ал орыстар внук деген бір­ақ сөзбен шектеледі, демек орыс халқы үшін немересінің ұлынан, не қызынан туғаны маңызды емес, оларда — екеуі де бірдей мәртебеге ие. Тағы бір салыстыруды келтірейік: іні, аға — брат (орыс тілінде әрі үлкені, әрі кішісі), сіңлі, aпa — сестра (әрі үлкені, әрі кішісі).

Әр халыққа тән адам денесінің белгілі бір бөлігінің сезгіштік қасиеттері болады, адам физикалық немесе психологиялық құбылыстарды белгілі бір ортаны арқылы «қабылдайды» [қараңыз: Плунгян, 2003]. Мұндайда орыстардың көңіл­күй ауаны жүрекпен байланысты келеді (салыстыру: жүрегім қуанады (сердце радуется), жүрегім ойнап тұр (сердце не на месте), жүрегім зуылдады (сердце падает), жүрегім жай тапты (отлегло от сердца), жүрегін ұстады (брать за сердце), жүрегі тac болып қалды (на сердце камень), жүрегі қан жылады (сердце кровью обливается) және т.б., яғни жүрек көбіне жан деген ұғымның орнына қолданылады, көбіне адамның тура өзін сипаттап береді (қара жүрек / ақ жүрек). Әлемнің басқа тілдерінде мұндай сезгіш органға жататын талақ, бүйрек және т.б. орыстың тіл санасына «келіңкіремейді». Бүкіл еуропа тілдері бүйрекке «мән бермесе», ал қытайларда көңіл күй ауанын білдіруде жүрекпен қатар бүйректің де орны ерекше.

Читайте также:  Ойыншының зердесін тексеру әдістері

Бұл орайда қазақ тілінде бауыр сөзі ерекше мәнге ие екендігі белгілі, мысалы: бауырым; ашуланба, баурыңды езесің («не гневайся, печенку испортишь»); бауырыңды қан қылады (ашуландырады) («за печень (сердце) берет»), орыс тілінен мысал: брать за сердце/за душу өте қатты толқу, тию, мазасындану; қайғыру, жаны ауыруы, қуаныш немесе көңілі босау және т.с.с. және т.б. [қараңыз: Авакова 2002, 71­б]. Көне түркі тілінде bayir «бауыр», «жүрек», «туысқан, ағайын» дегенді білдіреді, салыстыру: bolu bar maka sen aja bayiro tas «кімнің жүрегінің (бауыр дегені) тас екенін менен сұра, туынды сөздерден оның екінші, ауыспалы мағынасы шығады bayir: bayir ber­»шын жүректен (быть сердечным)»; bayirsaq «қайырымды, жүрегі жұмсақ, аяғыш (добрый мягкосердечный, жалостливый)»; bayirsaqliq шын берілген (преданность)»; bayirsiz «қайырымсыз (недобрый)» [Древнетюрксий словарь 1969, 78­б].

Бұл сөз басқа тілдерге тиісінше жүрек болып кездейсоқ ауыса салған жоқ. О.Сүлейменов мынадай қызықты мысал келтіреді: қазақтардың өзіне жақын, ең қадір тұтатын адамына «о, бауырым!» дейтін қаратпа сөзі орысшаға «о, менің жүрегім!» деп оған балама болатын сөзбен аударылған. Бірақ бұл автордың көңілінен шықпай, ол оны сөзбе­сөз қалдыруды талап еткен. «…орыстар үшін ондай қарата сөйлеу лирикалық кейіпкердің сезімі туралы емес, керісінше цирроз ауруын еске салар еді… ал қазақтар үшін «о, жүрегім менің» деу жүрегі ауырғанмен бірдей» [Сүлейменов 1996, 6­7­б]. Сонымен, адамның сезінуін көрсететін мәдениетке қатысты ондай сөздер сол халықтың бейнелі түрдегі ойлау қабілетінің өзіндік ерекшелігін байқатады, дүниеге көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Бір қарағанда адамдар тілге билік ететіндей көрінгенімен, шын мәнінде өздері өмірге тіл арқылы бейімделеді. Әдетте дүние атаулы этностың лингвистикалық дағдыларымен құрылады. Тіл адамды дүниемен белгілі бір қатынасқа түсіріп, оған бағыт­бағдар береді. Тіл өзін қолданушыға дүниеге деген көзқарасын «таңады», яғни адамның дүниені тануы тіл әлеміне тікелей қатысты. Әр халықтың бір құбылысқа қатысты «өзіне тән» белгілері болуы да маңызды. Қазақтар жаңбырдан кейін пайда болатын гүлді «жауқазын» деп атайды; яғни «жау» және «қазын» деген екі сөзден тұрады; ал орыстарда ол қар астынан өсіп шығатын гүл (под­ снеж­ник); ағылшындарда — snowdrop («қарға тамған тамшы»); немістерде — Schneeglockchen («қар сыңғыры»); ал француздарда —perce­neige («қарды тесіп шығу», яғни қарды жарып шығатын гүл).

Читайте также:  Бірден-бір және оның меншігі

Оставить комментарий