Тығыз құрылыстанған территория жағдайында биiк ғимараттарда геодезиялық бөлу жұмыстарын орындау әдiстемесi

Казiргi уақытта Қазақстанның iрi қалаларында жер ресурстарын үнемдеу мақсатында биiк құрылыстарды салу қарқындылығы жылдам дамуда. Биiк ғимараттар құрылысы геодезиялық бөлу жұмыстарын орындау дәлдiгiне қатаң талап қояды. Оптика-механикалық аспаптарды және құрылғыларды қолдануға негiзделген биiк ғимараттар құрылысы талап етiлген дәлдiктi қамтамасыз ете алмайды. Сонымен бiрге бұл әдiстердi қолдану қиыншылықтар тудырады, ал бұл өз алдына құрылысшылар еңбегiнiң өнiмдiлiгiн төмендетедi және құрылыс объектiлерiн пайдалануға беру мерзiмдерiн ұзартады. Құрылыс ғимараттары мен технологиялық құрылғыларды монтаждау үшiн бөлу жұмыстарын сәйкес нормалар мен ережелермен қарастырылған рұқсатнамаларды сақтауды қамтамасыз ететiн дәлдiктердi орындау қажет. Бұл шектеулердi сақтамау өрескел қателiктерге алып келедi. Құрылысты бөлу жұмыстары үш кезеңде жүргiзiледi. Бiрiншi кезеңде негiзгi бөлу жұмыстары жүзеге асады. Геодезиялық негiз пунктерiнен байланыстыру мәлiметтерiне сәйкес жергiлiктi жерде басты бөлу осьтерiнiң орнын табады және оларды белгiлермен бекiтедi. Басты осьтерге негiзделiп бөлу жұмыстарын жүргiзедi және құрылыстың негiзгi осьтерiн белгiлейдi. Дегенмен iрi құрылыстарды салу үшiн локальдi бөлу торларын құру қажеттiлiгi туындауы мүмкiн. Екiншi кезеңде ғимаратты бөлшектi құрылыстық бөлу жұмыстары жасалады. Басты және негiзгi осьтердiң бекiтiлген нүктелерiнен жобалық биiктiк деңгейiне нүктелер мен жазықтықтарды орнатумен бiрге, көлденең және бойлық осьтердi жүргiзедi. Құрылыс элементтерiнiң өзара орналасуын анықтайтын бөлшектiк бөлу құрылыстың тек жалпы жағдайы мен бағдарын ғана анықтайтын негiзгi осьтерiн бөлуге қарағанда дәлiрек жасалады. Егер жергiлiкте жерде негiзгi осьтер 3-5 см қателiкпен анықталса, негiзгi және бөлшектiк осьтерi 2-3 мм дәлдiкпен жүргiзiледi Үшiншi этап технологиялық осьтердi бөлу болып табылады. iргетас құрылысын бiткеннен кейiн құрылым мен технологиялық құрылғыны жобалық орынға орнату үшiн монтаждық (технологиялық) осьтерiн жүргiзедi және бекiтедi. Бұл этап геодезиялық өлшеулердiң ең жоғарғы дәлдiгiн талап етедi (1-0,1 мм) [1]. Құрылыс осьтерiн монтаждық горизонттарға шығару екi дәстүрлi әдiспен орындалады. Олар көлбеу және тiк проекциялау әдiстерi. Бiрiншi әдiс тығыз құрылыстануға байланысты тек төменгi қабат құрылысында ғана қолдануға болады. Осы себепке байланысты екiншi әдiстi де қолдану қиын. Бастапқы нүктенiң бұндай жағдайында төменгi қабаттан жоғарыға тiктеуiшпен немесе зенит-аспаппен сәуле түсiрiледi. Сондықтан соңғы уақытта құрылыс объектiлерiн салуды геодезиялық бақылау үшiн электрондық тахеометрлер көп қолданылады. Қазақстанда, негiзiнен, Швейцария (Leica), Германия (Trimble), Жапония (Nikon, Topcan, Sokia) өндiрген тахеометрлер қолданылады. Электронды тахеометр көмегiмен геодезиялық жұмыстардың келесi түрлерi орындалады: • Горизонталь бұрыштарды және ара қашықтықтарды өлшеу; • Топографиялық түсiрiс; • Бөлу жұмыстары; • Керi засечка; 143 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы — Вестник ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2011, №4 • Инженерлiк мiндеттердi шешу (аудандарды, биiктiктердi анықтау) және т.б. Электронды тахеометрде бөлу жұмыстарын орындау технологиясы былай жүзеге асырылады. Құрылыс алаңында жұмыс iстеудiң алдында тiрек нүктелерiнiң торы құрылады. Содан кейiн геодезиялық тiрек торындағы нүктелердiң координаталары мен негiзгi және аралық осьтердiң қиылысуындағы нүктелердi шартты координата жүйесiнде алдын-ала есептеуiне негiзделетiн геозедиялық дайындау жүргiзiледi. Бұл нүктелер нөмiрленедi және тахеометр компьютерiнiң жадына енгiзiледi. Монтаждық горизонтта тахеометр орнатылады. Содан кейiн «Разбивка»бағдарламасын қосып, шартты координаталық торға бағыттап, құрылыс осьтерiн бөлудi бастайды. Бұл әдiстi монтаж горизонтын геодезиялық тiрек жүйесiнiң нүктелерi көрiнiп тұрғанға дейiн қолдануға болады. Тәжiрибе жүзiнде ары қарай жұмыс жасау үшiн объектiден нүктелердi алысқа орналастырып, жаңа геодезиялық тiрек жүйесiн жасайды. Бiз басқа нұсқа ұсынамыз. Астана территориясында қалалық микротриангуляция торларының пунктерi орналасқан. Бұл пунктерден тiкелей геодезиялық кертпе әдiсiмен биiк ғимараттар шпильдерiнiң координаталары анықталып, арнайы каталогқа енгiзiледi. Құрылыс алаңындағы геодезиялық тiрек торының пунктерiнен тығыз құрылыстануға байланысты координатасы белгiлi ғимараттың шпилi көрiнбей қалуы мүмкiн. Ғимаратты шпилi бар минимум үш ғимарат көрiнетiн белгiлi бiр қабаттылыққа дейiн салынады да, ары қарай былай iстейдi.

Читайте также:  О НОВЫХ ПОДХОДАХ К РЕАБИЛИТАЦИИ ДОЛЖНИКОВ В РК

Оставить комментарий