Транссаясаттың нұсқалары

Транссаясат — структурасы бұзылған ғаламдағы барлық құрылымдардың мөлдірлігі мен абыройсыздығы, тарихы жоқ ғаламдағы өзгерістердің мөлдірлігі мен абыройсыздығы, оқиға жоқ ғаламдағы ақпараттың мөлдірлігі мен абыройсыздығы, тораптары сыбасқан кеңістіктің мөлдірлігі мен абыройсыздығы, көпшіліктегі әлеуметтіліктің, террордағы саясаттың, кекірелеудегі дененің мөлдірлігі мен абыройсыздығы. Тарих сахнасының ақыры, саясат сахнасының ақыры, фантазм сахнасының ақыры — абыройсыздықтың басып кіруі. Құпияның ақыры — мөлдірліктің басып кіруі. Транссаясат осы айтқан барлық нәрсенің жоқ болу тәсілі (бұл енді өндіріс тәсілі емес, бұл өте қызғылықты жоқ болу тәсілі), мағына көкжиегінің ақырын негіздейтін қатерлі бұрылыс. Жүйелердің тойынуы оларды баяулау нүктесіне апарады: террор мен үрейлендірудің, еркін жүзудегі капиталдардың, су тегі бомбаларының, спутниктердің, ақпараттардың және жоқ референциалдардың спутнигі болған еркін жүзудегі теориялардың да айналмалы орбитасы. Енді олармен айналысуға мүмкін емес есте сақтау, банк, ақпарат жүйелерінің кекірелеуі, бұдан былай өзінің мақсатынан асқан, бездену арқылы көбейетін, гипертелиялық ядролық жүйенің кекірелеуі және тойынуы. Транссаясат сонымен бірге өсуден безденуге, ақырғылықтан гипертелияға, органикалық тепе­тендіктен рак метастазыларына ауысу. Ол — кризистың емес, катастрофаның орны. Бізді барлық шынайылықтан, барлық тарихтан, барлық тағдырдан алыстататын жұмсақ және психоделиялық технологияларды қосып, заттар оған технологиялық ырғақта бағыт түзейді. Бірақ құпия барған сайын мөлдірлікпен қуылса, істер сахна (тек мағынаның сахнасы емес , иллюзияның қуаты және құбылыстардың құмарпаздығы) барған сайын сахнасыздықпен қуылса, онда жұмбақ, оған қам жемеңіз, әлде де қала бермек, транссаясат жұмбағы да. Саясаттың дәуірі аномия дәуірі болатын: дағдарыс, зорлық, жындысүрейлік және революция дәуірі. Транссаясаттың дәуірі — ол аномалия дәуірі, аномалия — жөнділік юрисдикциясынан қашатын нәрсе. (Заң — инстанция, ереже — осу доғасы, заң — трансценденция, шектен шығу, ереже — құрал). Аномалия кездейсоқ, статистикалық кеңістікте, енді заңға тән шекаралар мен олардан аттауды білмейтін варияциялар және модуляциялар кеңістігінде ойнайды, өйткені оның бәрі статистикалық және әрекетшіл тепе­ теңдікпен жұтылған.Бұл кеңістіктің ережеленгені сонша, ережеден тыс нәрсе онда орын ала алмайды, тіпті, жындысүрейлік пен жоққа шығару ретінде көрінсе де. Әйтсе де, ол аномалия боп қала береді. Аномалияда мистикалық бір нәрсе бар, өйткені оның қайдан келетінін анық ешкім білмейді. Аномияға қатысты, оның қайдан қайтатыны белгілі: заң белгілі деп болжанылады, міне, сондықтан аномия аберрация емес, белгілі жүйені қосу. Ал, аномалияны алсақ, онда оның бұзатын заңы мен ережесінің өзі күмәнді. Ондай заң иә жоқ иә белгісіз. Заттардың ахуалына байланысты ауытқу, немесе, қателесу бар, ал бірақ оның себеп пен салдар жүйесін құрайтыны белгісіз. Аномалия аномияның қауіпті және девиантты нұсқасы болғанындай, ережеден тыс нәрсенің трагикалық нұсқасы ретінде көріне алмайды. Ол белгілі мағынада — қауіпсіз және түсінуден тыс, ол таза және қарапайым көріністер қатарынан, біздің жүйеге, біздің жүйенің сыртына өзге бір нәрсе келгендей. Бәлкім, өзге жүйеден? Аномалия жүйеде сыни нәтижелер бермейді. Одан гөрі ол мутант нұсқасына жақын.

Читайте также:  ПРИЧИНЫ ВОЗНИКНОВЕНИЯ ЗАИКАНИЯ КАК ПСИХОЛОГО- ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ПРОБЛЕМА

Оставить комментарий