Варварлық және өркеният

Біз рулық құрылыстың ыдырауын жекелеген үш ірі мысалда ­ гректердің, римдіктердің және германдықтардың мысалында қарастырдық. Қорытындысында қоғамның рулық ұйымдастырылуын варварлықтың ең жоғары сатысында­ақ жегідей жеп, өркенияттың дүниеге келуімен оны мүлдем аластаған экономикалық шарттарды қарастырамыз. Бұл арада Маркстың «Капиталы» Sis­ re нақ Морганның да кітабы секілді қажет болады. Тағылықтың орта сатысында пайда болып, оның ең жоғары сатысында дами берген ру, біздің дереккөздеріміз бұл туралы мүмкіндік беруіне қарағанда, өзінің гүлдену шағына варварлықтың ең төменгі сатысында жетеді. Біз дамудың нақ осы сатысынан бастаймыз. (1820­1895). Марксизмнің негізін қалаушылардың бірі. 1841­ 1842 жылдары әскери қызметін өтей жүріп, Берлин университетінде лекциялар тыңдаған. 1842 жылы Манчестерге келіп, әкесінің фабрикасының кеңсесінде істеген. 1844 жылы Парижде Маркспен кездесіп, өле­өлгенше дос болып өткен. Сонымен бірге «Коммунистер одағын» құрған, «Коммунистік партия манифест» жазған. Маркспен бірге Интернационалдың қызметіне басылым жасаған, Маркс қайтыс болғаннан кейін, оның негізгі еңбектерін жарыққа шығарған, Еуропа социалистерінің кеңесшісі және басшысы болған. Маркспен бірге жазған еңбектерін былай қойғанда, «Германиядағы шаруалар соғысы» (1850), «Германиядағы революциямен контрреволюция » (1852), «Анти­Дюринг» (1878), «Людвиг Фейербах және неміс классикалық философиясының ақыры» (1886), «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» (1874), «Табиғат диалеюпикасы» (1873­1882 және 1925 жылы жарияланған), «Франция мен Германиядағы шаруалар мәселесі» (1894) деген елеулі еңбектер жазған. Бізге американ қызыл терілілері үлгі болуға тиіс бүл арада біз едәуір дамыған рулық құрылысты көреміз.

Тайпа бірнеше руларға, көбінесе екі руға бөлінеді; …Осынау бастапқы екі рудың әрқайсысы, халық санының көбеюіне қарай, бірнеше жұрағат руларға бөлініп кетеді, оларға бастапқы ру фратрия ретінде көрінеді; тайпаның өзі бірнеше тайпаға бөлініп кетеді; олардың әрқайсысында біз көбіне бұрынғы руларға тап боламыз; одақ, бері салғанда жекелеген жағдайларда, туыс тайпаларды қамтиды. Осынау қарапайым ұйым, олар пайда болған қоғамдық жағдайларға әбден сәйкес келеді. Ол сол жағдайларға тән табиғи түрде өсіп шыққан құрылымнан басқа ештеңе де емес; ол осылай ұйымдастырылған қоғам ішінде туындайтын барлық жанжалдарды реттей алады. Сыртқы дүниемен жанжалдарда соғыс болады; ол тайпаның жойылып кетуімен аяқталуы мүмкін, бірақ тіпті де оны құл етумен аяқталмайды. Рулық құрылыстың ұлылығы, бірақ сонымен бірге оның шектеулілігі бүл арада үстемдік пен езгіге салуға орын жоқ екендігінен көрінеді. Рулық құрылыс ішінде құқықтар мен міндеттер арасында әлі ешқандай айырмашылық жоқ; үндіске қоғамдық істерге қатысу, қанды кек немесе ол үшін құн төлеу құқық па әлде міндет пе деген мәселе жоқ; мұндай мәселе тамақ, ұйқы, аң аулау ­ құқық па әлде міндет пе деген мәселе секілді одағай болып көрінер еді. Дәл сол секілді тайпа мен рудың әртүрлі таптарға да жіктелуі мүмкін емес. Мұның өзі бізді осы құрылыстың экономикалық базасын қарастыруға алып келеді. Халық барынша сирек орналасқан; ол тек тайпаның өмір сүретін жерінде ғана тығыз; сол жердің айналасында кеңінен көсіліп ең алдымен аң ауланатын аймақ, содан кейін тайпаны басқа тайпалардан бөліп тұрған және оған қорғаныш қызметін атқаратын бейтарап орман жолағы жатыр. Еңбек бөлінісінің тегі ­ таза табиғи жағдай; ол тек ұсыныстар арасында ғана бар; еркек соғысады, аң және балық аулауға шығады, шикі күйінде тамақ өнімдерін және соған қажет құралдарды дайындайды. Әйел үй шаруасында және тамақ пен киім әзірлеумен айналысады ­ тамақ пісіреді, киім тоқиды, тігеді. Олардың әрқайсысы ­ өз саласының қожайыны: еркек орманда, әйел­үйде.

Читайте также:  НАГИБ МАХФУЗ ЖӘНЕ АРАБ РОМАНЫ

Әркім өзі жасап, қолданатын құралдың иесі: еркек ­ қарудың, аң, балық аулайтын құралдардың, әйел ­ үйдегі ыдыс­аяқтың несі. Үй шаруашылығын бірнеше, көбіне бірталай отбасы коммунистік негізде жүргізеді. Бірлесіп әзірленіп, пайдаланылатын нәрсе: үй, бақша, қайық ­ ортақ меншікті құрайды. Бұл арада, осылайша, және де тек осы арада, іс жүзінде, өркениятты қоғамның заңгерлері мен экономистері ойлап тапқан «өз еңбегімен қол жеткен меншік» ­ осы заманғы капиталистік меншік әлі сүйенетін соңғы жалған құқықтық негіз болады. Бірақ адамдар осы сатыда барлық жерде тоқтап қалған жоқ. Азияда олар қолға үйретуге болатын және үйретілген күйінде одан әрі көбейтуге болатың жануарларды тапты. Жабайы буйволдың ұрғашысын аулау керек, қолға үйретілген ол жыл сайын бұзау туады, мұның үстіне сүт береді. Кейбір ең озық тайпаларда ­ арийларда, семиттерде, қазір бәлкім тұрандықтарда да ­ әу баста қолға үйрету, тек содан кейін ғана мал өсіріп, оны бағып­қағу еңбектің басты саласына айналды. Бақташы тайпалар варварлардың негізгі бұқарасынан бөлініп шықты ­ бүл алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі болды. Бақташы тайпалар басқа варварлардан тек көп өндіріп қана қойған жоқ, олар өмір үшін өндіретін заттар да басқа болатын. Оларда, әлгілермен салыстырғанда, тек сүт, сүттен жасалған азық әлдеқайда көп болып қана қойған жоқ, сондай­ақ тері, жүн, ешкі түбіті және шикізат көлемінің барған сайын ұлғая түсуіне қарай, иірілген жіп пен тоқылған мата да әлдеқайда көп болды. Бұл тұңғыш рет жүйелі айырбасты мүмкін етті. Одан неғұрлым бұрынғы даму сатыларында тек кездейсоқ айырбас қана болуы мүмкін еді; қару мен құрал жасаудағы ерекше өнер уақытша еңбек бөлінісіне жетелей алар еді. Осылайша, мысалы, көптеген жерлерде кейінгі тас ғасырының тас құралдарын дайындайтын шеберханалардың дау тудырмайтын жұрттары табылды; сол жерлерде оз өнерін дамыта түскен шеберлер, тегінде, бүкіл ұжымның есебінен және солардың пайдасына жұмыс істеген болуы керек, Үндістанда рулық қауымдардың тұрақты қолөнершілері бүгінге дейін дәл солай істейді.

Дамудың осы сатысында айырбас тек тайпа ішінде пайда бола алатын, соның өзінде ол ілуде бір кездесетін құбылыс болып қала берді. Енді, керісінше, бақташы тайпалар бөлініп шыққаннан кейін, әртүрлі тайпалар мүшелерінің арасындағы айырбас, оның тұрақты институт ретінде дами түсіп, орныға түсуі үшін барлық шарттарды табамыз. Бастапқыда тайпалар арасындағы айырбас әрбір жақтың ру ақсақалдары арқылы жүргізілді; ал табындар оқшау меншікке көше бастап, ақыр соңында, айырбастың бірден­бір пошымына айналған кезде, ­ жекелеген адамдар арасындағы айырбас барған сайын басым бола түсті. Бірақ, бақташы тайпалар өздерінің көршілерімен айырбас жасайтын басты зат мал болатын; мал сол арқылы барлық басқа тауарлар бағаланатын және барлық жерде соларға айырбас ретінде қуана қабылданатын тауарға айналды ­ қысқасы, мал ақша қызметіне ие болды да, сол сатының өзінде ақша қызметін атқарды. Тауар айырбастаудың пайда болуының өзінің тұсында ерекше тауар ­ ақшаға қажеттілік дәл сондай мұқтаждықпен және шапшаңдықпен дамыды. Варварлықтың ең төменгі сатысында тұрған Азия тұрғындарына тегінде белгісіз бақташылық, оларда егіншіліктің ізашары ретінде орта сатының алдында пайда болды. Тұран жазығының климат жағдайында ұзақ та қатал қысқа арналған жем­шөп қорынсыз бақташылық өмір мүмкін емес; шабындық және дәнді дақылдар ол арада, осылайша, қажет болатын. Қара теңізден солтүстікке қарай созылып жатқан қиян дала туралы да осыны айтуға болады. Бірақ дән әуелгіде мал үшін өсірілсе, ол көп ұзамай адамның да тамағына айналды. Ұқсатылатын жер әлі тайпаның меншігі болып қала берді де, әуелгіде руға пайдалануға, кейінірек ру – үй ішілік қауымдарға, ақыр соңында жеке кісілерге пайдалануға берілетін болды; олардың сол жерге иелікке белгілі құқықтары болды, бірақ одан артып кеткен жоқ.

Читайте также:  Coлтүcтiк шығыс Қазақстанның неолит ескерткіштері

Өнеркәсіптік қызмет саласында осы сатыдағы жетістіктердің арасынан екі нәрсенің ерекше маңызы бар: біріншісі ­ тоқу станогы, екіншісі ­ металл рудаларын балқыту және металл өңдеу. Олардың ең маңыздылары мыс пен қалайы, сондай­ақ солардан балқытып алынатын қола болды; қола жарамды құралдар мен қару берді, бірақ тас құралдарды ығыстырып шығара алған жоқ; бұған тек темірдің ғана шамасы келетін еді, бірақ темір алуды әлі білмейтін. Әсемдік үшін алтын мен күміс пайдаланыла бастады, олар, тегінде, мыс пен қоладан бағалырақ болған секілді. Барлық салаларда, мал шаруашылығында, егіншілікте, үй қолөнерінде өндірістің ұлғаюы адамның жұмыс күшін оны сақтап отыру үшін қажеттен көбірек өнім өндіруге қабілетті етті. Сонымен бірге ол рудың, үй қауымының немесе жекелеген отбасының әрбір мүшесіне келетін күнделікті еңбек көлемін ұлғайтты. Жаңа жұмыс күшін тарту қажеттілігі туды. Оны соғыс беретін: әскери тұтқындар құлдарға айналдырыла бастады. Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі еңбек өнімділігін, демек, байлықты да ұлғайтумен, және сондай­ақ сол кездегі жиынтығында алынған тарихи жағдайда өндіргіш қызмет өрісінің кеңейтуімен бірге өзінің соңынан құлдықты ерте келді. Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісінен қоғамды алғашқы екі ірі тапқа ­ қожайындар мен құлдарға, қанаушылар мен қаналушыларға бөлу де келіп шықты. Табындар тайпаның немесе рудың ортақ игілігінен жекелеген отбасы басшыларының меншігіне қалай және қашан көшкені жөнінде біз әлі күнге дейін ештеңе білмейміз. Бірақ бұл көшу негізінен осы сатыда жасалуға тиіс болатын. Ал табындар мен өзге байлықтарға ие болумен бірге отбасында революция болды.

Кәсіпшілік қашанда еркектің ісі болатын, кәсіпшілік құралдарын солар жасайтын, олар солардың меншігі болатын. Табындар кәсіпшіліктің жаңа құралы еді; бастапқыда оларды үйрету, кейінірек оларды бағып­қағу еркектің шаруасы болды. Сондықтан мал соған тиесілі болды, малға айырбастап алынған тауарлар мен құлдар да соған тиесілі болды. Енді кәсіпшілік берген бүкіл артық өнім еркекке тиді; әйел оны тұтынуға қатысты, бірақ меншікте оның өзінің үлесі болған жоқ. «Жабайы» жауынгер мен аңшы үйде әйелден кейінгі екінші орынды қанағат тұтатын, ал «неғұрлым момын» бақташы, өзінің байлығына масайрап, бірінші орынға шықты да, әйелді екінші орынға ығыстырды. Әйел шағымдана да алмайтын еді. Отбасындағы еңбек бөлінісі меншіктің еркек пен әйел арасында бөлінуінің шартына айналды; ол бұрынғы күйінде қалды, соған қарамастан, соған дейінгі үй қатынастарын мүлдем өзгертіп жіберді; оның себебі біреу ғана еді; отбасынан тыс еңбек қатынастары басқа сипатқа ие болды. Нақ бұрынғы себеп, бұрын әйелдің үйдегі үстемдігін қамтамасыз етіп келген себеп ­ оның еңбегінің үй жұмысымен шектелуі ­ дәл сол себеп енді еркектің үйдегі үстемдігін сөзсіз нәрсе етті; әйелдің үйдегі жұмысы еркектің кәсіпшілік еңбегімен салыстырғанда енді өзінің маңызынан айрылды, оның еңбегі баршасы болды да, әйелдің жұмысы ­ елеусіз қосымшаға айналды. Осы арада­ақ, әйел қоғамдық өнімді еңбектен шеттетіліп, үй ішіндегі жеке еңбекпен шектелуге мәжбүр болып отырғанда, әйелді азат ету, оның құқықтарын еркектің құқықтарымен теңестіру қазір де, болашақ та да мүмкін еместігі байқала бастайды. Әйелді азат ету тек өндіріске ірі, қоғамдық ауқымда қатысқанда, ал үйдегі жұмыспен ол аз­аздап қана айналысатын болғанда ғана мүмкін болады. Ал мұның өзі тек осы заманғы ірі өнеркәсіптің арқасында ғана мүмкін болады, ол өнеркәсіп әйелдер еңбегін кең көлемде қажет етіп қана қоймайды, оны тікелей де талап етеді және жеке үй еңбегін қоғамдық өндіріске сіңіріп жіберуге ұмтылады.

Читайте также:  Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары

Үйде еркектің іс жүзіндегі үстемдігі орнығуымен, оның дара билік жүргізуіне соңғы кедергі жойылды. Осынау дара билік ана құқығының төңкеріп тасталуымен, әке құқығының енгізілуімен, жұптық некеден бірте­бірте моногамияға көшумен қуатталып, мәңгілік етілді. Ал мұның өзі ежелгі рулық құрылыста жарықшақ туғызды: жеке отбасы руға қатер төндіріп тұрған күшке айналды. Келесі қадам бізді варварлықтың ең жоғары сатысына, барлық мәдениетті халықтар өзінің қаһармандық дәуірін ­ темір семсер дәуірін, сонымен бірге темір соқа мен балта дәуірін бастан өткерген кезеңге жетелейді. Адамға темір, тарихта революциялық рөл атқарған шикізаттың барлық түрінің ең соңғысы да ең маңыздысы, картоп пайда болғанға дейінгі соңғысы қызмет ете бастады. Темір егіншілікті неғұрлым ірі аумақта жүргізуге, кең орман аумақтарын жер жырту үшін тазалауға мүмкіндік берді; ол қолөнершіге беріктігі мен өткірлігіне бірде­бір тас, сол кезде белгілі бірде ­ бір металл шыдай алмайтын құрал берді. Мұның бәрі бірден болған жоқ; алғашқы темір әлі көбіне қоладан жұмсақ еді. Тас қару сондықтан баяу жойылып келе жатты. «Хильде­ бранд туралы жырда» ғана емес, 1066 жылы Гастинге маңында да шайқаста тас болат қолданылған. Бірақ прогресс енді екпіндей, аз үзілістермен және жылдам жүріп жатты. Тас немесе кірпіш үйлерді өзінің тас дуалдарымен, мұнараларымен және тіс секілді парапеттерімен қоршалған қала тайпаның немесе тайпалар одағының ұясына айналды ­ бұл құрылыс өнеріндегі орасан зор прогрестің көрсеткіші, сонымен бірге ұлғая түскен қауіп пен қорғанысқа қажеттіліктің нышаны еді.

Байлық жылдам, бірақ жекелеген кісілердің байлығы ретінде ұлғая түсті; тоқымашылықта, металл өңдеуде және барған сайын бір­бірінен оқшаулана түскен басқа кәсіптерде алуандық барған сайын ұлғая түсті және өндіріс шеберлігі жетілдіріле берді; егіншілік енді дәнмен, бұршақты өсімдіктермен және миуамен қатар, сондай­ақ өсімдік майы мен шарап бере бастады, адамдар оларды дайындау әдістерін тауып алды. Соншалық сан алуан қызметті енді бір ғана адам атқара алмайтын еді; екінші ірі еңбек бөлінісі жүзеге асты: кәсіпшілік егіншіліктен бөлініп шықты. Өндірістің, сонымен бірге еңбек өнімділігінің де тоқталмай өсе беруі адамның жұмыс күшінің құндылығын арттыра түсті, дамудың алдыңғы сатысында енді ғана пайда болып, аракідік сипатта болған құлдық енді қоғамдық жүйенің елеулі құрамдас бөлігіне айналды; құлдар жай ғана қолбала болуды қойды, олар енді он­ондап егістіктер мен шеберханалардағы жұмысқа қуылды.

Өндірістің екі ірі негізгі салаға, егіншілік йен кәсіпшілікке бөлінуімен тікелей айырбасқа арналған өндіріс ­ тауарлы өндіріс, сонымен бірге сауда да, және де тек тайпа мен оның шекараларында ғана емес, теңіздің арғы бетіндегі елдермен де сауда да дүниеге келді. Мұның бәрі, алайда, әлі дами қоймаған түрде еді; асыл металдар басым және баршаға ортақ тауарға ­ ақшаға айнала бастады, бірақ олар әлі шегілмейді, тек жай ғана салмағы бойынша алмастырылады.

Оставить комментарий