Тылсымдық және жетпек

Біз әрқашан да өзіңнің зерттегелі жүрген типтес ғұрыптарың біреуін болса да таныс болғанның артықтық етпес деген оймен Караджери тайпасының жетпегіне тоқталып өттік. Енді біз басқа жетпектерге де тоқталуға тиістіміз, бірақ Караджери мысалы тиянақты суреттеу (сипаттама беру) нәтижесінің біз күткендегідей, істің оп­оңай болмайтындығын көрсетіп берді. Караджерилердің жетпектің терең мән ­ мағынасын біз басқа халықтардағы осыған ұқсас рәсімдерді қарастырғаннан соң ғана ұғынатын боламыз. Біз қазірдің өзінде­ақ оның кейбір арнайы нышан ­ белгілеріне нұсқай алмаймыз. Айтып өткеніміздей, бұл жерде жай ғана бір жас шамалық топтан екіншісіне өту ғұрпынан да үлкенірек бірдеме бар. Жетпек жылдарға созылады, ал көңіл ашардың (откровения) бірнеше деңгейлі болады. Ең алдымен, бірінші көне ең үрейлі көңіл ашар — tremendum сияқты киеліліктің көңіл ашары. Көңіл ашарлардың астам текті ақиқатын, күшін өлшеусіздігін (несоизмеримость) ең алғаш рет басынан кешіп отырған жас өрен осылардың алдында өзін үрейлі сезінуден бастайды. Осынау ұдайы болымды үреймен бетпе­бет кездесіп қалған жетпекші өледі: ол балалық шақ үшін — яғни, білместік пен жауапкершіліксіздік үшін өледі. Міне, сондықтан да, оның отбасысы жылап­сықтап, жоқтау айтады: ол орманнан қайтып келген кезде ол бұрынғы бала күніндегідей бола алмайды. Жаңа ғана көргеніміздей, ол, қорқынышқа, азаптауға, қиналуға бетпе­бет кездесуге мәжбүрлейтін, ең алдымен, оған тіршілік етудің жаңа бейнесін — ересектерге тиесілі бір мезгілде көңілге қасиеттіліктің, өлімнің және сексуалдықтың бейнесін қабылдауға мәжбүрлейтін жетектік сынақ қатарларынан өтеді. Австралиялықтар осының барлығын сезіне (ұғым) алады немесе жетпек тылсымдығын, біздің қазіргі заманғы огоика жүйесін жасағанымыз сияқты, сана және ерікті түрде ойлап тапқан деуге болмайды. Олардың жүріс ­ тұрыстары бүкіл бағзы адамзаттың жүріс­тұрыстары сияқты, экзистенциалды болып шығады. Австралиялық осылайша әрекеттерге барғанда, өзінің көңілінің терең көкейінде өзінің Жаһандағы ерекше хал­жағдайын сезіне алғандықтан, яғни, адамзаттың ғұмыр кешуінің тылсымдығын сезіне алғандықтан ғана бара алды. Жаңа ғана атап өткен тылсымдық киеліліктің көңіл ашарына, сексуалдықтың көңіл ашарына және өлімді сезінуге қатысты болып шығады. Балаға осы көңіл кешерлер (переживания) туралы ештеңе белгісіз. Ересек болса, оларды бірінен соң бірін қабылдай отырып, оларды өзінің тұлғасына, жоралғылық өлімі мен қайта тірілуінен кейінгі тұлғасына қосады. Бұл тақырыптар — tremendum, өлім және сексуалдылық, өзіміздің баяндау барысында көргеніміздей, сансыз рет қайталанады. Айтып алар жайт, жаңа, нұрланған ғұмырында қайта тірілмекке, өзінің балалық, зайырлы және қайта оралмас өмірі үшін өлген жетпекші, оған таным ­ білімді, сана­ сезімді, даналықты иемденуді мүмкін етер жаңа кейіпте қайта туады. Жаңадан бағышталушы тек қайтадан туған тана емес, тылсымдықтардан хабары бар бетер табиғи (метафизикалық) деңгейдегі көңіл ашарларды білетін білімді (образованный) адам болып табылады. Үйретілу кезінде ол киелі құпияларды, құдайлар мен дүниенің пайда болуы туралы мифтерді; құдайлардың шын есімдерін; жоралғылық пышақтардың және т.б. астарында жатқан ақиқатты танып­білетін болады. Жетпек рухани деңгейдегі жетілгендікке пара­пар.

Читайте также:  Екі полюсті тепе-теңдік саясаты

Адамзаттың барлық діни тарихының өне бойында үнемі, үздіксіз қайталанып келе жатқан тақырыбы — тылсымдықты танып­білген, білімді болып шыққан жаңа бағышталушы туралы тақырып болып табылады. Бірақ, біз көріп өткендей, Караджери жетпегі — бар болғаны Багаджимбириге тән, типтік іс­әрекеттерді қайталау. Дегенмен, бүл іс­әрекеттер, Багаджимбирилер қазіргі қалпындағы дүниені осылай етіп жасағандықтан да, космогонияны құрайды. Қысқаша айтқанда, әрбір жас өреннің жетпегі кезінде адам баласы жаңа космогонияның алдында түратын болады. Бүл дүниенің генезисі адамды «қалыптастыруға» қажетті модель болып қызмет атқарады. Барлық жерде біз жетпек тылсымдарымен кездесеміз, көне барлық жерде, тіпті, ең бағзы деген қоғамдарда, олар мен жаңадан туу символизмін қамтиды. Біз бұл жерде, жетпектің түрлі мәдени құрылымдар мен жетпек типтерінің .арасындағы өзара байланыстылықты анықтауға мүмкіндік бере алар осындай тарихи анализін жүзеге асыруға қауқарсызбыз, бірақ, ең құрығанда, осы құпия рәсімдердің басым көпшілігіне тән ортақ тән нышан ­белгілерді сұрыптап көрсетіп көрейікші . (1) Барлық жерде тылсымдық жетпекшіні өз отбасысынан ажыратып алу және ормандағы «оқшауланудан» басталады. Осының өзінен ­ ақ өлім символизмі аңғарыла бастайды: ұрман, джунгли және қараңғылық «арғы дүниелікті», Көлеңкелер Дүниесін символдайды. Кейбір жерлерде жолбарыс шығып үміткерді арқасына отырғызып алып джунглиге кіріп кетеді дегенге сенеді. Таңы жануар жас өрендерді көлеңкелер дүниесіне жетектеп алып жүретін мифтік Ата­бабаны, жетпек Өзгерін (мастер) келбеттейді. Басқа жерлерде жетпекшіні құбыжық жұтып қояды деп есептейді. жетпектегі бұл тақырыпқа біз кейінірек қайта айналып соғатын боламыз: қазіргі сәтте бізді қараңғылық символизмі қызықтырады. Құбыжықтың (монстр) жемсауында — ғаламдық Түн; бұл — ғаламдық деңгейдегі де, адам ғұмыры деңгейіндегі де сүрмектің тумақтық типі болып табылады. (2) Көптеген діндерде орман (тоғай, джунгли, Буш) ішінде кетпекке арналған лашық болады. Осы лашықта жас үміткерлер сынақтың бір бөлігінен өтеді және тайпаның құпия дәстүрлеріне үйретіледі. Жетпекке арналған лашық ана құрсағын (материнское лоно) символдайды . Жетекшінің өлімі тумақтық (ұрықтық) күйге қайтадан түсу дегенді білдіреді, бірақ, мұны тек адамдық физиология жарасы тұрғысынан ғана емес, сондай­ақ, ең әуелі, ғаламдық тұрғыдан түсіну керек.

Тумақтық жай­күй уақытша, ерлер айтатындай, «бірінші күннің таңының атуының алдындағы» виртуалдық немесе ғаламға дейінгі ғұмыр кешу бейнесіне қайта түсумен (регрессия) бірдей (эквивалентті). Бұған, көп мағыналы, пісіп­жетілу тұрғысынан анықталып қойылған жаңадан туудың символына қайта айналып соғудың мүмкіндігі бізде әлі де болады. Қазіргі сәтте мыналармен толықтыруға рұқсат етсеңіздер: үміткердің туар алдындағы күйге (пренатальное состояние) қайтадан түсуі (регрессиясы) оны дүниені жарату уақытының тұстасы, замандасы етіп шығаруға арналған. Енді ол өзінің биологиялық тұрғыдан қарағанда өмірге келгеніне дейінгі сияқты ананың құрсағында емес, ғаламдық Түнде және «таңның атуын» — яғни Жаратылуды күтуде өмір сүреді. Жаңа адамға айналу үшін оған космогонияны басынан өткізуі керек. (3) Жетпек кезіндегі өлім символизміне басқа да жоралғылар да оз сәулесін түсіреді. Кейбір халықтарда үміткерлерді көмеді (жерлейді) немесе жаңа ғана қазылған көрге жатқызады. Оларды не бұтақ ­ шабақтармен жабады, олар құдды өліктер сияқты, қозғалыссыз жатады; не олардың денесіне сүлде ­ елес (привидение) сияқты көрінуі үшін ақ ұнтақ жағылады. Соңғы жағдайда жетпекшілер сүлделердің жүріс­тұрысын қайталайды: олар ас жеу кезінде қолымен жемей, өлген жандар сияқты, тамақты аузымен жейді. Ең аяғы, олар көп мағынасы бар азаптаулар мен қинауларға тап болуы тиіс. Солардың бірі мынадай: әбден қиналған және жарақаттанған (изувеченный) жетпекші демондар — жетпек игерлері (мастер) — яғни, мифтік Ата­баба азаптайды, бөлшектейді, пісірілді (қайнатады) немесе қуырады. Жетпекшінің физикалық азаптанулары демондық жабайы жануарлар «жеп жатқан», еттері жетпектік құбыжықтың (монстрдың) жақ азуында жұлмаланып, жыртылып жатқан және оның жемсауында қорытылып жатқан адамның жай ­ күйіне сәйкес келеді. Жаңадан бағышталушылардың жарақаттары (увечья) да өлім символизміне ие. Бұл жарақаттардың көпшілігі ай тәңір иелеріне де қатысты болып шығады. Ай ауық­ауық жоғалып кетеді — яғни, үш күн өткен соң қайтадан туу үшін өледі. Осындай айлық символизм өлімнің — барлық мистикалық қайта төрісулердің бірінші шарты болып табылады деген ойды айғақтайды. (4) Жетпектік жарақат салу (тістерін жұлу, саусақтарын кесіп тастау, т.б.) туралы айтпай­ ақ, піштіру (обрезание) келтелеу (подрезание) сияқты айырықша операциялардан басқа өлу мен қайта тірілудің татуаж (татуировка), алу сияқты басқа да сыртқы нышан ­белгілері бар. Мистикалық қайта төрітілуі символизміне қатысты айтар болсақ, ол сан алуан түрлі формаларда көрінеді.

Читайте также:  Жазба құжаттар мен ауызша дәстүрлер

Үміткерлерге жаңа есім беріледі, бұлар осыдан кейін олардың шын есіміне айналады. Кейбір тайпаларда жас жаңа бағышталушылар өздерінің бұрынғы барлық ғұмырларын ұмытып кетеді деп есептеледі. Жетпек біткен бойда оларды нәрестелер ше тамақтандырады, қолынан жетектеп жүреді және, құдды жас балалар сияқты оларға өзін ­ өзі қалай ұстауды үйретеді. Орманда (Бушта) олар тек бағышталғандар ғана білетін жаңа тілді ең құрығанда құпия сөздерді үйренеді (үйретіледі). Осылайша жетпек кезінде барлығының да жаңадан Incipit vita nova басталатындығын көріп отырмыз. Кей жағдайда «екінші рет дүниеге келу» символизмі нақты ым ­ ишараттардан (жесты) көрінеді. Банту халықтарының (қатарында піштірілуі тиіс бала, сөз жоқ, белгілі болып отырған «қайтадан туған» рәсімінің нысаны болып табылады. Әкесі қошқарды құрбандыққа шалады және күн өткен соң баланы жануардың асқазан қабығымен қарынмен (желудочная оболочка) және терісімен орап тастайды. Осылайша киінер алдында бала анасының төсегіне і ірін, жаңа туған сәбидей жылауы тиіс. Ол қошқар терісінде үш күн бойына ораулы жатады, төртінші күн болғанда әкесі шешесімен жыныстық қатынасқа түседі. (5) Және, ең ақырында біз көптеген жетпектерге және үнемі барынша қарабайыр қоғамдарда ғана дес бермейтін басқа тақырып жөнінде де бірнеше сөз айтуымыз керек. Бұл адамды өлтіруге қатысты. Мәселен, ең алдымен үміткер, кез келген басқа жетпектегі сияқты сәйкес сынақтарға ұзаққа созылған ораза, жалғыздық, азаптаулар, көңіл ашар және дәстүрлі үйретілу) түседі. Бірақ, соңында оған былай дейді: «Сен енді рухты көрдің және нағыз еркексің. Енді сен, осыны өз­өзіңе дәлелдеу үшін кісіні өлтіруің керек». Бөгденің басын иемдену (басқаны өлтіру) жолындағы аңшылық және каннибализмнің кейбір формалары бір деңгейдегі жетпектің бөліктері болып табылады. Осындай салт­дәстүрге моральдық тұрғыдан үкім шығармастан бұрын, адамды өлтіру және оны жеу немесе оның басын олжа ретінде сақтау әрекеттерінің рухтардың немесе құдайлардың іс­әрекетін қайталау болып табылатындығын еске түсіруіміз қажет. Өзінің барлық мән ­ болмысында осы әрекет діни, жоралғылық әрекет болып шығады. Құдай солай істегендіктен жетпекші де осылай етіп, адамды өлтіруі тиіс. Оның үстіне, жетпеушінің өзі жетпек кезінде құдай тарапынан өлтіріліп отыр ғой. Ол өлімді танып­білді. Ол өзіне берілген көңіл ашарды, мифтік уақыттарда құдайлардың енгізген тылсымдықтарын қайтылуы тиіс. Біз осы типтегі жоралғы жөнінде еске алып өттік, өйткені, ол әскери жетпектерде ең алдымен тарихқа дейінгі Европада маңызды рөл атқарған. Жауынгер ­ қаһарман тек айдаһарлар мен басқа да құбыжықтарды ғана емес, адамдарды да өлтірген.

Читайте также:  Жаңа ғасырдың тұрғын үй ғимараттарының энерготиімділігі

Қаһармандық дуэль — бұл да құрбандық шалу. Соғыс — бұл жеңіс құдайларына сансыз құрбандық берілетін декаденттік жоралғы. Тағы да жетпектің қарабайыр тылсымдықтарына қайта оралайық. Барлық жерден біз бүкіл рухани туудың — яғни, қайта өрлеудің негізі болып табылатын өлім символизмін кезіктіреміз. Осындай барша ситуацияларда да өлім дүниәуйліктің киеленбеген жай­күйдің, дінді білмейтін және руханият дегенде көр соқыр «кәдуілгі» адамның жай­күйінің ауқымынан (тысқары) шығу дегенді білдіреді. Жетпектің тылсымдығы жетпекші алдында ғұмыр сүрудің кәміл кемерлерін (кенере, ернек, рамка) аз­аздап ашып көрсете бастайды. Оны киелілікпен таныстыра отырып, тылсымдық оны еркектің міндеттерін алуға мәжбүрлейді. Сол бір, бағзы қоғамдардағы руханилыққа қол жеткізуді өлшу символизмі арқылы көрсетілетіндігі жөніндегі маңызды фактіні есімізден шығармайықшы.

Оставить комментарий