Загрузка…

Құқық философиясы туралы

Дегенмен ішкі мәннің сәулеленуінің арқасында оның сыртқы қабатын құрайтын шексіз сан алуан қатынастар, мұндай шексіз материал және оны реттеу философияның айналысатын нәрсесі емес. Олай болмағанда ол өзіне қатысты емес нәрселердің қозғалысына сырттай араласқан болар еді; бұл салада ол жарамды кеңестер беруді мойнына ала алмас еді; бала бағушы әйелдерге Платән бір жерде тұра бермей балаларды тербетуді ұсынудан, ал Фихте паспорттық жүйені жетілдіруден яғни күдікті адамдардың паспортында олардың ерекше белгілері ғана емес, суретін де салып қоюды ұсынудан тартынар еді. Мұндай нәрселерде философияның ізі де жоқ, өйткені ол ондай шексіз көп нәрселерге қатынасында айырықша кендік таныту керек. Сол арқылы ғылым көптеген жағдайлар мен мекемелерге байланысты тар санадағы өшпенділіктен және сондай ұсақтықтан қанағат тауып, өзіне өзі көңілі тоятындықтан өзінің аулақ екендігін көрсетер еді. Сонымен бұл жұмыс мемлекет туралы ғылым болғандықтан мемлекетті өзі ­ өздігінде бір зерделілік ретінде түсінудің және көрсетудің әрекеті болып есептеледі. Философиялық шығарма ретінде ол мемлекеттің қандай болуы керек екендігі туралы нәрселерден неғұрлым алыс болуы керек; ондағы өсиет мемлекеттің қандай болғаны қажет дегенге бағытталмауы тиіс; оның мақсаты мемлекетті, яғни осы адамгершілік универсумы, қалай танылуы керек екендігін көрсету. Философияның міндеті — барды ұғыну, ал бар нәрсе, ол — зерде. Жеке адамдарды алсақ, әрине, олардың әрқайсысы — өз уақытының улы. Қандай да болмасын философия өз заманының шеңберінен шығып кете алады деп ойлау қандай мағынасыз болса, жеке адамды өз дәуірінен асып, Родостан асып секіре алады деп жорамалдау да сондай мағынасыз. Егер оның теориясы шынында оның шекарасынан шығып кете алатын болса, егер ол дүниенің қандай болу керек екендігін түзеп жатса, ол дүние, әрине, бар, бірақ тек соның қиялында, ал бұл соңғы өте жұмсақ материал, онда ойыңа не келсе де, түзей беруге болады. Біршама өңделгеннен кейін жоғарыда келтірілген сөзді былай айтуға болар еді: Осында роза, осында биле. Өзін өзі білетін, тани алатын рухтың зердесі мен бар дүние түріндегі зерденің, біреуін екіншісінен бөліп, олардың аралығында тұрған әрі одан қанағаттануға жол бермейтін нәрсе — ұғымдағы еркіндікке әлі қолы жетпеген бір абстракцияның бұғаулары. Зердені өз заманының крестіне өрілген раушан гүліндей тану және соған қуану бір сәтте ұғымдармен түсінуді және субъективтік еркіндікті ерекшелікте және кездейсоқтықта емес, өздігінде әрі өзіне сақтануды талап еткен ішкі дауысты естігендерге философияның беретін осындай ақылға сиымды танымы — ол шын өмірмен ымыраға келу болып табылады. Жоғарыда абстрактылырақ белгіленген форма мен мазмұнның бірлігінің де нақты мәнін құрайды, өйткені форма өзінің нақты мәнінде ұғымдар арқылы түсінетін зерде түріндегі таным, ал мазмұн адамгершіліктің және табиғи шындықтың субстанциялық мәні ретінде зерде; екеуінің саналы түрдегі бара ­ барлығы философиялық идея. Адамды абыройға лайық ететін бір ұлы табандылық бар: оның мәнісі — ой арқылы ақтай алмай тұрғанда өз шешіміндегі ешқандай адамгершіліктің иланымын мойындамау, осындай табандылық жаңа дәуірдің ерекше белгісі әрі протестанттықтың принципі. Лютердің сезімнің және рухтың куәлігінде діни нанымды тұңғыш рет көргендігін кемелденген рух енді ұғымда да қамтығысы келеді, өзін тап қазір сол арқылы босатып, сол арқылы әрі өзін содан тапқысы келеді. Кең тараған әйгілі қанатты сөз бойынша (афоризмді — Қ.Ә.) жартыкеш философия құдайдан алыстатады (бұл танымды ақиқатқа жақындау деп қарайтын жарты кештік), ал ақиқат философия құдайға алып келеді дейтін ой мемлекетке де қатысты. Зерденің ыстық та емес, суық та емес, тек ата беретін жақындаумен қанағаттана алмайтыны сияқты, өткінші өмірдегінің бәрі де жаман немесе әрі кеткенде бәрі де пәс деп, ал басқа ешнәрсені күтуге болмайтындықтан бар шындықпен ымыраласуға тура келеді деп қабылдайтын аяздай қаритын үмітсіздікпен де ол қанаттана алмайды; таным шындықпен одан көрі жақын ымыраға келтіреді.

Дүниенің қандай болуы керек екендігі жөніндегі өсиетке қатысты бұрын айтылғандарға қосымша ол үшін философия үнемі тым кеш келеді деу керек. Дүние туралы ой ретінде ол шындық өзінің қалыптасу процесінен өтіп, аяқталуына жеткен кезінде пайда болады. Ұғым бізді не нәрсеге үйретсе, қажетті түрде тарих та соны көрсетеді — шындықтың нағыз толысқан кезінде ғана идеалдық реалдыққа қабаттаса пайда болып, өзінің интеллектуалдық патшалығында түпкі субстанциясында түсінілген сол дүниені өзі үшін тағы да құрады. Философияға тән сұрғылт бояумен сұрғылт нәрседе бейнеленумен оны жасарта алмайсың, оны тек түсінуге болады; Минерваның жапалағы тек ымыртта ғана ұша бастайды. Бұл алғы сөзді енді аяқтайтын кез келді; алғы сөз ретінде ол шығарманың көзқарасы туралы тек сырттай және субъективті түрде бірнеше ғана сөз айтуға тиіс. Белгілі бір мазмұн туралы философиялық деңгейінде айту ғылыми әрі объективті түрде ғана мүмкін нәрсе; сол себептен де оған қарсы пікірлерді де ғылыми қарастырмаса, оларды субъективтік соңғы сөз әрі негізделмеген уағыз деп қарап, көңіл аудармайтын болады. Берлин, 1820 ж. 25 маусымы. Қосымша. Екі түрлі заңдар бар: табиғаттың заңдары және құқықтық заңдар. Табиғаттың заңдары абсолюттік, олар қандай болса, қуаты да сондай: оларды шектеуге болмайды, бірақ кейде бұзыла алады. Табиғаттың заңы не екенін білу үшін біз табиғатты түсінуіміз керек, өйткені ол заңдар шын; тек біздің олар туралы көзқарастарымыз жалған болуы мүмкін. Ол заңдардың өлшемі бізден тыс және біздің танымымыз оларға еш нәрсе қоспайды әрі оларға қолдау жасай алмайды: тек біздің танымымызсыз тереңдей береді. Құқықты білу бір жағынан осындай, екінші жатынан — басқаша. Бұл заңдарды да біз олар қандай бола, солай білеміз: оны осы қалпында азамат та, позитивтік құқықты зерттеуші де қабылдайды. Заңдардың осы екі типінің айырмашылығы құқықтық заңдары ойластырғанда қарастырудың рухы мен заңдардың өздерінің саналуандығы олардың абсолюттік еместігіне көңіл аудартады. Құқықтық заңдар — адамдардың өздерінен шығатын заңдар. Ішкі дауыс я олармен келіседі немесе қайшылыққа келеді. Адам барлықтың (сущего — Қ.Ә.) барлығымен тоқтай алмайды, ол өз ішінде дұрыстықтың ауқымының бар екендігін паш етеді: сыртқы беделдің қажеттігіне және билігіне көнеді, бірақ табиғаттың қажеттігіне бағынғандай бағына алмайды, өйткені оның ішкі мәні (сущность — Қ.Ә.) оған қашанда қалай болу керек екендігінен хабар береді және ол заңдық күші бар нәрсені құптауды немесе құптамауды өзі өзінде табады. Табиғатта заңның жалпы бар екендігі керемет ақиқат. Құқықтың заңдарына олардың өктемдігі олардың бар екендігімен анықталмайды, әр адам мұнда оның өз өлшемдеріне сай келуін талап етеді. Мұнда, олай болса, бар нәрсе мен болуға тиістінің арасында, өзі өзінде және өзі үшін өзгермейтін құқық дегеніміз не дегенді өз еркімен анықтаудың арасында қайшылық болуы мүмкін. Мұндай бөлінушілік пен тартысты біз рух дүниесінде ғана табамыз, ал рухтың осындай артықшылығы араздықтар мен күйзелістерге апаратын сияқты көрінгендіктен біздерге көбінесе өмірдің ландарынан көрі табиғатқа көңіл аударып, содан үлгі алуды ұсынып жатады. Дегенмен өзі өздігіндегі және өзі үшін құқық пен ықтиярлықтың құқықтық күш беретін нәрсесінің арасындағы қайшылық құқықты тиянақты түрде зерттеуге мұқтаждық туғызып отыр. Құқықта адам өз зердесін табуы керек, яғни зерделі құқықта қарастыруы керек, қайшылықтармен айналысатын позитивтік юрист прудениядан өзгеше біздің ғылым осымен айналысады. Біздің кезімізде осы мұқтаждық әсіресе арта түсті, өйткені бұрынғы кездерде заңдарға деген өсіре құрмет бар еді; қазіргі білімдар дәуір басқаша бағыт алды, енді маңызды деген нәрселердің бәрінің басында тек ой тұр. Енді теориялар өздерін өмірдегі бар тәртіптерге қарсы қойып, өздерін өздігінен дұрыстыққа және қажеттілікке лайықты деп мойындауға ұмтылады. Сондықтан енді құқықтардың негізінде жатқан ойларды зерттеуге деген мұқтаждық туды. Ойдың мәнді формаға көтерілуі құқықты да ой ретінде түсінуге ұмтылдырады. Құқықты ой ретінде қарастыру ол туралы кездейсоқ пікірлердің бәріне жол ашатын сияқты көрінуі мүмкін, бірақ ақиқат ой нәрсе туралы пікір емес, оның ұғымы. Нәрсенің ұғымы бізге табиғаттан берілмейді. Әр адамның қолының саусақтары бар, ол суретшінің шашағы мен сырды ұстай алады, бірақ одан ол суретші болып шықпайды. Ойлаумен де жағдай солай. Құқық туралы ойды әркім­ақ тікелей иелене алмайды: тек дұрыс ойлау ғана нәрсені тануға және білімге жеткізе алады, сондықтан да біздің танымымыз ғылыми болуға тиісті. Құқық туралы философиялық ғылымның пәні — құқық идеясы, яғни құқық ұғымы және оның іске асуы. Ескертпе. Философия идеялармен айналысады; сондықтан да ол әншейінде тек ұғымдар ғой делінетінмен айналыспайды; ол (философия — Қ.Ә.) тіпті олардың сыңаржақты әрі ақиқатсыз екенін, сонымен қатар тек ұғым ғана (бірақ әншейінде осылай аталатын, ал шын мәнінде тек пайымның абстрактылық анықтамасы болатындар емес) шындыққа (действительность) ие және оны өзіне тек өзі ғана бере алатындығын көрсете алады. Ұғымның өзімен істе айғақталатын осы шындықтан басқа нәрселердің бәрі де өткінші бар болмыс, сырттай кездейсоқтық, пікір, мәннен ада құбылыс, ақиқатсыздық, адасулықта, өзінің қалыптасу барысында ұғымның өзі өзіне түзейтін құрылыммен (die Gestal­ tung) ұғымның өзіне тану үшін маңызды ұғымның тек өзі бола алатын формасынан өзге идеяның басқа бір моменті. Қосымша. Ұғым және оның өмір сүруі жан мен тән сияқты оның әр түрлі, бірақ бірегей, екі жаты. Тән де, жан сияқты бір өмірдің көрінісі, бірақ сонда да болса оларды бір­бірінен бөлек деп атауға болады. Жан тәнсіз бір тірі нәрсе бола алмас еді және керісінше. Олай болса, ұғымның бар болмысы, ол — жанның жасаған және оған бағынышты оның тәні. Ағаш дәннің өзінде, оның барлық күші де сонда, ол әлі ағаш болмаса да. Ағаш түгелімен өз ұрығының қарапайым бейнесіне сәйкес. Егер тән жанға сәйкес келмесе, онда ол бір нашар нәрсе. Бар болмыс пен ұғымның, тән мен жанның бірлігі, ол — идея. Ол тек гармония ғана емес, олардың толық бір­біріне бітіскендігі.

Белгілі бір түрде идея болмайтын нәрсе өмір сүрмейді. Құқықтың идеясы — еркіндік және оның ұғымын және сол ұғымның бар болмысын танығанда ғана оны (идеяны) түсінуге болады. Құқық туралы ғылым — философияның бір бөлігі. Сондықтан да ол ұғымнан зерттейтін нәрсесінің зердесі болып есептелетін оның идеясын дамытуы керек немесе тап соның өзін басқаша айтсақ, сол нәрсенің өзін өздігіндегі дамуында қадағалау керек. Бөлік ретінде одан бұрын болғанның нәтижесі және ақиқаты болып есептелетін және оның өзінің дәлелдемесі болатын оның бір шығатын көзі бар. Сондықтан да құқық ұғымы өзінің қалыптасуы жағынан құқық ғылымнан тыс түсіндіріледі, оның дедукциясы мұнда бар деп есептелінеді және ол бар деп қабылдануы тиіс. Ескертпе. Ғылымның философиялық емес, формалдық тәсіліне ойысып, әншейінде ең болмаса сыртқы ғылыми форманы сақтау үшін дефиницияны іздеп, соны талап етіп жатады. Әйтседе, позитивтік құқық туралы ғылым бұл туралы қам жемейді, өйткені ол көбінесе өз мақсатын ненің құқықты, яғни ерекше заңдылықтың айқындықтары қандай дегеннен көреді; сондықтан да алдын ала сақтандыру үшін omnis definition in yure eivili perieulosa деген ғой. Шынында, құқықтың анықтамалары байланыссыз және қайшылықты бола берген сайын онда дефинициялар жасау мүмкіндігі азая береді, өйткені оларда жалпы анықтамалар болуы керек, ал жалпы анықтамаларда қайшылықтар тікелей ашылып қалып жатады, яғни мұның құқықтық емес екендігі аян. Мысалы, римдік құқықта адам туралы дефиниция беру мүмкін емес, өйткені құлды ол ұғымға жатқызуға болмайды, оның жағдайы ондай құқықты қайта бұзады; меншік пен меншік иесі туралы дефиниция да көп қатынастарда соншалықты қауіпті болып шығар еді. Дефинициялар көбінесе этимологиядан ерекше — бір жағдайларға байланысты дедукция арқылы шығарылады, ол тағы да адамдардың сезімдері мен пікірлеріне негізделеді. Дефиницияның дұрыстығын кейін оның адамдардың пікірлеріне сәйкес келуіне қарай анықтайды. Мұндай тәсілде ғылыми жағынан, мазмұн жағынан бірден бір маңызды нәрсе — нәрсенің өзінде және өзі үшін қажеттілігі (мұнда құқықтың), ал форманың қажеттілігі — яғни ұғымның табиғаты артта қалдырылады. Философиялық танымда басты нәрсе ұғымның қажеттілігі, ал оған алып келетін қозғалыс оның дәлелдемесі және дедукциясы. Ал оның мазмұны осының нәтижесінде өзі үшін қажетті болып шығатындықтан содан кейін ғана пікірлер мен тілде оған не сәйкес келетініне көңіл аударған жон. Бірақ ұғым өзі үшін ақиқаттығында және сол ұғым пікірлерде формасы мен бейнесінде бір­бірінен әр түрлі болуы мүмкін ғана емес, тіпті әр түрлі болуға тиіс. Бірақ егер де елес (пікір) өзінің мазмұны жағынан да жалған болмаса, онда ұғым өзінің ақиқаттығында да онда бар, яғни пікір де ұғым формасына дейін көтеріле алады. Алайда мұндай елес өзі өздігінде қажеті әрі ақиқатты ұғым үшін өлшем де, анықтауыш та бола алмайтындығы сондай, ол өзінің ақиқаттығын содан алып, сол арқылы өзін түзетіп, танып отыруы тиіс. Бірақ егер таным өзінің осындай формалдық дефинициялық амалдарымен, ой түйіндеулерімен, дәлелдемелерімен белгілі дәрежеде ұмыт қалдырғанда, оның орнына идеяларды, солардың ішінде құқық идеясын, оның айқындықтарын да басқаша мәндерде санадағы факт ретінде тікелей тауып бекітетін жарамсыз жолмен ауыстырылып жүр, сөйтіп өзінің табиғи ері күшейтілген сезімін, өз жаны мен шаттанулығын құқықтың шығар көзіне айналдырады. Бұл тәсіл оның көзқарас ретінде танымға ғана емес, іс ­ әрекеттерге де қатысты басқа жақтарын айтпағанның өзінде ең ыңғайлы екеніне қарамастан философиялық емес. Егер бірінші тәсіл формалдық болса да дефиниция түрінде ұғымдық формасын және дәлелдеме түрінде танымның қажеттілік формасын талап етсе, тікелей сана мен сезімдіктің мәнері субъективтікті, кездейсоқтықты және білімнің еркінсінуін принципке айналдырады. Ғылыми философиялық тәсілдің не екендігі философиялық логикадан белгілі деп жорамалданады. Қосымша. Философия ­ бір шеңбер; онда ол бірдеңеден болғандықтан ең бірінші, тікелей, дәлелденбеген, ештеңенің нәтижесі емес бір нәрсе бар. Бірақ философияның басталатын нәрсесі бір тікелей салыстырмалы нәрсе, өйткені екінші аяқталатын нүктесінде ол енді нәтиже түрінде шығуы керек. Ол бос кеңістікте емес тікелей басталатын тікелей емес, бірақ бір шеңберді құрайтын қозғалыс.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar