Ы.АЛТЫНСАРИННЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ

Опубликовано Июль 11, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Қазақ этнография ғылымының қайнар көзі ХІХ ғасырдағы Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, Ы.Алтынсарин еңбектерінен басталатыны мәлім. Аталмыш зерттеушілер ұлттық мәдениетті бойына сіңіріп, еуропалық білім алып, сол арқылы қазақ халқының тарихы мен этнографиясына қатысты зерттеулерде тың тұжырымдамалар жасады. Әсіресе, ХІХ ғ. қазақ қоғамының Ресейдің отарлық саясаты нәтижесінде күрделі қарама-қайшылыққа түскенін өз көздерімен көрген зерттеушілер, пікірлерін ашық жаза білді. Осыған орай Ы.Алтынсарин қазақ қоғамындағы аштық мақаласында халқымыздың тұрмысында қалыптасқан күрделі жағдайды былай тарқатады: « Торғай қазақтарының бұл бақытсыздығына қазақ даласында халық тұрмысының тұрақсыз әдісі – мал шаруашылығын неғұрлым мықты егішілікпен ауыстыру кезеңі туғандығын дәлелдейтін айқын материал деп есептеуге де болар еді. Осыған орай бұл халықтың көшпелі тұрмысын, ең болмағанда күштеу шараларымен тезірек отырықшылыққа айналдыру мүмкін. Бұл ой Батыс Сібірге арналған тұтас жобаға айналдырылды. Бұл пікір біздің әкімшілік үшін де жат емес. Алайда қазақ халқының бұл бақытсыздығының күшті әсеріне қарамастан, біз сонда да аталмыш жобаға қарсылық білдірген Воронецкий мырзаның байсалды да тыңғылықты пікірін қолдаймыз және де далада өсіп, халық мұқтажын сезіне білген қыр адамының дауысы қандай жағдайда болса ешкімге зиян келтірмейтіндігіне, ештеңеге кедергі жасамайтындығына сенімді болғандықтан пікірімізді білдіруге ұйғардық. Шынында да дала адамдарының халықтық өмірін жасанды түрде төңкеруге кіріспес бұрын бұл халықты, оның өмірін танып білу әлде қайда ақылдырақ болар еді». [1,166] Иә, бұл деректерден Ы.Алтынсаринның жан айқайын айқын көруге болады. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы саяси өзгерістер, реформалардың қазақтың дәстүрлі қоғамына ықпалы, қазақ халқының ғасырлар бойы айналысқан дәстүрлі шаруашылығын дағдарысқа ұшыратып, жайылымдардың қысқаруы, бұның бәрі бірқатар өзгерістерге, яғни бірте-бірте жер өңдеушілікке көшуге әкелді. Осы үрдістерді Ыбырайдың «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде жақсы жазылған. Бұл әңгімеде Сейітқұл аштықтан жапа шеккен халықты құтқармақ болып, отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосам деген ойға қалады. Барымтамен мал алған күннің өзінде күндердің күнінде жау да олардан қуып алатынын түсіне білді. Соның бәрін ақылға сала отырып, Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздейді. Көп жерлерді кезіп жүріп ақырында Торғай тересіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. Дәл осы жерге келген соң, Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейінеде кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып, егінге су жіберді. Егін піскен соң орып, жиып алып артығын төңірегіндегі көшпелі елге мал етті. Жаңа мекен еткен жеріне орныққан соң, Сейітқұл егінді жылдан-жылға күшейтіп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, астықтын артығын төңіректегі елге малға айырбас етумен, бұлардың малдары көбейіп, бай болды. Мұны көріп, әрбір көшпелі елдегі жарлы- жақыбайлар да келіп, Сейітқұлға қосылып, кейін Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді.[2,109] Қазақтар енді мүмкін болған жерде егін шаруашылығымен айналысуға талаптанып онымен әжептәуір шұғылдана бастаған. Торғай уезді қазақтары құнарлы жер болмаса да, әдеттен тыс еңбек пен шыдамдылықты қажет ететін диқаншылыұпен айналысып, өзен жағасындағы бос жерлерді таңдап алып, бидай, тары және аз мөлшерде сұлы себеді, жыртылған жерге су жүргізілетін каналдар тартып, астықтың өсуін өзінше орнатылған суландыру 263 шығырларының көмегі арқылы жасанды суландырумен қамтамасыз етеді. Құрғақ климат өте жиі суаруды талап еткен. Өкінішке орай, кейбір дала уездерінде егіншіліктің ешқандай да болашағы байқалмаған. Ыбырайдың айтуынша, бұл жердің топырағы сазды сортаңды немесе көбінесе құмдауыт келеді, бар өсімдігі ащы жусан, климаты кереметтей құрғақ, өзендері жыл санап тартыла түсуде, сондықтан да соңғы жылдары жұрттың көбі азғантай ғана өзендердің өзі буланып кете ме деп қауіптенген. Мұндай уездердегі мүмкіндігі бар жалғыз кәсіп – бұл мал шаруашылығы болған. Қазақ малшылары құлындарды үш-төрт жасқа дейін өсіруге қалдырып, базарларда немесе ауылдарда аттарды, айғырлар мен кәрі биелерді сатады, одан кейін өсіп қалған құлындардан жаңа үйірлер құрайды да, аттрады қайтадан саудаға түсіреді және т.б. делінеді. «Торғай уезінде өткен 1870 жылы және биылғы жылдың басында болған түрлі бақытсыздықтардың мұндай тоңысуы кез келген көшпелі емес, отырықшы халықты да апатқа ұшыратуы әбден мүмкін. Мысалы, алыстан іздеп қажеті жоқ. Біздің Торғай қаласы да қазақтар сияқты қиыншылықты бастан кешіруде. Азықтарды ешқандай ақшаға сатып ала алмайтын күндері де болды, содан кейін семьялар от жағылмаған үйде азық-түліксіз апталап отырды, үй малы қырылып жатты, тіпті қаладағы гарнизонның өзі мұқтаждық күй кешіп, отын үшін казарма шатырын сындырмаққа ниет қылған күндер де болды» деп ашына жазады.[3,169] Қазақтардың сол кезеңдегі сұмдық жағдайы тұрмыс-тіршілігінің күйзеліске ұшырауы күйсіз малы туралы айтып жеткізу мүмкін емес еді. Қамыс пен нашар қамтылған киіз уй: оның бір жақ тұсына төрт кішкентай баладан, үй иесі мен әйелінен тұратын отбасы жайғасқан, сырттан киіз үйдің саңылаулары арқылы жарып кіріп, сиықсыз баспананы аяусыз сындыра жаздап әртүрлі дауыспен құлақ тұндыра үрген жел ысқырып тұрған. Жан-жақтан соққан өкпек жел, ұйытқыған от, үлкендер бүрісіп қана отырысқан, балалар бақырып, шырылдап жылайды… Дәл осы көңілсіз көріністерді Ыбырай өз көзімен көрді. Ыбырай қазақтардың көшпелі өмірден бірте-бірте отырықшылыққа ауысуын қалады. Өйткені әр халық алға дами отырып, ең соңында көшпелі тұрмыстан оқу-біліммен яғни прогреспен тығыз байланысты отырықшылыққа міндетті түрде көшуі керек болатын. Қазақ халқының отырықшылыққа бейімделуі ғасырдар бойы тұрмысындағы өте жылдам өзгерістер негізінде сезілген соңғы жылдардағы біршама үлкен өзгерістер қазақ халқының болашақтағы 20-30 жыл ішінде қаншалықты есейетіндігіне айқын дәлел бола алады. Сол уақыттарда көптеген қазақтар егіншілік кәсіпті орыс шаруаларынан кем білмеген, кейін жас халыққа тән төзімділік пен алғырлықққа орай қазақтар да байырғы диқаншылардан қалыспас. Ресей халықтарын осылай жасанды түрде жақындастыру әдістері ерекше сәтті нәтиже берген емес, мұны орыстар арасында бірнеше ғасырлар бойы тұрып келе жатқан татар, башқұрт және басқа бұратаналар мысалынан байқаймыз. «Орыстардың қазақтармен жақындасуына табиғи жағдай жасаған дұрыс болмас па еді, оның үстіне бұл орайда қазақтардың табиғатында қанағаттандырарлық нышандар бар» дейді Ыбырай. Дала жорықтары кезіндегі, тіпті жеке шаруаларындағы қиын жағдайларда олар қазақтардің көмегін жиі пайдаланады. Екі халық та күнделікті тұрмыстағы табиғилығымен, ақылдылығымен, бұзылмаған діни немесе ұлттық нанымдарымен, ақ жүректілігімен және әркімге өз діні жақсы-мыс дейтін қарапайым пікірге негізденген еріктілігімен ерекшеленеді. Сондықтан да қазақ халқының орыстармен жақындасуының дұрыс амалын сыртқы әсерден емес, адамгершілік ықпалдан іздесек болар. Сонымен қатар, қазақтар арасында кеңінен тараған, халыққа жақындасудан тиер пайданы көрсететін орыс білімі де көмектеседі. Сол уақыттарда қазақтар ешқандай шараларсыз-ақ құнарлы жерлерде казактармен іргелес тұрған. Сонымен бірге қазақтардың болашақ отырықшылығы үшін егішілікке қолайлы жерлерді ұқыптап сақтағаны дұрыс еді, мұның үстіне ондай жерлер де аз қалған еді, ал егер де орыс қоныстанушыларын орналастырса, онда мұндай жерлер тіптен азая түседі. Ыбырай Алтынсаринге қазақ егіншілерінің жердің құнарлы әр бөлігін қадірлей бастағаны туралы және ұрпақтарының барлық болашағы осыған байланысты екенін түсіне біліп, ол жерді қандай 264 жағдайда болсын қорғауға дайын екендіктері белгілі еді. Осы орайда Атынсарин былай деген: «Біздің пікіріміз бойынша қазақтар отырықшылыққа өздері жетеді және ерте ме, кеш пе орыстармен өздері бір арнадан табылады. Оларға тек жерді сақтау керек. Ол жерде малшылықпен қатар егіншілікте ппайда болғанымен, жалпы мемлекеттік экономика мүддесі үшін мал шаруашылығы да егіншілікпен қатар мадақталуы керек. Егер Россия өзінің оңтүстік-шығыс губерниялары Европа үшін астық қамбасы ретінде қызмет ететін орынды мақтан етсе, онда Қазақ даласы да ең болмағанда бір Россияның мал қорасы боларлықтай қызмет көрсете алады. Ешқандай сыйлықтар, ешқандай ауыл шаруашылығы академиялары қазақтай малшы дайындай алмайды. Табиғи талпыныс жолындағы қазақты қолдаңызшы; қазір бастан кешіп жатқан кездейсоқ шаруашылық күйзелістерінен оны уақытылы қамқорлыққа алңызшы; қазақтар арасында орыс білімінің ықпалын дамытыңызшы, жас та, дарынды, ақын жанды әсершіл халыққа адамгершіліктің асыл қасиеттері арқылы әрекет етіңізші. Сонда қазақ халқы жуық маңда орыс мемлекетімен қосылады, өз бақытын осы жақындасудан көреді де тек қана мал өсіруші ғана емес, сондай-ақ егінші және тіпті өзі қазір мақтан ететін Россияның қастерлі туы астында жауынгер де бола алады.[4,171] Көріп отырғанымыздай ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі қазақ тұрмысының дағдарысқа ұшырауы және одан тез арада шығу жолдарын ұлттық мәдениетімізде ерекше орын алатын әңгімелер негізін де халыққа жеткізген. Ыбырай Алтынсариннің ұстанған ең басты ұстанымы этномәдени жолмен халықтың көзін ашу, кәсіпке, өнер- білімге үйрету. Соның негізінде алдыңғы халықтар қатарына жеткізу болады. Ағартушының ол арманын және оған жету жолдарын «Қазақтың болыстық мектептері туралы записка» деп аталатын мақаласынан көз жеткізе аламыз. Онда « Біріншіден олардың қазіргі экономикалық және саяси жағдайының өзі аяқтарын аттап басқан сайын дерлік, мысалы орыс тілін, орыс жазуын білуді қажет деп отыр; екіншіден бұл халық өзінің табиғи жаратылысында әр нәрсені білуге құмар және ұғымпаз зерек халық. Қазақтың осы ынтасын татар, өзбек, башқұрт сияқты көрші ұлттар пайдалана бастап, қазірдің өзінде едәуір пайдаланып отыр. Ал егер осы бұзылмаған, іскер, дарынды халық, орыс арасында үш жүз жыл тұрса да, фанатизм бойына сінгендіктен, азғана бөлігі болмаса, әлі күнге надандықтан шыға алмай отырған татарлардың ықпалына біржола түсіп кетсе, онда бұл өте өкінішті болған болар еді. Осы жағынанда, онымен қатар, өз қоластындағы халықтарын ой-пікір жағынан және экономика жағынан дамыту жөніндегі үкіметтің жалпы мүдделері жағынан қарағанда да қазақ даласының орыс-қазақ мактептерін тез тарату қажет-ақ болар еді. Бұл мектептер татарша оқуды толық ығыстырып шығармаса да, онымен тең түсетін бір күш болар еді, халықтың ілгері дамуына зиянын тигізіп отырған соқыр сезімдердің бетін қайтаратын дұрыс көзқарас таратушы орын болар еді. Бұл – қазақтың әзірге жойылмай келген, ешқандай дін ықпалына түспей тәжірибелік негіздерге сүйенген дәстүрлермен бірге, халықтың адамгершілік жағынан азуына жол бермеген болар еді».

Оставить комментарий

Загрузка...