Византия мәдениеті (4-15 ғғ.)

Шығыс Рим Империясының ерте христиандық өнер кезеңі V­VI ғасырларды қамтиды. Тарихқа Византия деп енген шығыс христиандық жерлерде кең тараған өнер, V­ші ғасырдан бастап эллиндік дәстүрді жалғастырушы. Ол кейінгі өнерде жалғасын тауып жаңа стильді қалыптастырды. Шығыс Римге Балкан түбегі, Эгей теңізіндегі құрылықтар, Сирия, Палестина, Қосөзеннің бір бөлігі, Армения, Мысыр, Кипр, Аравия районы, Кавказдағы Қырым жерлері кірді. Жалпы Византияның алғашқы даму кезеңіндегі жаңа бағыттың пайда болу себебін ­ перғам кодексі деп аталатын кітаптың пайда болуымен байланыстырады. Мысырдың патшасы Птоломей, Пергамда кітап көшірмелерінің көбейіп кетуі, Александрияның беделін түсіреді деп, пергамға папирус жіберуге тыйым салады. Сондықтан оларға өз жазба құралын ойлап табуға тура келеді – бұл пергамент кітапшасы болды. Пергамент қозы мен бұзаудың терісінен иленген жұмсақ тері. Ол бояуды өзіне өте жақсы сіңіріп алатындықтан, мәтінді бояу түрлерімен бай сәндеуге ыңғайлы болатын. Суретші кітапты безендіруге көбіне қызыл түсті көп пайдаланғандықтан – миниум (лат.), кітап иллюстрациясы миниатюра деп аталып кетті. Өнерде жаңа формалардың пайда болған түрінің бірі – сәулет өнері. Алғашқы кездегі сәулет төртбұрышты жобалы грек сәулет өнерін қайталау болатын. Бұл кездегі діни­ рәсімдерге арналған құрылыс ғимараттар, ертеректе салынғанына қарамастан сақталған. Алғашқы кездегі ең кең тараған құрылыс типтері – базилика. Оларға мысал ретінде, Вифлеемдегі Рождества, Римдегі Санта – Мария Маджор шіркеуін келтіруге болады. Дегенмен, V ғасырда орталық құрылыстар кең тарай бастайды, оның туылуына сириялық мектептің ықпалы болды. Бұл кезде діни рәсімдерді жүргізу қалыптасқан болатын, рәсім кезінде оны хормен орындалатын өлеңдермен қостайтын, өлең айтушыларды арнайы басқаларынан жоғарырақ орналастыру храмның орталық бөлігін айқындап тұрды, ал бұл болашақтағы амвонаның (восхожу) алғашқы образын бекітті. Бұндай белгі орталық күмбезді шіркеу түрінің қалыптасуына әсер етті. Және бұндай құрылыстардың пайда болуына Кіші Азия мәдениетінің әсері мол еді. Мысалы, Равеннадағы равенналық ханымға арналған мавзолей. Шіркеудегі жоралғы рәсімдер мавзолейдің ішкі интерьерін көркем сәндеуді де өз қолына алды. Христиандық дәстүрге байланысты,адам сүріп жатқан шын дүние мен келесі өмірдегі дүниені байланыстырып тұруы керек. Шіркеуде бейнелеу өнерінің көмегімен Құдай образын суреттеу маңызды еді. Бұл мақсаттарға жету мынадай әдіс­тәсілдерді жетілдірді, олар: симметрия принципі, жазық композиция, фигуралардың әртүрлі масштабтылығы және ежелгі египеттіктерден алған фигураларды фронтальды орналастыру 26 . Бейнелеуде асқақ және ирреальды Құдай образын сомдауға неғұрлым жақын келетін ­ мозаика ­ ерекше оптикалы әсер беретін, «керемет жалтылдаған кескіндеме» (мерцающая драгоценная живопись) тәсілін дамытты. Дөңес қисық сызықтың сфераның бетін мозаикамен қаптаған, Равенналық шеберлер, ақ түсті өрнектер мен фигуралар адамдарға алға қарай шығып тұрғандай көрінетінін байқады. Бұндай әсер тереңдігі жоқ алтын түсті фонды пайдалану арқылы күшейе түсті. Дөңес шығыңқы көрінетін фигура мен алтын түсті фон, қасиеттілердің бейнесін алға қарай шығып тұрғандай әсер беруі, құдайлар мен қасиеттілерді мінәжәт етушілермен бір кеңістікте теңестіргендей етіп жіберді. Сондай ақ, көздері бақырайа, қозғалыссыз қарап тұрған қасиеттілер бейнесі мінәжәт етуші адамдарға қатты әсер етті. Бұндай бейнелеу өнердегі бастау Равеннадағы сегіз қырлы храмда жалғасын табады. Юстиниан тұсындағы Византия өнері. Италияның соғыс – администрациясының орталығы болған, Равеннада – базиликалы, Канстантинопольде – күмбезді­кресті құрылыстар Византияның барлық территориясында салынып жатты. Юстиниан тұсында жаңа храм – күмбезді базиликалы құрылыс түрлері салына бастады. Мысалы, София храмы. Бұл үлкен шіркеу маңында бірнеше аңыздар пайда болды. Аңыз бойынша, Юстиниан бұл шіркеудің планын түсінде көрген дейді. Түсінде періштелер қиын инженерлік сұрақтарды түсіндіріп, тіпті шіркеуді тұрғызуға қаржыны қай жерден табудың жолын да айтып берген деседі. Храмды тұрғызуға ежелгі дүние өнерінің ескерткіштерінен ең әдемі материалдарды алдырған: мәрмәрдан жасалған бағаналардың бір бөлігі Афинадан алынған, жанындағы портиктерді әшекейлеп тұрған бағаналар сириялық қаладағы Баалбектің күн құдайына арналған ғибадатханасынан әкелінген, коринифтік стильде жасалған сегіз бағана Эфестегі Артемида храмынан алынған. Ғибадатхананың салтанатты ашылуына Юстиниан төрт атты арбасымен келеді. Ғибадатханаға кіре «құдайға шүкір, Саламон мен сені жеңдім» деп айқай салыпты. Юстиниан тұсында ғибадатхананы сәндеудегі өнердің бір түрі ­ икона болды. Тақтайға жазылған иконалардың шыға бастауды VI ғасырдағы осы кезеңмен байланысты. Иконаның ең алғышқысы, біздің э.д. IV ғасырларда Мысырда пайда болған фаюм портреттері деп саналады. Бұл уақыттарда мумиялар бұрынғы мәнін жоғалтады, олар тірі кезінде ағаш тақтайшаға энкаустика (воскке араласқан бояу) немесе темпера (жұмыртқаның сары уызымен) әдісімен салынған бейнелерді қайтыс болғаннан кейін адамның бетіне қойған, ондағысы өлген адамның жаны ұшып кетпестен өлі денеге қайта қонсын дегені еді. Бұндай түрлер Фаюм жерінен алғаш табылғандықтан ваюмдік деп аталып кеткен. Иконаны құдайдың бейнесі деп қарастыруға болмайды, оны құдай образы деп түсіну керек, сондықтан онда оның бет бейнесі емес келбет образы бейнеленді. Македония тұсында ғибадатхана типтері классикалық деңгейге дейін жетілді. Кресті­ күмбезді ғибадатхананың негізгі төртбұрышты планнан шығыңқы бөлігі – апсида деп аталды. ХІ–ХІІ ғасырларда ғибадатхананың кеңістігіне байланысты көптеген рәміздер туылды. Космостық рәміздер ғибадатхананы қабылдауда оны Әлемнің кішірейтілген моделі деп қарады, онда күмбездер аспанды білдірді, ал еденге жақын кеңістік жерді, алтарь ­ жұмақтың рәмізі болса, ал батыс жақ тозақты білдірді. Осыған орай росписьтер де орын алды. Византияны түріктер басып алғанға дейінгі кезді палеологовты ренессанс деп атайды. Бұл кезде діни шығармалармен бірге тарихи тақырыптар да жазыла бастайды. Адамдардың фигурасымен қатар табиғатты бейнелеу де басым бола түседі. Негізгі әдебиеттер 1. Банк А. В. Искусство Византии в собрании Государственного Эрмитажа / Ред. М.И. Артамонов. – Л.: Гос. эрмитаж, 1960. ­132 с. 2. Колпакова Г.С. Искусство Византии. Раний и средний периоды. – СПб.: Азбука­ классика, 2004, ­ 528 с.: илл. Тапсырмалар: 1. Фаюм портреттерінің жазылу техникасы мен технологиясына реферат жазу. 2. Византиялық құрылыс ерекшелігі. (ауызша талдау)

Читайте также:  Мемлекет туралы ілімнің өзге әлеуметтік ғылымдарға қатынасы

Оставить комментарий