Тілдің жазу арқылы бейнеленуі

Жазуды зерттеу қажеттілігі. Сонымен, әркімнің миында көрініс тапқан әлеуметтік өнім, яғни тіл — біздің зерттеуіміздің нақты пәні болады. Алайда, әрбір тілдік топтың мұндай өнімі өзгеше, яғни бізге әртүрлі нақты тілдер берілген. Тілдерді бақылау және салыстыру жолымен олардың әмбебап қасиеттерін тану үшін, лингвист неғұрлым көп тілді білуі қажет. Біз, көбіне, тілдердің жазба түрімен ғана таныспыз. Ана тілінің өзімен де кез келген жерде жазба нұсқасы арқылы байланыс жасаймыз. Кеңістікте бізден алыста жатқан тілді зерттеген кезде жазба деректердің еріксіз шамадан тыс пайдалануға мәжбүрміз. Ал жер бетінен жоғалған тілдерге келер болсақ, жазу — деректің жалғыз көзіне айналады. Барлық жағдайда нақтылы деректерді иелену үшін, Вена мен Парижде бұрыннан­ақ жолға қойылған істі, яғни — барлық тілдердің фонографиялық үлгілерін жинау қажет болады. Бірақ сонда да осылай жиналған мәтіндер басқаларға түсінікті болу үшін, бәрібір жазуға жүгінуге тура келеді. Сонымен, жазу тілдің ішкі жүйесіне жат болғанымен, одан толық бас тарта алмаймыз: өйткені, ол тілді үнемі белгілеп тұратын техника сыңайлы; зерттеуші жазудың артықшылығы мен кемшіліктерін, сондай­ақ оны қолданғанда пайда болатын қауіптерді білгені абзал.

Жазудың мәртебесі; сөйлеудің ауызекі түрінен артық болу себептері. Тіл мен жазу әртүрлі таңбалар жүйесі болып саналады; екіншісінің жалғыз мәні бар, ол — біріншіні бейнелеу үшін қызмет ету; лингвистиканың пәніне дыбысталатын сөз бен графикалық сөздің бірлігі емес, тек қана дыбысталатын сөз ғана жатады. Бірақ дыбысталатын сөздің бейнесі болатын графикалық сөздің онымен етене тығыз байланыс жасауы соншалықты, ол кейін басты ролді де иеленіп алады; нәтижесінде дыбысталатын таңбаның бейнесі таңбаның өзімен тең, тіпті, одан да жоғары мәртебеге ие болады. Бұл адамды тану үшін, оның түрін көруден гөрі, фотосуретін көру тиімдірек дегенмен бара­ бар нәрсе. Мұндай жаңылысу ертеден­ақ белгілі және тіл жөніндегі пікірлердің міні де осында. Мысалы, әдетте, жазу болмаса тіл жылдам өзгеріске ұшырайды деген пікір бар. Бұдан асқан қателік жоқ! Расында да, кейбір жағдайларда жазу тілдегі өзгерістерді баяулатуы мүмкін, бірақ екінші жағынан алғанда, тілдің сақталуы жазудың жоқтығынан ешқандай зардап шекпейді. Литван тілі тек 1540 жылғы жазба құжаттардан белгілі, бірақ осы кейінгі дәуірдің өзінде де ол б.д.д. III ғасырдағы латын тілінен гөрі үндіеуропалық ата тілдің бейнесін дәлірек жеткізеді. Осының өзі­ақ тілдің жазудан тәуелсіз екенін көрсету үшін, жетіп жатыр.

Кейбір өте нәзік тілдік деректер қандай да бір жазба нұсқаның көмегінсіз­ақ сақталған. Жоғарғы көне неміс тілі кезеңінде töten, fȗolen, stōzen түрінде жазылып келсе, XII ғасырдың соңында töten, fȗolen деп жазу белең алады, тек stōzen ғана баяғы қалпын сақтап қалады. Мұндай ерекшеліктің сыры неде? О →ö, u → ü өзгерістері болатын барлық жерде келесі буында j болған; көне герман тілінде *daubjan, *fōljan болған, бірақ *stautan. Жазба кезеңнің қарсаңында, шамамен 800 ж., осы j әлсірегені соншалықты, ол үш ғасыр бойы жазуда көрініс таппады; бірақ айтуда оның белгілі бір ізі қалған, сондықтан шамамен 1180 ж. қарай оның «умлаут» түріндегі ғажап көрінісі байқалады. Сөйтіп, айтудағы осы реңк қандай да бір жазудың көмегінсіз­ақ дәлме­дәл сақталып қалады.

Читайте также:  КОММУНИКАТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Сонымен, тілдің жазуға тәуелсіз және тұрақтылығы ешнәрседен кем емес ауызекі дәстүрі бар; оны байқамауға жазба түрінің мәртебесі себеп болады. Қайта өрлеу дәуірінің гуманистері сияқты, алғашқы лингвистер де тап осы тұста жаңылысады. Бопп өзі де әріп пен дыбыстың арасын айқын ажыратпаған; Бопптың еңбектерін оқығанда, тіл өзінің әліпбиінен ажырамайды деген ойға қаламыз. Өзі сияқты, оның тікелей ізбасарлары да осы мәселеге келгенде жаңылысқан. Фрикативті (ызың) р­ның th арқылы белгіленуі, Гримнің бұл дыбысты тек қана қосарлы демей, сондай­ақ лепті шұғыл дыбыс деп тануына негіз болған; бұл Гриммнің дауыссыздардың жылысуы туралы заңындағы (Lautverschiebung) р (=th) дыбысының маңызды болуын да түсіндіре алады. Осы уақытқа дейін көптеген оқыған адамдар тілді оның орфографиясымен шатастырып келеді; Гастон Дешан орфографиялық реформаға қарсы шыққан Вертело туралы: «ол француз тілін опат болудан құтқарды» дегенді айтқан да еді.

Жазудың осыншама мәртебеге ие болуын немен түсіндіре аламыз? 1. Ең әуелі, сөзбен салыстырғанда, уақыт аралығындағы тілдің бірлігін қамтамасыз етуде сөздің графикалық бейнесінің тұрақтылығы әрі беріктігі бізге әсер етеді. Бәрібір мұндай байланыс үстірт, ал бірлік іс жүзінде жалған болса да, оны шынайы, табиғи дыбыстық байланыстан, гөрі ұғыну жеңілдеу. 2. Көпшілік адамда көру әсері есту әсерінен айқын әрі ұзақ болуы, оның таңдалып алуын түсіндіріп тұрады. Нәтижесінде дыбыс графикалық бейненің көлеңкесінде қалып қояды. 3. Әдеби тіл жазудың жөнсіз маңыздылығын одан әрі арттыра түседі. Оның өз сөздіктері мен грамматикасы бар; мектепте кітаптың көмегімен, кітап арқылы білім беріледі, әдеби тіл белгілі бір кодтық жүйе ретінде саналады, ал ондағы кодекс — қатаң узусқа, яғни орфографияға бағынатын ережелердің жазбаша жинағы болып саналады. Мұның бәрі жазудың маңыздылығын асырады. Түбінде, адам баласы жазудан бұрын, сөйлеуді үйренетіні ұмытылып, табиғи арақатынас теріс күйінде қабылданады. 4. Сонымен, тіл мен орфографияның айырмашылығы айқындалып, олардың арасындағы қарама­қарсылықты лингвисттен басқа ешкім де шеше алмасы анық; бірақ мұндай істе лингвистердің беделі болмаған соң, міндетті түрде жазба форма жеңіске жетеді, өйткені оны негіздеу оңайға түседі; нәтижесінде, еш хұқығы болмаса да, жазу басты рольді меншіктеп алады.

Читайте также:  МАЛДАН АЛЫНАТЫН ӨНІМДЕР НАРЫҒЫН ДАМЫТУ

Жазу жүйелері

Жазудың екі жүйесі болады: 1.Сөзді құрамындағы дыбыстарға тәуелсіз жалғыз таңбамен бейнеленетін идеографиялық жазу. Бұл таңба бір сөзді және осы сөздегі мағынаны да белгілейді. Мұндай жүйенің классикалық мысалы — қытайдың жазуы. 2. Сөздегі дыбыстық тізбекті қайталауға талпынатын, әдетте, «фонетикалық» деп аталатын жүйе. Жазудың фонетикалық жүйелері кейде буынды, кейде әріптік болып келеді, яғни сөйлеудің жіктелмейтін элементтеріне негізделеді. Дегенмен де, жазудың идеографиялық жүйелері аралас түрдегі жүйелерге оңай өтіп кетеді: кейбір идеограммалар өзінің бастапқы мағынасынан айырылып, жеке дыбыстардың бейнесіне айналады.

Жазылған сөздің біздің санамыздағы дыбысталатын сөзді ығыстыруға тырысатыны туралы айтқан едік; бұл екі жазу жүйесіне де тән нәрсе, бірақ мұндай үрдіс алғашқысында күштірек болады. Қытайлық үшін идеограмма мен дыбысталатын сөздің екеуі де ұғымның таңбасы болып табылады; ол үшін, жазу екінші тіл болып саналады және егер әңгіме үстінде екі сөздің айтылымы ұқсас болса, ол өз ойын жеткізу үшін, жазылған сөзге жүгінуге мәжбүр болады. Алайда, мұндай алмастырым абсолютті болатындықтан, біздің жазуымыздағыдай әттеген­ай дегізетін салдарлардан ада болады; бірдей мағынаны жеткізіп тұрған әртүрлі диалектілерге жататын қытай сөздері бірдей графикалық таңбамен белгіленеді. Біз грек әліпбиінен бастауын алатын және қазіргі кезде де қолданылып жүрген жазудың фонетикалық жүйелерін қарастырумен шектелеміз. Осынау тектес әліпбидің пайда болу кезінде, ол тілдің жай­күйін дәлме­дәл бейнелеп тұрады (егер ол бойында қисынсыздықтар кездесетін кірме әліпби болмаса). Қисындылық тұрғысынан алғанда, грек әліпбиінде еш мін жоқ, біз оны төменде қарастырамыз. Дегенмен де жазылу мен айтылудың сәйкестігі ұзаққа бармайды. Оның себептерін талдап көрейік.

Жазу мен айтылым арасындағы алшақтықтың себептері. Мұндай себептер көп; біз ең маңызды дегендерін ғана келтіреміз. Ең әуелі, тіл үнемі дамуда болады, ал жазу тұрақтылыққа ұмтылады. Бұдан жазу түптің­түбінде өзі бейнелейтін нәрсеге сай келмей қалады деген шығады. Қазіргі тарихи кезеңде жүйелі көрінетін жазу жүз жылдан соң оғаш көрінеді. Әуел баста өзгеріп кеткен айтылымға сай келтіру үшін, графикалық таңбаны да өзгерте бастайды, бірақ кейін жазуды дыбысқа мұндай бейімдеуден бас тартады. Мысалға француз тіліндегі оі келтіруге болады. Дыбысталды Жазылды XI ғ. rei, lei геі, lei XIII ғ. гоі, lоі гоі, lоі XIV ғ. гоé, lоé гоі, lоі XIX ғ. rwa, lwa roi, loi XI және XIII ғғ. айтылымда өтіп жатқан өзгерістермен әлі санасқанын көреміз: тіл тарихындағы әр кезеңге орфография тарихындағы белгілі бір кезең сәйкес келеді. Бірақ XIV ғ. бастап жазу өлі нүктеде тұралап қалады, тіл болса дами береді, міне, осы кезден бастап, айтылым мен орфографияның арасында күннен күнге ұлғайып бара жатқан алшақтық пайда болады. Түбінде, тамырын жайған осынау сәйкессіздік жазу жүйесіне де әсерін тигізді: оі графикалық кешені құрамына кіретін элементтерге сай келмейтін мағынаға ие болды.

Читайте также:  МҮЛІК ИЕЛЕНУ ТУРАЛЫ

Мысалдарды шексіз келтіре беруге болар еді. Мысалы, неліктен mе және fe деп айтылатындар mais және fait деп жазылады? Неліктен француз тілінде с көбіне s дегенді білдіреді? Өйткені біз ақылға қонбайтын жазуды сақтап келеміз. Барлық уақытта да осы себеп болған; мысалы француздың жұмсарған l йотқа ауысқан: айтқанда evεje, muje, бірақ éveiller «ояту», mouiller «сулау» деп жазып келеді. Жазу мен айтылым арасындағы алшақтықтың басқа бір себебі мынада: бір халық басқа халықтың әліпбиін алғанда, бөгде графикалық жүйе құралдарының өзінің жаңа қызметіне бейімделуі нашар болады: мысалы, бір дыбысты бейнелеу үшін, екі әріп қолданылады. Герман тілдерінде осындай жағдайға þ (ызың қатаң тістік) дыбысы ұшырады: латын әліпбиінде лайықты белгі болмаған соң оны th түрінде белгілеуге мәжбүр болған. Меровинг королі Хильперик осы дыбысты белгілеу үшін, латын әліпбиіне ерекше таңба қосқысы келген, бірақ онысы іске аспады да, th қолдану әдетке айналды. Ортағасырлық ағылшын тілінде екі е болған: жабық (мысалы, sed «ұрық») және ашық (мысалы, led «жетектеу»); әліпбиде осы екі дыбысқа арналған әртүрлі таңбаның болмауынан seed және lead деп жазуды ойлап тапқан. Француз тілінде ызың ʃ бейнелеу үшін, қосарлы сһ деген таңбаға жүгінген және т.б. және т.с.с. Бұған қоса этимологиялық негіздегі себептер де бар; кейбір дәуірлерде, мысалы Қайта өрлеу дәуірінде олар басты роль атқарған. Бұл кезде орфография жалған этимологияның ықпалында болған: мысалы, француздың poids «салмақ» сөзінің арғы тегі латынның pondus «салмақ» сөзі деген болжаммен бұл сөзге d әрпін енгізген, ал шын мәнінде, оның тегі латынның pensum «өлшенген» болып шығады. Бірақ мәселе этимологиялық жазу принципін дұрыс не қате қолдануда емес, — принциптің өзінің жалған болуында.

Оставить комментарий