Вирустар туралы слайд (Презентация) қазақша

Презентация тақырыбы Вирустар туралы. Слайд барлығы 12 беттен тұрады. Бұл слайд вирустар туралы мәлімет, вирустардың көлемдері мен өлшемдері, вирустар саласында өз үлестерін қосқан адамдар, қауіпті вирустар басқа да түрлері сонымен қатар көптеген бөлімдерден тұрады. Вирустар деп отырғанымыз латынша сөздігінен аударғанда «у» деп аталатын мәнді айтады. Барлық тірі организмдердің ішіндегі жасушалары кездеспейтін өзгеше тіршіліктің иелері вирустар деп саналады. Вирустар рибонуклеин қышқылдарынан сонымен қатар дезоксирибонуклеин қышқылынан құрастырылған нуклеопротеидтерден, және ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Осы қабықша вирустардың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның кедергі жағдайларынан сақтап отырады. Ал кейде вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар да, май тәрізді ағзалық заттар, биотин сонымен қатар мыс молекулалары кездесіп жатады. Вирустар өлі ағзаларда немесе өлі жасушаларда болмайды, олар көбінесе тірі жасушада өсіп көбеюге бейімдіп келеді. Қазіргі таңда электрондық микроскоппен 300 мың есе жақындатып қарасақ, олардың пішіндері таяқша сияқты, жіп тәрізді я болмаса іші қуыс цилиндр пішінді болып келетінін көруге болады. Вирустар қоршаған тірі орта бүлдіруге бейім. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.

batton

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar