ТЯНЬ-ШЯННЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕГІ ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ

Адамзат тарихында ұлы істерді тек рухани мықты халықтар ғана жасай алған. Бірақ өмірдің әрқилы жағдайларына байланысты, халықтың отаншыл рухы әлсіреген кезде, халық та әлсірейді. Дәл осы кезде отанға жан тәнімен берілген адамдар азаяды, сөйтіп халықты жарқын болашаққа бастай алатын, адамдарды қасында жинап, жарқын болашаққа жетелейтін және де сол бастаушыны қолдайтын, артынан ере алатын адамдар табылмай қалады. Халық өзінің өткенінен қашып, өткен тарих беттерінде болған ерліктер мен жан қиярлық батыл істерді есіне түсіргісі келмейді. Олар көмекті сырттан күтеді, бірақ халық өткен тарихын ұмытқан кезде, құндылығын жоғалтады, ал дәстүрлі сана мен рухты жоғалтқан халық жойылып кетеді. Бұл көрініс адамзат тарихында дәлелденген. Сондықтан ата- бабаларымыздың ерлік пен батырлыққа толы тарихи дәуіріне көз шалайық. Байырғы түріктер бұдан 1200-1500 жыл бұрын түріктік дүниетанымының алтын бағанасы Тәңірлік дінін ұстанып, елдік құрып, үкімет орнатып, тілі мен дінінің, тарихы мен әдебиетінің алтын сандығы саналатын байырғы түрік алфавитін жетілдіріп, далалық өмір мен қалалық салтты ұштастыра отырып, қалалар тұрғызып, сәулет өнерін шыңдап, өткен аруақтарына арнап мүсін қашап, ұрпағына тарихи-мәдени мұралар қалдырды. Ата тарихымызға, шежіремізге, тәрбие өнегесіне айналған байырғы түрік ескерткіштерінің жауынның, күннің астында, желдің, боранның өтінде қорғаусыз-күзетсіз, жанашырсыз-күтусіз соншама заманды өткізіп бізге жеткені таңқаларлық құбылыс. Олар мәңгілік ел орнатпақ идеясын, тарихын, дүниетанымын, ой-санасын, дәстүрін өшпестей етіп тасқа қашап кеткен. Бұл жазулардан байырғы түріктердің жазу өнері, ел басқару жұйесі өте жоғары дәрежеде дамығанын көруге болады. Орхон, Селенгі, Тоғула бойында қалдырған мұралардан Орда-балық, Қатын-балық, Тоғула-балық, Мағы-қорған сияқты бес қала 100-ден астам киелі орындар, 1000-нан астам мүсінтастар, балбалдар, қорымдар; брахми, соғды, моңғол, қидан, манчжур, араб, қытай, байырғы түрік тілінде, манихей алфавитімен жазып қалдырған жүздеген жәдігерліктер сақталып бізге жетті. Ешбір ұлт, ұлыс, этнос бір-ақ күнде ғасырлық дүние жасай алмайды. Ерте, ортағасыр дәуірінде Қағанат орнатқан түріктер де әлем мойындаған соншама құнды мұраларды мыңдаған жылғы үзілмей келе жатқан дәстүр сабақтастығының нәтижесінде жасады, халық даналығының мол тәжірибесі негізінде жинақтады. Дарынды түрік әулеті, түрік халқы Орхон Селенгі, Тоғула дарияларының бойында қалалар тұрғызып, хан ордасын сәулеттендіріп, құлшылық ұратын ғибадатханаларды тұрғызып, тас қашап, батырлары мен көсемдерінің бабалары мен абыздарының бейнесін, мүсінің жасап, ұрпағының ұрпағына арналған мың жылдық сөзін, көгілдір гранитке – мәңгіліктің «мәңгі тасына» қашап жазып кетті. Демек, Орхон бойындағы жәдігерліктер — өзіне дейінгі мың жылдықтардың тарихи тәжірибесін бойына жинап, өзінен кейінгі адамзат әулетіне оны тарихи-мәдени мұра етіп қалдырған аса бай құндылықтар қазынасы болып табылады. Бұл қазына — байырғы түріктердің болмысы, рухы мен келбеті, ділі мен тілі, діні, мәдениетінің өшпес айғақтары әлем өркениетіне қосқан үлесі болып табылады. Түрік қағанаты алты кіші орда, алты кіші қағанықтан құралған. Алты кіші хандықты алты есір, алты кіші орданы алаш деп атаған. Тоғыз-оғыз, түргеш, отыз-оғыз, басмыл, қыпшақ пен қарлұқтар бірігіп, Түрік қағанатының іргетасын қалаған. Білге қаған қайтыс болғанда алты алаштың атын бірліктің, ынтымақтың белгісі ретінде тас ұстынға қашап жазып қалдырған. Ортағасырларда Орталық Азияда ресми байланыстар соғды жазуымен қатар, брахми жазуымен және қытай иероглифтерімен жүргізілді. Сондықтан түріктер ел мен тұлғалардың тарихын осы жазулармен жазып қалдырған. Орталық Монғолиядағы Күйіс-толғой ескерткішінің мәтіні брахми жазуымен жазылса, Орталық Моңғолияның Қарағол ескерткіші қытай иероглифтерімен қашап қалдырылған. Күлтегіннің ескерткішінде Таң императоры Сюанцзунның Түрік қағанатының бас қолбасшысы Күлтегіннің дүниеден өтуіне байланысты Білге қағанға жазған көңіл білдіру хаты қашалған. Бұл хат Сюанцзунның өз қолымен жазған хаттан түсірілген. Түркі тайпаларын біз жеке қарастыра алмаймыз, себебі ғасырлар бойы түркі халықтарының ортақ тарихы мен ортақ мәдениеті, оларды бір-бірімен байланыс- тырып тұрды. Бір тайпалардың орнына екінші тайпалар билікке келіп, бірін-бірі алмастырып тұрды. Бірақ жеңілген тайпа жоғалып кетпей, керісінше билікке келген жаңа тайпаның құрамына кіріп, жаңа этносты қалыптастырды. Тастар былай деп жырлайды: «Көкте көк аспанды жаратқан кезде, ал жерде қара жер пайда болған кезде, жер мен көктің арасында адам баласы жаратылды. Адамдарды басқаруға менің ата- бабаларым Бұмын қаған мен Естемі қаған таққа отырды. Қағанатты басқаруда олар мемлекетті қорғады, түркі халқының заңдарын құрастырды», — деп, Ұлы Даланың жаңа кезеңінің басталуын Күлтегінге арналған ескерткішке жазылған руналық жазулар баяндайды. Дәл осы кезде көшпелілердің рухани мәдениеті жаңа сатыға көтерілді. Түрік әдебиеті қалыптасып, түркі тайпалары сол замандағы ұлы діни-наным сенімдерді: буддизм, манихей ілімі, христиан діні, исламды өзіне қабылдап, рухани өмірі байытылады. Ғасырларға созылған қатал күрес көшпелілерді құрыштай шыңдап, дала қожайындарына айналдырды. Түркілердің бай рухани мәдениетінің қалыптасқанын ежелгі жазбаларда, тарихи ескерткіштерде ірі мәдениет ошақтары, ғылым ордасы ретінде Отырар, Сайрам, Сүткент, Сығанақ, Сауран, Баршыкент, Янгикент, Қойлық, Алмалық, Екіоғыз, Баласағұн, Мерке тағы да басқа қалалар дәлелдейді. VII-IX ғасырларда Орталық Азияда шеберлік, сәулет өнері кең өріс алады. Жазба деректер мен археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде табылған бұйымдар, сол кездердің өзінде-ақ, кәсіби шеберлердің, теміршілердің, зергерлердің, тас қашаушылардың, қолашылардың, тас оюшылардың (бәдісшілердің) болған- дығын көрсетеді. Аталған кезеңнің шеберлік өнері сонау б.з.д. сақ, үйсін, қаңлы дәуірінде туған ертеректегі мәдени дәстүрлер негізінде дамиды. Сол кездердің бізге сақталып келген аңыздарында халықтың ұғымына сәйкес қасиетті жерлермен, соғыста ерлік көрсеткен ерлер дәріптеледі. Мысалға көне түркі жазуында ерекше аталатын тамаша «Отыкен» қойнауы мен ғажап тау алқаптарын, Ергенекөң туралы жыр жолдары, басқа да әсерлі аңыз, ертегілерді айтуға болар еді. Осындай аңыз әңгімелердің негізінде VIIIX ғасырларда далалық халық ауыз әдебиеті дамыды: мұнда халық бұқарасының мұң-мүдделері, езгі көрген ауыр тұрмысы, еткен еңбегі, бостандық сүюі, жат ел жаулаушыларына өшпенділігі бейнеленген. Сол рулық дәуірдің тұрмысынан туған өлеңдер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер өте көп. Халық тудырған қанатты сөздердің жылдан емес, ғасырлап жасалып, бірте-бірте ұшталып, өткірленіп барып, бұлжымас әсем, ойлы, қалыпты тіркестерге ұласатынын білсек, онда: «Табы бірдің Тәңірі бір», «Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес», «ұлың- Ұрымға, қызың-Қырымға», «Барар жерің Балқан тау» тәрізді мақал-мәтелдер сонау түркі дәуірінде-ақ туған халық ойының көркем ескерткіші деп білеміз. Халық творчествосының қаншалықты дамыған- дығын халықтың өмір тәжірибесінен туған осындай сан-алуан бейнелі тіркестердің өзі-ақ дәлелдеп береді. Осылайша VII-IX ғасырларда түркі тектес тайпалардың арасында әдеби дәстүр қалыптаса бастайды, соның нәтижесінде әдебиеттің кесек үлгілері туады. Оған ақындық тәсіл мен дәстүрдің ең ертедегі белгілі туындысы есептелетін Орхон ескерт- кіштері толық айғақ бола алады. Мұның өзі аталып отырған дәуірде құлпытас беттерінде сақталғандай, жазба әдебиет белгілерінің көріне бастағандығын толық растайды. Тек түркі халықтарының мәдениетінің ғана емес, бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын Орхон ескерткіштерінің мәні зор. Көздің жасымен, жүректің қанымен құлпытас- тарға қашалып жазылып, қаймағы бұзылмай бізге жеткен осы бір ғажайып руналық жазулардан кейде жоқтау, кейде мадақтау ыңғайында айтылған шешендік сөздердің, өлеңдік ұйқастардың, мақалды тіркестердің көне үлгілерін көре аламыз. Мұнда VIII ғасырдың іргелі мемлекеті- Түрік қағана-тының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара жауласуы, жүргізген жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Бұл ескерткіштердің негізгі кейіпкерлері хандар мен бектер болғанымен бұхара халықтың аянышты өмірінің белестерін де көре аламыз. Түркі сарбаздары металмен қапталған қазіргі қазақ тымағы тәрізді бас киім, үстіне жезден істелген ұзындығы тізеден, жеңі шынтақтан сәл жоғары сауыт, аяқтарына етік киген екен. Жауға аттанған жауынгер сауыт киіп, садақ асынып, беліне алдаспан байлап, білегіне шоқпар іліп, кеудесіне қалқан, қолына найза ұстап шығады екен. Орхон ескерткіштеріне қарағанда, түркілер әйелді ерекше құрметтеген. Жолаушыдан келген баласы үйге кіргенде, әкесінен бұрын анасына бас иеді екен. Бұл ескерткіштерді аударуда қазақ лингвистері Алтай Аманжоловтың, Ғайнетдин Мұсабаевтың, Ғұбайдулла Айдаровтың қажырлы еңбегін ерекше атап кету керек. Шындығында руналық жазулардың кейбір жолдары шығарманың мазмұнын ғана беріп тұрған жоқ, сонымен қатар өлең шумақтарын да жасап тұр. Тәңірідей, тәңіріден жаралған Түрік Білге қаған, Бұл шақта отырдым, Сөзімді түгел естіңдер: Бүкіл жеткіншегім, ұланым, Біріккен әулетім, халқым,Оңымда шад, апа, бектер Солымда тархан, бұйрық бектер Отыз. Алтынды, күмісті, қылды, Жібекті соншама шексіз беріп Жатқан табғаш халқының сөзі Тәтті сөз, асыл қазынасын беріп, Жырақтағы халықты өзіне Жақындатар еді. Жақы Қонып, сосын олардан әдепсіз Қылықты үйренуші еді, — деп қаған қытай императорларының Түрік қағана- тымен орнатқан мәдени байланыстарының түпкілікті саясатын дәл бейнелеген еді. Қытайлықтарды өзіне жақындату арқылы олардан әдепсіз қылықтарды үйренетінін айта отырып, қаған қытай мәдениетінің әсерінен сақтандырады. Біздің ойымызша, қаған бұл жерде, қытайлықтардың тік мінезді еместігін, ар жағында бір пайданы ойлап тұратын қасиетінен жиренгенін меңзеп тұр деп білеміз. Әрине бұл өлең жолдардан түркі халықтарының аянышты тағдырын көруге болады. Ата-бабаларымыз жазып кеткен бұл ескерткіштер қазірдің өзінде де бізге тіл қатып тұрғандай, олар бізге өткеннің тағдырын жырлап, үндеу салып, болашаққа дұрыс бағытты сілтейді. Бұл өлең жолдарында түркі халқының жойылып кеткен себебін, қаған бөлінушілікте деп дәл көрсетеді. Ата- бабаларымыздың ескерткіштерінен біз олардың жауынгерлік рухы мен асқақ ойын көре алсақ, ал қытай жылнамаларында мәселен «Суй шу» кітабының 49 баянында түріктер туралы мынандай деректер келтіріледі: «Түріктер мал шаруашылығымен айналысып, тұрақты қонысы болмайды. Олар судың тұнығын, нәрлі шөптің жайқалып өсіп тұрған жерлерін іздеп жүріп көшіп отырады. Сонымен қатар, олар күмбез пішінді киіз үйлерде тұрып, шаштарын жайып, шапандарын солдан оңға түймелейді. Етті жеп, ақ ішеді. Теріден тігілген, жүннен тоқылған киім киіп, ұлықтарының үлкені яғбу, одан кейінгісі – шад тегін, одан кейінгісі – ельтебер, одан кейінгісі – тұтынбер болды. Барлығы төменгі шендерімен қоса, 28 дәреже. Олар бұл шеңге мұрагерлікпен ие болады. Қару- жарақтан мүйіз нақышты садақ, ысқырма оқ, сауыт, найза, қылыш, семсерді қолданды. Атқа отыруға мықты, садақ тартуға шебер болды», — деп жазылған. V1 — V11 ғасырларда Орталық Азияның Түркі қағанатының құрамына енген түркі тайпаларының өзіндік ерекшелігі бар жазуы болғаны анықталады. Түркілер ағаш тақтайша- ларында қашап жазғаны белгілі. Мұнда олар қажетті адам санын, жылқы және ұсақ мал санын белгілейтін. Сонымен бірге түркі елшілерінің басқа мемлекеттерге сапары кезінде, түркі қағандарының сәлемін жеткізетін грамоталары болатын. Бұл жазулардың қандай болғанын Бұғыт жазуынан көруге болады. Стелланың бір жағы брахми жазуымен жазылса, екінші жағы соғды жазуымен жазылған. Соғды нұсқасында Түркі қағанатының өмір сүрген отыз жыл уақыт аралығы баяндалады, әсіресе Таспар қағанның ерлік істері туралы көп жазылған. Соғды дипломаттары мен хатшылардың қағанат- тың ішкі өміріне араласып көмекші қызметін атқарғандықтан, соғды жазуы- ның қағанаттың өмірінде ролінің ерекше үлкен болғанын көре аламыз. Ескерткіште автордың окырмандарға арналған сөзде- ріне қарағанда түркі қоғамында соғды жазуымен таныс болған адамдар көп болғаны аныкталады. Соғдылардың түркі мәдениетіне тигізген әсері зор болды. Бұгыт стелласы тұрғызылған жылдары алғашкы рет буддистік шығарма нирвана сөресі түркі тіліне аударылып, буддизм діні түркілердің арасында уағыздала бастады. Ұлы Түрік қағанатының кұрылуының алғашкы жылдарында VII-ші ғасырдың екінші жартысынан бастап, соғды жауының негізінде соғды алфавитіне бірнеше қосымша таңбалар қосу арқылы түркілердің өздерінің жазуы пайда болды. Ол алғашында 38 таңбадан құралып, соғды жазуына қарағанда тас пен ағаш тақтайшаларында қашап жазуға ыңғайлы болды. Жаңа жазу түркі тілінің фонетика- лық ерекшеліктерін дәл жеткізе алды. Ежелгі түрік жазуын алғашқы рет XVII-ші ғасырдың 20-шы жылдарында неміс ғалымы Д. Мессиршмид ашып, оны скандинавиялық руналық жазуына ұқсағандықтан руналык жазу деп атаған. 1889 ж орыс ғылымы Н.М. Ядринцев Солтүстік Монғолияда Орхон бассейнінде руналық жазумен жазылған үлкен тас стеллаларын тапты. Оларға түсініктемені Дат ғалымы В. Томсен мен орыс ғалымы В.В. Радлов берген. Стеллалардың табылған жеріне байланысты оларды орхон-енисей жазуы деп атап кеткен. Руна жазуының ескерткіштері солтүстік Монғолияның негізінен Орхон, Толы және Селенгі өзендерінің бойында табылды. Бұл ескерткіш тастар Екінші Түрік қағанаты кезінде және Ұйғыр қағанаты кезінде тұрғызылған болатын. Олардың ең атақтылары КошоЦамдай ескерткіштері (Білге қаған мен Күлтегінге) арналган ескерткіштер және де Екінші Түрік қағанатының қағанының көмекшісі Тоныкөкке арналған ескерткіштер бола алады. Тоныкөкке арналған стелла ол тірі кезінде жазылды. Бұл ескерткіш түркі жазуының үлгілі көрсеткіші бола алады. Бұл ескерткіштерде авторлар түркі халқының өткені мен бүгінгісін, батырлардың ерлігін жырлаған жазбаларда саяси-тарихи сарын байқалады. Сондай-ақ руналық жазулардың 150 ескерткіші Енисей даласында табылды. Олардың басым бөлігі VIII-XII ғасырларда қырғыз билеуші тобының жерлеу рәсімі кезінде тұрғызылған ескерткіштер еді. Мұнда қырғыз бектерін жоқтау мен мадақтау жырлары түркі жазуымен жазылған. Сонымен қатар, Алтайда табылған ыдыстарда да түркі жазуы кездеседі. Шығыс Түркістанда сондайақ қағазға жазылған текстер табылған. Әр түрлі ыдыстарда, қола айналар мен таяқшаларда жазылған жазулардан біз түркі халыктарының бай әдеби мұрасы болғанын көре аламыз. Дегенмен шамамен XII ғ. кейін арабтардың жаугершілік соғысына байланысты, Орталық Азияда ислам дінінің таралуы нәтижесінде түркі жазуы қолданыстан шығып, оны арабтардың төте жазуы алмастырады. Түрік қағанатының ру тайпаларының өзара диалектілік айырмасы болса да, олар біріңғай түркі тілінде сөйледі. Қытайдың атақты саяхатшысы Сюан Цзян өзінің естелігінде: «Түрік елінің жазуы 25 дыбысқа негізделіп жасалған, оның жазба нұсқалары солдан оңға қарай көлденеңнен оқылады. Түркілер ұрпақтарына жазба кітаптар қалдырып отырады. Сөйтіп, әдеби мұра үздіксіз жалғасып, өрісі кеңейе береді», деп жазған. Монғолия мен Енисейде табылған руналық жазулар маңызды тарихи деректер ғана болып қана қоймай, сонымен қатар көрнекті әдеби щығармалар қатарына жатады. Ерекше Білге қаған мен Күлтегінге арналған ескерткішке жазылған тарихи шығарманы ерекше атап кетуге болады. Шығармадағы батырлар ерлігін бейнелеудегі шешендік өнер ерекше көзге түседі. Шығарма Білге қағанның атынан жазылса да шығарманың авторы басқа екені ескерткіштің төменгі жағына жазылды. Білге қаған Ұлы Түрік қағанаты- ның құрылуы мен гүлдену, құлдырауы мен жойылуы тарихын жазган. Түрік қағанатының мәдениетінің өте жоғары дәрежеде дамуы жазба мәдениетінің пайда болуымен тығыз байланысты. Орхон ескерткіштерінде, Ұлы Түрік қағанатының елеулі оқиғалары мен қағандардың өмірі, жүргізілген соғыстар нәтижелері мен ұрпақтарға қалдырған өсиеттері жазылған. Бұл өсиеттер өткенді жаңғыртуға және болашаққа көз салуға мүмкіндік береді. Орхон бассейнінде ұлы Күлтегін қағанға арналған ескерткіш таста ұлы түрік ата-бабаларымыз былай деп жазған: «Бастары барларына бастарын игіздік, тізелері барларына тізелерін бүктірттік», — делінген. Бұдан Ұлы даланың әр түрлі оқиғалар мен қанды соғыстарды басынан кешіргенін көре аламыз. Бұл әрине түркілердің соғыс жүргізу тәсілдерінің өте жоғары дәрежеде дамығанын көрсете алады. «Көкте көгілдір Аспан пайда болған кезде ал жерде қара жер пайда болған кезде, олардың арасында адам баласы өмірге келді. Адамзатты басқаруға менің ата-бабаларым таққа отырды… әлемнің төрт жағы да оларға қарсы шықты. Атты камшылап, олар әлемнің төрт бөлігін де өздеріне бағындырды… Олар бұған дейін билеушісі жоқ түркілерге билік жүргізді. Олар дана қағандар еді, олар батыр қағандар еді. Олардың көмекшілері де дана, батыр болды, олардың халқы мен бектері де олармен бір ниетте болды. Сол себептен де олар мемлекетті осынша ұзақ уақыт бойы басқара алды. Олардан кейін, олардың кіші бауырлары қаған болды, бауырларынан кейін қаған билігін олардың ұлдары алды. Кіші бауырлары үлкен ағаларына ұқсамағандықтан, ал ұлдары әкелеріне ұқсамағандықтан, таққа әлсіз қағандар отырды деп білеміз, олардың көмекшілері де ақылсыз, әлсіз болды. Халық пен бектердің тұрақсыз болғандықтарынан, Қытайдан келген өтірікшілер мен арандатушылардың оларды бір-біріне айдап салуы салдарынан, бауырлары мен ағалары ұрсысып, түркі халқы өзінің мемлекетінің құлдырауына, тақта отырған қағанаттың өмірінің үзілуіне алып келді», — деп жазылған /16, 157/. Бұл шығармаларды құрылымына қарай этникалык шығармаларға жатқызуға болар еді, бірақ қоғам өмірінде болып жатқан күрделі өзгерістерге сәйкес шығармадағы көңілсіз көңіл-күй байқалғандықтан, бұл щығармалар тарихи шығармалар қатарына жатқызылады. Сондай-ақ, тас ескерт- кіштерде Екінші Түрік қағанатының құрылуы және Білге қаған мен Күлтегіннің ұлы істері баяндалады. Шығарманың негізгі мазмұнында құдіретті Тәңірдің әмірімен қағандардың билікке келуі, халықтың қағандарға бағынып, мойын- сынуы секілді тақырыптар қозғалған. Білге қаған халқын ”Егер сен түрік халқы өз қағаныңнан, бектеріңнен, Отаныңнан бөлінбесең, онда сен өзің өз үйінде қайғы- катерсіз бақытты өмір сүресің» — деп ынталандырады. Қағанның бұл жолдауынан оның саяси идеялық қөзкарасын көре аламыз. Бұл үндеуде ол халқын қағанға мүлтіксіз бағынышты болуға шақырады. Қағанға бас иіп, оның айтқанын орындау аркылы, халық байлык пен бақытқа қол жеткізеді деген сенімі байқалады. Қаған халықты жорыққа бастап соғыстан бай олжалы болып қайтып, қатынасқандарға несібе- лерін үлестіретін және бұл оның халыққа деген жанашырлығын көрсететін. Білге қағанның мынандай сөздерін келтіруге болады: «Олардың алтыны мен жарқыраған күмісін, олардың керемет жібек маталары мен дәнді-дақылдардан жасаған сусындарын, аттары мен құлындарын мен өзімнің түрік халкым үшін әкелдім», — деп жазған сөзі куә болады. Қағанның бұл ісі түрік халқын көбейтіп, байлыққа жетқізгенін меңзейді. Саяси сарыны байқалған бұл шығармада автордың ата-бабаларын келер ұрпаққа мақтауы, сынауы, үнемі оқырмандарға сөз арнауы және өзіне қарата сөйлеуі, әр түрлі әдеби әдістерді, афоризимдерді қолдануы автордың баяндауын әсерлендіреді. Автор шығарманы көркем бейне- лермен безендіріп, әсерлендірген сөзінің оқырманның жүрегіне тиюіне әсерін тигізді. Аталған шығарманы, Білге қаған- ның атынан жазған автор Білге қағанның туысы Йоллыг-тегін еді. Руналық жазулардың түркі халық- тардың бәріне түсінікті болуы, түркі халықтарының ортақ тілі мен әдебиетінің болғанын дәлелдейді. Сонымен қатар, ежелгі ұйғыр жазуы VIII-ші ғасырдан бастап, Шығыс Түркістан қалаларында дами бастағаны белгілі. Авторлар өздерінің жазуын түркі жазуы деп атаған. Шынында да ұйғыр тілінің жазуы түркі тілінен айнымайды, тек грамматикалық жүйесінде ғана айырмашы- лықтар болған екен. Манихей ілімінің Орталық Азияға таралып, манихей ғибадатханаларының көптеп салынуына байланысты, рухани кітаптардың түркі тіліне аударылуы қажеттігі туындап, көптеген кітаптар түркі тіліне аударыла бастады. Сөйтіп түркі әдебиетінің мазмұны едәуір байытыла түсті. Осылайша, ортағасырларда ежелгі түрік мемлекеттерінде жазудың екі түрі руналык және ұйғыр жазуы қолданыста болды, сонымен қатар соғды жазуы да пайдаланылды. Жазуды әдетте ақсүйек- тердің ғана үйрене алатын мүмкіндігі болғанына қарамастан Ертіс маңында табылған қола айналардағы орфография- лық қателерімен жазылған жазуларға қарағанда руналық жазуды халықтың басым бөлігі білгені анықталады. В.В. Радловтың байырғы түркі жазбаларын зерттеуде қосқан үлесі зор болды. Ғалым сонымен қатар, түркі халықтарының ауыз әдебиетін зерттеп, ғалым он томдық еңбек жазып, тілін зерттеп, сегіз томдық еңбек қалдырды. Сондай-ақ, ұйғыр мұралар, оның ішінде, Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» атты еңбегін зерттеді. Түрік жазуының көрнекті туынды- ларының қатарына Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашқаридің шығармаларын жатқызуға болады. Бұл екі шығарма да тарихи шығармаларға жаткызылмайды, мұнда саяси рең де байкалмайды. Жүсіп, Баласағұн қаласында 1015 жылы түркі ақсүйегінің жанұясында дүниеге келіп, жақсы білім алады. Оның атақты «Құдатғу білік» атты щығармасы 6520 тараудан құралып, 124 тарау қосымшадан тұрады. «Құдатғу білік» терең философиялық шығарма болып табылады. Жүсіп Баласағұн идеялды қағанның қандай болу керектігін суреттей келе, әр түрлі тап өкілдерінің өздерін ұстау, бір-бірімен саяси, мәдени қарымқатынасының жүргізу ережелерін жазады. «Бақытты» және «өнегелі» билеуші ақылымен, дұрыс заңдарға сүйену қажеттігін айтады. Белгілі орыс ғалымы А.Н. Кононов Жүсіп Баласағұнның еңбегі туралы былай деп жазған екен: «Құдатғұ біліктің авторы адамның идеалды өмір сүруге талпы- ныстары арқылы шынайы өмірдегі адамдардың мұны мен мұқтаждықтарын дәл бейнелейді. Осы арқылы адамдардың арман-тілектерін көрсетеді» /97/. Жүсіп Баласағұн талантты ақын болғандықтан, ол поэмасында түрлі образдар мен теңеулер қолдану арқылы идеалды өмірді суреттейді. Дегенмен де, автордың қаламынан, біз сол дәуірде өмір сүрген коғамның шынайы келбеті мен арман-тілектерін көре аламыз. Махмұд Қашғаридің өмірі туралы жазылған деректер бұдан да аз. Махмұдтың әкесі Хусейн ибн Мұхаммед Ыстық көл маңындағы Барысхан қаласының билеу- шісі болғаны белгілі. Махмұд Қашғарда жоғары білім алады. Махмұд Қашғари түрік тіліне, фольклоры мен этнографиясына ерекше қызығушылык таныта отырып, түркі тайпаларының тұрған жерлерін ұзақ уакыт бойы аралап, олардың күнделікті қолданатын сөздерін, аңыздары мен салт- дәстүрлерін жазып алып, оларды өзінің «Диуани лұғат ат — түрік» еңбегінде жазып шығарады. Махмұд өзінің еңбегі туралы былай деп жазады: «Мен ең жоғарғы рудан шыққан, ең таза тілде сөйлейтін түріктерден шықсам да, мен түріктердің тұратын барлық жерлеріне барып, түріктердің, түркмендердің, оғыздардың, қырғыздардың сөздерін жүрегімде сақтап қалдым. Ұзақ уақыт бойы жүргізген зерттеулерден кейін осы кітапты ең көркем, ең түсінікті тілмен жазып шықтым. Бұл шығарманы мен «Диуани лұғат ат – түрік» деген атпен жазып шығардым», — деп жазады. Түркі қағандарыхалқын бірлікке, ынтымаққа шақырып, елдің гүлденуіне уәде берді, түркілердің әскери өнері өте жоғары дәрежеде дамығандықтан, ер адамдарға деген құрмет те өте жоғары болатын, ер бала белгілі жасқа толғаннан кейін, оның жасаған ерлік істеріне немесе аң аулауда көрсеткен ептілігіне қарап, оған «ер» аты берілді. Мәселен Ихе Хушоту жазбасында жігіттің ерлігі былай суреттеледі: «Куличор жеті жаста тау ешкісін өлтіріп, 10 жаста жабайы доңызды өлтірген» — деп жазылады. 1968 жылы Моңғолияда Түркі қағанатының алғашқы жылдарын баяндай- тын соғды жазуымен жазылған стелла табылды. Ескерткіштің басында қасқыр- дың бауырында қол-аяғы шабылған бала бейнеленген. Бұл көріністі түркілерден жеткен «түркілердің пайда болуы» туралы аңыз түсіндіреді. Үлкен сазды көлдің қасында мекеңдеген түркілердің ата- бабалары жаулаушылар-дың шабуылынан қырылады. Тек қол аяғы шабыған он жасар бала ғана аман қалады оны жаулаушылар сазға тастап кетеді. Осы кезде ана қасқыр келіп, баланы алып қашып, бала аман қалады. Жаулар баланың аман қалғанын естіп, оны өлтіруге бел буады. Бірақ ана қасқыр ұлы Даланы кесіп өтіп, алыс жаққа қашып кетіп, екінші рет баланы аман алып қалады. Ол бозбалаға он бала тауып беріп, ұрпағын жалғастырады. Сол себептен де қасқыр түркілер үшін халықтың амандығы мен қауіпсіздігінің кепілі болып табылады. Қасқырдың ұлдары Тұрфанның қыздарына үйленіп, Ашина атты немересі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өзінің атын береді. Кейінірек Ашина руының көсемдері Алтайға көшіп барып, жергілікті тайпаларды өздеріне бағындырып түрік атауын алады. Қытай деректерінде де: «Түркілер III-ші ғасырдың аяғы мен IV-ші ғасырдың басында Тян-Шанның солтүстігінде тұрақтанып, IV-ші ғасырдың аяғында олар Тұрфанға ығыстырылады. Түркілер III-ші ғасырдың аяғынан 460 жылға дейін өмір сүрген территорияларда ирандық және тохар халықтары тұрғандықтан, олардың тілі мен мәдениеті түркі халықтарына елеулі әсер етті», — деп жазылады. VI-шы ғасырдың екінші жартысында «түрік» термины тарихи деректерде жазыла бастады. Соғдылар оны турк деп атап, көпше түрін туркут деп қолданған. Қытай мен түркілердің дипломатиялық қарым-қатынасы мен елшілік хаттарын соғдылар соғды жазуы мен арқылы жүргізгендіктен, соғдылардың қолданған көпше түрін қытайлықтар қабылдап, «туцзюе» деп атап кеткен. Қытай деректері бойынша, металлур- гияның дамуы Ашина руына әскерді жақсы жасақтандыруға және мықты атты әскерді құруға мүмкіндік береді. Қытайда, осы кезде өзара қырқыс соғыстары болып жатты. Ашина руының ұрпағы Бұмын телестерді бағындырып, едәуір күшейіп алған соң, жужандерді талқандайды. Қытайға қарай жылжи отырып, Бұмын барлық түркі, монғол тайпаларын бағындырады. Өзара-қырқыс соғыстардан шаршаған түркі тектес тайпалар қарсылық білдірмей қосылады. Сөйтіп көшпелі тайпалар бейбіт өмірге қызығып, мал шаруашылықтарын дамытуға мүмкіндік алып, Түрік қағанаты күшейеді. Түрік қағанатында жазудың пайда болуы және тарихи сахнада саяси беделінің артуы Ұлы Түрік қағанатының құрылуымен тығыз байланысты. Түркілер өз мемлекеттерін Түрік қағанаты немесе Ұлы Түрік империясы деп атаған. Түркілердің тарихын зерттеген ғалымдардың қатарына С.И. Вайнштейін мен Д. Клосонды да жатқызуға болады. Д. Клосон түркі ескерткіштерін терең зерттей отырып, оқылуын жетілдірумен қатар, тарихи- мәдени мәнін ашып, тың тұжырымдар ұсынды. Орталық Азия империяларының пайда болу динамикасы қарапайым әрі түсінікті еді. Түркі халықтарының жорықтары тек қана жайылым жерлерді кеңейту үшін ғана жүргізіліп қана қоймай, ендігі жерде мәдени шаруашылық өмір салты мүлде басқа халықтарды жаулап алу мақсаты да пайда болды. Түркі тайпалары бір көсемнің қол астына бірігеді. Ол дала тайпаларын біріктіргеннен кейін, ішкі ыдыраушылық пен ішкі күресті тоқтату үшін, қаған халықтың назарын сыртқы жауға аударады. Сөйтіп, қағандардың негізгі саясаты халықты байлық пен ынтымаққа жеткізу болды. Жаулап алынған халықтар түркілерге салым төлеп отырды. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде, көшпелілер құрған мемлекет империяға айналады. Империя болып қалыптасу тенденциясы ғұндарда да көрініс алса да, бірақ Түрік қағанаты бірінші еуразиялық империя болып қалыптасқанын көре аламыз. Түркі қоғамының қалыптасуы ежелгі түркі өркениетін қалыптастырды. Оның жарқын үлгісі ретінде біз жазба мәдениетінің қалыптасуын айта аламыз. Ұлы Жібек жолы Түрік қағанатының территориясын басып өткендіктен, сауда- саттықтың өркендеуіне, жол жағалауын- дағы қалалардың көркеюіне зор септігін тигізді. Сауданың дамуына байланысты ақша айналымы пайда болды, сауда мен қолөнердің орталық қалалары гүлденді. Олар: Тараз, Құлан, Мерке т.б. Қалаларда өндіріс құрал-жабдықтарын жасайтын теміршілік кәсібі, қыш-құмыра өндірісі, тоқымашылық, ағашшылық, тері өңдеу, түрлі қолөнер кәсіптері дамыды. Түркі- лердің шаруашылығының негізгі саласы көшпелі мал шаруашылығы еді, сонымен бірге Іле, Шу, Талас өзендерінің алқапта- рында, Алатаудың баурайында егіншілік алқаптары да болды. Мұнда көбінесе тары мен бидай өсірілді, халықтың бір бөлігі бақшалықпен шұғылданып, жеміс-жидек, жүзім өсірді. Түркілердің бай, мәдени мұрасының айғағы ретінде төмендегі суреттер бола алады. V-XV ғасырларда түркі халықтары этникалық біртұтас құрылымда өмір сүріп жатты. Түркі даласын Ұлы поэзия мен тілдік ұқсастық байланыстырып тұрды. Түркі қағандарының түркі мәдениетін өте жоғары бағалап, Ұлы Түрік қағанатын құру арманының болуы, V-VIII ғасырларда Ұлы Түрік қағанатының күшеюінің және әлем тарихында үлкен із қалдыруының негізгі себебі еді. Ұлы Түрік қағанаты құлағаннан кейін, түркі халықтары өз бетінше бытырап кетті. Бұл жағдай халықтардың тіліне, әдебиетіне үлкен әсерін тигізді. В. Радлов, В. Бартольд, С. Малов, П. Мелиоранский және Л. Гумилевтің еңбектерінде түркі халықтарының арасында тек қазақ халқы ғана түркі тілі мен мәдениетін таза қалпында сақтап қалған деп жазады. Сондықтан түркілердің мәдениеті мен рухани байлығы бізде жалғасын тауып, сақтап қалу өте маңызды. Олжас Сүлейменов жазғандай: «Біз халқымыздың тарихы мен мәдениетіне қызмет етуіміз керек. Ежелгі түрік жазбаларының құпиясын тереңірек және белсеңді зерттеп білуіміз керек. Себебі бұл жазбалар халқымыздың рухани қазынасын сақтап қалған». Шынында да ата-баба сөзі бізге қамшыдай қатты тиеді. Күлтегінге арналған ескерткіште де түркілер ұрпақтарының рухани мықты болуына шақырады. IX ғасырдың басыда арабтар Орталық Азия халықтарын жаулап алғаннан кейін, мәдениеті талқандалып, түркі халықтары қолданған әліппелер, жазу-сызулар мүлде жойылады да, олардың орнына араб тілі, араб әліппесі, араб мәдениеті таратылады. Түркілердің негізгі діні наным- сенімдері Тәңірге (Аспанға) және жер- Анаға табыну болды. осы қос құдіретті күштердің ішінде негізгі орынды Тәнір алды. Тәңірдің қолдауымен қағандар билік етіп, «Көкте туылғандар» деген атақ алды. Білге қаған өзінің естелігінде таққа отырған сәтін былай суреттейді: «Түркі халқының атағы мен абыройы жойылып кетпес үшін Аспан менің әкем қағанды және анам-қатунды билікке отырғызды. Қағандарға мемлекетті басқару құқығын берген құдіретті Аспан түркі халкының даңқын көтеру үшін мені таққа отырғызды», — деп жазады. Білге қағанның бұл үндеуінен түркілердің Тәңірге үлкен сенім артатынын көруге болады. Сонымен қатар, түркілер отбасының тыныштығы мен балаларға қамқорлық жасаушы әйел құдай Умайға сыйынды. Умай түркілердің барлық бастамаларында қамқор көрсетіп, қолдап отырғанын біз Тоныкөкке арналған ескерткіш тастан көре аламыз. Мұнда сәтті аяқталған соғысты суреттеген кезде «Аспан, Умай және қасиетті Жер-Ана бізге жеңісті сыйлады» — деп жазылған. Бұдан біз түркілердің қасиетті Аспан, Умай және Жер-Анаға деген сенімдерінің зор болғанын және оларға шексіз табынатындарын көре аламыз. Сонымен бірге, түркі тайпалары Хангай тауларын да ерекше пір тұтқан. Бұл таулар қаған ұрпактарын қолдап-қоршап жүретініне түркі халықтары сенетін. Себебі аңыз бойынша Хангай тауларында ана қасқыр түркілердің атасын дүниеге әкелген. Сол себептен мұнда қағандар арнайы келіп, құрбандық шалатын. Түркілердің сенімі бойынша, ормандар мен тауларды көптеген рухтар паналайды және оларға құрбандық шалу арқылы мейірімдеріне ие болу керек деп сенді. Түркілер адамдар қайтыс болғаннан кейін, олар жер асты патшалығының патшасы Әрклингтің билігінің астында болатынына сенді. Бұл наным-сенімдер барлық түркі тайпаларына бірдей ортақ болды. Бұл мәліметтерді біз араб және парсы тарихи шығармалардан да көре аламыз. Түркілердің наным-сенімдері туралы араб географы ал-Макдиси (X ғ.) «Түркілер Көкте бір ғана Тәңір бар деп сенеді», — деп жазады /4/. VI-IX ғасырлар аралығында түркілер буддизмді, манихей ілімін, христиан дінін, ислам дінін өзіне қабылдайды.

Читайте также:  Легитимация проблемасы туралы

Оставить комментарий