XVI ғасырдың бірінші жарты жылдығы. Тоскан және Рим

XVI ғасырдың басында чинквеченто, ­ итальяндық өнердің шарықтап даму кезеңі және дүниежүзі өнерінің ең дамыған кезеңдерінің бірі. Бұл кезең Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль және Тициан, Корреджо және Джорджоне, солтүстікте – Дюрер, Хольбейн және басқа да өнердің майталман шеберлерінің шығармашылықтарымен байланысты. Перспектива заңдылықтары мен адам анатомиясынан ашылған ғылыми еңбектер, суретшілердің шығармашылық көкжиегін аша түсті. Енді олар кез келген тапсырыстарды орындауға дайын болды және олар қарапайым шеберлер ғана болып қалмады. Олар табиғаттың әмбебап заңдылықтарын зерттеудің нәтижесінде, өз ісінің нағыз шебері болып қабылданды. Әрине бұл кезде де суретшілер өз заманындағы қоғамға көңілдері тола қоймады. Бұл кезде де антикалық грекия кезеңдеріне ұқсас бүкіл бедел интеллектуалды еңбегі үшін поэттерге арналды, ал қол еңбегімен айналысатын суретшілерге ондай сәт келе қоймаған. Осыған жауап беретін кез жетті. Ол суретшілердің барлық жоғарғы өнерден жоғары дәрежеде алда болуын талап етті және қоршаған ортаны таңқалдыруға деген құштарлығы оянды. Сутершілер тек байлардың шеберханасында ғана емес, олар жалпы ерекше күшті дарынды екендіктерін дәлелдегісі келді. Әрине бұндай деңгейге жету оңайға түсе қойған жоқ. Дегенмен оларға сол заманның адамдарының өздері көмекке келді. Көптеген Итальян княздары өздерінің аулаларын өз атақтарына сай асқақтатып көрсеткісі келді. Таңқаларлық ғимараттар тұрғызу, мазар салдыру, фрескаларға тапсырыс беру, барлығына танымал шіркеулерге жаңа алтарь ұсыну ­бұнымен ол кезде бұ заман мен о замандағы өміріңе атақ жинап алуға болатын еді. Көптеген қалалар мен кейбір адамдарға жеке суретшілер қызмет көрсеткендіктен, олар өз дегендерін ұсынды. Брунеллески негізін қалаған, бағыт, ордерлерді дұрыс тұрғыза алуды талап етті. Итальяндық сәулетшілер бір­біріне бағынышты болған жоқ, оларды жеке сұлулық функциясы – пропорциялық, сыртқы объем және ішкі кеңістік рухтандырды. Оларды симметрия және реттілік қызықтырды. 1506 жылы папа Юлий II­нің шешімімен ежелгі қасиетті Петр базиликасын бұзып орнына жаңа құрылыс тұрғызуға бұйрық береді. Бұл жоспарды орындауға Донато Брамантеге (1444 ­ 1514) сенім білдіріледі. Брамантеге Темпъетто (кішкентай ғибадатхана) деп аталған бұл капелланы классикалық стильде көтерген ұстамды, монастырлық қабырғалармен қоршауды ұсынады. Капелла дөңгелек павильонды (ротонду); ол баспалдақты подиумға көтерілген және ол дориилік калонналармен айнала қоршалып, күмбезбен аяқталып тұр. Карниздің астындағы балюстрада ғимаратты өте жеңіл етіп тұр, ал калонналармен безендірілген ішкі жағының үйлесімділігі нағыз антикалық сәулет өнерінің үлгісімен тең келе алады. Тосканда дүниеге келген, Қайта Өркендеу дәуірінің ең атақты суретшілерінің бірі Леонардо да Винчи (1452­1519) атақты флоренциялық суретші Андреа дель Верроккьо (1435­1488) шеберханасында тәрбиеленді. Верроккьоның атты мүсіні оның Донотелло дәстүрін жалғастырушы екенін көрсетеді. Ол аттың анатомиясын терең зерттеген мүсінші Коллеонийдің бетінің бүкіл қатпарларына дейін дәл көрсертен. Осындай шығармаларды дүниеге әкелген, шеберханада, жас Леонардо көп нәрселерді үйренді. Ол темір соғу мен құюдың құпия сырларымен танысып, жалаңаш денелерден және маталардың қатпарларынан нобайлар салу әдістерін меңгеді. Ол өсімдіктер мен сирек кездесетін жануарлардың суреттерін салу, олардың перспективасын тұрғызуды және бояуды дайындаудың жолдары мен әдістерінің негіздерін үйренді. Сол кезде Верроккьо шеберханасы шын мәнісінде өте жоғары деңгейдегі кескіндеме мен мүсін өнері шеберханалардың бірі еді. Дегенмен, Ленардо тек жай ғана шәкірт болған жоқ, ол өте дарынды, қай кезде болмасын адамды өзінің дарындылығымен таңқалдыратын ерекше жан болды. Оның шығармашылық деңгейі Леонарданың жазба кітапшасындағы колжазбаларында көрінеді. Табиғаттың әрбір құбылысы оның қызығушылығын тудырды. Ол алғашқы болып ана құрсағында эмбрионның даму құпиясын зерттегендердің бірі. Адам денесінің құрылысын скальп арқылы зерттеген. Ол су толқынының заңдылықтарын зерттеп, құстар мен шыбын­ шіркейлердің ұшуын ұзақ бақылаған және оны талдап, болашақта іске асатынына толық сенімді болған, ұшақ аппаратының идеясына тоқталған. Леонардо әртүрлі эксперименттерді көп жасағандықтан, оның кескіндемеделік жұмыстарының көбісі сақталмаған. Оның соңына дейін жазып жеткізген, бірақ өте нашар сақталған, жұмысы – «Құпия жиын». Композиция Миландағы Санта Мария делле Грацие монастырының қабырғасында орындалған. Бұл картина евангельдік сюжеттің, леонардолық түсініктегі көрінісі. Ол жұмыс алдыңғылардан өте қатты ерекше. Бұл сюжеттің дәстүрлі құрылымы бойынша апостолдар бір қатарға, ал Иуда – басқалардан алшақ орналасқан. Композицияда әрқайсысы бір­бірімен тығыз байланысты, үш­үш персонаждан, он екі фигураны төрт топқа бөліп орналастырған. Леонардоның кіші замандасы Рафаэль Санти (1483­1520) өзіне дейінгі суретшілердің жетістіктерін синтездеді және ол жан­жағын пейзажбен, сәулеттік ғимараттармен қоршалған, үйлесімділікте дамыған, өзінің сұлулық идеалын ұсынды. Рафаэль Урбинада алғашқы сурет мектебінінің суретшісі, қарапайым кескіндемеші жанұясында дүниеге келді. Кейінірек ол Тиотеода және Перуджинодан дәріс алды, он жеті жасында шығармашылықтың жоғарғы жетістігіне жетеді. Оның ең ертеректегі шығармалары «Мадонна Констебль», (шамамен 1500­ші жылдар, Ленинград, Эрмитаж) лирикалық сезімталдығымен және нәзік руханилығымен басқалардан ерекшеленді. Бұл картинада Урбин пейжазының фонында бейнеленген жас ана образы бейнеленген. Кеңістікте фигураларды еркін орналастыра білу, оларды бір­бірімен және қоршаған ортамен байланыстыра алуы «Марияның некелесуі» (Обручение Марии, 1504, Милан, Брер галереясы) композициясында көрінеді. Пейзажды алыс, әрі терең етіп беру және сәулеттік ғимараттардың формаларының гармониялылығы, композицияның әрбір бөліктерінің біртұтастықта орындалуы Рафаэльдің Жоғарғы Қайта Өркендеу дәуірінің шебері ретінде қалыптасқанын көрсетеді. Флоренцияға келген Рафаэль флоренциялық суретшілердің мектебінің тәжірибелерін сіңіре бастайды. Оның шығармашылығында лирикалы, аналық махаббат мазмұны, оның негізгі тақырыптарының бірі болып қалды. Дегенмен, суретші оған ерекше мағына береді. Мысалы, «Көкке оранған Мадонна» (1504, Вена, Музей), «Мадонна жас баламен» (Флоренция, Уффицы) т.б. Шын мәнісінде олардың барлығы да бір тақытыптағы Мария, жас бала Христос пен Шоқындырушыны, Леонарданың ойлап тапқан, яғни ауыл пейзажының фонында орналасқан пирамидалы композициялы топ үнемі қайталанады. Табиғи қозғалыс, формалардың жұмсақ пластикасы, түсінікті және ашық пейзаж фоны, идеалды Мадонна сұлулығы бұл композициялардың поэтикалы образды құрылымын асқақтата түсті. 1508 жылы Юлий ІІ–нің шақыруымен Римге келген Рафаэль мұнда да шеберлігін шыңдай түседі. Рафаэльдің монументалистік және безендірушілік (декораторлық) дарындылғы «Диспут» пен «Афин мектебі» (Станца делла Сеньятур росписі) немесе қысқаша «Парнас» росписінде көрінеді. «Диспуттан» жұмысынан сол кезеңнің замандастарын кездестіруге болды – Данте, Фра Беато Анжеликолар. «Афин мектебі» композициясы, адамзатты биікке көтерген адам санасы және антикалық ғылым мен философия тақырыбында жазылған. Композиция орталығындағы фигура идеалистік пен материалистік философияның рухтандырушылары ­ Платон мен Арестотель. Рафаэльдің ертеректегі неғұрлым лирикалы мадонналарына қарағанда «Сикст Мадоннасының» образы мүлдем басқаша. Рафаэль өзінің досы Кастильонге жазған хатында, ол өзінің сұлу әйелді жазу үшін бірнеше сұлу әйелдерді көруім керек деген екен. Яғни, ол өз образдарын сол кездегі әйелдердің арасынан таңдап алатын болған екен деген ойды айтуға болады. Рафаэль көптеген картондарын бітірместен, отыз жеті жасында қайтыс болады. Жоғарғы Қайта өркендеу дәуірінің кульминациясы ғана емес, ренессансты аяқтаушы, яғни ренессанстың келесі титаны – Микеланджело Буонарроти (1475­1564). Суретші шығармашылығы жетпіс жылдайғы ұзақ тарихи қарбалас кезеңмен тұстас келді. Суретшінің адам мен өмір үшін күресң, адамның бостандық құқығын бекітті, ал, ол оның шығармашылығының негізгі мотивіне айналды. Атақты микеланджелолық terribilita ­«рухтың күші» ­ мүсінде, кескіндемеде, ең керемет образдарын дүниеге әкелді. Өзінің негізгі тақырыбы – материя мен рухтың күресін бейнелеу. Микеланджело бірінші рет мүсінші ретінде тарихта дене сұлулығы мен рухани идеяны біріктірді, оны «Давид» мүсінінінен көреміз. Өзінің алдындағы мүсіншілер Донотелло мен Верроккьодан айырмашылығы, Микеланджело Давидттің ерлік жасау алдындағы кезін сомдаған. Келесі күрделі жұмысы мавзолейге ұқсас ойластырған, папа Юлии ІІ­ нің табыты, оның жан­жағын жалпы саны қырыққа жетерліктей мәрмәр мүсіндермен және қола рельефтермен қоршаған. Бірақ, бұл жоба папа Юлии ІІ – ші қайтыс болғаннан кейін, оның мұрагерлерімен шартты қайта қарап жалғастырды. Мысалы Моисей мүсіні. Жоғарғы Қайта өркендеу дәуірін аяқтайтын шығарма ретінде, папа Климант өзінің ұрпақтарын мәңгі сақтап қалдырғысы келген, Флоренциялық Медичи капелласы болды. Қаладағы ең көне шіркеу, Сан­Лоренцо шіркеуінде бір­біріне қарама ­қарсы герцог Ждулиано мен Лоренцоны орналастырды. Алтарға қарама – қарсы тұсына Мадонна мен Медичи ұрпағы бейнеледі. Джулиано мен Лоренцо табытында Микеланджело бұрынғы қайтыс болған адамның портреті бейнеленген табыт дәстүрден алшақтады. Терең ойға шомылған, Джулиано мен Лоренцо Медичи мүсіндерін ништарға орналастырды. Ал олардың табыттарына тез зымырап өтіп жатқан уақыттың символы, аллегориялық мүсіндер – Лоренцо табытында «Таң», «Кеш», Джулиано табытында «Күндіз» бен «Түн» шығармалары қойылды. Келесі жұмысы Сикс капелласы қабырғасына жазылған кескіндеме. Күрделі ренессанстық бағдарлама бойынша жазылған роспись – оңтүстік пен солтүстік қабырғаға жазылған, Моисей мен Христостың жердегі өміріне арналды. Бірнеше бөліктерге бөлінген ғимараттың флофонындағы оның орталық композициясы дүниенің жаратылуы мен алғашқы адамның пайда болуы туралы библиялық тақырыптарға арналған: тұмақтан жарықтың бөлініп шығуы, жұлдыздар мен планеталардың жаратылысы, жердің судан бөлінуі, Адам ата мен Хауаның жаратылуы, алғашқы күнә және адамның жұмақтан қуылуы, кеменің құрылысы, дүниежүзілік су тасқыны, Нұх пайғабар т.б. тақырыптарда бейнеленді. Сикст капелласында адамды тағы бір таңқаларлықтай жайға түсіретіндей әсерлі жазылған роспись «Қорқынышты сот» (Страшный суд). Микеланджело, өз шығармашылығында діни тақырыптардағы адамзаттық трагедияны космостық масштабта көрсетті. Бұл тақырып әділеттің зұлымдықты жеңетіні жайында болғанымен, фреска дүниежүзілік апат образында қабылданады. Сикст капелласының флафоны Микеланджело шығармашылығындағы рухани және тән сұлулығын дәріптейтін, ең кереметерінің бірі болып қалды. Өмірінің соңына қарай Микеланджело сәулет өнеріне көп көңіл бөледі: Римдегі қасиетті Петр соборына күмбез ойластыру, Капитолий төбесіне арналған баспалдақ пен алаң, Флоренциядағы Лауренцияна кітапханасына арналған баспалдақтар және т.б. Микеланджелодан кейінгі келесі суретші шамамен 1477­1510 жылдар аралығында өмір сүрген Джорджоне кескіндемелерінің бояу түстерінің әрбір қабаттары мөлдір жазылып, терең лирикалы бола түсті. Суретші шығармашылығындағы ерекшелік ­ адам мен табиғат арасындағы байланыстың үйлесімділігі. Ол композицияларында өте нәзік әуенді ритмді таба білді. Картинада шырай да өте үлкен рөл ойнады. Суретші майлы бояудың мүмкіндіктерін жақсы пайдалана білді. Көптеген реңдер мен тондар оған жұмырлықтың, жарық пен түстердің және кеңістіктің біртұтастығын бере білуге көмектеседі. «Юдифь» жұмысы оған мысал бола алады. Джорджоне нағыз шығармашылық шарықтау кезінде өмірден қайтты. Ол өзінің ең әйгілі жұмысы «Ұйқыдағы Венера» атты картинасын аяқсыз қалдырғанымен оны Тициян аяқтайды. Венецияндық мектепті жалғастырушы Тициан, бақытты ұзақ жылдар өмір сүрді. Тициан шығармашылығы Леонардо да Винчи шығармашылығы сияқты екі ғасырға тән. Ол Жоғарғы Қайта өркендеу дәуірінің шарықтау шыңын білдіреді. Дегенмен суретшінің шығармашылығының соңғы кезеңі кейінгі Қайта Өркендеу кезеңіне жатады. Кадор жерінде дүниеге келген Тициан, бүкіл өмірін венецияда өткізді. Сонда – алғашқыда Беллиниден, содан кейін Джорджонеден оқып көркем өнерден білім алады. Суретші ретінде қалыптасып, атағы шыққан кездері, ол аз уақытқа Римге шақырумен барып тұрды. Дегенмен ол үйреншікті жағдайда, яғни өз үйінде жұмыс жасағанды ұнатты. Тицианның алғашқы жұмыстарында джорджоналық дәстүрге еліктеу сезіледі. Тицианның ең алғашқы жұмыстарының бірі ­«Періштелік және пенделік махаббат» (Любовь земная и небесная), бұл жұмыста сюжеттің құпиясын ашу емес, Джорджонеге ұқсас сезім мен көңіл күйді беру, ал бұл картинаның негізгі керемет жақтары еді. Пейзаждың жұмсақ және тыныш өңі, сан құбылған жалаңаш дене, әдемі киімдердің керемет бай түстері, фигураның грацияға толы қимыл­қозғалысы «джорджоналық тыныштыққа» толық бағыттайды. Оның екі образды мінезді бейнені кереғарлықта қойған жұмысы – «Төлем ақы» (Динарий кесеря). Шығармашылық шарықтауы жетілген кезінде Тицианның бірнеше алтарлы образдары, портреттері мен мифологиялық композициялары дүниеге келеді. Мысалы, «Марияны көкке көтеру» (1518, Венеция, Санта Мария деи Фрари шіркеуі). 1530­40 жылдары суретші шығармашылығында діни–мифологиялық тақырыптарда өмірден алынған ұлттық типтер пайда болады. «Храмға ену», «Урбиналық Венера» және т.б. Тицианның бүкіл шығармашылық өмірінде осы тақырыптар жаңашылдық тапқан және ол портрет жанрына да көп көңіл бөлген. Оның алғашқы жылдардағы «Жігіт потреті» картинасында образды бейнелеуден жеке адамды суреттеуге ауысады. Бұл нағыз Қайта өркендеу кезеңі адамының типтік образында бейнелеген портрет. Біртіндеп Тициан шығармашылығында адам мен оны қоршаған ортасы арасындағы керіс пайда болады. Мысалы, «Ипплито Риминальди портретін» айта аламыз. 1540­50 жылдар аралығында бай бояу түстер мен жарықты және көлеңкенің бірлігін меңгерген суретші шығармашылығының кескіндемелік жағы күшейе түседі. «Айна алдындағы Венера», «Даная» картиналары суретшінің осы кезеңіне жатады. Тицианның шығармашылығы және оның кейінгі замандастары Веронеза мен Тинторетто Қайта өркендеу дәуірін аяқтайды. Дегенмен, бұл дәуір мықты шеберлерді шығарғанымен, дәл осы Тициан шығармашылығы кейінгі буын суретшілердің, яғни XVII ғасырдың реалистік кескіндемесінің дамуына әсер етті.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЕСИЕЛЕР ЖАҒДАЙЫ

Оставить комментарий