XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясы

Революция қарсаңындағы Англия. XVII ғасырдың бірінші жартысында Батыс Еуропада феодализм тоқырауға ұшырады. Оның орнын жаңа қоғамдық жүйе — капитализм ауыстырды. Меншіктің жаңа капиталистік нысаны орнығып, Батыс Еуропада капиталистік қатынастар дами бастады. Англияда XV ғасырдың соңынан бастап шұға өндірісі қарқынды дамыды. Әлемдік нарық қалыптаса бастады.

Жаңа ақсүйектер жекеменшіктің жаңа — капиталистік түрін қолдады, жалдамалы жұмыс күші тиімдірек болғандықтан, мануфактураның иесі феодалдық тәуелділікті қажет етпеді. Кәсіпкерлер және жаңа ақсүйектер өз ақшаларын англикан шіркеуінің пайдасына жұмсағысы келмеді және пуритандарды көбірек қолдай бастады.

XVII ғасырдың басында пуритандарда пресвитериандар және индепенденттер бағыттары пайда болды. Ауқатты көпестер, қаржыгерлер, ірі жер иелері — джентрилер пресвитериандарға айналды.

Алайда Англиядағы капитализмнің дамуын ортағасырлық қатаң ережелер тежеді.

Революцияның себептері. XVII ғасырдың 30-жылдарының соңы мен 40-жылдарының бас кезінде Англияда революциялық жағдай қалыптасты. Заңсыз салықтар сауда мен өнеркәсіптің дамуын тежеді, халықтың жағдайының нашарлауына әкелді.

I Яков 1625 жылы қайтыс болып, сол жылы оның мұрагері I Карл таққа отырды. Ол әкесінің парламент құқығын мойындаудан бас тартқан шексіз билік туралы көзқарасын жалғастырды.

Парламент наразылық білдірушілердің талаптары көрсетілген құжат — «Құқық туралы петиция» қабылдады. I Карл парламентті таратып, он бір жыл бойы Англияда жеке-дара билігін жүргізді. Бірақ король парламенттің рұқсатынсыз жаңа салықтар енгізе алмады.

XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Англияның сыртқы саясатын революциялық ахуалдың қалыптасу факторы ретінде қарастыруға болады. I Якоб басқаруының бас кезінде біріккен провинциялармен бәсекелестік күшейді және Испаниямен жақындасу басталды. Бұл -көпестер мен кеме иелерінің наразылығын туындатты. Шотландияда I Карлдің жеке-дара билігіне қарсылық ретінде көтеріліс басталды. Осы оқиғаларға орай I Карл парламентті шақыруға мәжбүр болды. Ол корольға жаңа салықтарды жинауға рұқсат бермегені үшін таратылып, тарихқа Қысқа парламент деген атпен енді. 1640 жылы королъ Ұзақ парламент деп аталған жаңа парламент шақырды. Буржуазиялық-ақсүйектер оппозициясының бағдарламасы екі құжатта: «Тамырлар мен бұтақтар туралы петиция» мен «Ұлы ремонстрациядан» өз көрінісін тапты.

Читайте также:  КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДА ДІНГЕ ҚАРСЫ САЯСАТЫ

Англикан шіркеуі — Англияның мемлекеттік шіркеуі, протестанттық шіркеу-лердің бірі. Әдет-ғұрыптары жағынан католиктік шіркеуге жақын, бірақ оның басшысы Рим Папасы емес, ағылшын королі.

Парламентпен күрестің қиын болатын-дығын түсінген I Карл 1642 жылы қаңтарда солтүстікке кетіп, сол жылы тамызда парла-ментке соғыс жариялады. Елде корольдың парламентпен азамат соғысы басталды.

Азамат соғысы. Бүкіл Англия екіге: парламентті жақтаушыларға және фео-далдық-абсолюттік құрылысты жақтау-шыларға бөлінді. Парламент жағында қала қолөнершілері мен саудагерлер, ерікті шаруалар, джентрилер бой көтерді. Корольды ақсүйек тектілер, солтүстіктің феодалдары мен дворяндары, ауыл қол-өнершілері, дін иелері қолдады. Корольдық әскерді сәнді киімдер мен парик кигендері үшін «кавалерлер» («салт аттылар») деп, парламентті жақтаушыларды шаштарын дөңгелентіп алдырғандары үшін «домалақ бастылар»  деп  атады.  Экономикалық жағынан артта қалған солтүстік және батыс графтықтар король туының астына өтті. Экономикалық жағынан неғұрлым дамыған оңтүстік-шығыс парламентті қолдады.

Соғыс король әскерінің жеңістерімен басталды. Қауымдар палатасы парламент әскерін нығайту жөнінде бірқатар шаралар қабылдады. Осылайша ауқатты емес джентри, шаруалар, қолөнершілер, мануфактура жұмысшыларынан тұратын еріктілердің жаңа үлгідегі әскері пайда болды. Бұл әскерде офицер болу үшін адамның ақсүйектер тегінен шығуы талап етілмеді. Жаңа әскердің негізін қалаушы Хантингтоннан шыққан жер иесі, генерал-лейтенант атағын алған ақсүйек Оливер Кромвель еді. Нейзбиде роялистер жеңіліске ұшырады. I Карл солтүстікке қашып, шотландтықтарға тұтқынға түсті.

Елдегі билік әскердің қолына көшті. Король әскерін жеңу парламент актісімен бекітілді.

Левеллерлер мен республиканың орнауы. Революция халықтың демократиялық тобының үмітін ақтамады. Солшыл революциялық күштердің негізі орта шаруалар мен қала кедейлерінен тұратын әскер болды. Бұл әскерде ұсақ буржуазия арасында левеллерлер -теңестірушілер саяси партиясы қалыптасты. Левеллерлер көшбасшылары Дж. Лилъберн, У. Уолвин, Р. Овертон демократиялық заңдарды әзірлеуді, парламенттің халық алдындағы жауапкершілігін, парламентке бақылау орнатуды, лордтар палатасын жоюды талап етті.

Читайте также:  Түркі халықтарының этномәдениеті

Левеллерлердің бағдарламасы «Мыңдаған қала тұрғындарының ремонстрациясы» жарияланды.

1647 жылы ағылшын революциясы буржуазиялық-демократиялық жаңа кезеңге өтті. Парламенттің корольмен келіссөздері бүкіл ел бойынша демократиялық күштердің наразылығын туындатты. Бұл қозғалыс индепенденттік генералитетті (әсіресе Кромвель және Ферфаксты) парламенттегі пресвитериандық көпшілікпен байланысын үзіп, әскермен бірігуге мәжбүр етті. Әскер батыл әрекеттер жасады. Корольды Ньюпорттан Херст бекініс-түрмесіне ауыстырды. Полковник Прайд жасаған мемлекеттік төңкеріс әйгілі «прайдтік тазарту» болды. Парламенттен корольмен ымыраға келгісі келген депутаттар қуылды. Жоғарғы сот корольды соттау туралы шешім қабылдады. 1649 жылы мамырда Англия республика деп жарияланды.

Республика құрылғаннан кейін соғыс пен дағдарыстарға бай-ланысты халықтың жағдайы нашарлады. «Шынайы левеллерлер» немесе диггерлердің жаңа қозғалысы пайда болды. Халықтың кедей бөлігі мүлік теңдігі, жерді қоғамдастыру, халықты қанауды тоқтату сияқты талаптарды қойды. Диггерлер басшысы Джерард Уинстэнли болды.

Революцияның демократиялық күштерінің жеңілісі республикадағы таптық күрес ауқымын бәсеңдетті, оның бұқара халықтан алшақтануына алып келді.

Ағылшын республикасының алдында индепенденттік джентри және буржуазияның билігін нығайту міндеті тұрды. Ол Ирландия мен Шотландиядағы роялистік қауіп-қатерді жоюға тиіс болатын. «Теміржондылар» әскерін бастаған О.Кромвель Ирландияны жаулап алуға аттанды.

Кромвель әскері Шотландияға басып кіріп, ағылшын контрреволюциясын қолдайтын жер гілікті феодалдарды тас-талқан етті. Осы жеңістер нәтижесінде Англия Республикасын Испания, Швеция, Франция ресми түрде таныды.

О.Кромвель протектораты. Республиканың ішкі саяси ахуалы ауыр күйінде қалды. Елде жаңа Конституцияны бекітіп, заңна-малық реформаларды жүргізу қажет болды. Осы жағдайда Кромвель парламентті таратып, жаңа билік органы — Кіші немесе Бэрбондық парламентті тағайындады. Парламенттің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері билеуші топтың наразылығын тудырды. Кіші парламент өзін-өзі тарқатуға мәжбүр болды. Англияда «Басқару құралы» атты жаңа Конституция қабылданды. Кромвель Англияның, Шотландияның және Ирландияның өмірлік лорд-протекторы болып тағайындалды. Шын мәнінде, протекторат жүйесі Кромвельдің әскери диктатурасы еді. 1658 жылы Кромвель қайтыс болып, билік оның үлы Ричардқа көшті. Халық наразылығы қайта жанданды. Англияда реформалар жүргізуге дәрменсіз Екінші республика орнады.

Читайте также:  Уақытша үкімет және мұсылмандардың бүкілресейлік бірінші конгресі

Саяси режімнің тұрақсыздығы, халық толқуларының өсуі монархиялық билікті қалпына келтіруге итермеледі. Шіркеудің пресвитерлік құрылымы қалпына келтірілді.

Голландияның Бред қаласында эмиграцияда жүрген II Карл төңкеріске қатысушыларға рақымшылық жасау, дін еркіндігі мен жерді сату және тәркілеуді бекіту туралы декларация жариялады. Англияда қайтадан абсолюттік монархия режімі орнады.

Корольдың саясатына наразы оппозиция жетекшілері Нидерланды үкіметінің басшылығына ұсыныс жасап, III Вильгельм Оранскийдің Англияға оралып, «протестанттық еркіндікті» қалпына келтіруін сұрады.

«Даңқты революция» және конституциялық монархияның орнығуы. III Вилъгелъм Оранскийдің әскері Лондонды басып алды. Ол 1689 жылдың басында Англия королі болып жарияланды. Осылайша «Даңқты революция» деген атауға ие болған қантөгіссіз мемлекеттік төңкеріс болды.

Жаңа мемлекеттік жүйенің негізгі құжаты — «Құқықтар туралы билль» енгізілді. Англия парламенттік монархияға айналды. Король елді парламентпен бірігіп басқаратын болды. Корольдың парламенттің рұқсатынсыз заңдар шығаруға, салықтарды жинауға, әскер ұстауға, дін істеріне араласуға құқығы болмады. Құқық жөніндегі декларациясында халық корольды орнынан алуға өзгертуге құқықты болды. Сондай-ақ тақ мұрагерлігі тәртібін өзгерте алуға құқылы екендігі атап көрсетілді. Жалпы алғанда, 1688 жылғы төңкеріс жер иеленуші ақсүйектер мен ірі буржуазияның арасында бітімгершілік барын көрсетті.

Ағылшын революциясының тарихи маңызы. Ағылшын революциясы капитализмнің дамуына маңызды қадам жасады. Парламент арқылы жаңа капиталистік жүйенің дамуына үлес қосқан бірқатар заңдар қабылданды. Бұрынғы тектілік артықшылыққа тойтарыс беріліп, абсолютизм жойылды. Елде азаматтық қоғам қалыптаса бастады. Ағылшын революциясы жариялаған саяси талаптармен бірге буржуазиялық еркіндік, жаңа экономикалық тәртіп заманауи индустриялық өркениеттің іргетасын қалады. Ағылшын революциясының ерекшелігі жаңа ақсүйектер буржуазиямен одақтаса отырып монархияға, феодалдық ақсүйектерге және шіркеу үстемдігіне қарсы күресті.

XVII ғасырдағы ағылшын революциясы және пуританизм идеяларының таралуы дәстүрлі қоғам және шексіз монархияны жойды. Елде конституциялық парламенттік монархия орнады.

Оставить комментарий