Тылсымдық және рухани қайта өрлеу

Караджерилердегі мистериялар, яғни, олардың құпия рәсімдері космогониямен байланысты Полуй шығады. Егер барынша дәл айтқымыз келсе, онда олардың жоралғылық тірлігінің барлығы да космогонияға тәуелді дер еді. Burari («түс көру замандары») замандарында, дүние жаратылған кезде, адамзат қоғамдарының күні бүгінге шейін сақталып, ғұмыр кешіп отырған формалары қалыптасқан кезде, жоралғылар да салтанатты түрде басталған, содан бері олар да еш өзгеріссіз, ғаламат тиянақтылықпен қайталанып келеді. Басқа да бағзы қоғамдардағы сияқты, караджерилердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда да, тарих in illo tempore мифтік уақыттарында, Қаһарман атағын иеленген, құдайы болымды сүриеттер (существа) іс­әрекеттерінің арқасында болып өткен (бірнеше оқиғалармен шектеледі. Караджерилер тарихқа килігуге (вмешиваться) хақымыз бар деп, яғни, «тол» тарих жасауға болады деп есептемеген. Тұтас алғанда, олар өз ­болымды мойындамайды: олар уақыт таңында болып өткен типтік іс­әрекеттерді қайталай береді. Бірақ, бұл типтік іс­ әрекеттер құдайлар мен құдайы болымды сүреттердің тарапынан жасалып отырғандықтан, оларды бағзы адамның ауық­ауық және міндетті түрде қайталап отыруы оның космогонияның қасиетті атмосферасында қала бергісі келетіндігін көрсетеді. Іс жүзінде, өзіндік болымды жоққа шығарудың өзі дүниені (мирского мира) жоққа шығару, адамзат тарихына деген қызығушылықтың болмауы дегенге пара­пар. Сайып келгенде, бағзы адамның сүрмегі Уақыт бастауындағы көрінген типтік модельдерді үнемі қайталап отыруға негізделіп отыр. Қазір көретініміздей, мистериялар осы ілуі бастаулық көріністерді ауық­ауық қайта торыту арқылы мәңгіленеді. Караджерилердің танымы осында жатыр. Жерден Динго кейпін иемденген, деген ортақ есімі бар ағалы­інілі екеу шығады. л олар, алыптығы соншама, төбелері көкке жететін екі алып адамға айналып кетеді. Багаджимбирилер пайда болғанға дейін ештеңе де — ағаштар да, жан­жануарлар да, адамдар да болмаған еді.

Алыптар жерден «бірінші күннің» таңы атар қарсаңында ғана шыққан болатын және бірнеше сәт өтпей жатып­ақ олар әрқашан да таң атқан кезде ән салатын кішкентай duru құстың даусын естиді. Бұған дейін Багаджимбирилер ештеңе білмеген еді. Ағайындылар жануарлар мен өсімдерді көргеннен соң әрқайсысына ат бере бастапты. Осы сәттен бастап жануарлар мен өсімдіктер, атауларына ие болып үлгергендіктен, шынымен де өмір сүре бастапты. Багаджимбирилердің біреуі сиіп алу үшін тоқтайды. Оның інісі де, ағасының оқыс әрекеттеріне қызығып кетіп, тоқтайды да, ағасының іс­әрекеттерін (ым ­ ишараттарын) қайталай бастайды. Міне, австралиялық Караджерилер, кіші дәрет алу үшін, тоқтайды да белгілі бір арнайы позаға түседі: олар ілкі бастағы позаны имитациялайды. Содан кейін Багаджимбирилер солтүстік жаққа жүздерін бұрып, жұлдыз бен айды көреді, оларды «жұлдыз» және «ай» деп атайды. Олар еркектер мен әйелдерді кездестіреді: олардың отбасылық қарым­қатынастары мен ұландарға бөлінуі жетіле қоймаған болатын, сондықтан да, Багаджимбирилер оларды, күні бүгін қандай болып отырса, сондай жүйе сай етіп ұйымдастырып береді. Ол ол ма, бұл адамдардың өзі жетіле қоймаған еді: олардың жыныс мүшелері жоқ болатын — Багаджимбири саңырауқұлақтың екі түрін алып, бүгінгі адамдарда бар мүшелермен қамтамасыз етіп береді. Ағайындылар бір жерге келгенде тоқтап, әлдебір тұқымды (бидайды) шикілей жеп көреді де, сол бойда ­ ақ, қарқылдап күле бастайды, өйткені олар тұқымды (бидайды) бұлайша жеуге болмайтындығын білетін еді; тұқым (бидай) дайындалуы тиіс болатын — содан бері адамдар әрқашан да, әлгілерге еліктей отырып, тұқымды (бидайды) ас қылып жеуге дайындап келеді. Багаджимбирилер (үлкен таяқ сияқты бірдеме) бір жануарға қарата лақтырып, оны өлтіреді — содан бері адамдар дәл ­ былайша әрекет етеді. Көптеген мифтер Багаджимбирилердің дәстүрлердің (олардың жүрісін суреттей отырып) негізін қалаушы болып шыққандығы жөнінде әңгімелейді. Ең ақырында олар жетпек рәсімдерін енгізген және ең бірінші болып, содан бері қасиетті деп есептеле бастаған (пышақ), және сияқты тылсымдық құралдарын пайдаланған. Бірақ, Нариман деген еркек ағайынды егуін найзамен өлтіреді. Олардың анасы, Дила Кейбір мифтерде, олардың өсіп­өнуі құрсақтан жатырдан болса да, олардың анасы болғандығы айтылады, тым алыста болғанына қарамастан, жел арқылы олардың мәйіттерінің иісін сезеді. Сол бойда оның емшектерінен сүт бастап, сүт өлген қос қаһарман жатқан жерге төгіле бастайды, сол жерде, екпінді атысқа айналып, ағайындарды тірілтеді, қылмыскерді батырып жібереді. Кейінірек екі су жыландарына айналып, олардың жандары көкке (европалықтар Магеллан тұмандығы деп атап жүрген) тұмандыққа айналу үшін көтеріліп кеткен.

Читайте также:  Қазақ құқығының бастаулары және қайнар көздері

Оставить комментарий