XVIII ғасырдағы қазақ тарихы туралы

Қазыбек бек Тауасарұлының бұл өмірнамалық еңбегінде XIII ғасырдағы қазақ қоғамында қалыптасқан саяси әлеуметке хал­ахуал және оны шешу жолындағы билердің оның ішінде қазақтың белгі Төле мен Қазыбектің ел бірлігімен тәуелсіздігінің және оны баянды ету жолындағы қажырлы еңбектері және әр түрлі даушыларға тоқтам айтқан билік­шешімдері баяндалған. Астанасын Асыға орнатқан Тәуке өзіне ғақылшы етіп Арыстың Ақ тұқымы Төлеш, Арыстың Жан тұқымы Қазыбекті, Арыстың Бек тұқымы Айтықты алған. Айтық алғашқы екеуінен кіші болған. Ол Төледен төрт, Қазыбектен екі жасы кіші болатын. Бірақ аз жасап, 56 жасында дүниеден өтті. Бұлармен катар Әз Тәуке Қырғыздың Қоқым (Кесем деп те атайды) биін, Қарақалпақтан Сасық биін, қатағанда Жайма биін қолына ұстады. Әз Тәуке өзінің білікті ғұмырында үнемі осыларға арқа сүйеді. Ол батырды да, султанды да, шынжыр балақ, шұбар тес малдыларды да шеткері қалыс қалдырды. Тәуке кезінде атақты заң «Жеті жарғыны» да осылар жасады. Тәуке — хандар ішінде ғақылы асқан, сол ғақылдығымен үш билік қатар ұстап, олардың көңіліне қонған сөздерін іc жүзiнe асырып отырған адам. Билер де өз тарапынан оның әкімдігің мойындап, басқа бура тартқандарды ауыздықтап отырған. Ал осы шақта төріндегі Бұқар хандығы iштей бұлқынып, өзгелері кішкене шаһарлары хан сайлап алып жатқан. Ал казак ханы алым­салық алып тұрған да, шаһарлардың ішкі iciнe кеп араласпаған. Бұл жерде де казак өзіне тән бас алқалылығын көрсетіп отырған. Өйткені олар «өткір қырғыш қазан түбіне төсетінін» бiлгeн. …Осыны білген казактар 1104 жылқы жылы Асының түстік шығысында кейін Ордабасы аталып кеткен жерде кеңес құрды. Бұған Үш жүздің игі жақсыларының бәpi жиналды. Бұған себепші болған үш басты жыландай үш жаққа қараған хандар да емес, сол кездері ұлық хан саналатын Болат та емес, қазақтың үш данышпаны Үйсін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, кіші жүз Әйтеке би еді. Бұл билерді заманында­ақ осылай атаған. Төлеге қосып, Қазыбекке ұруын қоспай қаз дауысты деген сөзін қосып айтатын, ал Айтықты Әлімнен шыққан немесе Төртқара демей,кіші жүз Әйтеке дейтін. Міне, осы үш би Ордабасыға жиналмай тұрып­ақ өздері келкін нарау тапқан. Сөйтіп, жиынды Болат ханға ашқызды. Сезіне, ісіне қарағанда, Болат хан ел басқаруға лайықсыз, бодалақтап бос ескен арқандай кісі екен. Жиынды ол бастағанымен, сез де, байлам да, бар те қазақтың үш биігінде болды. Үлкен кеңестің аяғы Әбiлқaйыpды үш жүздің қолына қолбасшы етіп сайлады, бірақ оны қазақтың ханы деп жарияламады. Әйтекені оның хан сайлануына Әйтеке қарсы болды. Жалпы, Әйтеке төреден болатын хандарға қаны қас еді. Онысы дұрыс та болатын. Олардың ойлайтыны халықтан бұрын өз қамы еді. Тағы бір әбестігі қалмақтан қатын алуға құмарды. Мұны билер бөлек калып аталы сөз айтқанда да Әйтеке ашық кетті. Теле мен Қазыбек мәмілелеу, бірақ олар да бетін танытып еді. Оған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс та, Орта жүз ханы Семеке де бәрібір келісім бермес еді. Keлiciм ұрысты аяқтап, казак даласы қалмақтан тазарғанда, бүкіл қазаққа белгілі батырды хан болып кeлicтi. Ақ көзге оралмағандықтан, Әбілқайыр қолбасшыға арналған боз арғымаққа көңілсіз еді Сонда да бұған оның туған ағасы саналатын Жолбарыс та, өзін нағыз төремін деп есептейтін Семеке де қызғана қарап тұрды. Қашан да сөздің айту керек, егер хандардан бip қолбасшы сайлануы керек болса, онда Әбілқайырдың қолбасшыға лайық екені әмбеге аян болатын. Өйткені Асыны отыз улысымен қайтарып алудағы, Еділдегі қалмақтар шабуылынан казакты қорғаудағы, Tүpiкпeндepдiң шабуылына тойтарыс берудегі оның epлiгi ұшан­теңіз. Әбілқайырдың жауынгерлік жанында аталған екі хан да есе алмайтын. Әбілқайыр тым өзiмшiлдiгi болмаса, ерлігі қазақ қатты бағалайтын. Әбілқайырдың Төле аға мен Қазыбек аға айта беретін бip ерекше жаман мінезі ете болатын. Арада үш күн еткенде, Қазыбек аға Шу бойына жетті. Ол мың қолмен келді. «Ұлытаудағы соғыс жүріп жатыр. Бірақ сендердің жағдайын киын». Қалмақтың қалған қырық мың қолының 25 мыңы Хан тауда. Қазыбектің келгені және Бөгембайдың қолының тегіс осында қалуы Төле ағаның да, Жолбарыстың да инабатын арттырды. Төле аға тіпті қуанышын жасыра алмай: «Жаралысын жауға жалғыз қалдырмаған жолбарысым, келдің бе!?» — деп көрісті Қазыбек ағаға. Ол да жақсы сөзін айтып: «25 мыңға қарсы шапқалы қасқиып отырсың ба, арыстаным?!» — деп, eкеуі төс, Өтеген ecіме түсіп, менің көзімнен жас шығып кетті.

Читайте также:  Мәдени динамика және бастауларды іздеу

Егер адам баласында достық деген бар болса, соның ен биік ғарышы қазақтың осы екі арысының, екі данасының достығы, татулығы шығар. Мен осы жерде бұл екі дананың бірін­бірі қалай бағалайтынына таңданып та, сүйсініп те қалдым. Шіркін, осы ек дананың татулығы, біріне­бірінің қалтқысыз, менің келешек ұрпағымызға қонса!» — деп армандадым. …Ол жаңағы сөзді біліп келген соң Бөгембай екеуміз қош айтыстық. Мен Қазыбек ағаға барып қоштасым. Ол: «Адас, бірдеме жазар болсаң бізді де ұмытпассың», — деп, меш құшақтап көрісті. Кетерде Теле аға мен Қазыбек екеуінің ажырасуы киын болды. Екеуінің өткен­кеткенді айтқан әңгімесі атқа мінгендеріне таусылмады. Бұл екі шалдың достығына, бірін­бірінен берілгендігіне мен әрқашан­ақ тәнті болатынмын. Теле елді дегенде, Қазыбек би: «Теле елді дегеніне дүниедегі елді десеңші….Ал Төле сияқты ғақыл иесін жөні бөлек. Ондай адамдардың ғұмырын шола кету қашанда артық болмақ емес… …Қаршыда icтің барлығын Төле би шешеді соңғы сөзді сол айтады. Жолбарыс оның сөзін екі етпейді Бұл — үлкен ойдың, салмақты ойдың иесі. Төле би қара қылды қақ жаратын адам деп есептеледі. Ол билік айтса, оны басқаларға құптағаннан басқа ештеме қалмайды… …Қазасынан жеп жыл бұрын Жолбарыс хан Қаражақты жайлады. Бұл Қымбастың бip әдемі жері болатын. Бұл жерге қоныс сұрап алып Қаз дауысты Қазыбек би Асыдан кейінгі келіп, екі ай жайлап отырды. Сол жайлаудағы жаздың жақсы күндерінде мен отырған алты канат үйге Төле аға мен Қазыбек аға екеуі бірге келді. Олар бұрын­соңды маған булай келмейтін. Екеуі екі орданың бipi Ұлы жүздің, бipi Орта жүздің тебе билері болатын. Сондықтан мен керек болсам, шақыратын немесе кызмет жағдайыммен ханның оң тізесінде отырған Теле биге өзім кіретінмін. Мен таңданғандығымды жасыра алмадым. Дастарқан жайылып, қымыз құйыла бастағанда, Теле аға өзінің атқосшысы шақырып алды да: «Өзің үйден жиырма бес кадам жерде бол, үй маңына ешкімді жолатпа, көгалға жатып ұйықтап қалып жүрме!» — деді. Мен таңданып отырдым. «Қымызды өзің күй, Қазыбек», — деді Төле би. Ол үнемі менің атымды осылай толық айтатын, ағалығын білдірген. Сонан соң Қазыбек ағаға иегін қақты. Қазыбек аға сәл тамағын кенеп сез бастады, әдеттегідей жайымен, баптап сөйлей жөнелді — Адас, бұл мына Текем екеуміздің өлсек, сүйегімізбен кететін. Tipi жүрсек, тілімізден шығармаймыз деген сырымыз еді. Текем екеуміз де жетпіске келіп жер түстей бастаған шағымыз, елін кетсек, игіміз де кетпесін, балалардың обалына қалмайық деп шынымызды ақтармақ болдың. — Менің таңдағанымды көріп, Қазыбек аға ықыластана сөйледі — Сен таңданба. Бірақ сен таңданатын сөз айтқалы отырмыз, — деп, ол сөзге Төле бидің қатысы бар екенін де білдірді. «Айтқалы отырмын», — демеді — Сенің елі бала кезіңде, Төле ағаң екеуміз ең алғаш осы бүгін өзің бірге жайлап отырған Қаржықта кездестің. Төле ағаң ол көбіне Жетісудың шығысында Арқастың бауырындағы Алакөлде туратын да, ара­тұра екі­үш жылда бip келіп, осы Шымбасты бір­екі жыл қыстап, жайлап кететін. ­ Ал сен өзің де білесің, — деп, Төле аға бip ауыз сөз қосты. — Қазақ — бейбіт жұрт. Ол жанжалыңды, бұзықтығыңды ұнатпайды. Өзі тәртіп те бұзбайды. Барын аузыңа тосып, көрпесін жұмсағын төсеп, жылысын жауып бәйек болады. Өзі інісіне де, саған беріп береді. Баласының аузынан жырып береді Ал осыны біздің хандарымыз бағаламай, кит етсе елім жазасын ала жүгіреді — Төле аға айта бер дегендей, Қазыбек ағаға қайта иегін қақты. Қазыбек аға қайта сөзін жалғап кетті: ­ Төле ағаң айтқандай, біздің халқымыз — бейбіт жұрт. Ал сол жұртты адам да бейбітшілікпен жақтайтын, қан төгуге бармайтын, елдің тентектерін қан шығарумен тыямын дейтін адам болмауы керек. Ал біздің хандарымыздың барлығы бұрын қан жалаған тұқымнан болғандықтан, хан дегенін қан деп ұғады. Оған солай қан тұрғысынан қарайды. Міне осыны ойлай көлін, Текең екеуміз ханды өзіміз тәрбиелемек болдық, өзімізден тәрбиелемек болдың. Сөйтіп, екеуміз екі хан таппақпыз. Жарайды, біз хан табармыз, оны ғақылы, парасаты сай екен деп біздің жұртымыз қабылдай қоя ма, міне, алдымен осыны ойластырдың. Өйткені осыған дейін хандыққа төре тұқымы деп мұңғылдан, не Шыңғыс тұқымынан хан іздеп келген қазақ Төле мен Қазыбек айтты екен деп, оны іштей қойса жақсы icтемей, арадағы ел тілдеп ұя бұзғыш, жұртқа іріткі салса, біз далада қалуымыз мүмкін еді Сондықтан мұны о басынан ойлап, ыңғайын біраз келтіре алмай жүрдік. Ақыры ойласаң не таппайсың, екеуміз мұның шешімін таптық. Екі жерде екі тере баласыз болды. Алдымен Абдолла төренің баласы болмады. Соған бip лайықты жақсы тұқымнан бала іздестірдің. Мен оны таптым. Арғын Қуандық ішінде Темеш деген руда Нұрғожа деген би болды. Соның Қарымсақ деген баласының әйелі бip ұл туды да, босана салып дүниеден кайтты.

Читайте также:  Жетпектегі қиналудың мәні

Оставить комментарий