iRef.kz

Тілдік жүйедегі және тіларалық транспозиция ұғымы

Ауыспалылыққа ғалым А.М. Пешковский былайша анықтама береді: “Сөз таптары аясындағы ауыспалылық дыбыстық өзгеріс пен мағынаның өзгеру өзегіндегі жеке сөздер бір категориядан екінші категорияға баяу әрі біртіндеп ауысады [74, 142 б.]. Бір сөз табынан екінші сөз табына ауысатын сөздердің әртүрлі жолдарын қарастыра отырып, А.А. Шахматов “субстантивтану”, “адъективтану”, “адвербиализациялану”, “вербализациялану”, “промина-лизациялану” деген терминдер енгізеді. Ғалым бұл құбылыстың мәнін “кейбір сөз таптары өз тұлғасын өзгертпей, екінші сөз табына ауысатындығынан” аңғарады [75, 227 б.]. Ал А.С. Бедняков негізде ауыспалылық тек түрлі сөз таптарының аралығында ғана емес, бір сөз табының ішінде де болатындығын анықтап, осы мәселені қарастырады [76, 28-31 бб.]. Ауыспалылық құбылыстың әр алуандылығы осы ұғымның әр алуан сөздік терминологиясының туындауына себеп болады. 89 Мысалы: деривация, синтаксистік деривация, лексика- грамматикалық субституция, транспозиция т.б. Тілдік үнемдеу заңдылығына сәйкес, соңғы кезеңде жаңа жасылымдар тілдегі қолданыста бар атаулардың мағыналық өрісін кеңінен пайдалана отырып жасалып жататыны байқалады. Сондықтан да метафораның сөзжасамдық маңызын саралауда тілдік бірліктердің өзгеру аспектісін қарастырамыз. Сөзжасамның негізгі мақсаты атауға зәру нысанды таңбалау болғандықтан, метафоралар да аталым қажеттілігін өтеуге қызмет етеді. Транспозиция негізінде тілдік бірліктерді семантикалық немесе қызметтік салыстыру қажет; бұл қарым-қатынас метафоралық процесс, мұнда 3 элемент түрленеді: бастапқы форма (транспозицияланатын), транспозиция құралы (транспозитор), нәтиже (транспозит). Транспозитор – айқындалушы және айқындауыш арасындағы байланыс таңбасы. Мәселен, “Соңғы парыз” романында күлкіге байланысты бірнеше метафоралық сөздердің бірнеше транспозициясы берілген: сайқал күлкі, мысқыл күлкі, берекесіз күлкі, қуақы күлкі. Жазушы күлкі деген бір сөзге байланысты көптеген метафоралық тіркестер түзген: а) Қыз бас-аяғына асықпай көз жүгіртті де, бағанағы мысқыл күлкіні бетіне қайта шаптырып, теңіз суына қымсынбай кіре берді (133-б.); ә) Сол арада ғана санаңа бірдеңе жеткен еді, құр қиялға әуейіленген өз қылығыңа өзің ұялғандай, бетіндегі берекесіз күлкіні дереу жиып алып, жан-жағыңа қарап едің-ау (136-б.); б) …әйтеуір торай көздің қарашығына қуақы күлкі ұшқындады (8-б.). Бұл сөйлемдерде күлкі сөзімен тіркесіп қана образ жасалып тұр. Бұлардың дені – қаламгердің өз қалам тартысынан туындаған тіркестер. Күлкі сөзімен тіркесу арқылы күнделікті қолданыстағы сөздердің өзі бейне, образ тудырғаны анық. Бір ғана алғашқы қолданыстағы жазушы метафорасы қазақтың бірегей жазушысы Әбдіжамил Нұрпейісовтің шеберлігін көрсетеді. Жазушының табиғи болмысы, халқына деген жанашыр сезімге толы мінезі, адами өмір сүргені көз алдымызға елестейді. Сөздік қор түсінікті нәрсе болғанымен, оның берер мазмұны, мәні өзгеше құбылады. Мұндай қолданысты тілдің поэтикасында көркем сөз өрнегі ретінде танимыз. Жазушы тілінде метафоралы сөз саптаудың стильдік сыры терең, мәні жан-жақты. Кейбір метафораның жай түрінің күш-қуаты шындыққа негізделген 90 болса, яғни балап отырған зат баланып отырған затқа сырттай болсын, іштей болсын ұқсастықты сақтап бейнеленген болса, ал енді бірқатар метафораларды қолдануда сырттай ұқсастықты сақтамай, логикалық-мағыналық қана ұқсастығы бар заттарды не құбылысты бір-бірінен телу арқылы көркемдеу де бар: а) тұйық теңізде келешек жоқ (225-б.); ә) ұлы теңіз ашулы (13-б.); б) – Әй құрдас, — деді өкірген теңіз бен азынаған желден даусын асырғысы келгендей айқайлап, – құрдас, байқайсың ба? … (261- б.); в) гүрілдеп өкіріп жатқан теңізге бір-ақ батып жоқ болғысы келіп, өлімге шыныменен бел буа түсті де, кенет өз ойынан өзі шошып кетті; г) … “Қасиетті Кәрі Арал үшін … Кәне, сол үшін … түрегеліп” деп тоқтап қалды (168-б.); д) … ақырған ашық теңіз үстінде тұр (5-б.). ж) …көз алдында өкіріп жатқан мына кәрі теңіздің бір қиясын бетке ұстар еді де, әлгі сықырлы аспанның ұшымен көк толқындардың шекесін тықтық шертіп көз көрмеске асып кетер еді (249-б.). Транспозицияның екі кезеңін айрықша атауымызға болады: 1) Толық емес немесе бастапқы бірліктің синтаксистік қызметі ғана өзгеріп, оның сөз табына қатысты тиістілігі өзгермейді. Мұндай транспозицияның құралы сөз формасы болып табылады [1, 4 б.]. Қызметтік сөздер – жартылай қызметтік десемантизацияланған сөз (кәрі – кәрі теңіз). Жоғарыдағы келтірілген қасиетті Кәрі Арал, кәрі теңіз, тұйық теңіз, ұлы теңіз, өкірген теңіз, гүрілдеп өкіріп жатқан теңіз, ақырған ашық теңіз деген метафоралық тіркестер әр сөйлемде әр түрлі реңкте қолданылған. Яғни қолданыс қызметіне қарай қаламгер сөйлемді метафораны өзгертіп транспозициялап беріп тұр. Метафора түр-тұрпаты жағынан да, ішкі мағына жағынан да елеулі өзгерістерге ұшыратудың нәтижесінде, бастапқы түп- төркіндеріне ұқсамайтындай күйге жетіп, жаңа сападағы сөздер болып қалыптасқан. Дегенмен, бір теңізді, бір аумақты, бір табиғатты суреттеп отырғандықтан өзара тіркескен метафоралардың сырттай болса да ұқсастықтары сақталып құрылған. 2) Толық немесе морфологиялық транспозициядан жаңа сөз табы жасалады. Оның құралы жұрнақ жалғау қосымшалар. Транспозициядағы әртүрлі морфологиялық немесе синтаксистік конверсиялардың айырмасы – тілдік анализдің ең күрделі мәселелерінің бірі. Сөз ететін немесе соның қызметіне өтетін 91 категорияға байланысты (оның негізі) транспозициялану субстантивтену (зат есімдер тобына ауысу), адъективтену (сын есімдер категориясына ауысу), вербалдану (етістіктер қатарына ауысу) адвербализация (үстеулер класына көшу), прономинализация (есімдіктер тобына көшіру). Транспозиция кезінде семантика аспектісінде жалпы мағынаны сақтау мүмкіндігімен қоса, мағына жағынан жылжу, әдетте тарылу болады. Егер транспозицияға біріктірілетін тұлғалар әр түрлі негіздерден болса, лексикалық супплетивизм туралы да айтуға болады. Ең алғашқы рет транспозиция теориясын Ш. Балли жасады, оның жекелеген аспектілерін – (трансляция түрінде), бірінші деңгейдегі транспозиция ерекшелегенде (сөздерді немесе негіздерді бір сөз табынан екінші сөз табына ауыстыру). О. Есперсен, А. Сэше, А. Фреем, Л. Теньер дамытты. Транспозиция идеясы трансформациялық әдіс негізінде жатыр. Қазіргі тіл білімінде транспозиция сөзжасам, синтаксистік синонимдер, семантика, синтаксис, троптар теориясы т.б. мәселелерге қатысты зерттеліп келеді. Көптеген ғалымдар транспозицияны сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына көшуі, ауысуы тұрғысынан қарастырады. Ал атақты ғалым А.И. Моисеев 1985 жылы баспадан шыққан “Словообразования современного русского языка” деген монографиясында транспозицияны тілде бар сөздерге омоним жасайтын тәсіл тұрғысынан қарастырады. “Транспозиция – образование омонимов к уже существующим словам” [77, 76 б.]. Сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына көшуі тілде жаңа мағыналы сөз тудырады. Сондықтан оның сөзжасам мәселесі екені ешбір күмән туғызуы мүмкін емес. Сондай-ақ, бір сөз табы сөзінен екінші сөз табы сөзінің жасалуы дыбыстық құрамы бар жұрнақ арқылы да, дыбыстық құрамы жоқ нөлдік жұрнақ арқылы да жасалатыны ғылымда танылғаны белгілі. Ал транспозиция термині көп жағдайда нөлдік жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздермен байланысты қолданылады. Бұл мәселе жалпы тіл біліміндегі, орыс тіл біліміндегі зерттеулерде түрліше аталып, түрліше сипатталып келгенімен, оған нақты ғылыми сипаттама берген сөзжасамның көрнекті маманы Е.С. Кубрякованың пікірін атап өткен жөн. Транспозиция мәселесінің ғылымда ерте басталғанын айтады, ғалым бір категорияның тілдік таңбасының екінші категорияға көшуі тілде 92 үлкен қызмет атқаратындығына сүйеніп, Ш. Баллиден мына сөзін келтіреді: “Өз категорияларында қамалып қалған белгілер сөйлеудің көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құралдардың шектеулі көзі қызметін атқаратын еді. Алайда, категория аралық алмастырулардың арқасында, ой босатылады, ал ой көріністері байытылады және әртүрлі реңктерге ие болады” деген үзіндісін көрсетіп транспозиция сөзжасамда үлкен қызмет атқарады деп түйеді [78, 64]. Ш. Балли транспозициялық процесті зерттеу барысында қолданылып отырған терминдер мен ұғымдарды енгізді. Ш. Балли енгізген “транспозиция”, “транспозицияланатын”, “транспо-зициялаушы”, “транспозицияланған” және “функционалдық-семантикалық транспозиция” деген терминдер тілде ауыспалы құбылыс деп аталатын зерттеу аппаратына кірді. Ш. Балли пікірі бойынша, транспозиция ауысу механизміне негізделген. Оған қоса ол синхронияға қатысты қызметтердің ауысуы [79, 133 б.]. Осы кезеңге дейін транспозициялық құбылыстың бірнеше бағыттары анықталды. 1. Тарихи лексикологиялық бағыт ауыспалы құбылыстарды бір сападан екінші сапаға ауысатын құбылыс ретінде қарастырады. 2. Құрылымдық- семантикалық бағыт ауыспалықты зерттеудің негізгі мәселелерін синкретизм шеңберінде қарастырады. Бұл транспозициялық бірліктердің гибридтік қасиеттерін зерттеумен тығыз байланысты. О.М. Ким транспозицияны “белгілі бір қызметті атқару барысында түрлі мағынаға ие, бір субстанциялық сипатына қарай әртүрлі элементтердің бір-бірінің орнына ауыса алатын мүмкіндігін білдіретін” кез келген жүйенің жүзеге асуының әмбебап заңдылығы ретінде қарастырады [80, 4 б.]. Транспозиция – үздіксіз қозғалыстағы шынайы құбылыс. Мұнда жүйенің барлық топтары өзара байланысады, әрі өзара қызмет атқарады. Осы бағыттағы өкілдердің пікіріне сүйенсек, барлық деңгейде транспозицияның пайда болуының негізгі себебі – функционалдық түр. Ол мағына және қызмет ассимитриясының негізіндегі шынайы ой шеңберінде туындайды. Бұл ассимитрия бастапқы өзінің алғашқы мағыналық позициясынан тыс позицияға түсіп, екінші жаңа мағынаға ие болады. Осылайша тіл құрылымында болатын ауыспалы мағыналармен салыстырғанда, транспозиция – бұл уақыт аралығына кезеңсіз функционалдық ауысымдардың негізіндегі “тіл – қызмет” жүйесіндегі 93 бірліктердің өзара жанды байланысу қызметі. Тіларалық транспозиция, ең алдымен, қарым-қатынас, ал осы ауыстырудың нәтижесі қимыл, белгілі бір кестеде жүзеге асатын әрі өзіндік кезеңдері бар процесс болып саналады. Сонымен тілдік құбылыстардың семантикалық немесе функционалдық салғастырылуы, яғни транспозиция, қарым-қатынасты да, қызметті де білдіреді. Яғни бастапқы транспозициялық бірлікке транспозицияланатын бірлік жатады. Бұларды лингвистикалық тұрғыдан талдау тілдің ішінара қазақ тілінің грамматикалық құрылымының күрделі даму мәселелерін шешуде елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді. Осы мәселені нақты шешудің бағыттарының бірі – тіларалық транспозицияның мағынасын анықтау. Тіларалық транспозицияның тілдік бірліктер қызметінің әмбебап ерекшелігі ретіндегі жалпы белгілері бар. Олар транспозициялық процестердің барлық түрінде – сөз таптарының транспозициясында, грамматикалық тұлғалар транспозициясында, морфологиялық тұлғалы транспозициясында көрініс беруі. Транспозициялық процестің мәні мен нәтижелерін атап өтетін болсақ: · коммуникациялық бағыт-бағдарға сай тек контексте зерттеледі, бақыланады; · барлық түрлердің транспозициясы барысында кез келген өзгерістің не семантикалық, не грамматикалық, не болмаса семантика-грамматикалық болуы міндетті; · транспозицияның тілдің барлық деңгейінде көрінуі түрлі дәрежеде жүзеге асады (жеке окказионалдық қолданыстан типтік, жалпы қолданысқа дейін). Тілдің даму жолында транспозициялық құбылыстар мен ауыспалы жағдайының кейбір стереотип қырлары қалыптасты (мысалы, жалқы және жалпы есімдер транспозициясы); · транспозицияны басқа лексикалық деривация процесінен, оппозициялық шарттарға сай тілдік бірліктерді бейтараптандыруда шектеу керек; · транспозициялық құбылыстарды синхрондық және диахрондық тұрғыдан қарастыруға болады. Бұл тілдік бірліктер транспозициясын бақылауға мүмкіндік береді; · транспозицияланған лингвистикалық бірлік жаңа қызмет ортасына кіріп, жаңа сапаға бейімделеді; 94 · транспозицияға бір-бірімен тығыз байланысты бірінші және екінші қызметтің жүзеге асу негізіндегі тілдік бірліктердің екі жақты өзара қатынасы мен өзара енуі себеп болады; · транспозиция – тілдегі функционалдық, прагматикалық және синтагматикалық қатынастардың бір-бірімен араласуы. Шынайы коммуникация бірлігі ретінде кез келген тілдік бірліктің оның элементтермен қасиеттеріне бөлінуін емес, керісінше, коммуникациялық қызметтің бірегей мәнін ашуға негізделген интегралдық анықтама беруді қажет етеді [81, 143 б.]. Аударма негізінде көбінесе коннотация транспозиция нәтижесінде алынған тұлғаның арасындағы контрастық әсер ретінде пайда болады. Осылайша семалар “соқтығысады”, оның нәтижесінде негізгі мағынасын жояды немесе тұлғаның барлық қолданыстарына қатысады. Осыған байланысты лексика мен грамматикада метафоралану пайда болды [82, 37 б.]. Тіларалық транспозиция және аударма негізіндегі туынды сөз – өзара қызмет атқарушы екі процесс. Оларды бір-бірінен айырып, анықтау мүмкін емес. Транспозицияның айырмашылығы оның тек грамматика, ал туынды сөз лексикалық та, грамматикалық та бірліктермен тығыз байланысты деген негізде анықталады. Қай халық болсын өз ойын айшықты, көркем беруге тырысады. Халық атау беруде тіршіліктің кілті саналатын заттар мен құбылыстардың түрлі қасиеттерін белгі және бағалау тұрғысынан алады. Соның бір белгісі, таңбасы – метафора, яғни метафораның транспозициясы. Өйткені ол тілге жаңа ұғым, жаңа мағына үстейді. Жаңа нысандарға атау беруде адам өзінің санасындағы нақты бейнелердің қасиеттерін, белгілерін еске түсіре бастайды. Нақты заттардың немесе құбылыстардың анықтамасы, сол заттың адам тәжірибесі арқылы танылған ақпаратынан, энциклопедиялық білімнен тұрады. Метафоралық транспозицияда ұқсастық арқылы танылып, екінші бір сөйлем немесе сөз тіркестерінде ауысып, ақпараттар алмасуы жүргізіледі. Е.С. Кубрякова транспозициямен байланысты лексикалық және синтаксистік сөзжасам десе, Г. Марчанд транспозицияны сөзжасамның аясына енгізіп, сөзжасам арқылы сөздің сөз табына қатысы өзгереді немесе сөз белгілі бір мағыналық топтан екінші мағыналық топқа көшеді деп пікір білдірген [78, 52 б.]. 95 Аталмыш ғалым туынды сөзді жасаудағы транспозицияны, оның сөзжасамдық қызметін анықтау үшін, құрылымы әртүрлі тілдерді салыстыру және негіз сөз бен туынды сөздің құрамына мән беру керек деген пікірді айтады. В.Г. Гак сапаны қайта туындатудың теориялық мүмкіндігіне баса назар аударады. Автор трансформация лексика- грамматикалық құрылымның негізінде анықталу мүмкіндігін атап өтеді. Мәтіндегі әрбір сөздің белгілі мағынасы, морфологиялық формасы болатындығына және ол синтаксистік қызмет атқаратындығына сүйене отырып, трансформацияның негізгі бес түрге бөледі: 1. грамматикалық категория (септелу, уақыт, саны) транспозициясы; 2. сөз таптарының транспозициясы; 3. сөйлем немесе оның бөліктері аралығындағы байланыс түрлерінің транспозициясы; 4. сөз өзінің синтаксистік қызметін атқарғанда болатын актанттық құрылым транспозициясы; 5. сөз семантикасының транспозициясы. Транспозицияның осы аталған 5 түрінің өзінен кішігірім топтарға бөлуге болады. В.Г. Гак тіларалық қатынастың нақты мысалдары арқылы осы мүмкіндіктердің бірқатарын көрсетті. Транспозицияның төрт формасы бар: 1) тура транспозиция. Бұл бір сөз табының басқа сөз табымен құрылым жағынан өзгермей ауыстырылғанда қолданылады; 2) бағынышты транспозиция. Транспозицияның нәтижесінде қоса қажет; 3) басқаратын және басқарылатын сөздің синтагмасындағы орын ауысуы; 4) сөздің тиесілі сөз табына деген қатынасын сақтап, оның синтаксистік қызметінің өзгеруі жатады [83, 49 б.]. Аударма коммуникациялық қарым-қатынаспен тығыз байланысты рухани практикалық қызмет атқарады: · аударма алғашқы емес, қайталанатын қызмет; · бұл қайталанатын қызмет табиғи тілдердің материалы тілдің нормалық-бағалық сәйкестік жолымен жүзеге асады, яғни бұл – тілдік-мәтіндік қызмет. Бірінші деңгейдің интегралдық сипаты болса, аударманы туыстық қызмет қатарына жатқызатын болсақ, онда екінші деңгей осы қызметті дифференциялайды. Аударманың нақты да тура моделін құруға мүмкіндік туғызады. Екінші деңгейде 96 алдыңғы деңгей ұғымдарында нақтыланатын интерпретация ретінде әрі осы объектіге тән терминдер мен ұғымдарды, балама ерекшеліктерін көркемдейтін интерпретация жүреді. Ал қостілді коммуникациямен байланысты үшінші деңгей аударма объектісінің инварианты топтамасын көрсетеді. Жаңа түсініктер мен ұғымдарды атау үшін оларды өзге тілде бар зат немесе құбылыстармен байланыстыра бастаймыз және сол ұғымдар негізінде аталым жасаймыз. Осындай әрекеттермен метафора арқылы қоршаған әлем туралы білім қоры толықтырылып, жаңа аталымдар туындайды. Сондықтан да, “тілдік таңбаның мағынасын айқындауда осы болғанда, тілдік таңбаның бойындағы қандай концептуалдық немесе когнитивтік жасалым, әлем туралы мәліметтер тасқыны қандай ақпарат шоғырланады деген тұрғыдан келуіміз керек” [84, 23 б.]. Жалпы ұғым-түсінік, атау қай жолмен жасалса да, оның туындауына уәждемелік белгілер негіз болады. Метафоралық мағынаға сөз арқылы танылатын деноттаттың нағыз көзге түсер нысаны – түсі, түрі, көлемі, қызметі т.б. негіз болып, қызмет атқарады. Тіл дайын тілдік бірліктердің ішкі қорын пайдалана отырып, дамып жататыны белгілі. Метафора тілді сөздің білім қорының мүмкіншіліктерін аша отырып байытады. Сөздердің мағыналық өрісі дамуының бір ұшы метафорада жатыр. Заттар мен құбылыстардың білім қорындағы ақпараттардың алмасуы – адамның танымдық қызметінің жемісі. Тілдегі метафоралы мағыналы атаулар – бұл ең алдымен әр халықтың тіліндегі әлем бейнесін жасаудағы ерекшеліктеріне дәлел болатын мысалдар. “Тілдегі әлем бейнесі – бұл ұлттық мәдени мұраның дәлелі” [85, 203]. Яғни қазақ тіліндегі метафоралы мағыналы атаулардың жасалуының сырына үңілу, олардың транспозициясы (өзгеруі) – тілдегі адамның танымдық әрекеттерін саралау, тіл мен ойлаудың арасындағы байланысты сипаттау болып табылады. Сөз шеберлеріне қиыннан қиыстырып, асылды саралау міндет. “Тіл өнері – дертпен тең” деген қасиетті заңды табанды ұстаған зергерлер өзіндік ою-өрнегімен, ақындық әуенімен ерекше танылмақ. Бұл ретте ақын-жазушыларымыздың қаламынан индивидуалдық метафоралар, яғни сөздердің метафоралы қолданылуы пайда болады. Шабыты шарықтаған қаламгерлердің жүрегінен қорғасынша балқып шыққандары олардың көз алдымызға сырлы сурет әкеле алатындары ғана 97 халық санасында орын теппек. Бірақ шешендік – шындығымен күшті. Ұланғайыр әлемдегі ұсақ шындықтың өзі бір қырынан ғана емес, тұтас көрінуі тиіс. Осы принципті берік ұстаған суреткерлердің метафоралары ғана толыққанды шығады. Суреткердің құралы, ең алдымен, ойлау мен тіл. Тілдік мәселелердің өзге салалармен байланысы адамның ойлау процестерінің ерекшелігін жете тануды алға тартады. Адамның ойлау әрекеттері тәжірибе арқылы жинақталған білім қорына әр түрлі операциялар жүргізумен іске асырылады. Жинақталған білім таңбалар арқылы белгіленеді. Лексемалардың мағынасы әлем бейнесін, яғни шынайы өмір кескіндерін суреттейді. Метафора өзге тәсілдер сияқты тілдің дамуына қызмет етеді. Тілдің дамуы адамның танымдық тұрғыда дамуы, яғни қоршаған әлем туралы білім қорының толығуымен астасып жатады. Сондықтан да тіл мен ойлаудың дамуы бірінсіз бірінің жүзеге аспайтыны және олардың жалпы адамзат дамуымен астасып жататыны белгілі. Тіл бірліктерін осы бағытта қарастыру олардың мағынасын құраушы бірліктермен байланысын және сол байланыстардың сипатын ашуда маңызды болып табылады. Адам ойлау әрекетінің ерекше көрінісі ретінде метафоралар табиғатының дәл осы бағытта зерделенуі қажет екені туралы көптеген ғалымдар пікірі бір жерден шығады. Демек, адам жаңа нәрсені тану барысында немесе таныс нәрсеге жаңаша қарауға өз санасындағы дайын құрылымды таңдайды. Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстардың атаулары тілдік таңбалар арқылы белгіленеді. Әр таңба астарында нысандардың беретін білім қоры ақпараттары сақталады.

Пікір қалдыру