Құқық туралы жалпы түсінік

Құқық дегеніміз практикалық ұғым, яғни мақсатты таныстыру; мақсатты әрбір таныстыру өзінің табиғаты жағынан екі жақты; өйткені ол мақсат пен құралды бірге қабылдайды. Бір ғана мақсатты көрсетіп қою жеткіліксіз, оған қол жеткізудің құралын да беру керек. Демек, құқық осы екі сұраққа да жауап беруге тиіс ­ олар бүкіл құқық саласын қозғай ма, әлде жеке құқықтық институтты қозғай ма ­ бәрібір, және шынында құқықтың бүкіл жүйеленуі осынау екі сұраққа да үздіксіз жауап. Құқық институты атаулының, мысалы, меншіктің, міндеттеменің анықтамасы қажетті түрде екі бөлікке бөлінеді. Ол осы институттың мақсатын көрсетеді, сонымен бірге оған қол жеткізудің құралдарын береді. Барлық құралдар, олар қаншалықты алуан түрлі болғанымен, жалғандыққа қарсы күреске саяды. Құқық ұғымында қарама­ қарсы екі ұғым тоқайласады, олар ­ күрес және бейбітшілік; бейбітшілік ­ құқықтың мақсаты ретінде, күрес ­ құралы ретінде көрінеді, екеуі бір­бірін толықтырып, қажетті түрде толықтырып және сонда етене тоқайласады. (1816­1892) неміс заңгері. Гейдельбергте, Мюнхенде, Геттенгенде және Берлинде құқықты оқып үйренген; Базелъде (1845), Ростокта (1846), Киальде (1849), Гисенде (1852), Венада (1868) және Геттингенде құқық профессоры болды. Иерингтің алғашқы жұмыстары Савиныдың тaрихи мектебінің ықпалымен жазылды, бірақ көп ұзамай ғалым ол мектептің әдістері мен . принциптері қанағаттандырғысыз деп тапты. «Рим құқығының рухы оның дамуының әрқилы сатыларында» (1852­1865) атты еңбегінде Иеринг заңдардың әмбебап принциптерін, соның ішінде Рим құқығының негізінде жатқан принциптерді анықтауға ұмтылды. Рим құқығын осы заманғы талаптарға бейімдеу мүмкіндігіне кәміл сенді. 1857 жылы ол заңгер Карл фон Гербермен бірге «Адамзаттық құқықты теориялық зерттеу жылнамасының» негізін қалады. Иерингтің үзінділері беріліп отырған «Кунның жолындағы күрес» атты лекциясы ­ құқықты нақты мүдделердің қақтығысы деп түсіндіруге сиятын тұжырымдаманың баяндалуы. Иерингтің бұл теориясы оның «Құқықтағы мақсат» (1877­ 1884) атты еңбегінде дамытылды.

Бұған мынадай дау айтылуы мүмкін: күрес, бейбітшіліктің болмауы дегендеріңіз құқық кедергі жасауға тиіс нәрселердің нақ өзі, онда құқықтық тәртіпті құқықтық таныстыру сәті емес, қирату, теріске шығару жатыр. Егер әңгіме жалғандықтың құқыққа қарсы күресі туралы өрбісе, онда бұл қарсылық әділетті болар еді, бірақ әңгіме құқықтың жалғандыққа қарсы күресі туралы. Осынау күрессіз, яғни топшыланатын жалғандыққа қарсы қарсылықсыз, құқық өзін ­ өзі жоққа шығарар еді. Құқық жалғандық тарапынан шабуылға ұшырап отырған кезде ­ ал бұл мына дүние тұрғанда жалғаса береді, құқық тарапынан да күрес тоқталмайды. Демек, күрес құқыққа жат бірдеңе емес, қайта ол дегеніңіз соның мәнісінің өзімен етене байланысты, ол дегеніңіз сол ұғымның бір қыры. Дүниеде қандай да болсын құқық күреспен жеңіп алынуға тиіс. Ондағы құқықтық қағида атаулы қарама­қарсы қағидалармен ұшырасады және оларды жоюға тиіс. Әрбір құқық, ол халықтың құқығы болсын, яки жеке адамның құқығы болсын, өзінің қорғалуын өзіне міндет етіп қояды. Құқық логикалық ұғым емес, күш ұғымы. Сондықтан әділетті бір қолында құқықты таразылайтын таразысы бар, екінші қолында соны қорғайтын семсері бар етіп бейнелейді. Таразысыз семсер көрінеу зорлық, семсерсіз таразы ­ құқықтың дәрменсіздігі болып шығар еді. Екеуі етене байланысты және құқықтың мүлтіксіз толықтығы семсерді жұмсайтын әділетті күш, ол таразыны қосатын дәлдікке тең болғанда ғана салтанат құрады. Құқық дегеніміз үздіксіз жұмыс және тек қана мемлекеттің жұмысы емес, бүтін бір халықтың жұмысы. Егер біз құқықтық өмірдің бүкіл жиынтығын тек көзбен шолып шықсақ, сонда ол бүкіл ұлттың тынымсыз күресі мен жұмысының, экономикалық және ақылы қызмет саласында көрінетіні секілді көрінісін береді. Өзінің құқығын қорғау қажеттігіне мәжбүр етілген әрбір индивидум осынау ұлттық жұмысқа қатысады, құқықтық идеяны жер бетінде жүзеге асыру ісіне өз үлесін қосады. Әрине, бұл талап жұрттың бәріне бірдей дәрежеде қойылмайды. Мыңдаған индивидумдардың өмірі құқықтың орныққан жолымен, күрессіз жүріп жатады және егер біз оларға: құқық дегеніміз күрес десек ­ олар бізді түсінбес еді, өйткені олар құқықты тыныштық пен тәртіп ахуалы деп біледі. Олардың төл тәжірибесі тұрғысынан да, өзгелердің жұмысының маңдай тер төкпей жемісі өзіне тиесілі болып қалған мұрагер меншік дегеніміз еңбек деген қағидаға дау айтқанда қалай дұрыс болса, тап сондай дұрыс болып шығады. Бұл екеуінің қатесі мынада: меншік пен құқықтың екі жағы да жекелеген жағдайларда ыдырап кетуі мүмкін, сөйтіп біреуге ләззат пен тыныштық, екіншісіне еңбек пен күрес тиеді. Егер біз соңғысынан сұрасақ, жауап мүлдем қарама ­ қарсы болады.

Меншік пен құқық нақ екі беті екі түрлі Янустың басы; ол біреуге тек бір бетін, екіншісіне басқа бетін көрсетеді. Әлгі екеудің әрқайсысы бейнені өзінше көргендегі даусыз айырмашылық содан. Құқыққа қатынас жөнінде бұл тек жекелеген адамдар басында ғана емес, тұтас бір ұрпақтар басында бола береді. Біреулердің талайына соғыс, енді біреулердің талайына бейбітшілік тиеді, сондықтан халықтар да дәл сол қателікке тап жеке индивидумдар секілді ұшырайды. Бейбітшіліктің ұзақ кезеңі, оның мәңгілікке созылу мүмкіндігіне сенім зеңбіректің алғашқы күркірі тамаша түстен шошып оятқанша, және бейбітшіліктің дәмінен алаңдамай ләззат алған ұрпақ орнына соғыстың ауыр еңбегімен соны қайтадан жеңіп алуға тиісті басқа ұрпақ келгенше, шешек атып тұрады. Құқықтағы, еңбектегі және ләззаттағы секілді, меншікке де осылай бөлінеді. Бірақ олардың өзара байланысы бұдан тоқталып қалмайды, бейбітшіліктен ләззат алып, оны пайдаланып отырған біреу үшін басқа біреу жұмыс істеп, күресуге тиіс. Күрессіз бейбітшілік, еңбексіз ләззат жұмақ заманына тиесілі; тарих оларды үздіксіз, қиын күрестің нәтижелері ретінде біледі. Осынау ойды, күрес құқықтың жұмысы және оның практикалық қажеттілігі; сондай­ақ оның инсанияттық абыройына қатысы бойынша құқық меншіктегі еңбек пен айна­қатесіз бір қатарда тұрады деген ойды мен алда дамытпақпын. Бұл орайда мен менің жұмысым артықтық етпес деп ойлаймын, қайта біздің теория (тек құқық философиясы ғана емес, біздің заңтануымыз да) қалдырып кеткен тұсты толықтырармын деп ойлаймын. Айта кету керек, біздің теория әділет семсерінен гөрі, оның таразысымен көбірек айналысты. Теория құқықты қарастыруда қолданатын таза ғылыми көзқарастың біржақтылығы және құқық оның күш ұғымы ретіндегі нақты жағынан емес, көбіне дәйексіз құқықтық қағидалар жүйесі ретінде логикалық жағынан қарастыруға саятындығы, менің пікірімше, құқық ұғымын бұрмалап жібергені сонша, ол енді дөрекі нақты болмыспен үйлесуден қалды; біздің теорияға айтылған осынау кінәнің әділеттілігін мен алдағы баяндауыммен дәлелдемекпін.

Читайте также:  Мемлекетте халық санының өсуі және оның салдары туралы

Құқық сөзінің екі мағынасы болатыны ­объективті және субъективті мағынасы бар екендігі белгілі, біріншісін біз күшінде бар құқықтық қағидалардың жиынтығы, заңмен белгіленген өмір салты деп, ал екіншісін абстрактты ережені кісінің нақты құқықтық жағдайына қолдану деп түсінеміз. Екі бағытта да құқық қарсылыққа ұшырайды, екі жағдайда ол сол қарсылықты жеңуге, яғни өзінің тіршілігін күрес жолымен бекітіп, қорғауға тиіс. Өз баяндауымда мен негізінен екінші бағыттағы күресті меңзеп отырмын, бірақ сондай­ақ күрес құқықтың мәнісінде жатыр деп кесіп айта аламын және мұны бірінші бағыт жөнінде де дәлелдеп беруден бас тартпаймын. Күмән жоқ, сондықтан да одан әрі дәлелдеп жатуды қажет етпейтін нәрсе, құқықты мемлекет тарапынан жүзеге асыру; құқықтық тәртіпті мемлекет тарапынан сақтап отыру оны бұзуға тырысатын заңсыздықпен үздіксіз күрестен басқа ештеңе емес. Бірақ құқықтың шығу тегі, және тарихтың бас кезіндегі бастапқы шығу тегі жағынан ғана емес, оның күн сайынғы, біздің көз алдымызда қайталанып жататын жаңаруы, тіршілік етіп отырған институттардың асқақтатылуы, бұрынғы құқықтық қағидаларды жаңаларымен шектеу, қысқасы, құқықтың қарышты ілгерілеу жағынан да әлдене басқа бірдеңе кес­кестейді. Құқықтың шығу тегі туралы мен өкілі болып отырған көзқарасқа, құқықтың құралуы мен болмысы бір ғана заңға бағынады деген көзқарасқа басқа бір көзқарас, бері салғанда роман халықтары ғылымында қазіргі кезде де әлі үстем көзқарас қарсы қойылады, оны мен қысқаша ғана оның негізін қалаушылардың бастыларының есімімен құқықтың шығу тегі туралы Савиньи­Пухта теориясы деп нобайлаймын. Оған құлақ түрсек, құқықтың құралуы сондай­ақ, тілдің құралуы секілді, елеусіз, қиындықсыз, өз­ өзінен жүріп жатады, ол күш­жігерді, күресті ғана емес, тіпті әрекетті де талап етпейді ­бұл дегеніңіз тып­тыныш ахуалда қарекет ететін, ешқандай зорлықсыз, баяу, бірақ өзіне дұрыс жол салып отыратын ақиқат күші, ақыл­ойды билеп алатын және қылықтардан көрінетін кәміл сенім күші ­ жаңа құқықтық қағида осылайша тілдегі ереже секілді, қиындықсыз күшіне кіреді.

Ежелгі Рим құқығының біреуге қарыз берген адам оны қайтара алғанша қарыздарды құлдыққа сата алады немесе мүлік иесі онысын біреудің қолынан тапса, қайтарып беруін талап ете алады деген ережесі, бүл көзқарас бойынша ежелгі Римде, дәл сол ережесі табыс септігін басқаратыны секілді құралған. Менің өзім де кезінде университетті осы көзқараспен тәмамдап, ұзақ уақыт бойы соның ықпалында болғанмын. Бірақ бұл ақиқаттан дәмете ала ма? Келісу керек, құқық, дәл тіл секілді, көзге көрінбейтін, санасыз, әдеттегі сөзбен айтсақ, іштей тарихи дамуға ие болады. Бұған құқық саласында дербес қарекет жасайтын жекелеген құқықтық оқиғалардан әсте­әсте қалыптасатын салттар, сондай­ақ ғылым алдыңғы құқықтан алып, диалектика жолымен олардан ұғымдар жасайтын, сөйтіп санаға жеткізетін дерексіздендірулер, дәйекті байламдар және ережелер жатады. Бірақ осынау екі фактордың: салттың да, ғылымның да күші шектеулі, ол бұрын салынған жолдар бойындағы қозғалысты реттей, оған көмектесе алады, бірақ ол ағынның жаңа арна салуына кедергі жасайтын бөгенді бұзып өте алмайды. Мұны тек заң ғана, яғни мемлекеттік өкіметтің осы мақсатқа бағытталған қарекеті ғана жасай алады, демек, бұл оқиға емес, тереңнен, құқықтың мәнісінен тамыр алатын қажеттілік, соның пәрменімен сот жүргізуге де, материалдық құқыққа да қатысты барлық реформалар заңның ықпалына саяды. Бірақ кейде орын алып отырған құқықта заң енгізетін өзгеріс сонымен, яғни абстрактты саламен ғана шектеліп, өзінің ықпалын соған дейін болған құқық топырағында пайда болған нақты қатынастар саласына таратпай, құқықта таза механикалық өзгеріс жасайды, онда жарамсыз бұранда немесе білік алмастырылады. Бірақ көбіне іс былай болып шығады: өзгеріс қолда бар құқық пен жеке мүдделерді қатты қозғайды. Мыңдаған кісілер мен тұтас бір қоғамдық жағдайлардың мүдделері ұзақ уақыт бойы қолда бар құқыққа негізделген, демек оларға елеулі нұқсан келтірмей, ол құқықты жоюға болмайды, құқықтық қағиданың немесе мекеменің күшін жою осынау барлық мүдделерге соғыс жариялау, науқас организмнен оған мыңдаған тамыршаларымен жабысқан полипті жұлып алу деген сөз.

Читайте также:  Түркологияның Еуропа мен Ресейде зерттелуі

Осылайша мұндай тәжірибе атаулы қатер төнген мүдделер тарапынан өзін­өзі сақтап қалуға негізделген күшті қарсылық, демек күрес те туғызады, онда, күрес атаулы секілді, өзара күресіп жатқан тараптардың кәміл сенімі емес, күштерінің ара салмағы басым түседі, бұл орайда көбіне­көп нәтиже дәл күштер параллелограммасындағыдай: бастапқы линиядан диагонал бойынша ауытқу болып шығады. Қоғамдық пікір ұзақ уақыт бойы қарсы болып келе жатқан мекемелердің әлі де ұзақ өмір сүре беретінін нақ осымен ғана түсіндіруге болады: оларды сақтап жүрген vis inertiqe (инерция күші) емес, оларды сақтап қалуға тырысатын мүдделер қарсылығының күші. Осылайша, орын алып отырған құқық мүдделермен байланысты мұндай оқиғалардың бәрінің тұсында жаңа құқық тек, көбінесе тұтас жүзжылдықтарға созылатын күрес жолымен ғана орнығады. Бұл күрес мүдделер жеңіп алынған құқық түріне (пошымына) ие болғанда ең шиеленісті шегіне жетеді. Бұл арада бір­біріне қарсы екі партия тұрады, олардың әрқайсысы құқықтың қасиетті туының астына жиналады: біреуі тарихи құқықтың, өткеннің құқығы, екіншісі ылғи да туындап, жаңарып жататын, адамзаттың тіршілік етуінің алғашқы тұрпатты құқығы туының астына, құқық идеясының өзінде болатын қақтығысы туының астына жиылады, онда шын қасіретті бірдеңе бар, өйткені онда оның бүкіл күші мен бүкіл мәнісі көрінеді, және оларға баға беретін күш тек тарих сотында бар. Құқық тарихындағы бүкіл ұлы олжалар: құлдық пен басыбайлылық құқығын жою, жер бойынша меншік, кәсіпшілік, наным­сенім бостандығы және т.б., солардың бәрі өзінің жолында тұтас бір ғасырларға созылған, көбінесе судай аққан қанмен, жалпы алғанда құқықтың күйреуімен нобайланған жан алысқан күреске төтеп беруге тиіс болды, өйткені бұл арада құқықтың өзі құртылып жатты. Осылай құқық дегеніңіз өз балаларын өзі күйсеп жатқан Сатурн. Құқық тек қана өткенді аластаумен ғана жаңарады. Нақты құқық, бір орнығып алған соң, шектелмеген, мәңгі дамудан дәметеді. Бүл оз анасына қол көтеретін нәресте, ол құқық идеясын, соған негізделгеніне қарамастан, мазақ етеді. Құқық идеясы дегеніміз үздіксіз қызмет, өйткені жүзеге асқан іс келе­келе жаңаға орын беруге тиіс, өйткені: «­ Болған нәрсе атаулы, Өлемін деп жаралды «.

Осылайша құқық өзінің тарихи ілгерілеуінде бізге іздестіру, күш­жігер, күрес, қысқасы, тынымсыз ұмтылыс картинасын береді. Тіл құрау үшін санасыз жұмыс істейтін адамзат рухына бұл орайда ешқандай күшті қарсылық жасалмайды. Өнер де өзінің төл өткені мен үстем талғамнан басқа қарсыласын кездестірмейді. Бірақ адами ұмтылыстардың, мүдделердің бытысқан сенделісі арасына қойылған мақсаттың ұғымы ретіндегі құқық, төте жолға түсу үшін қармап, іздестіріп үздіксіз ілгерілеуге, және ол жол табылғанда, сол жолмен жүру үшін әлі қарсылықты еңсеруге тиіс. Құқықтың дамуы, нақ өнер мен тілдің дамуы секілді, белгілі бір заңдармен жүретіндігіне, және ол мәнісі мен пошымы жағынан содан қашықтай беретіндігіне күмән жоқ және сондықтан да біз осы мағынада Савиньи жүргізген параллельден мүлдем бас тартуға тиіспіз, ол бір жағынан құқық және екінші жағынан тіл мен өнер арасына асыға­үсіге сондай ортақ мән береді. Саяси ережеге айналдырылған осынау ілім жалған, бірақ қауіпсіз көзқарас ретінде елестету мүмкін болатын барып тұрған адасу секілді көрінеді, өйткені адам мақсатты толық, айқын түсіне отырып барлық күшін жұмсап қарекет жасауға тиіс жерде еліктіреді, іс өзінен­өзі істеле береді, егер ол қолын қалтасына салып алып, құқықтың қайнар көзі: ұлттық құқықтық кәміл сенімнен аз­аздап өздігінен жарық түседі деп алғаусыз сеніп отыра берсе жақсырақ істейді деп еліктіреді. Савиньи мен оның барлық ізбасарларының заңдардың қарышты қозғалысынан жиіркеніші осыдан туындайды. Пухтаның әдеттегі құқық теориясында салттың шын маңызын мүлдем түсінбеуі осыдан туындайды. Пухта үшін салт құқықтық кәміл сенімді танудың қарапайым құралынан басқа түк те емес; осынау кәміл сенім қарекет үстінде ғана қалыптасатынын, ол тек қарекет арқылы ғана күш­қуат пен маңызға ие болып, өмірде үстем күшке айналатынын, қысқасы, салтқа: құқық дегеніміз күш ұғымы деген мәтелді қолдануға болатын ­ осының бәрін көреген Пухтаның көзі мүлдем көрмейді.

Читайте также:  АХИКАР ӨСИЕТТЕРІ ТУРАЛЫ

Осынысымен ол өз уақытына күн төледі. Өйткені бұл біздің поэзиядағы романтикалық кезең заманы болды және романтизмнің юриспруденцияға ықпалын ізерлеп шығудан бас тартпай, осынау екі саладағы сәйкес бағытты салыстыру шаруасын өз мойнына алған адам, менің тарихи мектеп те, дұрысына келсек, романтикалық мектеп деп атала алады деген пікірімді бәлкім қате деп таба қоймас. Және шынында да, ол өткенді, құқық қиындықсыз, тып­тыныш, даладағы өсімдік секілді қозғалмай тұрады деген пікірді жалған көкке көтеруге негізделген нағыз романтикалық түсінік; қатыгез нақты болмыс, және біздің көз алдымыздағы, бізге барлық жерде халықтардың өздерінің құқықтық қатынастарын білуге аса күшті ұмтылысын көрсететін болмыс қана емес ­ ең өткір мәселелер, бірін­бірі ығыстырып шығарып отыратын мәселелер оған кереғар нәрсеге үйретеді, бірақ әсер де, өткендегі қай жерге көз тіксек те, орнында қала береді. Осылайша Савиньи теориясын қолдану үшін біздің ешқандай мәліметіміз жоқ тарихқа дейінгі уақыт қана қалады. Бірақ маған сол уақыт туралы пікірімді білдіруге мүмкіндік берілсе, онда мен құқықтың бейнетсіз, бейбіт құралуы осынау өңірде халықтың кәміл сенімінен туындап жататын Савиньи теориясына оған мүлдем кереғар өз теориямды қарсы қоямын. Тегінде оның ту сыртында бері салғанда құқықтың айдан анық тарихи дамуы тұрғанымен жұрт келісер, және оның ту сыртында зор психологиялық ықтималдық та түр деп ойлаймын. Алғашқы қауымдық заман! Бір кездері оған барлық тамаша қасиеттерді: ақиқатты, бүкпесіздікті, адалдықты, балалық аңғалдықты, алғаусыз сенімді таңу мода болды, және мұндай топырақта құқық ешқандай басқа күшсіз, тек құқықтық кәміл сенім пәрменімен дамыған болар, ол кезде құқық жұдырыққа да, семсерге де мұқтаж болған жоқ. Бірақ қазір айта беретін бағзы заманда мүлдем басқа белгілер болғанын және ол өз құқығына кейінгі қай замандардан да неғұрлым оңай жолмен қол жеткізіп отырды деген топшылауға қатты күмән келтіру керектігін әркім біледі.

Мен өз тарапымнан сол заман оның мойнына артқан жұмыс әлдеқайда неғұрлым қиын болғанына, және тіпті ең қарапайым құқықтық қағида, жоғарыда біз ежелгі Рим құқығынан келтірген меншік иесі өзінің мүлкін қайтарып беруді талап ете алатыны, ал қарызын қайтара алмайтын қарыздарға кепіл болған адам оны жат жұртқа құлдыққа сата алатыны секілді қағидалар, олар орныққанша, сөйтіп оған әркім бағына бастағанша кескілескен күресте ғана құрала алғандығына кәміл сенемін. Қалай болған күнде де, біз бүл арада алғашқы қауымдық заманмен айналысып жатпауға тиістіміз. Біз құқықтың шығу тегі туралы бастапқы тарих беретін мәліметтермен қанағаттануға тиіспіз. Ал одан біз құқықтың жарық дүниеге келуі, адамның дүниеге келуі секілді, ауыр толғақпен өткенін білеміз. Бірақ біз солай болды екен деп реніш білдіруге тиіспіз бе? Керісінше, халықтардың құқығы оларға аспаннан оп­оңай жауа салған жоқ, олар барынша күш ­ жігер жұмсауға, күресуге, қан төгуге тиіс болды да, мұның өзі туу кезінде нәресте мен оның анасы арасында болатындай, олар мен құқық арасындағы етене байланыс қызметін атқарды. Қиындықсыз қол жеткен құқық ләйлек әкелген бала секілді, ләйлек әкелгенді түлкі де, қарақұс та алып кетуі мүмкін. Бірақ нәресте тапқан ана, халықтың өзі қантөгіс күресте жеңіп алған құқықтары мен мекемелерін бермейтіні секілді, оны алып кетуге бермейді. Мынаны алғаусыз кесіп айтуға болады: халықтың өз құқығына сүйіспеншілігі мен табандылығының дәрежесі (ол құқығын солармен қорғайды) ол нақ сол құқыққа қол жеткізген күш­ жігермен және күреспен анықталады. Құдай жарылқаған халыққа ол оған қажет нәрсені сыйлай салмайды, жеңілдетпейді, қайта қажет нәрсеге қол жеткізуін қиындата түседі. Осы мағынада мен жасқанбай мынаны айта аламын: құқық дүниеге келу үшін талап ететін күрес қарғыс емес, қайта бата беру. [… ] Құқықты қорғау сонымен бір мезгілде қоғам жөніндегі парыз. Бұл ойды мен алдағы баяндауымда дамыта түсуге тырысамын. Мұны дәлелдеу үшін менің объективті мағынадағы құқық субъективтік мағынадағы құқыққа қатысы бар екенін: оның неден құралатынын көрсетуім қажет. Егер мен: бұлардың біріншісі екіншісінің болуын қажет етеді; нақты құқық абстрактты құқықтық қағида нақты қағидаға жан беретін жағдай жасалған жерде ғана болады десем таптаурын түсінікті айна­қатесіз беремін ғой деп ойлаймын.

Оставить комментарий