Транспирация, оның өсімдік тіршілігі үшін маңызы

Өсімдіктердің жер бетіндегі органдарының бетінен судың булануын — транспирация деп атайды. Бұл сырттай қарағанда физикалық процесс сияқты көрінгенмен /су буланады, бу ауада диффузияланып тарайды/, өсімдік денесінен судың жұмсалуы оның анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Міне, осыған байланысты өсімдіктің суды жүмсауын — суды буландыруы деп атамай, транспирациясы немесе суды жүмсауы деп атаймыз.

Өсімдік суды өте көп жұмсайды. Мысалы, орта өнім беретін бидай өсімдігі өзінің вегетациялық мерзімі кезінде жүмсайтын суы жауған жауын- шашын мөлшерінен артық болады. Бұл жағдай ерте көктем мен күз, қыс айларында ылғалдылықты сақтаудың қандай маңызының бар екенін көрсетеді. Суды көп жүмсауының себебі ~ өсімдік жапырақтарының ауданының үлкен болуынан. Мысалы, Іга егістік жердегі астық тұқымдас өсімдік жапырағының ауданы — 8 га, мақта мен қант қызылшасының жапырақ ауданы — 6 га, бұршақ тұқымдас шөптесін өсімдікте 12-гектарға тең болады. К.А.Тимирязевтің дәлелдеуі бойынша, астық тұқымдас өсімдіктер денесінде 1 бөлік кұрғақ затты синтездеу үшін 1000 бөлік су жұмсайды. Өсімдік денесіндегі құрғақ зат түзуге кететін судың грамм мөлшерін транспирация коэффициенті деп атайды. Транспирация коэффициенті әртүрлі өсімдіктерде түрліше болып келеді. Мысалы, асбұршақ 270-800, картофельде 300-636, зығырда 400-905, күріште 500-800-ге тең.

Ал, транспирация өнімділігі деп 1000 г су жұмсағанда түзілетін қүрғақ зат мөлшерін атайды. Бұл аталған екі көрсеткіштің екеуі де өсімдік түрлері мен сорттарына және оларды қоршаған орта жағдайларына байланысты болады. Көптеген ауылшаруашылық өсімдіктері үшін орташа транспирация өнімділігі 3 г-ға тең. Бұл 3 г кұрғақ қосылыстың 2/3 бөлігі сутегі мен оттегінің үлесіне тиеді. Демек, өсімдік барлық қабылдаған суының 0,2%-ын денесін қүрау үшін жүмсап, ал қалған 99,8% суды буландырып жібереді.

Транспирация қарқындылығы деп өсімдіктің белгілі уақыт бірлігі ішінде белгілі жапырақ ауданының немесе салмақ бірлігінің жұмсаған суының мөлшерін айтады. Транспирация қарқындылығы өсімдіктердің вегетациялық мерзімі және күн тәулігінің ішінде өзгеріп отырады. Күндіз өсімдік толық сумен қамтамасыз етіліп түрғанда күн қатты қызса, жапырақтағы су сағат сайын жаңарып отырады. Ал, түнде судың жүмсалуы азайғанмен, транспирация мүлде тоқтамайды, өсімдік бойындағы азайған су түнде толықтырылады. Өсімдіктердің суды көп жүмсауы олардың тіршілігі үшін тиімді емес, керісінше транспирация қарқындылығы әлсіресе, онда өсімдіктің өнімі артады. Мысалы, тропиктік ормандарда жауын-шашын жиі болып, ауа ылғалдылығы жоғары болуымен байланысты транспирация қарқындылығы азайып, өсімдіктер қаулап өседі. Жылыжайда өсімдіктерді жақсы өсіру үшін ауа ылғалдылығын арттырады, сондықтан егістіктегі көкөніс дақылдарының өнімін арттыру үшін жауындатып суару қолданылады. Өсімдіктерде суды үнемдеп пайдалану үшін алуан түрлі бейімделу қасиеті пайда болады. Мысалы, суды буландырмайтын қалың кутикуламен /дала өсімдіктері, әсіресе бұталар/, ақ зеңмен, балауызбен қапталуы, түктенуі, т.б.

Транспирацияның өсімдік тіршілігіндегі маңызы төмеңдегі қызметтермен сипатталады: 1. Судың транспирациялануы нәтижесінде өсімдік жапырақтарының су сору күші артып, өсімдіктің барлық вегетативтік органдарына су мен онда еріген минералдық заттардың баруына мүмкіндік туады,
2. Транспирация устица арқылы өтеді де, оның әрқашанда ашық болып, газ алмасу /025 С02/ процесінің тездеуіне жағдай жасайды. 3. Су жапырақ тақталары арқылы булану барысында жапырақ оның күйіп, құрғап кетуіне кедергі келтіреді. 4. Транспирация нәтижесінде жапырақ клеткаларын-дағы барлық тіршілік процестерінің қарқынды жүруіне мүмкіндік тудырады.

Оставить комментарий