Трансцендентті таңбалаушы

Сіздің теорияңыздың басты талпынысы этология және этнология мәселелері арасындағы кереғарлықтан асып, антропологиялық зерттеулердің осы екі жауыққан шептерін бітістіру. Ол үшін сіз өзіңіздің болжамыңыздың екі жақтың да мәселелерін шешетінін көрсетуіңіз керек; демек, құтқарушы құрбанмен мимесисті адамзаттың мәдени институттарына айналдыратын тек зорлық пен ритуалдар мәселелерін емес, белгілер мен коммуникациялар жөніндегі мәселелерді де байланыстыруыңыз керек. Р.Ж.: Бір уақытта белгі және таңбалау теориясын і.асамай зорлық мәселесін құтқарушы құрбандық арқылы шешу беймүмкін. Бірақ белгіге ауысар алдында өзінің ең қарапайым формасындағы құрбандық тетігінен жаңа тәртіпке назар аударатын, ғажап ең бірінші инстинкттен тыс машинаны көре білгеніміз жөн. Жындысүрейліктің белгілі баспалдағынан бастап, миметикалық шептену өзінің жалғыз құрбанына шүйлтеді. Бұл құрбанға тойынып, зорлық еркінен тыс тиылады, адуынды дүлейліктен кейін үнсіздік орнайды.. Осы дүлейлену мен тыныштық, адуындану мен сабырлық арасындағы мейлінше зор контраст бұл жаңа зейіннің оянуына аса қолайлы жағдай жасайды. Құрбан жалпыға бірдей құрбан болғандықтан бұл сәтте барлық көздер тек соған тігілген. Таза инстинктивті объекттің сыртыңда, мысалы, тағамдық, сексуалды, немесе соларға ұқсас билеуші объекттің сыртыңда ұжымдық құрбанның өлігі бар және осы өлік қана әлгі жаңа нұсқадағы зейіннің бірінші объекті. Ж.­М.У.: Бұл құрбан киеліленген бе? Р.Ж.: Мен айтқан зейін оянған сайын құрбан дағдарыс және оның шешілуі қоздырған эмоцияға толтырады. Онда және дәл сонда ғана сиқырлы тәжірибе тұйықталады. Қатысушылардың құрбан жөнінде алған әсері, ол қанша әлжуаз болса да, құрылымды түрде оның өмірден өлімге ауысуына сәйкес ғажайып эффектерге, осы сәтте болып жатқан қызықты және босатушы төңкеріске байланысты. Бұл арада пайда болатын жалғыз мәндер құрбанға барлығы үшін жауапкершілік жүктейтін қосарлы трансфер мағынасы, киелену мағыналары. Бірақ адамзат тарихындағы бұл мәндер әлі болмаған өте ұзақ кезеңдерді елестете білу керек. Демек, олар құтқарушы құрбандық атойы естілгеннен бастап киелілікке қозғалыста болған, бірақ ол туралы әлі түсінік те қалыптастырмаған. Зейінді оятатын машинаның бірден тиымды болады деп ойлаудың қажеті жоқ; сәтсіз жағдайлардың саны өте коп болуы мүмкін. Алайда, тиімділік қанша әлжуаз болса да, шектен тыс миетизмнің бақылауы тек соны ғана қалайды; біз мәдениеттің адами формаларына баратын жолдамыз деу үшін, әлгі тиімділіктің жинақтаушы күші де аз. Ж.­М.У.: Әйтсе де, сізге белгі теориясы керек және менің бұл туралы түсінігімше, казіргі теоретнктерде белгі тек жүйе ішінде тірлік етеді; демек, бастау үшін, ең кемінде бір­бірін белгілейтін екі белгі керек. Мен сіздің схемаңыздан қалайша структуралық лингвистиканың бинарлық оппозициясын тудыруға болатынын көре алмай тұрмын? Р.Ж.: Ол бинарлы оппозицияны тудырудың қажеті жоқ. Бір­бірінен бөлінген және белгілеудің бір дәрежесінде әрекет ететін екі элементті структуралық жүйені негізге алуға болмайды. Бірақ ол туралы өлі ешкім ойламаған одан гөрі оңай және жалғыз пәрменді, жалпы шынайы генетикалық модель бар. Бұл әлі есептеліп болмаған аралас үйіндіден үздік бір бөлікті таңдау нұсқасы. Бұл, мысалы, христиандардың мейрамдық пирогіндағы өсімдік сабағындай, немесе өсімдік дәніндей, жеребе нұсқасы. Тек дән немесе сағақ бар бөліктер бөлінген де, қалғаны еш ажыратусыз күйде қала береді. Бұл ең оңай жүйе, бірақ оны ритуалда байланыста жиі тапқанмен, ешкім ол туралы ойланбаған және ешкім ол туралы айтпаған. Әлгі мен айтқан кездейсоқтық арқылы таңдаудың ритуалды шығу тегі бар. Киелі құрбанды да осылай таңдайды. Егер бұл нұсқаны ритуалдардан тапса, демек ол құтқарушы құрбандық әрекетінен көшірілген. Сөйтіп оның біз үшін өсиетнамалық міні бар, бұл белгілеудің ең ескі моделі. Осы нұсқаның негізінде адамдар кездейсоқтық ойындары деген нәрсені ойлап тапқан. Кездейсоқтық ойындары жүзеге асу үшін адамдар ерікті тәсілдегі ритуалдың мақсатын ұмытып, одан өзіндік өз мақсатын жасауға тиіс. Тұтас алғанда бұл біз зерделеген мысалдардағыдай туындау барысына ұқсас; барлық бұл институттардың бізге табиғи түрде мәдени, немесе дәл сол мөлшерде мәдени түрде табиғи көрінетіні сонша біз оларға олардың ритуалдарға мәнді жақындығын түсінген сәтке дейін назар аудармаймыз. Ж.­М.У.: Егер сіздікі дұрыс болса, онда арнайы адамдық нәрсе ойынның өзге нұсқаларынан гөрі азартты ойындарда бар. Р.Ж.: Дәл осы туралы Роже Кайуа өзінің «Адамдар ойындары» деген көрнекті зерттеуінде айтады. Кайуа ойындарды төрт категорияга бөледі және олар ритуалды айналымның төрт басты айналымына сәйкес. Мен оларды Кайуаның тәртібінде емес негіз қалаушы процесстің ашылу тәртібінде атаймын. Бірінші кезекте, имитациялық ойындар, пантомималар, маскарадтар, театр және т.т. бар. (Кайуа mimiеry деген ағылшын сөзін қолданады). Жүгіру, бокс және т.т. сняқты бәсекелес немесе жарысу (agon) ойындары бар. Олар ұқсастықтардың күресіне сәйкес. Кайуа ilinx деген грек сөзімен белгілеген бас айналдырушы ойындар бар, олар өз­өзі айналасында жедел айналу, пируэттер және т.т. Бұл ойындар миметикалық дағдарыстың галлюцинаторлы пароксизміне сәйкес. Ақырында, құрбандық шешімге сәйкес азартты ойындар бар. Кайуа Хейзинғаның оның жұмысы «Homo ludens» және әлгілер адамның жалғыз арнайы ойындары болса да, оларды тіпті атамағанына таңданыс білдіреді. Ойынның барлық өзге түрлері хайуандық өмірде көрініс тапқан. Заттардың бұл түзілімі хайуандық және адамдық ритуалдардың айырмашылығына сәйкес. Хайуандық ритуалға жалғыз жетпейтін нәрсе, ол құрбанды өлтіру және хайуанға адам болу үшін жетпейтін жалғыз нәрсе, ол құтқарушы құрбандық. Жеребе тастаудың ең әлжуаз формаларының өзінен таңдаулының айналасында киеліліктің қосарлы мәндерінің шептенуін көруге болады. Қолына дон түскен тұлға өзінің айналасында барған сайын ритуалды оппозицияның көбейгенін көреді. Ол кекесін объектіне айналады; ол құрбандық текесінің бір түріне айналады, бірақ ол өзі ішінен шығарылып тасталған топты әйгілейді, демек, белгілі мағынада ол оған билік етеді, ол патша. Бұл күлкі үшін жасалған жорта киелену трансцендентті таңдалушының түрін суреттейді. Сондықтан ритуалды көпнұсқалық ойға қонымсыз, немесе оны ойдың және адамзат мәдениетінің шынайы құрылымына жат «дәнекерсіздікті» сағыну деудің қажеті жоқ. Г.Л.: Сонымен, егер оны көруге қабілетті болсаңыз, барлық жерден негіз қалаушы тетікті көруге болады. Р.Ж.: Өте дұрыс айтасыз. Негіз қалаушы тетікте дәл құрбанға қарсы және оның айналасында бітісу жүзеге асады. Құрбанды барлық нәрсенің бастауы мен себебі деп айту қазір жеткіліксіз. Ең қарадүрсін деңгейлерде құтқарушы құрбандық тетігінің жұмыс істейтінін және ең қарапайым белгілеу қатпарларын тудыратынын ұғыну үшін белгілеулердің одан бұрын орнатылып үлгірген барлық контексттін жою керек. Құрбан қоғамдастықтан, ал қоғамдастық құрбаннан туындағасын, олар, қоғамдастық пен киелілік, іште де сыртта да, бұрын да, кейін де тірлік ете береді. Құрбан бір уақытта жақсы да, жаман да, бейбітшіл де, зорлықшыл да болып немесе өлтіруші өмір және өмірді орнататын өлім ретінде де көріне береді. Онымен бірге туындамайтын және бір уақытта ол асып кете алмайтын белгілеу құбылысы жоқ. Ол өзін әмбебап таңбалаушы ретінде орнатады. Ж.­М.У.: Трансцендентті таңбалаушы жөнінде сөйлегеннен гөрі таңбаланушы жөнінде сөйлеген дұрыс болар? Р.Ж.: Таңбалаушы — құрбан. Таңбаланушы қоғамдастық бұл құрбанға және ол арқылы барлық заттарға беретін кез келген қазіргі және болашақтағы мағына. Белгі бітістіруші құрбан. Адамдар дағдарыстан шыққасын бітісуді қалайтындықтан, олар белгіні өндіре беруге талпынады, яғни бұл ғажайып бейбітшіліктің орнауын қолдау үшін нағыз құрбанды ритуалдарда жаңа құрбанмен ауыстырып, киелілік тілінде сөйлегенді ұнатады. Демек, ритуалды императив белгілерді олардың көбею барысында манипуляциялаумен тең және сөйтіп ол өзіне ылғи да жіктелу мен мәдени баюдың жаңа мүмкіндіктерін береді. Біз мұнан бұрынғы беттерде аңшылыққа, үй жануарларына, сексуалды тиымдарға және т.т. қатысты суреттеген барлық процесстер құрбандық белгісінің пайдалануы және жіктелуі ретінде суреттеуге болады. Ритуалды өндіруге талпыныс қиындықтар жасамайды. Киелі үреймен итермеленіп, және бітістіруші құрбан белгісінде өмірді жалғастыру үшін, адамдар бұл белгіні өндіруге және әйгілеуге тырысады; сондықтан олар алғашқы эпифанияны қоздыру үшін құрбандарды іздейді; міне, әрқашанда тіл немесе жазу атауларында анықтала алатын бастапқы белгілеу қызметін осында орналастыру керек. Сөйтіп, бір күні шынайы құрбан жаңа құрбандармен белгіленудің орнына құрбандардан өзге енді осы құрбанды белгілейтін кез келген басқа заттармен белгіленеді; сөйтіп олар оны барған сайын жасырып, тығып, көрмеген болады. Сол сияқты мағыналы тіл қату, сөздермен айырбас жасау, барлық өзге айырбастар іспетті ритуалдан, миметикалық дағдарысқа сай айғай­шудан шығарылуға тиіс, өйткені олар құтқарушы құрбандықтан бұрын болып, оны шарттайтын нәрсе. Құрбандық рәсімдерінде, кәделерінде бұл айғай­шулар, құрбан айналасындағы бидің қимылындай, ырғақ пен тәртіпке багына бастайды, өйткені, дағдарыстың барлық қырлары қызметтесу және келісімпаздық рухында өндірілген. Тіл түзіліміндегі бастапқы және негізгі ретінде киеліліктің дыбыстарын орнатпаған мәдениет жоқ.

Читайте также:  Көркем бейне құрылымының заңдылығы мен сюжеттік құрылымы

Оставить комментарий