Әйелдік құпия қоғамдар

Әйелдердің құпия конклавтары барлық уақытта да туу (өмірге келтіру, босану) және өнімділік тылсымдығымен байланысты болған. Тробриан аралдарының әйелдері бау­бақша отырғызғанда, жұмыс істеп жатқан кезде өздеріне жақындап қалған (тап болған) кез келген еркекке тап беріп, жерге құлату құқына ие болған. Әйелдің құпия ассоциациялардың бірнеше типі осы уақытқа дейін сақталып келеді. Олардың ғұрыптары әрқашан да өнімділік символдарын қамтиды. Міне мәселен мордвалықтардағы әйелдердің құпия қоғамдарына қатысты кейбір егжей­тегжейлер мынадай. Бұған ер адамдар, күйеуге шықпаған қыздар мен балалар жіберілмейді. Қоғамның талисманы ат басы қондырылған таяқ, оны алып жүретін әйелдер «аттар» деп атайды, өздерінің мойындарына тары толтырылған, таспалармен сәнделген қапшықты іліп алады, оған (ұрықтасақ деп есептелетін) кішкентай жұмыршақтарды (шариктерді) бекітіп қояды, мұның барлығын аттың қарны деп есептейді. Жыл сайын, қоғам қарт әйелдердің біреуінің үйінде жоралғылық той өткізеді; жаңадан кірген әрбір жас әйелді қарт әйел үш рет қамшылайды, «Жұмыртқаны қой!»— деп айқайлайды, — осыдан кейін келіншек киімінің өзінің кеуде жағынан (корсажынан) пісірілген жұмыртқаны алады. Қоғамның әрбір мүшесі алып тамақ, ішімдік және ақша түрінде қосатын үлесінен түратын осындай банкет, коп уақыт өтпей­ақ «бетімен кетеді» (разгульный). Қараңғы түн болғанда, әрбір ауыл екі бөлікке бөлінгендіктен, бір жартысы екінші жартысына барып қайтады. Осының барлығы да карнавалды шеру түрінде өтеді, мас болып қалған қарт әйел ат басы қондырылған таяқты «ерттеп мініп алып», эротикалық сөздерді айтып келе жатады. Қоғамның екі жартысы кездесіп, біріккен кезде сөзбен айтып жеткізуге болмайтын айқай ­ шу көтеріледі. Ер адамдардың осындай сәттерде көшеге шығуға батылдары бармайды. Егер де, олардың біреуі осылай егіп, көшеде шулаған әйелдерге тап болса, оған әйелдер тап беріп, шешіндіреді, қорқытады және, босатып жіберместен бұрын құн төлеуге мәжбүр етеді .

Читайте также:  Ұлттық экономиканың дамуындағы көліктің рөлі

Оставить комментарий