Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары

Тоғызқұмалақ ойынын ереже тақтада ойналатын зияткерлік ойынға қатысты, әрі ойын барысында кездесетін барлық жағдайды ескере бермейді және ұйымдастыру мәселелерінің барлығын қамти алмайды. Ереженің бабымен толық реттелмейтін жағдайлардың шешімі, ережеде қаралатын ұқсас жағдайлардың негізінде жарыстың Бас төрешілер алқасының жиналысында қабылданады. Ереже төрешілердің қажетті құзыретке ие, ой­білімі жеткілікті және үнемі нақты болатынына сүйенеді. Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру, кез­келген жанның ақыл­ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Тоғызқұмалақ – бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады. 2.Тоғызқұмалақ заңдылықтары: ­ тоғызқұмалақ ережелерін қолданудың бір ізділігін қамтамасыз ету, жарыс өткізу жүйесін бір қалыпқа келтіру; ­ спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті арттыру; ­ ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау және ары қарай дамыту. 3.Ойыншы ұстанымы Ар­ұждан ­ бұл ойыншының басты ішкі адамгершілік қасиеті, оның айбыны, ізгі жаны және таза ары. 1. Өз отанының адал азаматы болу. 2. Шығармашыл, өз ойлары мен істерінде дербес, іс­әрекеттері мен ниеттерінде игілікті де парасатты болу. 3. Қандай жағдайда болмасын сыпайылық пен кішіпейілділік танытып, өзін­өзі ұстай білу, белгіленген қоғамдық тәртіп ережелері мен жеке адамдар қарым­қатынастарының қағидаларын сақтау.

Читайте также:  Дәстүрлердің араласуы

Оставить комментарий