Ұйғырлар адамзат өркениетіне өзіндік үлес қосқан ежелгі түрік тектес халықтың бірі болғандықтан оның әдебиеті мен мәдениеті де біртұтас түріктік ауқымда қарастырылуға лайық. Бірақ, күні бүгінге дейін тұрік халықтарының басынан өткерген қилы тағдыр мұндай аса маңызды тақырыпты кең ауқымда, ұлттықмемлекеттік, тұтас түріктік мүдделер тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік бермегені жұртшылыққа белгілі. Тәуелсіздік тұғырына нық орныға бастаған түрік текті халықтар, соның ішінде қазақ халқы төрт құбыласын түгендеп, өткеніне көз жіберіп, туысқандық пен тектестіктің тарихи қайнар көздерін ашуға , руханимәдени тұтастыққа көз жеткізуге талаптана бастады. Осы бір игілікті бастамаға халқадырымызша үлес қосу мақсатымен күні бүгінге дейін жүйелі зерттеу объектісіне айналмаған «Шығыс Түркістан халықтарының ұлтазаттық дәуірі әдебиеті» тарихын қарастырудың зәрулігін сезініп қолға қалам алдық. Бұл айтылғандар тақырыптың өзектілігінің бір көрінісі ғана. Ең бастысы – Манжұр — Қытай империясының отарына айналған 1679 жылдан бергі үш ғасырдай уақытта Шығыс Түркістанды мекендеуші ұйғыр, қазақ, қырғыз халықтарының ұлтазаттық күресі, сол қанды күрестер тарихының қанды шежіресін жасаған ұлтазаттық дәуірі әдебиеті тарихы бүгінге дейін ұлттықтүріктікмемлекеттік мүдде тұрғысынан жазылмағандығы деуге болады. Осы уақытқа дейін тарихшылар Шыңжаң өлкесі деп аталған Шығыс Түркістан тарихы жөнінде Қытайдың, Ресейдің, Кеңес Одағы мен ҚХРдың аса шиеленісті геосаясаты мүдделері тұрғысынан көптеген еңбектер жазып, жарияласа да, бұл жердің ежелгі иесі болған түрік халықтары әдебиеті мен мәдениеті тарихына онша қызығушылық таныта қоймаған екен. Оның себебін тарихшы прфессор Нұржамал Алдабек былай түсіндірді: «Екі елдің арасындағы қалыптасқан тарихи процестерді шындықтан алшақ, саясат пен идеологиялық тұрғыдан баяндау, сыңаржақ пікірлермен сараптау орын алды. Сондай құпиясымен ашылмаған сырлары көп, зерттеушілердің назарын ерекше аударып келе жатқан маңызды мәселелердің бірі – осы мемлекеттердің Шыңжаңдағы саясаты болып табылады» [1] Біз қарастырып отырған дәуір әдебиетінің өткені мен бүгіні туралы сөз боларда Азиядағы осы екі алпауыт империялардың ішкісыртқы саясатының оңтеріс ықпаләсерлерінің мәнжайына тоқтала кетудің қажеттілігі өзіненөзі туындайды. Ұйғыр әдебиеті тарихы жөнінде шыңжаңдық ұйғыр ғалымдары мен зерттеушілері соңғы ширек ғасырға жуық уақыт ішінде көптеген еңбектер жазып, томтом кітаптар, оқулықтар, оқу құралдарын басып шығарғанын айрықша құрметпен атап айтқымыз келеді.
Дегенмен бұл салада ашылмаған ақтаңдақтар мен идеялықсаяси шектемелер шегінен аттап кете алмай бір жақтылы саясиланған талдаулар мен қорытындылар жасалғанын да жасырып қалуға болмайды. Коммунистік тоталитарлық өктемдіктен кеше ғана құтылған біздер ондай әттегенеайларға түсіністікпен қарауға тиіспіз. Ұйғыр әдебиетіндегі ұлттық сана мен ұлттық идеологияның пайда болу, қалыптасу тарихы тым арыдан, ежелгі хұнкөк түріктер дәуірінен бастау алады. Оның исламға дейінгі дәуірінде қалыптасқан мәдениеті мен әдебиеті исламды одан ертерек қабылдаған басқа түрік халықтарынан едәуір өзгеше сипатта дамығанын ескеру керек. Өйткені, 840жылы Орхон Ұйғыр қағанатын Енесай қырғыздары талқандағаннан кейін елдігінен айрылған ұйғырлар үш бағытпен ауа көшіп бас сауғалап кетті де негізгі бөлегі Құмыл, Тұрпан, Бесбалыққа шашырай қоныстанады. 864жылы Тұрпан Идихұттығы – Тұрпан хандығы құрылып, манихейдік пен буддистік мемлекеттік дін болып жарияланғаннан былай қарай ұйғырлар басқа бауырлас тұрік халықтарынан мүлдем оқшауланып кетті. 1369жылы Тұғылық темір ұрпақтары Тұрпан идихұттығын өздеріне қаратқаннан былай қарай, әсіресе ЖаркентСайидия хандығы (15141678) тұсында ұйғыр халқы рухани, мәдени діндік тұтастыққа қол жеткізіп, мұсылман – түрік мәдениетімен қауышты. Сөйтіп манихейбуддалық оқшаулану аяқталып, ислам өркениеті аясында ұлттықмемлекеттік бірегейлікке бет алған жаңа дәуір басталды. Бірақ ХҮІІ ғасырдың соңында Жоңғар хандығының әскери күшімен таққа отырған Абақ қожа (Аппақ қожа) билігі тұсында ұйғыр халқы діні де, тілі де, салты да жат жоңғар қалмақтарының жартылай отарына айналып, дамудың орнына кері кетіп, бүкіл алты шаһарды отарлық бұғауға түсудің алғы шарттарын дайындап берді. 1757 жылы МанжұрҚытай империясы Жоңғар хандығын жойып, миллион қалмақты қырып салысымен (қытай тарихшылары тілімен айтқанда жоңғарларды тыныштандырғаннан кейін) 1759жылы жоңғарлар иелігіндегі аумақты да өзіне қаратуға құқылымын деп санаған Чиян Лұң патша зор қосынын Алтышаһарды басып алуға аттандырды. Көп өтпей сол жылы бүкіл Шығыс Түркістан жері тұтастай Ман Чиң патшалығы отарына айналды. Шығыс Түркістанның Отарлық қамытын кию мерзімін тек Ман Чиң патшалығының 1759жылы Алты шаһарды жаулап алғанынан емес, Жоңғар хандығының абақ қожаны алдына салып Алты шаһарды басып алған 1678жылдан бастау керек деген тезисті алға тартқымыз келеді.
Шығыс Түркістан халқының ұлтазаттық күресі сол жоңғар қалмақтарының шапқыншылық соғыстарына қарсыласу қозғалысынан басталатындығын баса айтамыз. Біз өз тарапымыздан әзірге дейін ұйғыр әдебиеті тарихын дәуірлеуде қалыптасқан қытайлық қалыптаулардан басқаша бағыт ұстанып, Қытайды сол қатарда Шығыс Түркістанды билеген әулеттік шежіреге сүйенген дәуірлеудің тарихи шындыққа жанаса бермейтінін дәлелдегіміз келеді. Өйткені, соңғы үш ғасыр шамасында қытай халқы қандай саяси, ұлттық, партиялық ұрандарды көтеріп, қандай әрекет жасағанына қарамай ұйғыр халқы үш ғасыр бойы бір ғана ұлттық идеяның, яғни тек азаттық күресі ұранын көтеріп, жүздеген рет отаршылдыққа қарсы ғазауат майданына аттанған болатын. Сондықтан бұл дәуірдегі ұйғыр әдебиетін «Ұлтазаттық дәуірі әдебиеті» ретінде қарастыра отырып, саяси билік пен әскери әрекеттердің өзгерісіне қарай жекежеке кезеңдер бойынша талдау жасау керек деп қараймыз. Сондықтан осы дәуірде пайда болып, ұйғыр халқын әділеттік пен теңдікке, бостандық пен ұлттық азаттыққа үндеп, халқының жігеріне жігер қосқан ұйғыр әдебиетін тудырған геосаяси жағдайға да арнайы тоқталып өтуге тура келеді. Әсіресе, 300 жыл бойы Орталық Азия мен Ұйғырстанды жеке дара билеуге ұмтылған Қытай, Ресей патшалықтары мен кәнігі отаршыл Англия империялистері арасындағы геосаяси, әскери, экономикалық мүдде қақтығыстары барысында пайда болған дүрбелеңдер ұйғыр халқын ауыр зардаптарға ұрындырды. Осындай алмағайып заманда дүниеге келген әдеби шығармалары мен музыкалық әуендердің өте мұңды, қайғылы болатынын Ш.Ш.Уәлиханов та [2] арнайы атап көрсеткен болатын. Зерттеушілердің назарында боларлық өзекті мәселенің бірі тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар жөнінде күні бүгінге дейін Қытай және басқа да шетелдік жиһангез тарихшылары жазып қалдырған біржақтылы пікірлеріне сын көзбен қарау болмақ. 14 жылдай Алтышаһарды билеп, манжұрқытай отаршылдарынан қорғап тұрған Якуб бек Бедәулеттің тарихи еңбегі әділ бағалануға лайық. ХІХХХ ғасыр тұтастай алғанда Ресей – Қытай, Кеңестік Ресей – Гоминдандық және коммунистік Қытайдың Шығыс Түркістанның тағдырын тәлкекке салып, тәуелсіздік жолындағы барлық ұмтылыстарын басыпжаншумен айналысқаны күні бүгінге дейін ашық мойындалып, тарихи шындық айтылмай келгенін назарда ұстап, ұлтазаттық дәуірі барысында жазылған әдеби, тарихи, саяси жазба деректерді молынан қамтып, коммунистік өктемдік пен қатаң цензураның демократияға жат зұлымдығын айыптау, әшкерелеудің уақыты келді деп қараймыз. Зерттеушілердің назарына ұсынарымыз 1678жылдардан бергі үш ғасыр аясында дүниеге келген ұйғыр әдебиетінің басты мазмұны, негігі идеясы ұлтты ояту, өнербілімге үндеу, сөйтіп ұлтты өзінөзіне таныту арқылы айрылып қалған тәуелсіздіктерін қайтарып алу күресі жолында қалыптасқан ұлттық сана мен ұлттық идеяның үзілмей жалғасқан жарқын дәстүрін жүйелеу, түрік дүниесіне ұйғыр әдебиетінің даңқты қалам қайраткерлерін, олардың ұлт игілігіне айналған озық үлгідегі шығармаларын таныстыру керек. Түрік текті туысқан ұйғыр халқының бай әдебиетін жүйелі зерттеу жұмысын жалпы түріктік рухани әлем аясында қарастыру әрі ХҮ ғасырда негізі қаланған ұйғыр классикалық әдебиеті мен өнерінің тарихи жалғастылығын ашып көрсету арқылы ұлтазаттығы дәуірі әдебиетіндегі басты ерекшеліктерді айқындауымызға тура келеді. Ол үшін бүгінге дейін әр ел әдебиетшілер мен тарихшы, түркологтарының Шығыс Түркістанның қоғамдық тарихы мен әдеби, мәдени тарихын баяндаудағы әртүрлі ұстанымдарын саралап, оны осы күнгі түрік халықтарының ортақ мүддесі мен заман талабынан туындаған жаңа көзқарастары мен методологиялық әдістәсілдері бойынша түбірінен қайта қарауға тура келеді.
Әсіресе, Шығыс Түркістанның тағдырына шешуші ықпал жасаған Ресей, Қытай, КеңесҚытай қатынастарының оң және теріс әсерлеріне объективті баға бере отырып Шығыс Түркістанда өмір сүріп жатқан байырғы ұйғыр, қазақ халықтары әдебиетінің қалыптасу, даму барысын дұрыс ашып бере аламыз. Сондайақ ұйғыр классикалық әдебиеті мен мұсылман–түрік әдебиеттерінің өзара ықпалдастығын, дәстүр жалғастығын, жаңарыпжаңғыру көріністерін жүйелі зерделеуді қолға алатын уақыт жетті. Осындай кең ауқымды зерттеу аясында Шығыс Түркістан халықтарының Жоңғар хандығы мен МанжұрҚытай және гоминдандық Қытай мен РесейКеңес империяларының Шығыс Түркістанды отарлау озбырлығына қарсы бүкіл халықтық, ұлттық қозғалыстар барысына талдау жасай отырып, осы дәуірде пайда болған әдеби шығармаларды дербес, тәуелсіз көзқарастар тұрғысынан зерттеп, тиянақтау қажет Түрік халықтарының ежелгі тарихи мекені болған Шығыс Түркістанның қашаннан бері, қандай жағдайда Жоңғар хандығы мен қожалар билігіне өту себептерін айқындай отырып, ұйғыр классикалық әдебиетінде сол тарихи трагедия қалай көрініс берді, 80 жылға созылған алғашқы жартылай отарлық кезеңдегі басты идеялық ағымдар мен әдеби ағымдардың өкілдері кімдер болған еді дегендерді нақтылау. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау керек болды: Шығыс Түркістан мен Қытай патшалықтарының арасындағы тарихи байланысқа қысқаша анықтама бере келіп, «Алтышаһар» хандықтары 1678жылғы Жоңғар хандығы әскери күшіне сүйенген қожалар үстемдігіне өткеннен бұрынғы (751жылғы АтлахТалас шайқасы жеңісінен 1000 жылға таяу) уақытта негізінен араб, парсы мәдениетінің ықпалындағы Орталық Азиялық тәуелсіз халықтармен тағдырлас, өзара тығыз байланыста болғанын, әсіресе, ЯркенСайидия хандығы салтанат құрған 153 жылда қытайдың саяси, мәдени, әскери ықпалынан мүлде тәуелсіз мұсылмантүріктік рухани тұтастықта өмір сүргенін дәлелдеу міндетін орындау керек. Шығыс Түркістан халықтарының отарлану кезеңі 1759жылғы Ман Чиң патшалығының Жоңғария мен Алтышаһарды жаулап алуынан басталады дейтін тұжырымды да, Ман Чиң патшалығының «Шыңжаңды қайта бірлікке келтіруі» дейтін тұжырымды да терістеп, бұл өлкенің отарлық бұғауға түсуі 1678жылғы Жоңғар хандығының Алтышаһарды жаулап алуынан басталғандығын дәлелдеу керек болды. Осыған орай бұл дәуірде дүниеге келген ұйғыр халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті туындыларында көтерілген ұлттық идея көріністеріне талдау жасау. Шығыс Түркістан халықтарының үш ғасырлық бодандық дәуірін кезеңдеудің бүгінге дейін қалыптасқан үрдістеріне сын көзбен қарап отырып, оны өз тұжырымдарымыз бойынша қайта кезеңдеуді міндетіміз деп қарадық. 1857жылдан басталған Алтышаһар халқының МанжұрҚытай отарлаушыларына қарсы көтерілген жалпы ұлттықхалықтық көтерілістердің тұсындағы саяси, қоғамдық, әскери оқиғалардың әсер ықпалымен қалыптаса бастаған нағыз ұлттық сана мен ұлтазаттық идеясының ұйғыр әдебиетіндегі көріністерін жүйелеу. 18661877 жылдар аралығында отаршыл МанжұрҚытай үстемдігін аударып тастау барысында ШығысТүркістан халықтарының қолға келтірген тарихи жеңістерін және қохандық әскер басы Якуб бектің Алтышаһарды өзіне қаратып «Алтышаһар хандығын» құруы, ақыры патшалық Ресей мен Ман Чиң патшалығының екі жақты соққысынан жойылу себептеріне жаңаша баға, тәуелсіз сарап жасау керек болды. Біздің алдымызда 10 жыл «Алтышаһар хандығын» билеп, әлемнің біраз алпауыт елдерімен тәуелсіз қарымқатынас жасаған Якуб бек Бедәулеттің жеке басына, саяси, әскери, дипломатиялық қызметіне әр кезде, әр ел тарихшылары мен саясаттанушылары, әдебиетшілері берген бағаларға өз тұрғы, өз көзқарасымызды білдіру міндеті тұрған еді. Патшалық Ресей мен Ман Чиң патшалығы, Кеңестік Ресей мен гоминдандық және коммунистік Қытайдың Шығыс Түркістан халықтарының тағдырына еткен кері ықпалын, бүлдіру әрекетін бүгінгі тәуелсіз елдің, тәуелсіз азаматының көзқарасы тұрғысынан бағалау керек болды. Ұйғыр классикалық әдебиетінің дәстүрлі үлгілерінің тарихи жалғастығы мен заман талабына сай пайда болған жаңа идеялық, көркемдік ерекшеліктерінің даму эволюциясын саралауды нысана ете отырып, ХІХ ғасырдың ақыры мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі бүкіл исламтүрік дүниесінде өріс алған «ұслу жәдитшілдік» ағымының ұйғыр әдебиетіне ықпалы, оның нақты көріністері қандай болғанына талдау жасау міндеті тұрды. Осы барыста Қазақстандағы жәдитшіліктің көрінісі болған «Алашордашылардың» әдебиеттегі ортақ белгілері мен нақты тақырыптық үндестігін салыстыра қарауға тура келеді. Гоминдандық Қытай үстемдігі (19111949) дәуірінде Шығыс Түркістан халықтарының ұйымдасқан, аса қуатты ұлтазаттық қозғалысын пайда қылған сыртқы әсер мен «жәдитшілдік» рухы желепжебеп ұлттық санасы оянған халықтың өз бостандығы мен ұлттық тәуелсіздікке деген ұмтылысының негізгі қозғаушы күш болғаны, сол дәуірде шаһиттер қанымен жазылған отаншыл, азаткер поэзиядан көрініс тапты. Ұлттықмемлекеттік тәуелсіздік жолындағы ғасырларға созылған бүкіл халықтық қозғалыстың ШығысТүркістанды мекендеуші ұйғыр, қазақ, қырғыз, моңғол, дүнген халықтарының ортақ күшжігері арқасында 1944 жылы Құлжа қаласында жарияланған «Шығыс Түркістан жұмқориятын» құрумен аяқталғаны тарихи заңдылық болатын. Жас, тәуелсіз республика мемлекеттің қорғаныс қуатын күшейтіп егемендігін сақтап қалу жолында қанша күшжігер жұмсаса, оның мәдениеті мен әдебиетін, оқуағартуы мен баспасөзін дамытуға сонша күш жұмсады. Азат елдің азаткер ақынжазушылары құлашын кеңге сермеп нағыз тәуелсіз азат ойдың жарқын туындыларын дүниеге әкелді. Бұл дәуір онша ұзаққа созылмаса да Шығыс Түркістан халықтарының тарихи жадын жаңғыртып, ұлттық санасын қалыптастыруда ойнаған ролі орасан зор болды. Ұйғыр әдебиетінің 1949 жылы ШығысТүркістан мемлекеттілігі жойылып, Қытай халық республикасының құрамына қайта қосылғаннан бергі жарты ғасырлық тарихын дәуірлеу өз алдына қарастырылуы керек. Бүгінгі қытай әдебиеті тарихшылары өздерінде қалыптасқан үрдіс бойынша «азаттықтан кейінгі» (1949 жылдан) жаңа, социалистік реализм әдебиеті деп жазып жүр. Біз бұл дәуірді 19491958 жылдар аралығындағы жаңа дәуір әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңі ретінде, ал, 19581978 жылдар аралығын Маоцзедун басшылығындағы қытай коммунистерінің оппортунистік, буржуазиялықфашистік диктатурасы кезеңі ретінде сипаттап Шығыс Түркістан халықтары әдебиеті мен мәдениетін ойрандап жою кезеңі деп қараймыз. Ал, 1979 жылғы Дің Шаупиң жүргізген жаңа реформалық саясаттан кейін қайта жанданып, дами бастаған мәдени, әдеби қайта өрлеу кезеңі ретінде бағалай отырып, тар шеңберлі, қатаң цензуралы саяси режим шектеген нұқсандарды да атап айтуға тиіспіз. Қорыта айтқанда, Шығыс Түркістан халықтарының үш ғасырдан аса уақыттан бергі әдебиеті тарихын зерттеп жүйелеу, оны нақтылы өмір шындығына құрмет ете отырып дәуірлеу, ақын жазушылардың шығармаларын талдап насихаттау, оны біртұтас түркілік руханият әлемі аясында қарастыру бүгінгі күннің талабы екенін атап айтқымыз келеді.
Оставить комментарий