Ұйғыр халқы туралы қысқаша мәлімет

Ұйғыр әдебиеті ­ ұзақ тарихқа, айқын ұлттық дәстүрге, жарқын ұлттық ерекшелікке ие бай әдебиет. Ұйғырлар, тарихта Шығыс Түркістан аталған, байырғы келе жатқан бауырлас халықтың бірі. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Шығыс Түркістанды жаулап алған Манжу­Қытай империясы. 1882 жылы оның тарихи атын өзгертіп “Шинжияң” (Жаңа шекара, жақ жері) деп атады да империяның тікелей биелеуіндегі бір өлкеге айналдырды. Шинжияң өлкесі 1949 жылы Коммунистік Қытай билігіне өткеннен кейін 1954 жылы “Шинжияң ұйғыр Автоном районы” (бұдан былай қысқартып ШУАР деп аламыз) деген ұлттық автономияға айналды. Оның әкімшілік орталығы ­ Үрімжі қаласы. ШУАРдың жалпы жер көлемі бір миллион 650 мың шаршы километр болып, бүкіл ҚХР жер көлемінің 1/6 бөлегін алып жатыр. 1990 жылғы бүкіл Қытайлық ұлттық санақ бойынша ұйғырлардың саны ресми санақ бойынша 8,5 млн. (45,8 процент) деп жарияланған. Алайда тәуелсіз сарапшылардың есебі бойынша 20­22 млн. жетті деп есептейді. ШУАР да ұйғырлардан басқа қазақ, қырғыз, қытай қатарлы 14 ұлттың өкілі өмір сүреді. Ұйғырлар өз отанынан тысқары Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Ауғаныстан, Араб елдерінде және Америка мен Еуропа елдерінде шашырай қоныстанған. Ұйғырлар ерте отырақтасқан қола­қыстақтық халық болғандықтан егіншілікпен, саудамен, қолөнермен шұғылданып бай заттың рухани мәдениет жаратқан. Бүгінгі заман талабына сай ірі қалалардағы ұйғыр зиялылары ғылым мен өнердің әр саласында еңбек етуде. Ұйғырлар Алтай тіл жүйесі, түрік тілі тобының ұйғыр қарлық буынына жатады. Ұйғырлар ертеде руналық ойма жазуды да, ХІ­ХІІ ғасырда Найман­Керейлер қолданған бүгінгі Моңғол жазуын да, Қарахандар мен Шағатай хандықтары тұсындағы аралас тілді араб жазуын да пайдалана келіп ХХ ғасырдан бері өзгертіліп­жаңаланған араб­шағатай әліпбиін де пайдаланып келген. 1959­1982 жылдары Латын­кирил алфавитіне негізделген “Жаңа жазу”­ды жаппай қолданды. 1983 жылдан Ахмет Байтұрсынов әліпбиі үлгісіндегі араб­ төте жазуын пайдаланып отыр. Ұйғыр халқы дәстүрлі Ислам дінін ұстанады. Алайда ұйғырлар тарихи жазба деректерде аты белгілі бала бастаған 2000 жылдан бері әлемдік діндердің әлденеше ағымына ілесіп тотемизм, шаманизм, зердошизм, буддизм, менихайзм, тіпті християнизм дін жоралғыларына бой ұрды. Бұл діни ағымдардың ішінде ұйғыр қағанаты (745­840) дәуірінде орныға бастаған манихейзм мен буддизмнің ықпалы өте зор болды. Сондықтан ХҮ ғасырға дейін ұйғырлар құрған Тұрпан­Еділхұт хандығы буддизмнің негізгі орталықтарының бірі болып, будда дінін насихаттайтын көптеген діни кітаптар жазылып, будда номдары ұйғыр және қытай тілдеріне аударылды. ШУАРда өмір сүріп жатқан бауырлас ұйғыр­түріктер бұл күндері бір жағынан жыл сайын қаптап келіп жатқан қытайлықтардың демографиялық басымдығынан, тағы бір жағынан 1970 жылдардан бері енгізілген жоспарлы туу (ауылды жерлерде үш бала, қалада екі бала, коммунистермен басшы кадрларға бір бала туу) саясатының қыспағынан, әрі Лобнор көлі маңындағы 40 жылдан бері ашық ауада және жер астында жасаған атом бомба сынақтары пайда қылған экологиялық апат зардаптары кесірінен, тұрғылықты халықтың табиғи өсімі негізінен тоқтап, ұлт ретінде, генетикалық жұтқа ұрынып отыр. Сондықтан мыңдаған жылдар тарихы бар, бауырлас ұйғыр халқының бай мәданиеті мен әдебиеті де зор қатер алдында тұрғаны өкінішті. Ұйғыр халқының біраз бөлегі ХІХ ғасыр соңынан бері Қазақстанда шоғырлана отырғандықтан, олардың өзіне тән көркем әдебиеті қалыптасып, өркен жайды. Алматы қаласында ұйғыр драма театры, газет­журналдары бар. Қазақстан жазушылар одағында ұйғыр жазушыларының бөлімшесі жұмыс істейді.

Читайте также:  "Оразаны қалай тұтады?"

Оставить комментарий