1917 ж. Ақпан революциясынан кейін Ресей мұсылмандары үшін даму жолын таңдау мәселесінің өзектілігі артты. Сонымен бірге әлеуметтік- экономикалық, ұлттық-саяси мәселелер мен діни басқару құрылымына қатысты мәселені шешудің жаңа мүмкіндігі туды. Жер-жерде мұсылмандардың губерниялық съездері өткізіліп, мұсылмандардың бүкілресейлік съезіне дайындық басталды. 1917 ж. 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде Ресей мұсылмандарының бірінші съезі өтті. Оған татар, башқұрт, қазақ, Түркістан өлкесінің халықтары, Закавказье және Солтүстік Кавказ өкілдері қатысты [89, с.97]. Съезд барысында мемлекеттік басқару түрі, оның ішінде діни құрылым мәселесі, мәдени- ағартушылық, аграрлық, әскер, басқа да мәселелер қаралды. Сонымен бірге алда жоспарланған Құрылтай жиналысына сайлаумен байланысты бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Съезд жұмысына барлығы 900 делегат қатысты [209]. Олардың ішінде Мемлекеттік дума депутаттары, әскерилер, молдалар болды. Съезге қазақ халқы өкілдері де қатысы. Мысалы, Орал облысынан делегаттар болып Д. Досмұхамедов, Г.Алибеков, Х.Досмұхамедов, Субханов; молла Х. Ахмеджанов, Х.Нурмухамедов, қожа Мрулибердиев, К. Андабаев, Х. Таржманов, И.Байгуренов сияқты ұлттық интеллигенция өкілдері қатысты [62,с. 43]. Мұсылман әйелдерінің алғаш рет съезге толық құқылы мүше ретінде қатысуы маңызды оқиға болып табылды. Қазақ А. Дущанова съезге жалпы Торғай облысының халқы атынан қатысқан [209,с. 119]. 79 Г.Мухтарованың ақпары бойынша аталған съезді өткізу Қазан төңкерісіне дейін жоспарланды.
Съезге Түркия өкілдері де қатысты [62,с. 43]. Съезд Уақытша үкіметтің «бұратана» халыққа қатысты саясатын сынап, «ішкі Ресей мен Сібір түркі-татар мұсылмандарына» автономия беріп, «Ұлттық кеңес» (Милли меджлис) құруды талап етті [31,P. 21-48]. Съезде баяндама оқыған Уақытша үкіметтің Дін істері жөніндегі департамент комиссары С.А. Котляровский үкіметтің мұсылман халқы мүддесі мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге дайын екенін атап өтті [209,с. 119-120]. 1917 ж. сәуірде Рыбаков билік атына жолдаған «Ресей мұсылмандарының рухани тұрмыс- тіршілігін ұйымдастыру мәселесі жөнінде» жазбасында мұсылмандардың мәдени-ұлттық дербестікке ұмтылуы мемлекеттің тұтастығына қауіп төндірмейтіні, керісінше орыс мұсылмандығының прогрессивті элементтері орыс мемлекеттігімен жақындасуына оң ықпалын тигізеді деген пікір білдірді. Сонымен бірге ол мұсылмандарға қатысты заңнамаға өзгеріс енгізу қажеттігіне тоқталды. Ресейдегі мұсылмандар саны мен әлем тарихында маңызының артуы, империялық кезеңнен бері мұсылмандарға қатысты бірқатар мәселелердің қанағаттандырылмауы, сонымен бірге мұсылман халықтарының саяси және ұлттық-мәдени тұрғыдан дербестікке ұмтылу әрекеттерінің ықтималдығы олардың мүддесімен санасуды талап етті. Cъезд барысында көзқарас қайшылығы байқалды. С. Исхаковтың пікірі бойынша съезге Ресейдің әр түрлі аймақтарынан қатысушы мұсылман делегаттарының Құран, хадис және шариат заңдарына қатысты пайымдаулары кейде тоғыспады. Қайшылық, әсіресе, батыс ықпалында болған еуропаланған мұсылмандар мен консервативті көзқарастағы Түркістанның неғұрлым діни топтары арасында орын алды. Екіншілері халық мүддесін дәстүрлі ислам тұрғысынан қарастырып, діни автономияны көздеді [209,с. 120-121].
Съезд барысында көтерілген мемлекеттік құрылымның унитарлық және федералистік түрі жөнінде мәселеге қатысты көптеген қайраткерлердің ұстанымдары анықталып, Еділ бойы татарларының ішінара топтар мен ағымдарға бөлініп, съезд барысында жалпы мұсылман әлемі ішінде немесе жеке аймақ мұсылмандары арасында ұлттық мемлекеттілік мәселесін шешуге қатысты көзқарас қайшылығы орын алды [210; 209,с. 121-122]. Дегенмен саяси тұрғыдан ымырашылдыққа қол жеткізілді [31,P.21]. Осыған байланысты зерттеушілер татарлардың ұлттық-мәдени автономияны қолдап, ал көпшіліктің аумақтық автономияны жақтағанын айтып, нәтижесінде съезд автономияның екі түрін мойындағанын атап өтеді. Бірақ көзқарастардың екіге бөлінуі бүкілресейлік мұсылман қозғалысына теріс ықпалын тигізді [33,P. 270-297]. Съезде баяндама оқыған башқұрт Валидов, әзірбайжандық Расул-заде аумақтық автономия идеясын негіздесе , А. Цаликов мемлекеттік құрылымның унитарлық басқару түрін қолдады. Оның пікіріне сәйкес автономия жағдайында ортақ парламенттен бөлек автономия өкілдерін біріктіретін екінші палата құру қажеттілігі туады. Ал, екі палаталы парламент ұлттық мүддені қорғау үшін тиімсіз болып табылады. Тиімдісі – Ресей конституциясымен бекітілген көпшілік, тікелей, тең және құпия сайлау құқығы негізінде тағайындалатын 80 мұсылман ұлтының көпшілік-құқытық органы — мұсылмандардың ұлттық мәдени парламентін құру [211].
Валидовтың көзқарасы А. Цаликовтан бөлек болғанымен, ол мұсылман құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатында Құрылтай жиналысында мұсылмандық блок және діни мәселелерді шешу үшін мұсылман кеңесін құру идеясына қосылды [31,P. 21-48]. Съезд нәтижесінде аумақтық-ұлттық автономия құру идеясын жақтаушылар 446 дауыс жинап, басымдыққа ие болды. Олардың ішінде башқұрт, әзірбайжан, қазақ, қырым, түркістандық мұсылмандар болды. Ұлттық-мәдени автономия идеясы үшін 271 делегат дауыс берді Бұл топқа еділ татарлары, кавказдықтардың бір бөлігі кірді. Осы орайда эмиграцияда болған М. Шоқай пікіріне сәйкес ұлттық-мәдени автономияны жақтаушылар – бұл ұлттық аумақта өмір сүре отырып, көбінен айырылғандар. Олар үшін «ұлттық автономия» «дербес автономды одақ» ұғымымен пара-пар. Федеративті басқару құрылымы мұсылман халқының бұл бөлігі үшін тиімсіз, себебі, бір жағынан, олар үшін бұл басқару құрылымы еш пайдасыз болса, екінші жағынан – басқа мұсылман ағайындарының қолдауынан айырылған олар күн көре алмас еді. Бұл топтың негізгі мақсаты мұсылмандардың тұтастығына ұмтылуымен емес, олардың өз ұлттық болмыстарын, мәдениетін сақтап, қорғап қалуымен байланысты [212]. Съезд барысында ресейлік мұсылмандардың діни басқаруы мәселесіне қатысты «Ресейлік мұсылмандардың діни және мәдени-ағартушылық істерін автономды басқару жобасы» тақырыбында баяндама оқыған И. Алкин дін саласында өзгерістердің қажеттігін атап өтті. Автор революцияға дейін құрылған Орынбор және Таврия мүфтияттарының құрылуы исламға қатысты жеңілдік ретінде көрінгенімен, шын мәнінде, мұсылмандардың көңіл-күйлерін қадағалап, бақылайтын орган болды. Бұрынғы билік тұсында приход не қауым сайлаған молдалар жоғарғы билік тарапынан бекітілетін. И. Алкин приход не қауым сайлаған молдалардың жоғарғы билік тарапынан бекітілуі қажеттілігіне қарсы болды.
Сонымен бірге ол ахундық инситутының таратылып, молдалардың аға және кіші болып бөлінуін жоюды ұсынды. Осыған байланысты кеңестен кейінгі кезең зерттеушілерінің мұсылман дін басыларын институциаландыру талаптарының негізсіз болып табылады. Себебі молланың беделі сөз жүзінде иерархиялық мәртебеге тәуелді емес, ол молданың дін қағидаларын қатаң ұстанып, орындауымен байланысты. Молда беделінің сөз жүзінде иерархиялық мәртебеге тәуелділігі жалпы исламға тән емес. Бұдан басқа баядамада төмендегі маңызды мәселелер көтерілді: жергілікті мұсылман кеңестерін Петроградтағы жалпымемлекеттік кеңеске біріктіру қажеттігі; этникалық мұсылман тарапынан мұсылман істері жөніндегі үкімет министрінің тағайындалуы және оның құзырына кіретін мәселелерге қатысты үкімет отырыстарында дауысқа ие болуы; министрге көмекші ретінде және Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы алдында жауапты болатын сарапшылар мен қоғамдық қайраткерлерден тұратын кеңестің құрылуы, фракция тарапынан сенімсіздік туындаған жағдайда қызмет орнынан алынуы. Баяндамашының жұма күні мен жергілікті билік тарапынан мойындалған 81 барлық мұсылман мейрамдарын демалыс күндері етіп бекіту ұсынысы съезд делегаттары тарапынан қолдау тапты [209,с. 126-127]. Діни басқару саласында съезд қабылдаған шешімдердің бірі – «революциялық» пиғылдағы молда Барудидің Орынбор мұсылман дін басқармасының мүфтиі болып сайлануы. Баруди Орынбор губерниясынан шығып, Еділ-Орал аймағында Накшбандия сопылық қауымының соңғы шейхі болған З. Расулевтің ізбасары болды. Баруди үшін 292 оң дауыс және 257 теріс дауыс берілді. Нәтижесінде «революциялық пиғылдағы» көпшіліктен орынборлық белді имам М.Хусаинов бөлініп кетіп, Еділ-Орал аймағының моллалары арасында жіктелу орын алды. Съезд барысында көтерілген мәселенің бірі көп әйел алушылық, қалың мал және паранджа тағумен байланысты болды. Съезге қатысушы түркістандықтардың көпшілігі көп әйел алушылықты қолдап, мұсылман әйелдерінің паранджа мен чадраны тастауына қарсылық білдірді. Мұсылман әйелдерінің құқығы мәселесін баяндамаға негіз етіп, ер мен әйел адамдардың тең құқықтығын, әйел адамдардың саяси және қоғамдық істерге араласуы құқығы мен сайлау және сайлану құқықтарын талап еткен әйел делегаттардың бірі съезге қатысушы молда делегаттар тарапынан сынға алынып, қолдауға ие болмады. Алайда, съездің соңғы күндері М. Буби (Бобинская) атты әйелдің Орынбор магометандық дін басқармасының кадиі деген жоғары діни лауазымға сайлануы ерекше оқиға болды. Съезд нәтижелерінің бірі – Бүкілресейлік мұсылман кеңесінің (БМК) құрылуы болды.
Кеңестің құрамына 30 адам мүше болып сайланды. 12 адам Кеңестің атқару комитетінің құрамына енді. Ол түркі тілдерінде Милли шуро (Ұлттық кеңес) деп аталса, сол кезде қабылданған аббревиатураға сәйкес БМКАҚ (ИК ВМС) (Исполнительный комитет всероссийского мусульманского совета – автор) делінді [209,с. 127-130]. БМК-ның 12 мамырда өткен бірінші отырысына қатысқандардың ішінде Цаликов, Каримов, Шамиль, Бигиев, М.Тюменев, Исхаков, У.Ходжаев, К.Тоғысов, Таначев, молда С.Урунбаев (Ходжент), молда К.Рахманбирдиев (Коканд), Леманов, Боданинский, З.Валидов, А.Садыков, К.Абдулхаликов (Самарканд), Дущанова (Тургайская область) және Мухамедиаров қатысты. Атқару комитетіне мүшелікке түркістандықтардан 3, қазақтардан – 2, Қырымнан – 1, Кавказдан – 2, Ішкі Ресей мұсылмандарынан 4 адам, барлығы 12 адам сайланды. Түркістаннан сайланғандардың ішінде Валидов, Ходжаев (өзбек), Тоғысов (қазақ), қазақтардан – Таначев, Ж.Дос-Мұхамедов, Қырымнан – қырым татары Леманов, Кавказдан – Cадыков, ішкі Ресейден – Цаликов, Шамиль және татар Мухамедиаров болды. Түркістан, Қырым және Кавказдан мүшелер уақытша сайланды. Олар бекітілмеген жағдайда олардың орнына басқа өкілдер сайлануы тиіс болды. БМК-нің 13 мамырда өткен екінші отырысына Бигиев, Валидов, Дос-Мұхамедов, Дущанова, Исхаков, Каримов, Леманов, Мухамедиаров, Таначев, Тюменев, Ходжаев, Цаликов, Шамиль қатысты. Цаликов БМК мен оның Уақытша атқару комиетінің төрағасы, ал Дос- Мұхамедов орынбасар болып сайланды. Сонымен бірге Мухамедиаров хатшы, Садыков хатшының көмекшісі, Леманов қазынашы, ал Шамиль шаруашылық 82 істері бойынша меңгеруші болып сайланды. Петроград аткару комитетінің тұрақты резиденциясы болып бекітілді. БМКАҚтың 22 мамырда Петроградта өткен (Дос-Мухамедов, Мухамедиаров, Таначев, Тогусов, Ходжаев, Цаликов қатысқан) отырысында БМКАҚтың «мұсылмандардың ұлттық-саяси істерін басқаруды толығымен өз құзырына алатыны» шешілді [209,с. 133-135].
Уақытша үкіметтің Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайлау Ережесін дайындауға қатысты кеңес құру шешіміне байланысты мұсылмандар атынан алғашқыда Жантөрин қатысты. Бірақ ол бас тартқаннан кейін 23 мамырдағы Уақытша үкіметтің отырысында аталған кеңес құрамына Таначев пен Мухамедиаровты шақыру туралы шешім қабылданып, олар «ұлттық» шет аймақтары өкілдерінің тобына енгізілді [213]. Мұсылмандар Уақытша үкіметтің сыртқы саясатына көп мән берді. Оккупацияланған Албанияға Италия протекторатының орнауына қатысты БМКАҚтың сыртқы істер министрі Терещенкоға жолданған хатында «Еуропалық державаның протекторатына кірген Албанияның тағдыры Алжир, Тунис, Египет, Марокко, Ауғанстан және басқа мұсылман мемлекеттерінің тағдырын еске салады. Бұл елдердегі мұсылман халықтарының тарихи тағдыры миллиондаған еркін ресей мұсылмандарының тарапынан жанашырлық туғызады. Енді аталған мұсылман елдерінің қатарына Италияның билеуші топтарының империялық мүддесінің құрбанына айналған албан халқы қосылуда» делінген. Осыған байланысты БМКАҚ Уақытша үкіметтің албан мәселесіне қатысты ұстанымының анық болмауы Ресейдің мұсылман халқын алаңдатып, «ұлттық-мәдени және қоғамдық-саяси еркіндік құқығы Ресей мұсылман демократиясы үшін Еуропа халықтарының ғана емес, сонымен бірге Азия мен Африка халықтарының ажырамас құқығы» деп түсінілуде деген күдік туғызып отырғанын атап өтті [209,с. 142-143]. БМК мен БМКАҚтың халықаралық саясатқа қатысты табанды әрекеттері кейбір аймақтық көшбасшыларының наразылығын туғызды. Тоғысов пен Ходжаев арасында болған жағдай соның дәлелі. Қазақ интеллигенциясының өкілі, радикалды-республикандық бағыттағы ташкенттік «Алаш» газетінің редакторы К. Тоғысовтың пікірі бойынша «Бөліп ал да, билей бер» теориясы мұсылман мәселесінің шешілуін күлкілі жағдайға жеткізді.
Қарсы күш ретінде мұсылмандар дінді желеу етіп, пайдаланды. Ал, ескі тәртіп құлай сала көп әйел алушылық пен қалың малдан біржола бас тартты…Шариатты бұрынғыша түсіндіру еш мәні жоқ фанатизм үшін ғана тиімді болды. Мүфтият, мұсылман синоды қараңғы халық үшін, ал ол өз кезегінде орыстарға тиімді болды…Екатерина заманынан мүфтият біздің ортамызда жабайы наным- сенімдерді барынша дамытты. Ендігі кезекте біздер озық ойлы, еуропалық білімі бар моллаларды, жаңа діни көсемдерімізді сайладық. Олар біздің дұрыс жолмен дамуымызға жәрдемдеседі !…». Мауысым басында петроградтық «Биржевые ведомости» газетінің беттерінде жарияланған «Қанаудан босаған мұсылмандық» атты жазбада бұл психологиялық жағдайдың сол кездегі мұсылмандыққа қарсы болған күштер мен консервативті көзқарастағы 83 мұсылман топтарының қарсылығына тап болған көптеген мұсылман көшбасшыларына тән болғаны атап өтіледі [209,с. 143-144]. БМК ресейлік мұсылмандардың саяси бағдарлығынан гөрі олардың бірігу ниеттерін танытты. «Ақпан революциясынан бері, яғни мұсылмандардың бір- бірімен жақынырақ араласуы мүмкіндігі пайда болып, мұсылмандар арасында әлеуметтік-саяси ағымдар анықталғаннан кейін Бүкілресейлік мұсылман кеңесіне біріккен Ресей мұсылмандары бір отбасы болып жақсы ұйымдасты…», – деп атап өтті Токумбетов. Сөйтіп 1917 ж. көктемінен мұсылман қозғалысында (либералдардан эсерлерге дейін), кейін революцияның саяси және әскери факторына айналатын, барлық демоктариялық элементтердің біріккен одағы қалыптаса бастады. Сол себепті, шетел және кеңестік тарихнамада 1917 ж. жазынан Ресейде мұсылман социалистерінің (эсерлер мен меньшевиктердің) ықпалының артуы туралы орын алған пікір негізсіз болып табылады [209,с. 157-158]. БМК мен ОМДБ (Орынбор мұсылмандық діни басқарма) арасындағы қатынастардың жағдайы бөлек болды. ОМДБ құрамында молла реформаторлар кірді. БМКАҚ шешіміне сәйкес ОМДБ құрамында болған қади Н. Мамлеев 26 мамырда іс жүргізу ісін жаңа кадий К. Тарджимановқа табыстады [267].
БМК- ның Қазан қаласының 5-ші соборлық мешіттің имамы Барудиді Орынбор мүфтиі етіп бекіту туралы өтініші бойынша Уақытша үкімет комиссары Котляровский 30 мамырда Уақытша үкіметке ұсыныс жіберді. 1 мауысымда БМК отырысында «ескі тәртіпті жақтаушы әрі көп жылдар бойы мұсылман халқы арасындағы прогрессивті ағымдарға қарсы бар әдістермен күресіп келген» бұрынғы Орынбор мүфтиі Баязитовты орынынан алу туралы шешім қабылданды. Сол күні Уақытша үкімет комиссары Котляровский Петроград әскери округының штаб басшысына мұсылман қоғамдастығының қарсылығына байланысты Баязитовты орынынан босатуды тапсырды [209,с. 144-145]. Бұл факті Уақытша үкіметтің мұсылман қауымымен санасқандығын көрсетеді. БМК елдегі мұсылмандардың мүддесін қорғап, олардың саясат, мәдениет, дін, басқа да салаларда туындаған мәселелерін шешуге жәрдемдесуі тиіс болды. Кеңестік тариханамада ұйым буржуазиялық, ұлтшылдық деп тынылып, қауіпті ұйым қатарына жатқызылды. Мұсылмантанушы большевик С.М. Диманштейн БМК- ны құру арқылы дербестікке ұмтылған татар буржуазиясы барлық мұсылмандарды біріктіріп, шығыс мемлекетін құруды мақсат етті деп тұжырымдаған [43,с. 31]. Осыған ұқсас пікірлер кеңестен кейінгі кезең тарихнамасында да орын алуда. Мысалы, Ресейдегі исламды зерттеуші А. Малашенко татар мен башқұрттардан құрылған топтың съезд барысында елдің мұсылмандар мекен еткен аймақтарына Ресей Федерациясының басқаруы аймағына бағынбайтын автономия беру жөнінде талаптарын сынға алады [214]. Осыған байланысты съезге қатысушы Тамарин «ұйымдастырылуы, көлемі және күн тәртібіне қойылып, шешуді қажет ететін міндеттері жағынан алғанда съезд 30-миллиондық мұсылман бұқарасы ұйымдасқан жиынға айналды. Мұсылмандар Ресейді құрып кетуден құтқаруға ниетті адамдарды қолдап, көмектесуге дайын болды», – деп атап өтті [209,с. 131].
84 Ресей мұсылмандары мен үкімет арасында, бір жағынан, делдал рөлін де атқарған БМК отырыстарында басқару, кадр, съездерге дайындық, т.б. мәселелер көтерілді. БМК әр түрлі аймақтардағы мұсылман қозғалысындағы ағымдарды жақындастыруға тырысты. БМК революция жағдайы талап еткен міндеттерді жүзеге асыруға қатысты. Уақытша үкіметті ел мұсылмандарының мүддесін қолдаушы деп сенген БМКАҚ оны барынша қолдауға тырысты. БМК мұсылман халқы өкілдерін жалпы мемлекеттік құрылыс ісіне тартып, Уақытша үкімет пен Кеңсетер құрамына кіргізуге тырысты [209,с. 132-145, 157]. БМК-ның құрылуына негіз болған I Бүкілресейлік мұсылман съезіне жиналған мұсылмандар билікке түзу ниетте болып, сонымен бірге діни сенімнің олардың өмірінде маңызды орын алатынын білдірді. Съезге қатысушылардың бірі М. Гаджиев өз сөзінде «Біз, жұмысшы-мұсылмандар, халықпен біргеміз. Біздің съезге жиналуымыз барша мұсылмандармен бір болу ниетімізді білдіреді. Жолдастар, біз сіздердің талаптарыңызды қолдауға дайынбыз және сіздерден де қолдау күтеміз» деп атап өтті. Бірақ, съезден кейін БМКАҚ «Ресейдің барша мұсылмандарына!» үндеуінде мәскеулік «Утро России» газетінен басқа астаналық баспасөз органдарының съезд жөнінде бір ауыз хабарламағандарын жазды.
Сонымен бірге Ресейде шығып отыратын 30 мұсылман газетінің орыс қоғамдық ой-пікірге ықпалы шамалы, ал ірі газет беттерінде мұсылмандар өмірінің көрініс таппай жүргенін атап өтіп, бұл үнсіздіктің астарында бір себептің бары болуы мүмкін деген пікір білдіреді. Большевик К.Я. Грасис съездің өтуі кезінде баспасөз беттерінде мұсылмандардың мемлекеттік ақыл-ойдың жоқтығы туралы әдейі жиі айтылғанын хабарлайды [209,с. 128-130]. Қорыта атқанда мұсылман халықтарының саяси белсенділігі Уақытша үкіметтің 1917 ж. шілдеде «Ар-ождан бостандығы туралы» қаулысының қабылдануынан кейін күшейе түсті. Қаулыға сәйкес барлық азаматтарға дініне қарамастан тең азаматтық және саяси құқықтар берілді. Сонымен бірге азаматтардың ешбір дін ұстанбауға да рұқсат етілді. 1917 ж. 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік съезіне, кейін, мауысым айында өткен екінші съезіне де, татар, башқұрт, қазақтар, Түркістан өлкесі, Закавказье мен Солтүстік Кавказ халықтары атынан делегаттар қатысты. Съезд Уақытша үкіметтің «бұратана» халыққа қатысты саясатын сынға алды. Съезге қатысушы мұсылман халық өкілдері «Ішкі Ресей және Сібір түркі-татар мұсылмандарының» автономиясын талап етіп, «Ұлттық кеңес» құруды мақсат етті. Ол түркі-татар мұсылмандарының өкілдік органы болуы тиіс еді. 1917 ж. мауысымда өткен екінші мұсылман съезінде Ұлттық кеңес және оның атқарушы органы – «Милли идара» («Милли идара» – Ішкі Ресей және Сібір түркі-татар мұсылмандарының ұлттық басқармасы) құрылды. Ол дін, қаржы және ағарту мекемелерінен құралды. Бірінші бүкілресейлік мұсылман съезі нәтижесінде Бүкілресейлік мұсылман кеңесі құрылды. Патшалық билік кезеңінен мақсат-мүдделері қанағаттандырылмаған мұсылман халық өкілдерінің ХХ ғасырдың басында елде орын алған саяси қозғалысқа белсене 85 араласып, ұлттық-мәдени дағынан еркіндік алуды көздеген әрекеттері билік тарапынан олардың мүддесімен санасуды талап етті.