Устицалық және кутикулалық транспирация

Өсімдіктердің су жұмсауының екі түрлі жолы бар. Ол: устицалық және кутикулалық транспирациялар. Жапырақ устицасымен қатар, жапырақ жабыны-кутикулалар да су жұмсауға қатысады. Судың кутикула арқылы жұмсалуын кутикулалық транспирация деп атайды. Кутикулалық транспирацияның шамасы өсімдіктің жасына, түр ерекшеліктеріне, экологиялық жағдайларға байланысты.

Кутикулалық транспирация қарқындылығы устицалық транспирация қарқындылығынан аз болып келеді. Бірақ өсімдік жапырақтарының өте жас кезіндегі суды жұмсауының өзі де кутикулалық болып табылады. Кутикулалық транспирацияны зерттеу үшін устица аппараттары жапырақтың бір бетінде болатын өсімдікті алып, устица орнал асқан жағына л ано л ин жағады. Бұл жағдайда су негізінен кутикула арқылы буланады. Осындай тәжірибелердің нәтижесі қайыңның жас жапырағының кутикулалық транспирациясы 51%, ал устицалық транспирациясы 49%-ға тең болатынын көрсетті. Ал, оның ескі жапырақтарының кутикулалық транспирациясы — 15,4% устицалық транспирациясы 84,6%-ғатең болатынын аңғартады. 14 сәуір күні өрікжапырақтарына жасаған тәжірибеде оның кутикулалық транспирациясы 73,4% болып, ал устицалық транспирация 26,6%; 26 қыркүйектегі тәжірибеде кутикулалық транспирация 22,2%, устицалық транспирация мөлшері 77,8%-ға тең болған. Бүл жас жапырақта кутикулалық транспирация тез жүріп, жапырақтың жасы артқан сайын кутикула қалыңдап, оның суды буландыру қабілеті азайып, су булануы негізінен устица саңылаулары арқылы орындалатынын аңғартады.

Устицалық транспирация устица саңылауы арқылы жүреді. Устица саңылауының кеңеюі немесе тарылуы арқылы жапырақ тақтасындағы транспирация қарқындылығы реттеліп отырады. Устица саңылауының ашылуы мен жабылуы оның қақпа клеткаларының қызметіне байланысты. Егер қақпа клеткалары суға қанығып, тургор қысымы туса, онда олардың арасындағы саңлау ұлғаяды, керісінше қақпа клеткаларында су тапшы болса, саңлаудың тарылуына себепші болады. Сөйтіп, устицаның ашылуы мен жабылуы қақпа клеткаларының тургорлық жағдайына тәуелді. Устицадағы қақпа клеткаларының тургоры, оның осмос жағдайына әсерін тигізеді. Қақпа клеткаларында крахмалдың қантқа айналуы клетканың осмос қысымын арттырса, соған сәйкес оның сору күші артады да, қақпа клеткаларына су келіп, оның тургорын қамтамасыз етеді. Керісінше қақпа клеткаларындағы қанттың крахмалға айналуы клетканың осмос қысымын кемітсе, онда сору күші азайып, клетканың тургоры төмендеп, саңлау жабылады. Мысалы, қымыздық өсімдігінің устицалары түндегі жабық кезінде қақпа клеткаларының осмос қысымы 13-14 атм-ға тең болып, ал күндіз ашық кезінде 23-24 атм. болған. Жарықта крахмалдың қантқа айналуы, ал қараңғыда қақпа клеткаларындағы қанттардың крахмалға көшуі кең өріс алады.

Канада физиологы У. Скарстың гипотезасы бойынша, устица саңлауы өзгеруінің С02 концентрациясына байланысты екенін былай түсіндіреді: С02 концентрациясының жарық кезінде азаюы қақпа клеткаларының рН арттырып, саңлаудың ашылуын күшейтсе, ал қараңғы кезде С02 концентрациясы артып, соған сәйкес қақпа клеткаларының рН азайып, саңлаудың тарылуына себепші болады. Сол сияқты қақпа клеткаларындағы рН өзгеруі ондағы ферменттердің қызметіне әсер етеді. рН молшерінің сілтіге қарай ауытқуы крахмалды гидролиздейтін ферменттердің қызметін күшейтеді. Ал, рН қышқылдық бағытқа ауытқыса, керісінше крахмал синтездейтін ферменттің активтігі артады. Совет ғалымы С.А.Кибрик /1973/ қақпа клеткалары арасындағы саңлаудың мөлшері ондағы АТФ мөлшеріне байланысты екенін дәлелдейді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мынандай нобаймен көрсетуге болады. Сөйтіп, устицаның ашылып-жабылуына сыртқы ортадағы жарық пен қараңғы, С02 концентрациясынан басқа, су тапшылығы да күшті әсер етеді.

Транспирация қарқындылығын анықтау әдістері

Транспирация қарқындылығын анықтау әдістерін үлкен үш топқа топтастыруға болады.
1. Салмақты өлшеу әдістер тобы, бұған: торзион таразысы арқылы анықтау, аптека таразысында анықтау және ағаш тектес өсімдіктерде жүргізілетін Л.А.Иванов әдісі, т.б.
2. Салыстырмалы әдістер тобы: инфильтрация әдісі, пленка әдісі, хлорлы кобальт қағазы арқылы анықтау әдісі. Бүл әдістер тобында негізінен устица саңлауының қандай шамада ашық екеніне байланысты әдістер жатады.
3. Көлем әдістер тобы: бюреткалы немесе басқа шыны ыдыстардағы өсімдіктің суды транспирациялауынан судың өзгерісін анықтау әдісі, потометр әдісі, т.б. жатады. Бұл әдістер зертханалық сабақтарға арналған оқу құралдарында көрсетілуімен байланысты әрқайсысына жеке тоқталуды артық көрдік.

Оставить комментарий