XVIII ҒАСЫР МЕН XIX ҒАСЫРДЫҢ 60-ЖЖ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОРТА АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫМЕН ӨЗАРА САУДА ҚАТЫНАСЫ

Қазақстан мен Орта Азияның өзара экономикалық қатынастары тарихы терең- де жатыр, әсіресе, сауда байланыс-тары басты рөлде болды. Қазақ халқы мен өзбектер арасындағы сауда қатынастарын сол заманда әскери-қорғаныс бекіністері және әскери-барлау экспедицияларын жүргізген подполковник И. Бугольц пен майор И. Лихаревтың белгілеулерінде жазылған. Бастапқыда әскери-қорғаныс түрінде болған бекіністер мен форпостар уақыт өте келе Орта Азия халықтарымен сауда байланысын жүргізетін маңызды орталықтар атанды /1, 39-40/. Кең далада мекен еткен қазақ халқы Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда делдалдарына айналды. Аталған кезеңде Қазақстанның байтақ өлкесінде Орта Азия мен Ресей, кейде Қытай тауарлары өзара бәсекелестік тудырып отырды. Саудадан түскен пайданы орыс, татар, Орта Азия саудагерлері өзара бөлісетін болған. Даланың орталық өлкелеріне татар көпестері Ирбитск пен Нижегород жәрмеңкелерінен тауарлар әкеп сатты. Қытай өнімдері Шәушектен Семей арқылы өтіп тұрды. Ташкенттіктер, бұхаралықтар мен хиуалықтар қазақ даласын Орта Азия қолөнершілерінің бұйымдарымен қамтама- сыз етіп отырды /2, 198-199/. Қазақтар Бұхар хандығының сауда орталықтарына үнемі барып тұрды. Орта Азияда ірі мал базары саналатын Бұхара маңындағы Гиждуан қонысына Қазақстан- нан қой апарған. Қазақтар мен Бұхар хандығының сауда орталықтары Сырдария бойындағы қала- лар болды. Сырдария жағасындағы Ақ мешіт арқылы Бұхардан Петропавлға баратын керуендер өтіп тұрды. ХІХ ғасырдың ортасында Түркістан базарында 391 сауда орны болса, олардың 140 сауда орны керуен-сарайларда орналасты. Осындағы сауда жасаған көпестердің хабарлауы бойынша, олардың жылдық айналымы 316 мың сомды құраған. Қазақтар Түркістан базарынан нан, шөп, көкініс, балық сатып алатын. Ал негізгі сауда өнімі мал болды. Осы арадан тек 1863 жылы Бұхар хандығына Қазақтардан сатып алынған 240 мың сомның малы айдап әкетілді /3, 100-101/. Орта Азиялық керуен сауданы түкті қағаздан, маренадан, құрғақ жемістерден, мейізден, киш-міштен, өріктен, қиқварлық тұқымнан, мерлушнадан, жұмсақ терілер- ден, қағаз, жартылай жібек тауарлардан, халаттардан т.б. тұрды. Орта Азияға мыс пен темірден жасалған бұйымдар, ыдыс пен сандықтар шығарылды. Түкті қағазды шығару басқаларынан басым болған. Оның нәтижесінде бұхарлық, хивалық, ташкент- тік көпестері тез байи түсті /4, 59/. Қазақтар мен Бұхара хандығының тұрғындары арасында сауда-саттық қала- лар және базары бар елді-мекендерде, сауда нүктелері бар ауылдарда жүзеге асты. Ауылдардағы сауда көпес пен саудагерлер арқылы түрінде және кейде ғана ақшаға жүргізілді. Саудагерлер қазақ ауылдарға қолөнер бұйымдарын малға айырбастады. Әсіресе қазақи тұқымды қойлар Орта Азия базарларында өзінің еттері, жүндері мен терілерімен ерекше назар аударды. Олардың сұранысы басқа малдың сұранысына қарағанда жоғары болды. Тауарлар дала аймақтарға шығарыл- ғанда, сауда жұмысы несие түрінде жүргізілді. Қарызға алушылар тауар құнын ақшамен де, малмен де қайтарды. Айырбас қырыздық үрдісінде өтеу бірлігі ретінде марқа не қозы алынды. Қарыздарын несие берушілер күзде жинады. Осындай айырбастан саудагерлер көп пайда тапқан /5, 100-101/. Ресейден Семей облысының керуен жолдары арқылы Қоқан мен Бұхарадан қант, бал, темір бұйымдары, жартылай бархат және жеңіл жібек мата тауарлары, ал ол жақтан мақта қағаздарын, қатты мақта қағаздарының бұйымдарын, тігілген халаттар, жартылай жібек және жібек маталар, кілемдер, шәлілер және орамалдар болатын. Кең көлемде далаға кепкен жидектер, мейіз, өрік, қара өрік т.б. әкелінген. ХІХ ғ. 20-жылы Сібірге жіберілген польшалық революционер-демократ А. Янушкевич Семей қаласының сауда маңыздылығын былай деп жазған: Семей — үлкен (кең) сауда-саттық орталығы, осыдан Сібір сауданы Қытаймен, Ташкент, Қоқан, Бұхарамен, сонымен қатар үлкен және орта қазақ ордалары 7000 тұрғын, көбінесе татар, ташкенттіктер және бұхаралықтар /6, 204/. Орта және үлкен орда қазақтарымен орыс тұрғындарынан бөлек, Семей облысында қазақ саудагерлері, Троицк және Петропавл татарлары, сонымен қатар Орта Азияның адамдары, дәлірек қоқандықтар болған. Оларды «ташкент- тіктер» деп атаған, өйткені Ташкент қаласы Қоқан иелігінде болған. Қазақстанның керуен жолдарының рөлі маңызды болғандықтан Орта Азия мен Шығыс Түркістанмен сауда-саттық та үлкен рөл атқарған. Петропавл қамалының да маңызы зор болған, онда ташкенттік, бұхаралық, қоқандық, қашғарлық саудагерлердің, ресейлік саудагерлермен мыс, Сібір және Мәскеумен сауда жүркізген. Мысалы, 1784 жылы 9-15 тамыз аралығында Қамалға 160 қазақ, 126 ташкенттік саудагерлер келген. 1793-1794 жж. аралығында Петропавлск қамалы арқылы шекарадан Орта Азия мен Шығыс Түркістанға тауарлар мынадай сомаға шыққан: 63503 руб. Ал одан 105618 руб. пайда тапқан, оның 4250 руб. салыққа (пошлина) алынған /7, 41/. Қазақтардың Бұхара хандығымен сауда саласында маңызды болған қала — Ташкент. Орта Азиямен қазақ даласының шекарасында орналасқан аталған қала үлкен сауда орталығы болды, онда тауар тек қазақ даласы мен хандықтарынан жүргізілген жоқ, сонымен қатар Қытай, Индия, Иран елдерімен де жүргізілген. Ташкент арқылы ыңғайлы Орта Азиядан Россияға, Сібірге, Қытайға керуен жолдары өткен. ХІХ ғ. Орталық Ташкент базары 4548 орындық, 16 керуен- сарайлары, бірнеше аулалар (двор) болған /8, 100/. Бұхар мен Қоқан хандықтарының аржағына және батыс Қытай қалаларына біздің көпестер жеткен жоқ, бірақ бір жағынан Кабул, Әші жағынан Қашғар олар үшін ашық болған еді. Оның басты себептері: 1) Бұхараның жүк сақтау нүктесіне айналуы. 2) географиялық орналасуы 3) христиан копестерінен мұсылман билеушілерінің алғанн үлкен көлемді алым-салықтары. Қоқанд, Бұхара мен Ташкент сауда жүргізетін бас нүктесі Бухтарма кедені болып табылады. ХІХ ғасырдың 20 жылдары Бухтарма Сібір кедендік аймағының басқа да сауда орталықтарынан бөлініп шықты. Бұрын да, кейін де дәл сол кездегідей «гүлдену» кезеңі болған жоқ. Орта Азиялық көпестері қызу сауда жүргізді. Ташкенттіктер алаша секілді түрлі бұйымдар әкелді. 1828 жылы осы тауарлардың сомасы 1677 руб. жетті, қазынаға салық ретінде 91 руб. түсті. Одан басқа, Орта Азиялық көпестері Бухтурма кеденіне 1 сортты кашмир орамалы (жаулықтарды) — 4000 руб. бағасымен (салыққа-1000 руб.), 2 сортты — 4800 руб. (салық 1200 руб.), 3 сортты 10800 руб. (салық -2700 руб.) /9, 92/. Ташкент, бұхарлық және т.б. Орта Азиялық көпестердің Қазақстанның шекаралық аймақтарда керуендік саудаға кірісуі, осы жердің этно-демографиялық процестеріне жақсы әсерін тигізді. Сауда қатынастарының кеңеюі процесінде Қоқанд, Ташкент және т.б. қалалардың тұрғындарының маңыздылығы жоғарыла- ды. Х. Зияв зерттеушісінің көрсетуінше, XVIII ғ. соңында Өскенмен, Семей, Петропавл және басқа да тұрақтарда 1000 астам бұхарлық және ташкенттіктер тұрған. Қазақстанның сауда орталықта- рындағы тұрған өзбектердің арасында Ресей қол астына кіргендер де болған, олар қазақ даласын аралап Ресейге әртүрлі адал қызмет еткен /10, 41/. Орта Азиялық саударгерлердің арасында көптеген бұхарлықтар мұрағат құжатттарында өскемендік және бухтурма- лық мещандар деп аталатын, олар да Ресейдің қол астында тұрған. 1828 жылы қаңтар мен ақпан айларында Бухтурмаға 11 керуен келген, оның ішінде 3 өскемендік мещандар. 1857 жылы Өскемен, Семей, Петропавлда 562 ер адам Ресейдің қол астында тіркелмеген және сауданы негізгі шаруашылық ретінде сайлаған азаматтар тұрған. Үкімет Орта Азиялық хандық- тарымен сауда-экономикалық байланыста- рын кеңейту мақсатымен Шығыс Қазақ- станның қалалары мен ауылдарына бұхар, ташкент саударгерлерінен қоныс аударуын қолдады (өз тауарларын әкелу үшін) /11, 92-99/. Қазақстан мен Орта Азияның халықтарының өзара байланысы сыртқы саяси қатынастарынан да, өзара айырбас сауда да көрініс тапты. Сауда тарихы, сауда жолдары, экспедициялар туралы қызық мәліметтер Қазақстанның Шығыс пен Батыстың арасындағы байланыстырушы көпір екенін дәлелдейді. XVIII-XIX ғғ. Қазақстанның Орта Азия хандықтары және басқа да елдермен саяси әрі сауда байланыстары байланыстары кеңейтілді. Сауда теңіз жолымен Каспий теңізі арқылы Астрахань, Маңғышлақ, құрылық бағытымен Каспийдін солтүстік жағалауы арқылы Бұхара, Хивамен іске асты…

Читайте также:  Блогқұрылтай немесе Таразда қап кеткен күрек

Оставить комментарий