«Әйелдік мистериялар»

Әйелдік деп аталатын мистериялар өте аз зерттелген, сондықтан да біз әйелдік жетпектердің мазмұнына қатысты бұдан аз құлағдар (ақпаратты) болып отырмыз. Дегенмен де, тылсымдықтардың екі класының, еркектік және әйелдік кластардың арасында таң қалдырарлық ұқсастықтың бар екендігін айта кетуіміз қажет. Бір жастық топтан келесі жастық топқа өту ғұрыптарына сәйкес қыздарды алғашқы менструалдық циклден кейінгі жіктеу үрдісі де бар. Еркектердің қоғамдары, Mannerbunde сияқты, әйелдердің қоғамдары, Weiberbunde де бар. Ең ақыры, еркектік туысқандықтардың құрамдас бөлігі болып табылатын бағышталу ғұрыптары таза әйелдік тылсымдықтарда да кездесіп отырады. Жалпылама мойындалу бойынша мұндай сәйкестер ортақ сипаттарға ие. Әйелдер өткізетін жетпектер мен тылсымдықтар ғұрыптарынан бізге еркектік жетпектер мен туысқандықтарда кездесетін ғұрыптардағы сәйкес келетін символизмді, нақтырақ айтар болсақ, символдық көрсетілімдерді күтуге болмас. Бірақ, бір ортақ мезет бар: барлық осы ғұрыптар мен тылсымдықтардың негізінде терең діни көңіл кешерлер (переживания) жатыр. Жыныстық пісіп­жетілу уақытында өткізілетін жетпек ғұрыптары мен әйелдік құпия қоғамдардың ғұрыптарының мақсаты мен нысаны әйелдің ерекшеліктеріне орай солай болып көрінетін киелілікке (қасиеттілікке) жету (қол жеткізу) болып табылады. Жетпек алғашқы менструалдық циклге байланысты басталады. Физиологиялық нышан ­ белгі қызды оған таныс болған дүниеден ажыратылуды, сол ортадан шығарылуды анықтап береді: ол тез арада қауымнан бөлінеді және оқшауланады. Бүл жерде бізге аборигендердің алғашқы менструациялық қанды да, оның зиянды (пагубный) сипатын да түсіндіретін мифтері туралы әңгімелеудің қажеттілігі жоқ. Сондай­ақ, біз, этнологтар мен осы заманғы социологтардың жасақтаған, осынау бір түрлі жүріс­тұрысты түсіндіруге арналған теорияларын да жайына қалдыра аламыз. Тек оқшауланудың лезде іске асырылатындығын, оқшауланудың орман (Буш) ішіндегі арнайы лашықта немесе тұрақ жайдың қандай да бір қараңғы бұрышында жүзеге асырылатындығын және менструалдық цикл басталған қыздың сол жерде барынша жайсыз (ыңғайсыз) жағдайда ұсталатындығын және күнмен және бөгде біреумен «кездесіп қалудан», бөгденің қолы тиіп кетуінен (жанасуынан, жүздесуінен) сақтануы тиістілігін айтып отсек те жеткілікті. Қыз, белгілі бір мөлшерде ол үшін айырықша болатын арнайы киім киеді немесе белгі таңба тағынады немесе түс­реңі жамылады, және шикі аспен тамақтануы тиіс болады .

Читайте также:  Символикалық формалардың философиясы

Кейбір егжей­тегжейлер (деталь) — көлеңкедегі, орман ішіндегі қараңғы лашықтағы оқшаулану мен жалғыздануы бірден көзге ұрып тұр. Бұл орман ішіндегі жабық лашықтардағы жас өрендердің жетпекті өлімдерін еске салады. Бірақ алғашқы менструалдық циклге орай басталатын жылдам оқшаулап тасталу, және, сондықтан да, даралық сипатқа ие (жас өрендердің жетектері топ­топ түрінде өткізіледі ғой) түрінде айырмашылық та бар. Бірақ бұл айырмашылық өз­өзінен балалық шақтың аяқталуының қыздарда айқынырақ байқалатын физиологиялық аспектілері арқылы түсіндіріле алады. Қыздарды арада менструалдық циклдің нышандары көріне салысымен­ақ оқшаулап тастау жылдамдығы (тездігі) жетпектің әйелдік ғұрыптарының аз сандылығымен түсіндіріледі. Соған қарамастан, олар, тіпті австралиялық арандаларда және Африканың көптеген аймақтарында сақталған . Оқшаулап тастау мерзімінің ауытқып отыруының (Үндістанда — үш күннен Жаңа Ирландияда — жиырма айға дейін немесе Камбоджада — тіпті, бірнеше жылға дейін) мәдениетке тәуелділігінде жатқандығын көзден таса қылмаған жөн. Бұл ақыр аяғында қыздар топқа бірігеді (топтасады) және олардың жетпегі ұжымды түрде қарт әйелдердің бақылауының астында аяқталады дегенді білдіреді. Жаңа ғана айтып өткеніміздей, қыздардың жетпектері туралы мәлімет өте аз. Бірақ біз олардың тайпадағы белгілі бір дәстүрлерге сай (мәселен, басуто тайпасындағы сияқты) сондай­ақ сексуалдықтың құпиялықтарына қатысты барынша толық үйретілуден (дайындықтан) өтетіндігін білеміз. Жетпек кезеңі ұжымдық би билеумен (бақыланған салт, көптеген аймақтарда бағышталған қыздар дүйім жұрттың алдына көрсетілу және құрметтелу үшін шығарылады, немесе олар сыйлық алу үшін шеру жасап барады). Олар, мәселен, татуаж (татуировка) немесе тістерінің қарайтылу сияқты, жетпектің аяқталғандығын білдіретін сыртқы нышан ­ белгілер (таңбалар) арқылы таңбалана (белгілене) алады. Бұл жерде жас қыздардың жетпесінің ғұрыптары мен салттарын егжей­тегжейлі түрде қарастыруға қажетті мүмкіндік жоқ. Бірақ кейбір жетекшіге оқшаулану кезеңінде үйретілетін, ең алдымен сан алуан космологиялардың символизмінде маңызды рөл атқаратын, иіру (жүн иіру) және тоқу (өру) сияқты әйелдік кәсіптердің жоралғылық мән­маңызын еске түсіріп көрейікші. Осыған ұқсас сенім­нанымдар осы күнге шейін Европада сақталып келеді (Perch, Honda, Frau Holle және басқаларды қараңыз). Қысқа қайырғанда, әйелдік жетпектер жіп иіру және сексуалдықтың арасында құпия байланыс бар екендігі анық . Жас әйелдер белгілі бір дәрежеде некеге дейінгі еркіндік қызығына батады, және жас жігіттермен кездесу жіп иіру жиналысы өтетін үйде болады.

Читайте также:  Грант иелерінің тізімі «Егеменде» сейсенбіде жарияланады

Бұл салт Ресейде он тоғызыншы ғасырдың басында да белгілі болған. Таң қаларлығы, қыздың пәктігі өте жоғары бағаланған мәдениеттерден жас жігіттер мен бойжеткендердің кездесуіне рұқсат етіліп қана қоймай, ата­аналар тарапынан да қолдау тауып отырғандығын көреміз. Батыстық көз көргендер үшін ең алдымен Европаның діни басшылығы (духовенство) үшін осындай салттар моральдық азғындануға алып келетін сияқты көрінетін. Бірақ, нақты осы жағдайда бұл олай емес. Бұл жерде мәселе моралда емес, өмірге қажетті әлдебір тереңірек маңыздырақ нәрседе жатыр. Осылардың ар жағындағы құпия әйелдік (аналық) киеліліктің көңіл ашары болып табылады, өмір мен өнімділіктің қайнар көздеріне қатысты болып шығады. Осынау жас әйелдердің неке алдындағы еркіндіктер эротикалық емес, жоралғылық сипатқа ие: олар, зайырлы (светский) қызықтарды емес, ұмыт болған тылсымдықтардың іздерін көрсетеді. Біз инабаттылық (скромность) пен пәктік (целомудрие) міндетті болатын қоғамдардағы осындай фактіні — белгілі бір қасиетті (киелі) оқиғалар, ең алдымен некелесу кезінде қыздар мен әйелдердің бақылаушыларды (көз көргендерді) осылайша шошындыруын басқаша жолмен түсіндіре алмаймыз. Жалғыз мысал келтіріп көрсек. Украинада әйелдер, жанып жатқан оттың үстінен секіре келе етектерін (юбкаларын) беліне шейін көтереді; олардың айтуынша, «қалындықтың шашын күйдіруі (жүнін үйітуі)» керек . Инабаттылықтан эксгибиционизмге дейінгі осындай жүріс­тұрыстың түбегейлі өзгерісі жоралғылық рөлге ие, сондықтан да бүкіл қауымның мүддесіне қызмет етеді. Осы әйелдік тылсымдықтың «бетімен кету» (разгульный) сипаты ауық­ауық дүниәуйлік сүрмекті (существование) реттеп отыратын жөн­жосықтары ысырып тастаумен, басқа сөздермен айтқанда, күнделікті тірлікте ауыр салмақпен басып отырған заңдардың пәрменінен уақытша болса да кету және абсолюттік «бет ашылған» (непосредственность) күйіне тусу қажеттілігімен түсіндіріледі. Кейбір өңірлерде әйелдік жетпек бірнеше сатыдан тұрады. Мәселен, Го тайпасында жетпек алғашқы менструалдық циклге орай басталады және алғашқы жүктілік кезінде тереңдей түседі және алғашқы босанудан кейін аяқталады . Туу (дүниеге келу, өмірге келу) тылсымдығы — яғни, әйелдің өзінің жасампаз күшке ие екендігін ашуы (білуі) — еркектердің қабылдау (восприятие) қабілетінің сөздерімен беруге болмайтын діни көңіл кешпектерге (переживания) пара­пар.

Читайте также:  Адам философиясы туралы

Сондықтан да, бала туудың неліктен, кей жағдайларда нағыз тылсымдықтарға (сарқындары, тіпті, Европада да сақталған) дейін дамытылған құпия әйелдік жоралғыларының негізі болып шыққандығын түсінуге болады. Шлезвигтің солтүстігінде барлық ауылдық әйелдер құдды естерінен ауысқандай болады: оларға жол бойында кез болған ер адамдардың қалпақтарын жұлып алып қиға (көңге) толтырады; өздері кездесіп қалған арбаны қиратып, быт­шытын шығарады да атты босатып жібереді (бұдан еркектік кәсіптерге қарсы бағытталған әйелдік реакцияны көруге болады). Әйелдер жаңа ғана әйел босанған үй алдына жиналған соң, бүкіл ауыл көшесі арқылы жүрген ессіз дүрбелең басталады. Монадалар (абыз ­ әйел, вакханка) сияқты, топтасып алып жүгірген «ура!» деп дауыстаған, айқайлаған әйелдер бүкіл ауылды басына көтереді. Олар жолшыбай кездескен үйлерге кіріп, үйдегі көңілі қалаған барлық ішіп­жейтінді алып шығады және егер сол үйде еркектер болса онда оларды би билеуге мәжбүр етеді . Сірә, ежелгі замандарда кейбір құпия жоралғылар жас босанған (бала туған) үйде өткізілген тәрізді. Он үшінші ғасырды көрсететін материалдар бойынша, Данияда мынадай салт болған екен: әйелдер бір үйге жиналып, айқайлап ­ шулап және ән айта жүріп сабаннан өздері Бұқа деп атаған қуыршақты жасайды. Екі әйел оны өздерінің араларына орналастырып (қысып) алып, көргенсіз қимыл (распутные жесты) жасай жүріп билейді, соңына қарай «Бұқа үшін ән айтыңдар» деп айқайлайды. Содан кейін басқа бір әйел төменгі, тұрпайы дауыспен, жаман (анайы) сөздерді қолдана отырып ән айта бастайды . Машайық жеткізген осы ақпаратта басқа ештеңе айтылмайды; бірақ сірә, бұл жоралғы анағүрлым күрделірек болған, және Бұқамен жүргізілген диалог «тылсымдық» мәніне ие болған сыңайлы.

Оставить комментарий